«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК


 Атмосфераның физикалық және химиялық құрамы



Pdf көрінісі
бет22/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52
7.2. Атмосфераның физикалық және химиялық құрамы 
Атмосфера ауа деп аталатын газдар қоспасынан түрады.Сонымен қатар 
ауада сүйық және қатты бөлшектер де бар. Ауаның физикалық күйі оның 
тығыздыгымен, кысымымен, температурасымен және т.б. сипатталады. 
Атмосфераның жерге жақын қабатында ауа ылғалды болып келеді, яғни 
оның қүрамында басқа газдармен қатар газ күйіндегі су (су буы) да болады. 
Атмосфераның физикалық күйіне байланысты су буы сұйық және қатты күйде 
болады.
Қатты және сүйық бөлшектерден тазартылған қүрғақ ауаның күрамы барлык 
жер шарында бірдей және шамамен 400-600 км биіктікке дейін түрақты болады. 
Құрғақ ауа (көлем бойынша) азоттан - 78,08%, оттегінен - 20,95 %, аргоннан - 
0,93 %, көмір қышқыл газынан - 0,03 % және басқа да газдардан 0,01 % түрады. 
Атмосфера құрамындағы барлық газдардың ішінде озонның маңызы өте 
зор. Күннің қысқатолқынды радиациясын жұта отырып, озон органикалық әлемді 
ультракүлгін сәуленің зиянды әсерінен қорғайды.
Озон атмосфераның төменгі қабаттарында найзағайлық әрекеттер мен 
кейбір органикалық заттардың тотығуының арқасында, ал жоғарғы қабаттарда - 
толқын ұзындығы 0,1 мкм-ге дейінгі ультракүлгін радиацияның әсерімен пайда 
болады. Оттегі молекуласы екі атомға бөлінеді, содан кейін ол жеке атомдар 
басқа оттегі молекулаларына қосылып үш атомды озон молекулаларын құрайды. 
Өз кезегінде озон толқын ұзындығы 0,15-0,29 мкм аралығындағы ультракүлгін 
радиацияны жұтып оттегі мен бос атомға бөлшектенеді. Осылайша атмосферада 
бұл процестер үнемі жүріп жатады. Жоғары температурада озонның ыдырауы 
оның құрылуынан артып кетеді. 
Көмірқышқыл газы атмосфераға табиғи түрде негізінен вулкандық 
әрекеттер, органикалық заттардың шіруі мен ыдырауы, жануарлар мен 


29 
өсімдіктердің демалуы нәтижесінде келеді. Атмосфера құрамындағы 
көмірқышқыл газы күн радиациясын өткізіп, жердің инфрақызыл сәулелерін 
ұстап қалады. Көмір кышқыл газының бір ерекшелігі, ол ұзын толқынды 
сәулелі (жылулық) энергияны жақсы жұтады және өзі де шашады. Сондықтан 
да оның мөлшерінің артуы жерге жақын ауа қабатының температурасының 
жоғарылауына әкеледі. 
Атмосфералық ауаның келесі маңызды құраушылырының бірі 
атмосферадағы су буы. Атмосферада су буының болуы атмосфера мен жер 
бетінің жылулық жағдайына күшті ықпал жасайды. Су буы ұзын толқынды күн 
сәулесін және жер бетінің сәулешашуынның (үзын толқынды) басым бөлігін 
жерге бағыттайды, сондықтан да ол жер бетін қатты салқындаудан сақтайды. 
Сонымен қатар, суды буландыруға көп жылулық энергия жұмсалады, ал 
конденсация процесінде ол жылу қайтадан бөлініп атмосфераға тарайды. 
Сонымен қатар атмосферада глобальды метеорологиялық процесстер жүріп, 
ауа райы және климат қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет