Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмнiң
демпингтiк бағасын анықтау тәртiбi
71. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмiнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк сараптамадан немесе Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық сараптамадан өткен және белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетiлген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда ол демпингтiк болып танылады.
72. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң консультациялық қызметтерге арналған электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмiнiң бағасы электрондық конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан жетпiс пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк деп танылады.
Электрондық конкурсты өтпей қалды деп тануға
негiздемелер
73. Электрондық конкурс мынадай жағдайларда:
1) электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмдер болмағанда;
2) электрондық конкурсқа қатысуға екiден кем өтiнiм берiлгенде;
3) электрондық конкурсқа қатысуға бiрде-бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлмесе;
4) электрондық конкурсқа қатысуға бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлсе;
5) электрондық конкурсқа қатысушының бiр ғана конкурстық баға ұсынысы қалса;
6) конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, электрондық конкурс өтпедi деп танылады.
3. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен жүзеге
асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi
электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және
өткiзу
Баға ұсыныстарына электрондық сұрау салуды өткiзу туралы
хабарлау
74. Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей веб-порталда нысан бойынша баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен өткiзiлетiн электрондық мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын жариялайды.
Әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын беруi
75. Әрбiр әлеуеттi өнiм берушi тек бiр баға ұсынысын ғана бередi, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген елеулi талаптарды сақтай отырып, оның тауарды жеткiзу, жұмысты орындау, қызметтi көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм беру нысаны болып табылады.
76. Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысында тауарларды жеткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге байланысты барлық шығыстар кiредi.
77. Әлеуеттi өнiм берушi баға ұсынысын ұйымдастырушыға веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушының электрондық хабарландыруда көрсеткен баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғанға дейiн ұсынады.
78. Баға ұсыныстарын берген әлеуеттi өнiм берушiге веб-портал тиiстi хабарламаны автоматты түрде жiбергеннен кейiн баға ұсынысы қабылданды деп саналады.
79. Әлеуеттi өнiм берушiлер баға ұсыныстарын беру мерзiмi бiткенге дейiн қажет болса берiлген баға ұсынысын керi қайтарып алады және оларға өзгерiстер енгiзедi.
80. Мынадай жағдайларда:
1) егер осы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу үшiн бөлiнген сомадан артық болса;
2) егер әлеуеттi өнiм берушi бұрын осы лотқа баға ұсынысын берсе;
3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталдың әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысынан автоматты түрде бас тартуына жатады.
81. Егер баға ұсыныстарын беру мерзiмi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсынысы екеуден аз берiлген болса, веб-портал мұндай мемлекеттiк сатып алуды автоматты түрде өтпедi деп таниды және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарына
сұрау салу тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып
алу қорытындыларын шығару
82. Баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн веб-портал баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын автоматты түрде ашуды және шығаруды жүргiзедi.
83. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу жеңiмпазы деп ең төмен баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушi танылады.
84. Бiрнеше әлеуеттi өнiм берушi ең төмен баға ұсынысын берген жағдайда, өзiнiң баға ұсынысы басқа әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуеттi өнiм берушi жеңiмпаз деп танылады. Баға ұсыныстарын салыстыруды веб-портал автоматты түрде жүргiзедi.
85. Егер осы Қағидалардың 80-тармағында көзделген негiздер бойынша баға ұсыныстарын веб-портал автоматты түрде қайтарғаннан кейiн әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсынысы екеуден аз қалған болса, онда мұндай мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылады және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
86. Баға ұсыныстарына сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары шыққаннан кейiн веб-портал оларды автоматты түрде жариялайды.
87. Баға ұсыныстарына сұрату тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алудың жарияланған қорытындыларында баға ұсыныстарына сұрату тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алудағы жеңiмпаз туралы, сондай-ақ жеңiмпаз ұсынғандай бағаны ұсынған әлеуеттi өнiм берушi туралы не баға ұсынысы жеңiмпаз ұсынған бағадан кейiн ең төменгi баға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтер қамтылады.
4. Бiр көзден алу тәртiбiмен электрондық мемлекеттiк
сатып алуды өткiзу
88. Заңмен анықталған жағдайларда ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге бiр көзден алу тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысу туралы шақыру жiбередi, сондай-ақ шақыруды электрондық құжат түрiнде веб-порталда орналастырады.
89. Тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi электрондық құжатты веб-порталға жiберу арқылы сұралған ақпаратты ұйымдастырушыға ұсынады.
90. Ұйымдастырушы сұралған ақпаратты әлеуеттi өнiм берушi ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бiр көзден алу тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы қалыптастырады және веб-порталға орналастырады.
5. Аукцион тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды,
жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттiк
сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу
91. Аукцион тәсiлiмен (бұдан әрi - аукцион) жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу веб-порталда мынадай дәйектi iс-шаралардың орындалуын көздейдi:
1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушiнiң ұйымдастырушыны, тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлiн анықтауы;
2) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушiнiң веб-портал көмегiмен веб-портал қатысушысы болып табылатын ұйымдастыруға шақыру жiберуi;
3) аукциондық құжаттаманы қалыптастыру, қажет болған кезде сараптау комиссиясының (сарапшыны) құрамын қалыптастыру және бекiту;
4) тапсырыс берушiнiң аукциондық құжаттаманы бекiтуi;
5) аукциондық комиссияның құрамын қалыптастыру және веб-порталды пайдаланушылардың арасынан конкурстық аукциондық хатшысын анықтау;
6) ұйымдастырушының веб-порталда аукцион өткiзiлетiнi туралы хабарландыру жариялауы;
7) веб-порталға қатысушы – әлеуеттi өнiм берушiлердiң оны алу фактiсiн веб-порталда автоматты түрде тiркей отырып, аукциондық құжаттаманы алуы;
8) ұйымдастырушының, осы Қағидалардың 107 және 108-тармақтарында көзделген жағдайларда, оны алған әлеуеттi өнiм берушiлерге аукциондық құжаттаманың ережелерiн веб-портал көмегiмен түсiндiруi;
9) электрондық құжат нысанында берiлетiн аукционға қатысу өтiнiмдердiң бiрiншi және екiншi бөлiктерiн веб-порталда автоматты түрде тiркеу;
10) өтiнiмiнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған мынадай құжаттардың:
өтiнiмдi қамтамасыз етудiң
қағаз түрiндегi сенiмхаттың электрондық көшiрмесiнiң құпиялылығын сақтамастан веб-портал арқылы ашу;
11) аукциондық комиссияның аукциондық құжаттама талаптарына сай әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау, ал тауарды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жағдайында оларды аукционға қатысушы деп тану үшiн өтiнiмдi қамтамасыз ету мен қағаз түрiндегi сенiмхаттың электрондық көшiрмесiн қарауы;
12) тауарды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жағдайларын қоспағанда, өтiнiмiнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшелiктерiнiң құпиялылығын сақтай отырып, веб-портал арқылы ашу;
13) аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындау және оларды аукционға қатысушы деп тану үшiн аукциондық комиссияның тауарлардың техникалық ерекшелiктерiн қарауы;
14) рұқсат беру хаттамасын қалыптастыру және жариялау;
15) аукцион өткiзу;
16) аукциондық комиссияның құпиялылығын сақтай отырып, аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң екiншi бөлiгiн қарауы;
17) аукциондық комиссияның аукцион жеңiмпазын және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткерлердi бекiтуi;
18) қорытындылар хаттамасын қалыптастыру және жариялау;
19) тапсырыс берушi мен жеңiмпаз арасында мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу.
Аукцион бiр лотқа өткiзiледi, бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша құндық мәндегi жылдық көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген төрт мың еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер аукционның мәнi болып табылады.
Аукциондық құжаттаманы веб-порталда
қалыптастыру және бекiту
92. Ұйымдастырушы аукционды өткiзу талаптары мен тәртiбiн анықтау үшiн веб-порталда аукциондық құжаттаманың электрондық нысанын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қалыптастырады және тапсырыс берушi мен ұйымдастырушыны бiр адам болатын жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушiмен келiседi.
93. Ұйымдастырушы қалыптастырған аукциондық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.
Аукциондық комиссияның құрамын, сарапшыны (сараптау
комиссиясын) бекiту
94. Аукционды өткiзу рәсiмiн орындау үшiн ұйымдастырушы әрбiр аукционға аукциондық комиссия құрады және аукциондық комиссияның хатшысын анықтайды.
Аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешiмге тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды.
Егер ұйымдастырушы тiкелей не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу үшiн жауапты құрылымдық бөлiмшенiң атынан тапсырыс берушiнiң өзi болған жағдайда, аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешiмге тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам, тапсырыс берушi не тапсырыс берушiнiң мiндетiн атқаратын адам қол қояды.
Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде қажет болған жағдайда ұйымдастырушы аукциондық комиссияның құрамына онымен келiсе отырып, веб-порталда автоматты түрде тiркелгендер қызметкерлерi арасынан тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi органның өкiлдерiн енгiзедi.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелiгiн әзiрлеу үшiн ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманы әзiрлеу кезiнде қажет болғанда сараптау комиссиясын (сарапшы тартады) құрады.
95. Аукциондық комиссияның мүшелерi төраға, төрағаның орынбасары және аукциондық комиссияның басқа да мүшелерi болып табылады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Аукциондық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауы және кемiнде үш адам болуы тиiс.
Аукциондық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бiрiншi басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға анықталуы тиiс. Егер ұйымдастырушы тапсырыс берушiнiң тiкелей өзi болса, аукциондық комиссияның төрағасы етiп тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға анықталуы тиiс. Егер ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу үшiн жауапты құрылымдық бөлiмшенiң атынан тапсырыс берушiнiң өзi болса, аукциондық комиссияның төрағасы етiп тапсырыс берушiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң бiрiншi басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға анықталуы тиiс.
96. Аукциондық комиссияның төрағасы:
1) Аукциондық комиссияға басшылық етедi;
2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
97. Аукциондық комиссия оның құрылғаны туралы шешiм күшiне енген күннен бастап жұмыс iстейдi және тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап өз қызметiн тоқтатады.
98. Аукциондық комиссияның шешiм веб-порталды пайдалана отырып, дауыс берумен қабылданады және ол үшiн аукциондық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген жағдайда қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, ол үшiн аукциондық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады. Аукциондық комиссияның шешiмiмен келiспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесiнiң айрықша пiкiрге құқығы болады, ол қағаз құжаттың электрондық көшiрмесi нысанында веб-порталда жарияланады. Аукциондық комиссияның тиiстi хаттамаларында аукциондық комиссияның қандай да бiр мүшесiнiң қолы болмаған жағдайда хатшы қолдың болмау себебiн қамтитын құжатты веб-порталда жариялайды.
99. Аукциондық комиссияның ұйымдастырушылық қызметiн аукциондық комиссияның хатшысы қамтамасыз етедi. Аукциондық комиссияның хатшысы аукциондық комиссияның мүшесi болып табылмайды және аукциондық комиссияның шешiм қабылдау кезiнде дауыс беру құқығына ие болмайды.
Аукциондық комиссияның хатшысы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзуге жауапты ұйымдастырушының құрылымдық бөлiмшесiнiң лауазымды тұлғалары арасынан анықталады.
Аукциондық комиссияның хатшысы:
1) аукциондық құжаттаманы веб-порталда қалыптастырады;
2) веб-порталда аукцион өткiзiлетiнi туралы хабарландыруды, аукционға қатысуға рұқсат берiлгенi туралы хаттаманы, аукционның өткiзiлу хаттамасын, аукционның қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ болған жағдайда басқа да құжаттарды веб-порталда жариялайды;
3) веб-порталда сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жариялайды;
4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
100. Әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiн анықтау үшiн ұйымдастырушыда тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда, ұйымдастырушы сарапшы ретiнде өтемсiз негiзде мемлекеттiк қызметшiлердi, ал өзге мамандарды ақылы, сол сияқты тараптардың уағдаластығы бойынша өтемсiз негiзде де тарта алады.
Сарапшы ретiнде қандай да бiр адамды тарту үшiн мiндеттi шарт оның қызмет бейiнiнiң мемлекеттiк сатып алу мәнiне сәйкестiгi болып табылады.
Сарапшыны ақылы негiзде таңдауды ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
101. Бiрнеше сарапшыны тартқан жағдайда ұйымдастырушы тартылған сарапшылар арасынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасынан комиссияның жетекшiсiн анықтайды.
Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан сараптамалық қорытынды бередi және аукциондық комиссияның шешiм қабылдау кезiнде дауыс беру құқығына ие болмайды. Сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысын аукциондық комиссия тек ол аукциондық құжаттамада көзделген талаптар шегiнде жасалған жағдайда ғана мiндеттi түрде ескередi. Сараптамалық қорытындыға сарапшылардың (сараптау комиссиясы мүшелерiнiң) қолдары қойылады және ол аукциондық комиссияның хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған қағаз құжаттың электрондық көшiрмесi нысанында веб-порталда аукционға қатысуға рұқсат берiлгенi туралы хаттамаға қоса берiледi.
Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келiспеген жағдайда, мұндай сарапшы өзiнiң айрықша пiкiрiн айтады, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса берiледi және оның ажырамас бөлiгi болып табылады.
102. Аукционды өткiзу басталғанға дейiн аукциондық комиссияның мүшелерi, аукциондық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекiтiлген аукциондық құжаттамамен және оның қосымшаларымен танысуы тиiс.
Аукцион өткiзiлетiнi туралы хабарлама
103. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етуiнiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн бұрын веб-порталда өткiзiлетiн аукцион туралы хабарландыруды, сондай-ақ бекiтiлген аукциондық құжаттаманы жариялайды.
Егер аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сома тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма мың еселенген мөлшерiнен аспаса, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы веб-порталда өткiзiлетiн аукцион туралы хабарландырудың мәтiнiн әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етуiнiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жетi күн бұрын жариялайды.
Әлеуеттi өнiм берушiлерге аукциондық құжаттаманы
табыс ету
104. Электрондық аукцион өткiзiлетiнi туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап қалаған адамдардың барлығына веб-порталдан аукциондық құжаттаманы ақысыз алу мүмкiндiгi берiледi.
105. Веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiлерге аукциондық құжаттаманы беру веб-порталда автоматты түрде тiркеледi.
106. Веб-порталда аукцион өткiзiлетiнi туралы хабарлама жарияланған сәтке дейiн аукциондық құжаттаманы беруге жол берiлмейдi.
Аукциондық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру
107. Веб-портал қатысушысы – әлеуеттi өнiм берушi веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға аукциондық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сұрау салуға, бiрақ оны электрондық аукционда қатысуға өтiнiм берудiң табыс етудiң соңғы күнi аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк алты күннен кешiктiрмей жiберуге құқылы.
Ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап күнтiзбелiк бiр күн iшiнде аукциондық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы – әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, аукциондық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру мәтiнiн веб-порталда жариялайды.
108. Ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы күнi аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк бес күн мерзiмнен кешiктiрмей өз бастамасы бойынша немесе веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуына жауап ретiнде аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Қағидалардың 92-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
Ұйымдастырушы аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей аукциондық құжаттамаға енгiзiлген өзгерiстер және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, аукциондық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы – әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда нақтыланған аукциондық құжаттаманы жариялайды.
Мұндай жағдайда аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы мерзiмi кемiнде жетi күнге ұзартылады.
Аукционға қатысуға арналған өтiнiмдердiң
мазмұны мен оларды беру
109. Аукционға қатысуға өтiнiм электрондық құжат нысанында берiледi және аукционға қатысудан үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң тауарларды жеткiзудi (жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсетудi) аукциондық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жүзеге асыруға келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.
110. Аукционға қатысуға тiлек бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға табыс ететiн аукционға қатысуға өтiнiм мемлекеттiк сатып алу веб-порталында электрондық құжат түрiнде қалыптастырылады және аукциондық құжаттамада тiзбеленген қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн және (немесе) электрондық құжаттарды қамтитын екi бөлiктен тұрады.
111. Әлеуеттi өнiм берушiнiң аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына сәйкес талап етiлетiн, веб-порталды пайдалана отырып, мемлекеттiк ақпараттық жүйелерге және/немесе мемлекеттiк дерекқорға өтiнiш беру арқылы алынатын жекелеген құжаттарды беруiне жол берiледi.
112. Аукционға қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға оларды электрондық құжат нысанында берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн бередi.
113. Аукционға қатысуға берiлген өтiнiм аукционға қатысуға өтiнiм берген өнiм берушiнiң тиiстi хабарламасын веб-порталмен автоматты түрде жiберу сәтiнде қабылданған болып есептеледi.
114. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға бiр ғана өтiнiм бередi.
115. Әлеуеттi өнiм берушiнiң аукционға қатысуға берген өтiнiмi мынадай:
1) егер әлеуеттi өнiм берушi бұрын осы аукционға қатысуға өтiнiм берген;
2) аукционға қатысуға берiлген өтiнiм аукционға қатысуға берiлетiн өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн түскен;
3) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталдан автоматты түрде керi қайтарылады;
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi аукционға қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын аукциондық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi аукциондық өтiнiмдер ашылатын күннен бастап кемiнде күнтiзбелiк отыз бес күн болуы тиiс.
116. Әлеуеттi өнiм берушiлер берген аукционға қатысу өтiнiмдер веб-порталда автоматты түрде тiркеледi.
117. Әлеуеттi өнiм берушi өзi енгiзген аукционға қатысу өз өтiнiмiн қамтамасыз етудi қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, аукционға қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн кез келген уақытта аукционға қатысу өз өтiнiмiн өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
118. Аукционға қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн оған өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
Аукционға қатысуға арналған өтiнiмдердi қамтамасыз ету
119. Аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi әлеуеттi өнiм берушi Заңның 35-5-бабына сәйкес енгiзедi.
120. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға өтiнiмдi банк кепiлдiгi түрiнде енгiзудi қамтамасыз еткен жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға аукционға қатысуға өтiнiм ұсынудың соңғы мерзiмiне дейiн аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берiледi.
121. Егер әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушының банктiк шотына не мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдендiрiлген ақшалай жарна түрiнде аукционға қатысу өтiнiмдi қамтамасыз еткен жағдайда, ол кепiлдендiрiлген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесi түрiнде берiледi.
122. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуды қамтамасыз етудi енгiзген жағдайда осы Қағидалардың 120-тармағына сәйкес ұйымдастырушы аукционға қатысуға осындай қамтамасыз етудi алған фактiнi банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналына тiркейдi.
Ұйымдастырушы банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналында мынадай мәлiметтердi көрсетедi:
1) тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауы мен өткiзiлетiн мерзiмi;
2) ұйымдастырушының толық атауы;
3) әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң тегi, аты-жөнi;
4) банктiк кепiлдiктi тiркеу күнi мен уақыты.
Банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналы тiгiлуi, парақтарына нөмiрлер қойылуы тиiс және конкурстық комиссияның хатшысы бұрыштама қоюы тиiс. Банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналының соңғы парағы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мөрiмен бекiтiлуi тиiс.
Бiр қаржы жылы iшiнде тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi аукцион тәсiлiмен барлық мемлекеттiк сатып алу бойынша банктiк кепiлдiктердi тiркеудiң бiрыңғай журналын өткiзуге рұқсат берiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |