ДҮниежүзілік сауда ұйымы


- Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы саясатқа жауапты органдар



бет47/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78

- Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы саясатқа жауапты органдар





  1. Қазақстан өкілі Әділет министрлігінің арнайы атқарушы, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтар, патенттер мен тауар белгілерін қоса алғанда, зияткерлік меншік аясында жалпы басшылықты жүзеге асыратындығын атап кетті. Бұрын бұл функцияларды «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Үкіметтің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен таратылған Зияткерлік меншік құқықтары комитеті жүзеге асырылатын. Оған қоса ол өндірістік меншікке құқықтарды бағалауға, беруге және оны коммерцияландыруды ілгерлетуге жауапкершілікті «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Ұлттық зияткерлік меншік институты (ҰЗМИ)» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жүзеге асыратынын атап айтты. ҰЗМИ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі
    № 756 қаулысымен құрылды. Оның басты міндеті - өнертабыстарды, пайдалы үлгілерді, тауар белгілерін, тауардың шығарылған жерлерінің атауын (географиялық нұсқаулар), өндірістік дизайн мен өсімдік сорттарын қоса алғанда, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау туралы өтінімдерге сараптама жүргізу болып табылады. Оған қоса, ол қорғау құжаттарының (өнертабысқа патенттер, тауар белгілері мен авторлық құқық объектілеріне арналған куәліктер) тізілімін жүргізеді және оларды шығаруға дайындайды. ҰЗМИ ғылыми зерттеулер жүргізеді, өндірістік меншікті бағалайды және коммерцияландыруды ілгерілетеді. Өзінің Оқыту орталығында ол зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша семинарлар және Әділет министрлігінде, Білім және ғылым министрлігі мен жеке секторда жұмыс істеу үшін зияткерлік меншік бойынша мамандарды қайта оқытуды жүргізеді.




  1. Мүше ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды Қазақстан Үкіметі қалай реттейтіндігі және Қазақстанда қызметін жүзеге асыру үшін Үкімет аккредиттеуі тиістігі туралы қосымша ақпарат сұрады. Бұл мүше құқықты ұжымдық басқару ұйымы қызығушылықтарын ұсына алатындығын-алмайтындығын/эксклюзивті құқықтың бір түрі үшін немесе эксклюзивті құқықтардың бірнеше түрі үшін роялти жинай алатындығы-алмайтындығын сұрады, сондай-ақ ұжымдық басқарудың біреуден астам ұйымы қызығушылықтарын ұсына алатындығын-алмайтындығын/сол бір эксклюзивті құқыққа қатысты роялти жинай алатындығы-алмайтындығын да сұрады. Бұл мүше ұжымдық басқару жөніндегі ұйым олармен құқықтарды ұжымдық басқару жөнінде шарт жасасқан құқық иелерімен қатар, олармен құқықтарды ұжымдық басқару жөнінде шарт жасаспаған құқық иелерінің мүдделерін білдіру-білдірмеу/роялти жинау-жинамау жөнінде және Қазақстан қалайша ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың әрбір операцияларына қатысты ашықтық пен есеп берушілікті қамтамасыз ететіндігін сұрады.




  1. Қазақстан өкілі «Авторлық құқық туралы» Заңның 43 – 47- баптарында зияткерлік меншік құқықтарын ұжымдық басқару жөнінде ұйымдар туралы ережелердің бар екендігін айтты. 43-баптың 1-тармағы авторлар ұжымдық негізде зияткерлік мүліктік құқықтарды басқару бойынша ұйымдарды құруға құқылы екендігін көздейді. 43-баптың
    3-тармағына сәйкес авторлар мынадай: әртүрлі құқықтар мен құқық иелерінің түрлі санаты бойынша; құқық иелерінің бір санатының мүдделерінде әртүрлі құқықтармен басқарушы; құқық иелерінің әртүрлі санаттарының мүдделерінде құқықтардың бір түрімен басқарушы ұйымдар құра алады. 46 және 47-баптарында ашықтық пен есеп берушілікке қатысты мынадай талаптарды: құқық иелеріне роялти жинау жөнінде ақпарат беруді, ұжымдық басқару жөніндегі ұйым туралы, осы ұйымға берілген құқықтар туралы ақпарат бар вебсайты болуы; және осындай ақпаратты уәкілетті органға беруді қамтитын талаптар бар. Арнайы қойылған сұраққа Қазақстан өкілі құқықты ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар берілген лицензиялар негізінде өздері тікелей немесе екіжақты келісімдер шеңберінде өкілдік ететін барлық құқық иелеріне қолданылатын тарифтер, сондай-ақ жиналған немесе төленген роялти туралы хабарлауға тиіс екендігін түсіндірді. Содан соң ол осындай ұйымдардың мүшелері ұжымдық түрде олардың мүдделерін білдіретін ұйымға өз туындыларын пайдалануға рұқсат беретінін түсіндірді. Сонымен қатар, ол мұндай ұйымдар құқықты ұжымдық басқару жөнінде шарт жасасқан құқық иелері мен құқықты ұжымдық басқару жөнінде шарт жасаспаған құқық иелерінің мүдделеріне де өкілдік ететінін/ роялти жинайтынын түсіндіріп айтты. Құқықтарды ұжымдық басқару жөнінде шарт жасалмаған құқық иелерінің мүдделеріне өкілдік етуге және роялти жинауға қатысты сұраққа ол 46-1-баптың 1-тармағына сәйкес осындай ұйымдар құқықты ұжымдық басқару жөнінде шарт жасалмаған құқық иелері үшін мүдделеріне өкілдік ету/роялти жинауға Үкіметтен аккредитация алу керектігін айтты. Құқықты ұжымдық басқару жөнінде әрбір ұйым Үкіметтің уәкілетті органдарына авторлық құқық туралы Заңның
    47-бабына сәйкес аудиторлық тексерулер, қажетсіз роялти туралы есептерді және басқа ақпаратты қоса алғанда, жыл сайын өз қызметі туралы есептер ұсынуға тиіс. Толықтыру ретінде, ол бұл ақпарат құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның Жарғысына және басқа да құжаттарына енгізілген өзгерістерді, шетел ұйымдарымен жасалған келісімдерді, қаржылық есептер мен құқықтарды ұжымдық басқару жөнінде ұйымның өкілдерінің атын қамтуы тиіс екендігін айтты. Ол сонымен қатар қазіргі уақытта композиторлардың, ақындардың, жазушылардың, әртістердің, ғалымдардың, журналистер мен басқа құқық иелерінің авторлық құқықтарын қорғауға маманданған тоғыз үкіметтік емес ұйым жұмыс істеп тұрғанын, соның ішінде Орындаушылардың құқықтарын басқарудың Қазақстандық ұйымы, Фонограмма шығарушылар қауымдастығы, «Демеу» продюсерлер мен орындаушылар одағы, Қазақ әндерін орындаушылар, Қазақстандық авторлық қоғам, Ән авторларының ұйымы, «Абырой» авторлық бірлестігі, «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғаудың коммерциялық емес ұйымы және «Репрографиялық құқықтар жөнінде ұлттық ұйым» бар екенін атап өтті. Бұдан соң ол авторлық құқық туралы Заң шетелдік құқық иеленушілеріне де, ұлттық құқық иеленушілерге де қатысты екенін және ұжымдық басқару жөніндегі басқарушы қазақстандық ұйымның ұжымдық басқару жөніндегі шетелдік ұйымдармен өзара негізде екіжақты келісімдер бар екенін түсіндірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет