§ 3 Халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберуге шектелген заттар
Халықаралық жөнелтімдерінде Қазақстан Республикасынан жіберу шектелген бұйымдар:
1) көркемдік, тарихи, ғылыми және басқа мәдени құндылық болып табылатын өнер туындылары - мәдениет саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның рұқсаты бойынша;
2) өсімдіктер, тегі өсімдік өнімдер, сондай-ақ жануарлар, тегі жануар өнімдер - ауылшаруашылық саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша;
3) радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті қондырғылар - почта байланысы саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның рұқсаты бойынша;
4) Қазақстан Республикасы аумағында тіркелмеген дәрілік құралдар (Қазақстан Республикасына енгізілген кезінде) - денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның рұқсаты бойынша;
5) өлгендердің мәйіті салынған урна - мына құжаттармен:
● өлімі туралы дәрігерлік куәлік және егер сойылған болса, медициналық мекемемен берілген хаттаманың көшірмесі және дипломатиялық өкілдікпен немесе консулдық мекеменің мөрімен куәландырылған, ал егер олар болмаса Қазақстан Республикасында осы елдің мүддесін қорғайтын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекеменің мөрімен;
● дипломатиялық өкілдіктердің және консулдық мекемелердің урнада бөтен заттар жоқтығы туралы жасаған анықтамасымен, олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасында осы елдің мүддесін қорғайтын мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері;
● мемлекеттік органдармен берілетін азаматтық әл-ауқатын жазу актілері, өзге құжаттар;
6) мемлекеттік наградалар (орден, медаль, белгі, атаулы заттар) - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жіберуге тек жіберушінің меншік құқын растайтын марапаттау, құндылығы жарияланған халықаралық почта жөнелтімдерінде осындай тауарды жіберу туралы құжаттары бойынша;
7) электронды ақпарат тасығыштар (дискеттер, компакт-дискілер, бейнежазбалар, дыбыс жазбалары) - оларды жазғанда пайдаланылған ЭЕМ мен операциялық жүйе типтері туралы мәліметтер бар болса.
Жас жеміс-жидектердің қатты сорттары салынған сәлемдемелер тиеудің кепілді нормасы шегінде ұшақтардың тікелей рейсімен жіберуді ескере отырып қабылданады, ал темір жол көлігімен-мұндай сәлемдемелер 7 тәулікте жететін болса кепілдікпен қабылданады, ал ол мерзімнен асатын болса, мүмкін боларлық залалды жөнелтуші өтейді.
Халықаралық почта жөнелтімдерінде, құндылығы жарияланған жөнелтімдерден басқа, мыналар жіберіле алады:
1) бал арасы, сүліктер мен жібек құрттары;
2) ресми танылған мекемелер арасында зерттеуге арналып алмасылатын паразиттер мен зиянды жәндіктерді құртушылар.
Достарыңызбен бөлісу: |