Қабанбай батыр кесенесі Ақмола облысының ауыл аймағында оңтүстікте 20 км. қашықтықта Астана қаласы және солтүстік-шығыста 4 км. қашықтықта Қызылжар ауылында орналасқан. Кесененің ғимараты 2000 жылы салынған болатын. Сол күннен бастап Астана қаласының жерінде Қазақстан халқының жан-жақтан келетін киелі жерінің біріне айналған болатын.
Кесене батырдың дулығасын еске түсіретін, кесененің қызыл кірпіштерінің жоғары қабырғаның түзу формалары биікке самғауды сілтейді. Ескерткішті темір жарты ай қияды.
Қаракерей Қабанбай – қазақ батырларының қолбасшысы, әйгілі батырлардың бірі, XVIII ғасырда жоңғар шапқыншылығына қарсы шығуын ұйымдастырған. Оның аты Абылай, Бөгенбай аттарымен қазақ халқының жазуларында әйгілі. Ерасыл Қабанбай шамамен 1691 жылы Сырдария жағалауында туған еді. 1769 жылы 78 жаста қайтыс болған болатын.
Қабанбайдың балалық шағы жоңғар шапқыншылығы кезінде әкесінің қайтыс болуымен басталды. Жас Қабанбай жаулардан өмірінің соңғы уақытына дейін кек алуына ант береді. Өзінің антын орындауына мақсат еткеніне Ізбасар-Мирас етіп ат қойылған болатын.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды
- жалқы, жалпы есмідерді тауып,
астын сызады
- екі сөзге фонетикалық талдау жасайды
2-тапсырма
А) Мәтінді түсініп оқыңыз, мәтіннен сан есімдерді теріп жазыңыз.
Б) Мәтіннен өзіңіз таңдаған екі сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- сан есімдерді теріп жазады
- екі сөйлемге морфологиялық талдау жасайды
3-тапсырма
А) Мәтінді түсініп оқыңыз, мәтіннен сын есімдерді тауып, астын сызыңыз.
Б) Мәтінді абзацқа бөліп, әр абзацқа ат қойыңыз, мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
Түркістан қаласы ертеден гүлденген мекен. Мұнда адамзат баласы тас ғасырынан бастап өмір сүрген. Бұған Қосқорған елді-мекеніндегі Шоқтас ауылындағы тас тұрақтар куә бола алады. Сондай-ақ Шаға, Шойтөбе қалашықтары мұнда түркі заманында да өркениеттің болғандығын көрсетеді. Бұл өз кезегінде сол заманда ақ, Түркістанның жазиралы даласында көптеген қоныс, қалашықтардың болғандығын білдіреді.
Бұл өркениет ошағының іздері күні бүгінге дейін сақталып, бірқатары қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ескерткіштер тізіміне алынған. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, оларды зерттеу мен насихаттау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады. Ескерткіштерді тұрақты түрде қорғау, оларды жүйелі түрде есепке алу қорық-мұражайдың басты мақсаты мен міндеті. Қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайының Археология және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімі осы бағытта тыңғылықты жұмыс жасап келе жатыр. Бөлім мамандары жыл сайын археологиялық зерттеулер арқылы Түркістан аумағынан ғасырлар куәсі болған қалашықтар мен қорған, обаларлың орнын тауып зерттеп, тізімге алып келеді. Нақ осындай мақсатта қорық-мұражай тарапынан 2012 жылы Бабайқорған ауылдық округінің аумағына археологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Барлау барысында бірқатар ортағасырлық қалашықтар мен қоныстар табылып, тізімге алынды. Одан бөлек қорық-мұражайдың ескерткіштер тізімінде әр жылдары археологиялық экспедициялар арқылы зерттеліп, аршылған ескерткіштерде бар. Соның бірі Қаратаудың етегінде орналасқан Ақтөбе қалашығы. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының археология бөлімі (жетекшісі М.Тұяқбаев), Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ ғылым орталығының археологтары (жетекшісі М.Елеуов) аталған қалашықты зерттеп, Ақтөбе қалашығы деген атау беріп І-VІІ ғғ. аралығында өмір сүргенін анықтап отыр.
Кәрім Асылхан Әбдіқалиұлы
Достарыңызбен бөлісу: |