Әож қолжазба құқығында



бет1/20
Дата16.11.2022
өлшемі440.5 Kb.
#464967
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
ұлттық киім үлгісін әзірлеу


ӘОЖ 378.02:37.036.5 Қолжазба құқығында

СМАНОВА АҚМАРАЛ СМАИЛҚЫЗЫ


Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика


және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


а в т о р е ф е р а т ы

Қазақстан Республикасы


Алматы, 2010
Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды.

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы


Керімов Л.К.
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы
Дүйсенбаев К.А.

педагогика ғылымдарының кандидаты


Үркінбаева Д.И.
Жетекші ұйым: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті

Диссертация 2010 жылы «01» шілдеде сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дєрежесін беру жөніндегі Д 14.05.01 диссертациялық кеңесінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, 2-қабат, мәжіліс залы).


Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, 3-қабат.

Автореферат 2010 жылы « 01» маусымда таратылды.

Диссертациялық кеңестің


ғалым хатшысы: Ә.Н.Көшербаева


КІРІСПЕ


Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі уақытта экономика мен индустрияның дамуына сәйкес өндірістік жүйелерді жетілдіру жағдайында халықтың өзіндік болмысы мен мәдениетіне баса назар аударылуы жастардың ұлттық мәдени мұралар негізінде адамгершілік қасиеттері мен өнімді еңбек ету дағдыларын, шеберліктерін шыңдау қажеттілігін арттырып отыр. Бұл бір жағынан студент-жастардың еңбекке жағымды қатынасы мен белсенділігін арттыруды көздесе, екінші жағынан олардың ұлттық мұраларды сақтау мен дамытуға оң көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді. Осы талапқа қазақ ұлттық киім үлгілерінің мазмұны мен технологиясын меңгерту процесі толық жауап береді. Өйткені ұлттық киім – халықтың дүниетанымынан, эстетикалық талғамынан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен жан-жақты хабардар ететін тарихи-мәдени және материалдық мұра. Ал, оны әзірлеу ұзақ та тыңғылықты, табанды еңбекті қажет ететін, сан қилы әдіс-тәсілдер негізінде күрделі еңбек әрекеттері арқылы жүзеге асырылатын көп қырлы еңбек процесі.
Студенттерге ұлттық киімдердің мазмұндық, композициялық, техникалық, конструкциялық, технологиялық ерекшеліктерін терең меңгерту олардың танымдық түсініктерінің кеңеюіне, ұлттық киімдерге және оны әзірлеуге ынталарының артуына, ұлттық мәдени мұраға, еңбекке оң қатынасын дамытып, еңбекке бағыттылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ал бұл болса, студенттерге ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың маңыздылығын арттырады.
Тарихи-педагогикалық еңбектерге жасаған талдау, қызығушылық мәселесінің жан-жақтылығын және көп қырлылығын дәлелдейді. Жеке тұлғаның қызығушылығын қалыптастыру мәселесі психологтардың (С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович және т.б.); педагогтардың (Г.И.Щукина, Н.Г.Морозова, Р.Г.Лемберг, А.П.Сейтешев және т.б.); әлеуметтанушылардың (Л.М.Архангельский, Г.А.Логинова және т.б.) еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
П.Р.Атутов, С.Я.Батышев, Ю.К.Васильев сынды ғалымдар политехникалық білім беру процесіндегі кәсіби қызығушылықты қалыптастыру мәселесін зерттесе, Г.И.Щукина, Н.Г.Морозова, В.Н.Мясищев танымдық қызығушылықты қалыптастырудың теориялық-әдістемелік негіздерін жасаса, оқуға қызығушылық, танып білуге қызығушылық, еңбекке қызығушылықтың ара қатынасын А.Е.Голомшток, М.А.Хомутова анықтаған.
Мамандыққа қызығушылық, кәсіпке қызығушылық мәселелеріне А.П.Сейтешев, А.Д.Потемкин, В.Г.Рыжков, С.А.Ярушева және т.б. аса мән беріп, жан-жақты талдаған болса, оқушылардың ауылшаруашылығы еңбегіне қызығушылығын қалыптастыруды А.Ф.Ахматов, А.Д.Саблин қарастырған.
Қазақстандық ғалымдар да қызығушылық, қызығушылықты қалыптастыру мәселесіне баса назар аударған. Н.Д.Хмель, Г.К.Байдильдинова жоғары сынып оқушыларының әр жақты қызығушылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздесе, Б.Т.Нәбиева сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың өзара байланысы арқылы оқушылардың пәнге, А.Ж.Едігенова бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегілеріне, С.Б.Қоянбекова химия пәнін оқытуда ойын арқылы студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастырудың, Н.В.Черкасова орта буын оқушыларының классикалық музыкаға қызығушылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін, жолдарын ұсынады. С.Жолдасбекова бастауыш сынып оқушыларының сәндік-қолданбалы өнерге, З.Т.Көкшеева қазақ балалар фольклорына эстетикалық қызығушылығын қалыптастырудың мәнін ашып көрсетсе, Ж.М.Ақпарова мектеп жасына дейінгі балалардың, М.А.Оразалиева бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық музыкалық шығармашылығына қызығушылығын қалыптастыруды, Л.Х.Мәжітова инженерлік-техникалық білім беруде кәсіби қызығушылықты қалыптастыруды, Н.С.Дускаева мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесіне және спортқа қызығушылығын қалыптастыруды терең зерделеген.
Еңбек, еңбек тәрбиесі, мамандық таңдау мен еңбекке дайындаудың теориялық аспектілері де жан-жақты қарастырылған. Балалар мен оқушыларды еңбекке дайындаудың педагогикалық теориялық негіздері (К.Б.Бержанов, А.А.Бейсенбаева, К.Қ.Құнантаева, Б.К.Момынбаев, Р.К.Төлеубекова және т.б); оқушыларға кәсіптік бағдар беруде еңбекке оқыту мен тәрбиелеу (Б.Ж.Дюсалиева, А.С.Имангалиев, И.Имашев, Л.Х.Мажитова, О.У.Мұсабеков және т.б.); еңбекке оқытудың тарихи педагогикалық аспектілері (Г.А.Уманов, Б.А.Абдыкаримов, Б.И.Қожаева, Ә.Н.Көшербаева, Г.Т.Хайруллин, А.Н.Ильясова және т.б.) мәселелерін зерттеген.
Сондай-ақ, кәсіптік-техникалық білім берудегі еңбекке баулу, еңбек мәдениетін қалыптастыру (Г.Т.Хайруллин, Л.К.Керимов, Ш.Таубаева, Б.А.Әлмұхамбетов, Р.А.Джанабаева, М.С.Молдабекова, М.А.Құдайқұлов, Т.С.Бортко), болашақ технология пәні мұғалімдерін даярлау (К.Ә.Дүйсенбаев, М.Ж.Қозыбақов, К.Өстеміров, Д.Үркінбаева, С.А.Жолдасбекова, Н.Б.Рахметова, Р.А.Дәрменова) мәселелеріне де жан-жақты талдау берілген.
С.А.Ұзақбаева, Х.Қ.Шалғынбаева қазақ халық педагогикасындағы еңбек дәстүрлеріне аса мән берсе, Ұ.М.Әбдіғапбарова сәндік-қолданбалы өнер арқылы халықтың балалар мен жастарды еңбекке тәрбиелеу жүйесін негіздеп жасаған, С.Сатқанов бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу, Н.М.Адамқұлов оқушы-жастарға қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасату арқылы еңбекке тәрбиелеу жүйесін негіздеген.
Қазақ ұлттық киімдерінің шығу, даму тарихын, әлеуметтік мәнін, мазмұндық, технологиялық, стильдік ерекшеліктерін саяхатшы-ғалымдар (И.П.Фальк, П.С.Паллас, И.Георги, Г.И.Спасский, А.И.Левшин және т.б.), этнографтар (Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов, Ә.Марғұлан, М.С.Муканов және т.б), технологтар (С.Ж.Асанова, М.А.Нұржасарова), өнертанушылар (Э.Рассохина, К.Ибраева, Б.Асанова), суретшілер (Р.Д.Ходжаева, И.В.Захарова, Г.Тәкішева, А.Құралов, Қ.Саматұлы) ой елегінен өткізсе, қазақ ұлттық киімдеріне бейнеленетін ою-өрнектердің тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін, ұлттық киім саласынан білімдерді жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың жолдарын педагогтар (Ұ.М.Әбдіғапбарова, С.А.Жолдасбекова, Н.Б.Рахметова, Р.А.Дәрменова) жасап ұсынған.
Сонымен аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге, озық педагогикалық тәжірибелерге жасаған талдау күні бүгінге дейін ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыру проблемасының ғылыми тұрғыда жеткілікті негізделмегенін дәлелдейді. Демек, студенттерді ұлттық киім үлгісін әзірлеу негізінде тәрбиелеуге қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында; ұлттық киім үлгісін әзірлеудің студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыру мүмкіндіктерінің жоғарылығы мен оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік кешеннің жоқтығы арасында; ұлттық киім үлгісін әзірлеудің еңбек тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің кеңдігі мен оларды студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыру мақсатында меңгерту жүйесінің жасалмағандығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру», - деп таңдауымызға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет