58
ә. Жандандыру (prosopopoeia) - сезімнің сиқыры, жансыз немесе
дерексіз нәрсеге өмір де, әрекет те беріледі. Бұл тұрпат қиялды қатты
таң қалдырады.
б. Сөз алмасу (sermocinatio)
- тамаша айланыс, сөзді
жансыз
немесе өліге беріледі. Бұл тұрпат жан беруге қосылады, жансыз
нәрсеге өмірді және әрекеттің үстіне сөз беріледі.
в. Қарама-қарсы қою (antithesis) - бір нәрсені екіншісіне немесе
бір ойды екінші ойға қарсы қою (контраст).
г. Салыстыру (paralellus) - ұқсас нәрселерді, жақын әрекеттерді
немесе қасиеттерді салыстыру. Бұл тұрпат көне орыс өлең-жырларына
тән.
ғ. Риторикалық анықтама (descriptio, Paraphrasis) - қиял үшін
тартымды болатын ең басты қасиеттерді, ең маңызды мүліктерді және
сипаттамаларды суреттеу, анықтау.
д. Кернеулік (energia) - бір нәрсе туралы көптеген қысқа және
күшті ойлардың жиынтығы. Өсірке ұқсас. Айырмашылығы: өріс баяу
және
ақыл-ойға әсер етеді, ал кернеудің күштілігімен және күтпеген
жерден қиялға әрекет етеді.
е. Асыру (auxisis) - асыра көп сөйлеу.
ж. Кішірейту (me/'os/s, Tapinosis) - азсөйлеу.
з. Мүмкін еместік (impossibile) – мүмкінеместік пен қиын
салыстырылады және соңғысы ең ыңғайлы деп ардақталады.
Достарыңызбен бөлісу: