Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж



Pdf көрінісі
бет65/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

Левотироксинмен емдеу
тактикасындағы нұсқаулар 
Адекватты емес емдеу
тактикасындағы қауіп 
Емді бастаған соң науқастарда 
стенокардия симптомдарының пайда 
болуы немесе стенокардия 
симптомдарының күшеюі кезінде: 
- миокард ишемиясының күшеюі 
- Миокард инфаркты 
- аритмия дамуы 
- кенет өлім 
Левотироксин дозасын төмендету 
 
Тәждік қан айналымды тексеру 
 
Миокард патологиясын емдеуді
оптимизациялау 
 
 
Кейде науқастарда ауыр коронарлы жетіспеушілікпен бірге
жа-зылмайтын гипотиреоз болады. Бұндай жағдайларда ангиография 
және коронарлы шунтирлеуді, егер оларды жасауға көрсеткіш бол-
са, ауыр интраоперационды тахикардия қаупін төмендету үшін ти-
реоидты гормондармен емді бастамас бұрын жүргізу керек. Соны-
мен қатар, аортакоронарлы шунтирлеуден кейін науқастар тиреоид-
ты гормондарды жақсы көтереді. Бірақ алдында көрсетілгендей, 
сауықпайтын гипотиреоз хирургиялық араласуға қауіпті жоғарлата-
ды. Соған қарамастан, егер науқастаауыр ЖИА болмаса, жоспарлы
операуия алдында эутиреозға қол жеткізген дұрыс. Гипотиреоз үшін 
шұғыл операцияны кейінге қалдырмау керек. Т3 деңгейінің төмен-
деуі тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі бар науқастарға тән (эути-
реоидты патология синдромы) M.A.Hamilton және оның жақтастары 
айқын тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі бар науқастарға вена ішіне 


128 
триодтиронинді енгізудің қауіптілігі және гемодинамикалық әсерін 
зерттеп, науқастардың триодтиронинді әдетте жақсы көтеретінін
бағалады. Оның жүрек жиырылу жиілігіне және зат алмасу прцес-
терінің интенсивтілігіне бірден әсерін тигізетіні анықталмаған.қан 
тамыр жүйесіндегі қарсылық төмендегенде перифериялық вазодиля-
татор әсерінен жүректің минуттық көлемі жоғарлайды. P. Mоnruzzi 
және оның жақтастары (1996 ж.) дилятационды кардиомиопатияда 
тоқыраулы жүрек жетіспеушілігін емдеу үшін левотироксиннің
орташа дозасын қолдана отырып, осыған ұқсас мәліметтерді алды. 
Бүгінгі күнде барлығына ортақ көзқарас бойынша эутиреоидты
патология синдромы кезінде тиреоидты гормондармен алмастыру-
шы терапияны жүргізу қажеттілігінің болмауы, бірақ осындай ем-
нің науқастардың жеке каткгориясына оң әсер етуі бұл сұрақты 
ары қарай зерттеу үшін перспективті қылады.
Қорытындысында, қарт адамдардың проблемаларын біле келе
дәрігер кең профильдің маманы бола алады, өйткені бір мезетте 
кардиологияны, эндокринологияны, гастроэнтерологияны, невроло-
гияны және басқа медициналық бағыттардың проблемаларымен
танысады. Өкінішке орай, қазір де қартайған ағзаның патофизиоло-
гиялық ерекшеліктерін түсінуде әлі көптеген проблемалар қалып
жатыр. Қарт адамдарға эффективті медициналық көмек көрсетудегі
білім қарттық өзгерістерді жеңуге және адамдардың өмірін ұзарту-
ға көмектесер еді.
Осы берілген оқу-әдістеменің құрастырушылары осы әдісте-
ме арқылы қарт адамдардың тыныс алу, жүрек-қан тамыр, эндо-
кринді жүйесіндегі аурулардың диагностикасы, емі, алдын-алуы жө-
ніндегі сұрақтарды жақсы біліп-тануына үміттенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет