ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Мирас» университеті
ДИССЕРТАЦИЯ
«экономика ғылымдарының магистрі»
академиялық дәрежесін ізденуге
Коммерциялық банктің несиелік саясаты: теория және тәжірибе
Мамандығы: 6М050900
(ғылыми-педагогикалық бағытта)
қолжазба құқығында
Магистрант
|
|
Қырбасова Ш.Д.
|
Ғылыми жетекшісі
э.ғ.к., профессор
|
|
Жакешова А.П.
|
|
«ЖҰМЫС ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ»
|
Қаржы, есеп және аудит кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., аға оқытушы
|
|
Абилгазиева Ж.Е.
|
Кафедра мәжілісінің хаттамасы № _____ «___»_____________2018 жыл
|
Шымкент-2018
Резюме
Актуальность темы исследование. Согласно Посланию Президента Республики Казахстан народу Казахстана от 29 января 2012 года «Новое десятилетие - новый экономический подъем - новые возможности Казахстана», мировой финансово-экономический кризис повлиял на темпы роста экономики, но не остановил развитие Казахстана. «Накопленный экономический потенциал обеспечил нам устойчивость в труднейших кризисных баталиях последних трех лет. Мы защитили финансовую систему страны, спасли системообразующие банки».
Целью диссертационной работы является изучение теоретических основ и действующей практики кредитования и оценки кредитоспособности физического и юридического лица коммерческими банками Республики Казахстан.
Для достижения этой цели необходимо решить следующие задачи:
рассмотреть теоретические основы кредитования и оценки кредитоспособности физических и юридических лиц;
провести анализ процесса кредитования и оценки кредитоспособности на примере АО «Казкоммерцбанк»;
выявить тенденции, проблемы и перспективы развития рынка кредитования.
Предметом диссертационной работы является система потребительского кредитования Республики Казахстан. Объектом исследования выступает АО «Казкоммерцбанк» - один из крупнейших коммерческих банков Республики Казахстан.
Теоретические и методологические основы исследования. Методологической базой послужили действующие Законы Республики Казахстан и иные нормативно-правовые акты, регулирующие процесс кредитования в Казахстане. Теоретическую основу исследования составили труды отечественных и зарубежных ученых и специалистов в области экономики, финансов, кредита.
Диссертационная работа структурно состоит из введения, трех глав, заключения, списка литературы.
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
КІРІСПЕ.............................................................................................................7
1 Коммерциялық банктердің несиелік саясатының теориялық негіздері......................................................................................................................10
1.1 Несие саясаты мәні, функциясы мен рөлі...............................................10
1.2 Несие саясатының элементтері және оның қалыптасуын анықтайтын факторлар...................................................................................................................16
1.3 Несие саясатының түрлері........................................................................22
2 Қазақстан Республикасы коммерциялық банктердің несиелік саясатының қызметтерін бағалау және талдау (АҚ ОҚОФ «Казкоммерцбанк» мысал негiзiнде).........................................................................................................35
2.1 ҚР коммерциялық банктердің несие саясатын талдау..........................35
2.2 АҚ ОҚОФ «Казкоммерцбанк» несиелік портфелінің сапасы мен қаржылық көрсеткіштеріне талдау..........................................................................56
3 Коммерциялық банктердің несиелік саясатының проблемалары мен жетілдіру жолдары....................................................................................................73
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................87
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI...............................................90
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылы 29 қаңтардағы «Қазақстан үдемелі экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғырту жолында» атты халыққа жолдауы;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты 2016 жылғы 30 қарашадағы жлдауы;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 2015 жылғы 14 қаарашадағы жолдауы;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2015 жылғы 17 қаңтардағы жолдауы;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты 2013 жылғы 14 желтоқсандағы жолдауы
АНЫҚТАМАЛАР
Коммерциялық банк – бұл өз тұтынушыларына қаржылық қызмет (халықтың заем және ақшалай қаражаттарын бөлетін) көрсететін кәсіпорын.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен ,яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.
Банк – бұл банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несие.
Банктік консорциум – бірлесіп несиелік операцияны жүргізуге және қарыз алушының төлем қабілетсіздігінен туындайтын шығынды азайту мақсатында уақытша біршама банктер арқылы ұйымдастырылған банктер тобы.
Банкнота – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінбеген пайдасы.
Биметаллизм – жалпыға бірдей балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.
Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.
Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес,несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Қағаз ақша – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын,сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.
Қаржылық (банктік) вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациясық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты ұзақ мерзімді лизинг.
Қолма-қолсыз ақшалар – чектер,пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланатан клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттері).
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу – бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысулар.
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
ҚР –Қазақстан Республикасы
ТМД – Тәуелсіз мемлекет достастығы
ІІМ – Ішкі істер министрлігі
БҰҰ –Біріккен ұлттар ұйымы
АҚШ –Америка құрама штаттары
AMEX - Американдық қор биржасы
EBA - Еуропа Банктік Ассоциациясы
MMA - Mobile Marketing Association
NFC - Near Field Communication
NYSE - Нью-йорктік қор биржасы
АҚ – Акционерлік қоғам
ҰБ – Ұлттық банк
ААХЖ – Ақша аударымдарының халықаралық жүйесі
ХҚЕС – Халықаралық қаржылық есептілік стандарты
СТТН – Салық төлеушінің тіркеу нөмірі
Млн. - Миллион
Млрд. – Миллиард
Т.б. –Тағы басқалары
КIРIСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Екiншi дүние жүзiлiк соғыстан соң банктер нарықта алдыңғы қатарлы несие беретiн мекемелер болып табылды. Банктер қаржыны жеке тұлғалар мен отбасылардан тартып отырады. Бiрақ кейбiр адамдар ойлады банктер салған ақшаларын өздерiне керек кезiнде тауып бере алама деген сенiмсiздiк те пайда болды. Соңғы дәлелдер бойынша тұтыну несиесi өте пайдалы несиенiң түрi болып, оны банктер адамдарға өте үлкен сенiммен бере алды. Шынында да әлемдегi ең үлкен банктердiң бiрi - “Ситикорп оф Нью-Йорк” - өзiнiң мыңдаған бөлiмшелерi арқылы өзiнiң өсiп келе жатқан қаржы ресурстарын тұтынушыларға ұсынып отырды (мысалы: маркетинг: несие карточкалары, тұрғын үйлерге және электрондық қызмет көрсетушiлерге). Бiрақ банктiк қызмет тұтынушыларға бағытталған, сонымен бiрге бұл қызмет түрi банктерге өте тәуекелi жоғары әрi қымбат тұратын банктiк қызметтiң түрi болып табылды, дегенмен жеке тұлғалар мен отбасылардың қаржылық жағдайы денсаулығының бұзылуынан немесе жұмысынан айырылуына байланысты күрт өзгерiп кетуi мүмкiн. Сондықтан тұтыну несиесiн беру басқармасы бұл мәселелердiң ықтималдықтардың бәрiн есепке ала отырып жұмысын жүргiзуi тиiс. Тұтыну несиесiнiң бiрнеше түрлерi бар, сондықтан тексерулер нәтижесiнде АҚШ та депозиттiк қайта реттеу институттары және басқа да өндiрiстiк дамыған мемлекеттерде осындай несиелендiру саны, қаржылық қажеттiлiгiн қанағаттандыруға бағытталған несиелердiң көлемi өсiп келуде. Тұтыну несиесi – ол төлемiн кейiнге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге сату. Несие алушы – халық, ал несие берушi – әртүрлi өндiрiс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкiн. Тұтыну несиесi коммерциялық несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемiн кейiнге қалдырып тауар сату) және банктiк несие формасында (яғни тұтыну тауарларын сатып алуға ақша беру – ұзақ қолданылатын тауарлар – жиhаз, жеңiл машиналар, тоңазтқыштар, теледидарлар және т.б.) берiледi. Несиенiң бұл түрiнде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкiн. Несие қатынастарының нақты көрiнiсiн несиенiң формалары мен түрлерi сипаттайды. Несиенiң мазмұны мен түрi диалетикалық бiрлiкте болады. Өндiрiстiк қатынастардың өзгеруi несиенiң мазмұны мен оның қолданылатын түрiн өзгертедi. Несиенiң негiзгi екi формасы: коммерциялық несие және банктiк несие болады. Бұл несие бiр-бiрiнен несие субъектiлерi, құрамы, қарыз объектiсi, динамикасы, процент мөлшерi және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Банктiк несие – ол банкте шоғырланқан қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзiмiн белгiлеп, ақша түрiнде берiлетiн несие. Коммерциялық несие мен банктiк несиенiң бiр-бiрiнен бiрсыпыра айырмашылықтары бар.
Бiрiншiден, коммерциялық несие тауар түрiнде берiлсе, ал банктiк несие ақша түрiнде берiледi. Коммерциялық несиенi тауар өндiрушiлер мен сатушылар бiр-бiрiне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшiн бередi. Банктiк несие өндiрушiден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретiнде берiледi. Екiншiден, коммерциялық несие мен банктiк несие бiр-бiрiнен, субъектiлер, яғни несие келiсiмiне қатысушылар бойынша да ажыратылады. Коммерциялық несиеде несие берушi ретiнде де, қарыздар ретiнде де кәсiпкер жүредi. Банктiк несиеде несие берушi – банк, ал қарыз алушы – кәсiпкер.
Үшiншiден, коммерциялық несиенiң шектеулерi банктiк несие берумен жойылады, себебi банктiк несиенi қолдану өрiсi кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктiк несие халықтың барлық топтарының уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.
Төртiншiден, бұл екi несиенiң динамикасы (өсуi) да бiркелкi емес. Коммерциялық несиенiң көлемi өндiрiс пен тауар айналымының дамуына және төмендеуiне байланысты өрбiп және қысқарып отырады. Өнеркәсiптiң дамуы кезiнде оған ұсыныс пен сұраныс өсiп, дағдарыс кезiнде төмендейдi. Дағдарыстың әсерiнен тауарды өндiрумен сату қысқарып, ал қарызды төлеу үшiн банктiк несиеге сұраныс көбейедi. өндiрiстiң жанданып көтерiлуi кезiнде нақты капиталдың көлемi өсiп, өндiрiстiк мақсатқа жұмсау үшiн банктiк несиеге сұраныс ұлғаяды. Осыдан банктiк несиенiң екi жақтылығы туындайды: қарыз алушы, оны өндiрiстiк капиталдың көлемiн өсiру үшiн пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз мiндеттемелерiн өтеу үшiн төлем құралы ретiнде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктiк несиенiң шартты түрде мұндай екiге бөлiнуi қарыздардың алған несиенi пайдалану мақсатына байланысты болады. Егер қарыздар несиенiң кепiлдiгiне тауар, вексель, бағалы қақаздарды берiп алса, онда қарыздардың банктен ештеңемен қамтамасыз етiлмеген несие алса, онда қарыздардың капитал несиесiн алғаны.
Коммерциялық несие – ол тауар өндiрушiнiң басқа тауар өндiрушiге сатқан тауары үшiн ақша төлеудi кейiнге қалдырып, оны қарызға беруi. Әдетте коммерциялық несиеде аударым векселi толтырылады. Коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезiнде капиталистiк ұдайы өндiрiстiң қажетiн қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистiк несие жүйесiнiң негiзiн қалайды. Мысалы, кейбiр объективтi себептерге байланысты (тауар өндiру уақыты оны сатып, ақша түсiру уақытымен сай келмейдi, кейбiр өндiрiс жыл мезгiлдерiне байланысты ұйымдастырылып, онда өндiрiлген тауарларды сату да жыл мезгiлдерiне байланысты жүргiзiледi) бiр капиталист-өндiрушi нарыққа тауарын шығарғанда, екiншi өдiрушi – сатып алушыда қолма – қол ақша болмаған жақдайда оған бiрiншi капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие тауардың өндiрiстен тiкелей тұтынушыға түсуiн қамтамасыз етедi, сөйтiп тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын жеделдетедi. Ол сонымен қатар кәсiпшiлер мен сатушылардың да ақша қажетiн өтейдi.
Дегенмен коммерциялық несиенi қолдануда бiраз шектеулер бар. Олар:
Бұл несиенiң көлемi сатылуға тиiс тауарлар қорының көлемiмен шектеледi;
Бұл несиенiң көлемi экономикасының жағдайына байланысты өзгередi, яғни дағдарыс кезiнде капиталдың керi қозқалысы бұзылып, коммерциялық несиенiң көлемi қысқарады;
Бұл несие тек бiр бағытта қозғалыста жүредi: оны тек өндiрiс құрал-жабдықтарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын салаларға бередi, керiсiнше болуы мүмкiн емес. Мысалы, комбайн зауыты өз өнiмiн – комбайндарды несиеге ауыл шаруашылығына сатуына болады, ал ауыл шаруашылығы комбайн зауытына коммерциялық несие ретiнде өз өнiмiн бере алмайды.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты – банктің несиелік саясатын әдістемелік-теориялық тұрғыда негіздей отырып, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатын бағалап, талдау арқылы проблемалық несие беруді азайту жолдарын, несие тәуекелінің минималды деңгейін қамсыздандыру шараларын қарастырып, банктің несиелік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Көзделген мақсатқа жетуде диссертациялық жұмыс міндеттері төмендегідей:
- банктің несиелік саясаты түсініктерінің мәнін ашу, теориялық негіздеу, экономикадағы маңызын айқындау;
- коммерциялық банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде несиелік саясаттың мақсаты және оны анықтайтын факторларын анықтау;
- несиелік саясатты оңтайландырудың принциптері мен критерийлерін қарастыру;
- Қазақстандағы банктердің несиелік саясатының ағымдық көрсеткіштеріне талдау жасай отырып, банк секторындағы өзекті мәселелерді анықтап, баға беру;
- «Казкоммерцбанк» АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін талдау және оның несиелендіру саясатындағы ерекшеліктеріне талдау жасау;
- банктердегі несие беру процесін ұйымдастыру тәртібін қарастыру;
- Қазақстандағы банк секторындағы несиелік саясатты жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу пәні – коммерциялық банктердің несиелік саясаты аясында қалыптасатын экономикалық қатынастар.
Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің несие нарығындағы қызметі.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің коммерциялық банктердің несиелік саясаты аясындағы қызметтерді дамытуда орын алатын негізгі мәселелер мен банктің несиелік саясатының теориялық тұрғыда экономикалық маңызын, ролін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.
Диссертациялық жұмысты жазу барысында сүйенген негізгі теориялық ақпарат көздері – ҚР-ның заңдары, арнайы экономикалық сайттар, мерзімді басылымдар, отандық әдебиеттер, әдеби-статистикалық мәліметтер.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |