7. Қабылданған эксперименталдық жоспарға сәйкес жүргізілген сыналушыларды топтарға іріктеу және орналастыру.
8 Экспериментті жүргізу. Эксперимент барысында зерттеуші сыналушылармен өзара әрекет үрдісін ұйымдастырады, нұсқаулықпен таныстырады, егер қажет болса, оқыту сериясын жүргізеді. Ол тәуелсіз айнымалыны (міндеттер, сыртқы жағдайды және т.б.) түрлендіреді, өзі немесе ассистенттің көмегі арқылы сыналушының әрекетіне тіркеу жүргізеді.
9 Статистикалық өңдеуде, оны жүргізуде әдістерді таңдау. Әдетте мәліметтерді өңдеу әдістері экспериментті жоспарлау кезеңінде немесе одан бұрын эксперименталдық болжамды алға тартарда таңдалады. Эксперименталдық болжам статистикалыққа айналады.
10 Нәтижелердің қорытындысы және интерпретациясы зерттеу циклінің аяқталуы. Эксперименталдық зерттеудің қорытындысы «Егер А, онда В» айнымалалар арасындағы тәуелділіктердің себептері жайлы болжамды қабылдау немесе теріске шығару болып табылады.
Эксперименттің негізгі сипаттары:
- айнымалы,
- іріктеу,
- валидтілік.
Эксперименталдық айнымалылар:
- тәуелді және тәуелсіз,
- жанама және сыртқы болып бөлінеді.
Тәуелсіз айнымалы – оны экспериментатор оның тәуелсіз айнымалыға ықпалын анықтау мақсатында түрлендіреді. Эксперименталдық зерттеуді жүргізудегі басты мәселе – тәуелсіз айнымалыны және оның басқа айнымалылардан оқшаулануын көрсету.
Психологиялық экспериментте тәуелсіз айнымалылар ретінде көрінуі мүмкін болатындар:
1) Тапсырмалардың сипаты;
2) Ситуациялардың ерекшеліктері (сыртқы жағдай);
3) Сыналушының басқарылатын ерекшеліктері (жағдайы)
Тапсырманың сипаты деген – экспериментатор азды немесе көпті манипуляция жасай алуы. Ол стимулдарды немесе тапсырманың материалын түрлендіре, сыналушы жауабының типін өзгерте (вербальді немесе вербальді емес жауап), бағалау шкаласын өзгерте алады.
Достарыңызбен бөлісу: |