«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК


 Экологияның негізгі заңдары мен қағидалары



Pdf көрінісі
бет4/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
1.3. Экологияның негізгі заңдары мен қағидалары 
Атомдардың биогенді миграциясы заңы: Жер бетінде және жалпы 
биосферада химиялық элементердің миграциясы тірі ағзалардың әсерімен 
немесе көмегімен жүзеге асырылады. 
Энергия ағымының қайтымсыздық заңы: Экожүйе алатын және 
продуценттер сіңіретін энергия олардың биомассасымен бірге қайтымсыз 
бірінші, екінші, үшінші немесе басқа реттік консументтерге, одан кейін 
редуценттерге беріледі. Бұл әр трофикалық деңгейде энергияның нақты 
мөлшерінің жоғалуына әкеледі. 
Энергия пирамидасы заңы: Экологиялық пирамиданың бір трофикалық 
деңгейінен екінші деңгейіне тек 10% энергия ауысады. 
Толерантық заңы (Шелфордт заңы): Экологиялық әсердің минимумымен 
қатар максимумы да ағзаның тіршілік етуіне шектеуші фактор бола алады. 
Экологиялық фактордың минимуммен максимум аралығы ағзаның фактор 
әсеріне төзімділік дәрежесін анықтайды. Бұл заңға сәйкес экожүйеде заттың 
немесе энергияның артықшылығы оның ластаушысына айналады. 
Тірі заттың физика химиялық біртектік заңы (В.И.Вернадский заңы):Жер 
бетіндегі барлық тірі затың физика-химиялық табиғаты біртекті. 
Б.Коммонер заңы: 

Бәрі бір-бірімен байланысты; 

Бәрі бір жақа кетуі керек (Еш нәрсе мәнгілік болмайды); 

Табиғат бәріненде жақсы біледі; 

Еш нәрсе тегін берілмейді. 
Минимум заңы (Ю.Либих заңы): Ағзаның төзімділігі оның экологиялық 
қажеттілік тізбегіндегі әлсіз звеномен анықталады. Егер экологиялық 
фактордың мөлшері мен сапасы ағзаға қажетті минимумға жақын болса ағза 
тіршілік етеді, ал минимумнан төмен болса ағза өледі және экожүйе бұзылады. 
Реди қағидасы: тіріден тірі пайда болады, тірі мен өлі арасында байланыс 
жоқ, бірақта өзара әсерлесу бар. 
Тақырып 2. Ағза мен орта (аутэкология) 
2.1. Экологиялық фактор туралы түсінік 
Ағза мен орта бірлестігі заңына сәйкес ағза мен орта арасында 
диалектикалық бірлестік бар. Бірлестіктің негізін энергия және ақпарат алмасу 
құрайды. 
Орта – ағзаның өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей 
немесе жанама әсер ететін қоршаған орта компонентерінің жиынтығы. Мекен 
ету ортасы дегеніміз – тірі ағзаны қоршайтын және оған тура немесе жанама 
әсер ететін табиғаттың бөлігі. Олар Ағзаның тіршілік ету қабілетіне 
байланысты олар төрт ортаны мекендейді: 

су ортасы (алғашқы тіршілікпайда болған орта); 

құрлық-ауа ортасы (атмосфераның төменгі қабаты тропосфера); 




топырақ ортасы (литосфераның беткі қабаты); 

тірі ағзалар ортасы (жануарлар әлемінің 10% құрайды). 
Экологияда қоршаған орта жағдайы экологиялық фактор деп аталады. 
Ортаның әсерін ағзалар экологиялық фактор түрінде қабылдайды.
Экологиялық фактор дегеніміз ағзаға әсер ететін ортаның кез-келген 
элементтері мен нақты жағдайлары. Экологиялық факторлар тірі ағзалардың 
тіршілігіне, санына, таралуна тікелей немесе жанама әсер теді.
Эколгиялық факторлардың табиғаты әртүрлі болса да, олардың нәтижесі 
экологиялық салыстырмалы, өйткені ол тірі ағзаның тіршілігінің өзгеруіне 
әкеледі. Әрбір ағзаға әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі 
болады. Тірі ағзаларға қатысты экологиялық факторлардың әсерінен бірнеше 
заңдылықтарды бөліп қарастыруға болады. 
Экологиялық фактордың бір нақты мәндерінде тірі ағзаның тіршілігі үшін 
аса қолайлы жағдайлар туындайды, бұл жағдайлар оптимум деп аталады, ал 
оған сәйкес аймақ оптимум аймағы деп аталады; 
Неғұрлым фактордың мәні оптимумнан көп ауытқыса, соғұрлым оның 
тіршілігіне қауіпті болады, осыған байланысты қалыпты тіршілік ету аймағы 
белгіленеді; 
Оптимум аймағынан тыс тірі ағзаның өлуіне алып келетін диапазонды 
шыдамдылық шегі немесе пессимум аймағы деп атайды.
Әрбір тірі ағза үшін өзіне тән шыдамдылық шектері болады. Ал ағзаның 
белгілі бір орта факторының жағымсыз әсер ықпалына шыдамдылық қабілетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет