1.6 Міндеттемелер есебі (ҚЕХС 19, ҚЕХС 23, ҚЕХС 37)
Жәрдемақы – жұмыскердің еңбегінің нәтижесінде қызығушылық тудыратын қажетті қаражат, оның өндірістілігі, дайын өнім көлемінің өсуі, ассортименттің және оның сапасының жақсаруы. Еңбек есебі және жалақы еңбектің сапасын және санын, қаражаттың қолданылуына төленетін еңбек қорының түзетілуін, оперативті бақылауды қамтамасыз ету қажет. Есептің негізгі мақсаттары және оның төлемі болып:
-
өндірістік еңбек шығындарын дұрыс анықтау және жалақыны есептеу;
-
жұмыс уақытының рационалды қолданылуын, еңбек дисциплинасының жағдайын және бөлімшелері бойынша еңбек төлем қорының дұрыс қолданылуын бақылау.
Жалақы есебі бойынша негізгі құжаттар болып: «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық», «Демалысты ұсыну туралы бұйрық», «Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық», «Жұмыс уақытын есептеу табелі ,кесімді жұмыс жүктелімі, рапорттер, маршруттық беттер, тізімдемелер» табылады. Алғашқы құжаттарда шығын баптары бойынша жалақыны топтауды және есептеуді қамтамасыз ететін реквезиттері болуы қажет, сонымен қатар өндірім нормаларын орындау есебі, тегі, аты-жөні, табель нөмірі, жұмыскердің тобы, жұмыс орны, жұмыс тобы және атауы, уақыт нормасы және өнім немесе жұмыс бірлігіне баға беру, жалақы сомасы және норма бойынша жұмысқа кеткен уақыт саны.
Кәсіпорын өз еркімен жұмыскердің еңбек төлем жүйесін және нысандарын тұжырымдайды. Еңбек төлемінің екі нысаны қолданылады.
Кесімді – жалақы нысанының табыс сапасын, қиындығын және еңбек шартын ескеретін өндірілген өнім бірлігінің санына байланысты.
Уақытша – жалақы нысаны еңбек шартына және жұмыскердің квалификациясын есекере отыра кеткен уақыт сапасына байланысты.
Кесімді нысан келесі жүйеге бөлінеді:
-
тура кесімді;
-
кесімді – сыйлықақылы;
-
аккорттық;
-
кесімді – ілгерілі.
Уақытша нысан келесі жүйеге бөлінеді:
-
жай уақытша;
-
уақытша – сыйақылы.
Еңбек төлемі негізгі және қосымша болып келеді.
Негізгі төлемге кәсіпорында жасалған жұмыс уақытына есептелген: тарифті стафкалар бойынша төлем, кесімді бағалау; жұмыскердің кінәсінсіз жасалған қателік төлемі, түнгі уақытта жасалған жұмыс үшін қосымша төлем және т.б. жатады.
Қосымша төлемге кәсіпорында жасалмаған жұмыс уақытына есептелген: жыл сайынғы демалыс, қоғамдық және мемлекеттік міндеттерді орындау, еңбек сіңірген жылдарына сыйақы, сонымен қатар ұсынылған пәтерлер құны, коммуналдық қызметтер және т.б. жатады.
Еңбек коллективінде әр жұмыскердің жалақысы келесі үш әдіспен анықталады:
-
еңбектік қатысу коэфициентін қолдана отырып, жалақыны бөлу;
-
жұмыстың пропорцианалды коэфицент – сағатының жалпы сомасымен жалақысын бөлу;
-
бригадалық табысты есептік коэфициент негізінде бөлу.
Ынталандырушы төлемдер кәсіпорынның өз еркімен және бар қаражат мөлшерінде туындайды. Олардың төлемдерінің мөлшері және шарттары ұжымдық шарттармен анықталады.
Қосымша жасаған жұмыс үшін төлемдер, тоқтап тұрған үшін төлем, жарамсыз үшін төлем, жағдайы бар жұмыстан ауытқуға байланысты төлем арнайы құжаттардың және заңды органдармен орнатылған нормаларға сәйкес жүзеге асады.
Еңбек заңдылығына сәйкес жұмыскерлерге де, қызметкерлерге де жасалмаған жұмыс күндері төленеді. Соманың есеп негізіне орташа жалақы жатады.
Жұмыскердің есептік кезеңімен орташа жалақысын есептеу үшін арнайы төлеммен байланысты 12 күнтізбелік айлар болып келеді. Осы ұйымда бір жылдан кем жұмыс жасаған жұмыскердің орташа жалақысы нақты жасалған уақытымен анықталады. Орташа жалақыны есептеу әр кәсіпорынға және ұйымдарға олардың нысандарына қарамастан таратылады және келесі жағдайларда қолданылады:
-
жұмыскердің арнайы, негізгі немесе қосымша демалыста, сонымен қатар оқуда болуы;
-
босату кезінде қолданылмаған демалысы үшін өтемақы төлемі;
-
уақытша еңбекке қабілетсіздік үшін жәрдемақы төлемі.
Егерде орташа жалақыны заңдылықпен арнайы орнатылған есептеу тәртібімен орнатылған еңбек заңдылығына сәйкес жұмыстың бірінші жыл үшін демалаысы осы кәсіпорында үзбесіз 11 ай жасауы үшін беріледі. Одан кейінгі демалыс күндері демалыстың есептік кестесіне сай кез келген уақытта ұсынылады. Демалыстың негізгі және қосымша жалғастығы жұмыскердің кәсібіне және кәсіпорынның коллективті шарттарымен ескертіледі.
Қолданылмаған демалыс үшін демалыс төлемі және жәрдемақы төлемі есептеледі:
Есептелген жалақы сомасын 12 есептік кезеңіне бөлу арқылы орташа жалақы анықталады;
Орташа жалақыны 25,42 (жылына жұмыс күндерінің есептеудегі орташа саны) бөлу арқылы орташа жалақы анықталады. Демалыс сомасы орташа күн жалақысын бұйрық бойынша демалыс күндерінің санына көбейту арқылы анықталады. Демалысты есептеу үшін орташа жалақыны анықтау кезінде келесілер ескертілмейді:
-
уақытша еңбекке қабілетсіздік үшін жәрдемақы төлемі;
-
жұмыскердің міндетіне немесе қызметін кірмейтін жұмыс үшін төлем;
-
материалдық көмек ретінде берілетін ақшалай жәрдемақы;
-
жалақының қорына жатпайтын төлемдер;
-
қолданылмаған демалыс үшін өтемақы;
-
босату кезіндегі шығу жәрдемақысы;
-
құнды қағаздар бойынша алынған дивидендтер;
-
оқушыларға, қызметкерлерге, аспиранттарға стипендия.
Уақытша еңбекке қабілетсіздік үшін жәрдемақы төлемі ауруханалық бет арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке қабілетсіздік үшін жәрдемақы төлемі демалыс күндері және мейрам күндері төленбейді.
Еңбектену кезінде жарақат алған еңбекке қабілетсіз болып қалған жұмыскерлерге 100 % жәрдемақы төленеді.Жұмыс өтіліне қарамастан жүктілік және босануы бойынша жәрдемақы толық төленіледі.
Жәрдемақы есебіне жалақыны барлық түрлері үстеме, қосымша төлеу, жыл қорытындысы бойынша сыйақы төленеді.
Уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақыны есептеу үшін жалақыға келесілер қосылмайды:
-
қосымша жұмыс істегені үшін жалақы;
-
негізгі жұмысымен қосымша жұмысын араластыруы бойынша;
-
жұмыскердің міндетіне және қызметіне кірмейтін жұмысы үшін қосымша төлем;
-
тоқтап тұрған күндері үшін жалақы, негізгі және қосымша демалыстары;
-
өндірістік ісімен байланысты емес біржолғы сыйақы;
-
қолданылмаған демалысы үшін компенсация;
-
демалыс күндері жасаған жұмыс үшін.
Кәсіптік ауруымен немесе еңбектену кезінде алған жарақаттардан басқасы уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақыны есептеу үшін 15 айлық есептік көрсеткішінен аспайтын сомада нақты жалақы есептеледі.
Уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақыны есептеу.
Есептелген жалақы сомасын 12 есептік кезеңіне бөлу арқылы орташа жалақы анықталады;
Жыл ішіндегі жұмыс күндерінің орташа айлық санды орташа жалақыға бөлу арқылы орташакүн жалақысы анықталады;
Уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы орташакүн жалақысын орнықтырылған жұмыс өтіліне байланысты қабілетсіздігі бойынша төленетін күндер санына және пайызға бөлу арқылы анықталады.
Заңнамаға сәйкес жалақыдан келесі ұстап қалулар және шегерулер өндіріледі:
-
жеке табыс салығы;
-
міндетті зейнет ақы жарнасы;
-
орындай парақтары бойынша;
-
келтірілген материалды зияны;
-
кеткен жарамсыздыздық;
-
уақытында қайтарылмаған есептеуге алынған сомалар.
Жеке табыс салығын ұстап қалу.
Әр жұмыскердің салық міндеттерін анықтау базасы болып есептелген жалақымен минималды жалақының және міндетті зейнет жарнасының айырмашылығымен есептеліп салынатын табыс келеді.
Жеке табыс салығы заңнама тәртібі бойынша ұсталынады.
Алименттер азаматтардың алиментті өз еркімен төлейтіні туралы өтініш хаты, орындаушы парақ негізінде жалақыдан ұсталынып қалады.
Алименттер негізгі және қосымша сома жалақысынан, жеке табыс салығы ұсталғаннан кейін есептік кезеңге есептелген уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақысынан ұсыталынып қалады.
Еңбек төлемі бойынша жүргізілген есептер туралы мәліметтерін қорытындылайтын құжаттар есепті және есепті-төлем тізімдемесі болып келеді.
Есепті-төлем – есептелген еңбек төлемдерінің және жұмыскерлерге төлем, сонымен қатар ұстап қалу және шегерудің барлық түрлерін қорытындылайтын жиынтық құжат.
Жалақы өзіндік құнның бір элементтерінің бірі болып келеді. Жалақыны есептеу бірегейлі болып келеді және бағытталған шығындарға бөлінуі. Тізімдемеде жалақы құрылымдық бөлімшелерде, ұйым қызметтерінде, төлем түрлерінде көрсетіледі.
Персоналдың еңбек төлемдерінің синтетикалық есептеу есебі «Еңбек төлемі бойынша персонал есебі» 3350 шотында жүргізіледі. Пассивті шот. Сальдосы кредитті кәсіпорынның еңбек төлемі бойынша жұмыскерлер, қызметкерлер алдында қарызын көрсетеді. Кредитті айналым еңбек төлемі, жәрдемақы және зейнетақы бойынша есептеуін көрсетеді. Дебеттік айналымы еңбек төлемінің есептелген сомасын ұстап қалуын, жұмыскерлердің арнайы срмаларын көрсетеді.
Шоттың үлгілік жоспарында лауазымдық тұлғаның есептілігін есептеу үшін лауазымдық тұлғаның есептеулерін ескеретін «Лауазымдық тұлғалар бойынша қарыздар» 3350 шоты енгізілген. Оларға: басқарма мүшелері және төрағалар, кеңес бақылаушылар мүшелері және тексеру комиссиясы, кәсіпорын диреторлары жатады. Халықты әлеуметтік қорғауы үшін бюджетке еңбек төлемінен 12 % мөлшерінде әлеуметтік салық, жұмыскердің табысынан 10 % мөлшерінде жиналған зейнетақы қоры аударылады.
Жұмыскерлерге жыл ішінде демалыс әр түрлі беріледі. Осы шығындардың жыл ішінде өзіндік құн өнімділігін орнықты қосылуы үшін демалыс төлемдеріне резерв құру қажет. Демалыс төлемдеріне резервін қалыптастыруы үшін жыл ішінде осы айда нақты есептелген жалақының жоспарлы пайызы мөлшерінде оның қай айда төленетіне қарамастан өндірістік шоттарға жатқызу қажет.
Кесте 11 – Еңбекақы төлеу бойынша корреспонденциялар
Шаруашылық операцияның мазмұны
|
Дебет
|
Кредит
|
Жалақының есептелуі:
-
негізгі өндірістің жұмыскерлеріне
-
қосымша өндірістің жұмыскерлеріне
-
көліктер мен жабдықтарға қызмет көрсеткен жұмыскер, мамандар, жетекшілік еткен және цех жұмыскерлері;
-
тауарды іске асырумен айналысатын жұмыскерлерге;
-
әкімшілік қызметкерлер
|
8110
8310
8410
7110
7210
|
3350
3350
3350
3350
3350
|
1.7 Табыстар мен шығыстарды тану (ҚЕХС 18)
Әр түрлі операциялармен жағдайдарынан туындайтын Табысты есептеуі «Табыс» 18 ХҚЕС сәйкес жүргізілуі қажет.
Табыс - өзінің капиталының өсімі, меншік иесінің шотына салымдар арқылы өзіндік өсудің қорытындысы болып келетін ұйымдық істің кезінде пайда болатын кезеңдегі экономикалық пайданың жалпы түсімі.
Табыс әділетті алынған құнмен немесе алынатын сыйақы бойынша өлшенеді.
Әділеттік құн – екі жақтың тәуелсіз операциялардың жүзеге асырғысы келетін, операцияны жүзеге асыру кезінде жақсы хабардар болған активерді айырбастау немес орындау сомасы. Тауарлардың және қызметтердің, айырбастаудың өлшемі және сипаты бойынша ұқсас тауарларды және қызметтерді айырбастау кезінде табысты пайда болдыратын операция ретінде қарастырылмайды.
Тауар және қызметті жақсы тауар және қызметке айырбастау кезінде айырбастау өзгертідген ақша қаражаттар сомасына немесе олардың эквиваленттеріне, алынған тауарлар және қызметтердің ғаділетті алынған құнын өлшеуші табыс болып келеді.
18 ХҚЕС сәйкес келесі нәтижие бойынша алынған жеке табыстарды айыра білу қажет:
-
тауарды сатудан;
-
қызметті көрсетуден;
-
пайыз, роялти, диведендтерді алып келетін басқа ұйымдармен компания активтерін қолдану.
Тауарды сатудан алынған табыс келесі шарттар қанағаттандырылғанда ғана танылады:
-
ұйым тауарға өзіндік құқығы бар мағыналы тәуекелді және сияқыны сатып алушыға берді;
-
өзіндік құқығымен қауымдастырылған деңгейді басқару да енді қатыспайды. Сонымен бірге сатылатын тауарларды бақыламайды;
-
табыстың сомасы сенімді өлшенген;
-
операциямен байланысты экономикалық пайданың ұйымға түсуі мүмкін;
-
операциямен байланысты және күтілетін шығындар сенімді өлшенуі мүмкін.
Қызмет көрсету.
Табыс, егер келісім нәтижиесі сенімді бағаланса баланс күніне тоқтату деңгейінде танылады. Шарт бойынша шарт егер кеткен шығындардың күтілетін өтем деңгейінде танылады.
Келісім нәтижиесі келеше шарттарды орындау кезінде сенімді бағаланады:
-
табыс сомасы сенімді өлшенуі керек;
-
келісіммен байланысты экономикалық пайданың ұйымға түсуі мүмкін;
-
келісімнің аяқталу деңгейі есептілік күніне сенімді анықталуы мүмкін;
-
келісімнің аяқталуы үшін келісімді және шығындарды орындау кезінде кеткен шығындар нақты анықталуы мүмкін.
Егер келісім нәтижиесі нақты бағаланбаса, онда табыс қайтарылып алатын шығындар мөлшерінде танылады.
Пайыздар, роялти және дивидендтер.
Табыс пайыз, роялти, диведендтерді алып келетін басқа ұйымдармен компания активтерін қолдану қолданылатын келісіммен байланысты экономикалық пайда ұйымға түскенде және табыс сомасы сенімді өлшенгенде танылады.
Табыс келесі негіздерде танылады:
-
пайыздар активтердің тиімді табыстылығын ескергенде уақытша пропорционал негізінде танылады;
-
роялти арнайы шарттың мазмұнына сәйкес есептелу әдісі бойынша танылады;
-
дивидендтер акционерлердің пайданы алу құқығын орнатқанда танылады.
Табыстың танылуы мезеті:
-
табысты беру кезіндегі танылуы (мезеті);
-
сатудан кейінгі табыстың танылуы;
-
сатуға дейінгі табыстың танылуы.
Табысты беру кезіндегі танылуы.
Табыстың танылуы үшін шарттарды, шарттың орындалуы және тауарды немесе қызмет көрсету кезінде беру мезетінің орындалуында алынған табыс мүмкіндігі. ТМҚ сату кезіндегі табыс сату күнінде танылады, яғни ТМҚ клиентке берілген түні.
Қызмет көру табысы қызмет көрсеткен кезде танылады. Бұл әдіс – сату мезеті әдісі деп аталады.
Мерзімі кейінгіге қалдырылған табыс. Журналға жазылуды сататын компаниялар немесе авикомпаниялар қолда бар қаржыны тауардың немесе қызметтің жеткізілгеннен кейін алады. Дегенмен өткізу критериялары қанағаттандырылған, өнім жеткізілгенге дейін табысты алу үдерісі толық болып келмейді.
Осы жағдайдан қолда бар қаржының келуі табыс болып келмейді, бірақ ТМҚ-ны беруді және өткізу міндеті салтаңдатылады. Бұл міндет мерзімнің кейінге қалдырылған табыс немесе алынбаған табыс деп аталады. Ол табыс жеткізіліп немесе қызмет көрсетілгенше дейін табыс деп танылмайды.
Сатудан кейінгі табыстың танылуы.
Кейбір жағдайларда табыстың танылу критериясы қанағаттандырылмайды және тауардың немесе қызметтің клиентке ұсынылған кезінде де.
Кейбір өнеркәсіп саласын да, яғни кітап өндіруші немесе жабдықтарды дайындау сияқты, клиенттерге көптеген созылған уақыт кезінде және нақты бір жағдайлар кезінде тауарларды қайтарып беру құқығы беріледі. Өнімді ұсынғаннан кейін нақты анықтау мәселесі туындайды: қорытындылай келген кезде қай сома өткізуші болып келеді.
Қайтарып алу құқығы бар сату;
Егер сатушы тауарды қайтару тәуекелділігіне кез болса, онда табыс бухгалтерлік есептеуде келесі шарттар қанағаттандырылмағанынша көрсетілмеуі қажет:
-
сатып алушы үшін сатушының бағасы нақты тіркелген немесе сату күніне анықталған;
-
ұсыну төлемінің орны бар немесе сатып алушы сатушыға төлеймін деп міндеттенді, және бұл міндет өнімді қайта сату кезінде шарт болып келмейді;
-
сатушының алдында сатып алушының міндеті егер ұрланса, жеке шешім немесе өнімнің бұзылуы кезінде өзгермейді;
-
сатушы алдындағы қайта сатуына байланысты сатып алушының алдында арнайы міндеттемелері жоқ.
Табыс егер кәсіпорынмен тауардың бұзылуына байланысты сомасының қайтарылуы мүмкін болмаса, ал нарықта тауарды қайтаруы көзделмегендіктен танылмайды. Сатудан алған табыс тауардың сатылған құны және табыс қайтарып алу құқығының мерзімі біткенге дейін кейінге қалдырады.
Сатуға дейінгі табыстың танылуы.
Кейбір жағдайларда табыстың алу үдерісі ұзақ болып келеді және бірнеше есептік кезеңде жалғасып келеді. Оларға мысал болып, үлкен кемелердің құрылысы, мұнайды табу бойынша жабдықтарды өндіру болып келеді.
Негізінде құрылысшы сатып алушыға жөнелтпе құжат жазып береді, жасалған жұмыс акті деп аталады. Құрылыстың аяқ кезінде көптеген жасалған жұмыс актілері төленетін болады. Егер құрылысшы (сатушы,) құрылыстың аяқталуын табысты тану үшін тосса, қаржы есептілігіне қосылған табыстар және шығындар туралы ақпарат уақытында және нақты болады.
Осындай жағдайларда табыстығ танылуының бірнеше әдістері бар:
-
орындау пайызының әдісі – табыстар, шығындар және жалпы пайда әр есептік кезеңде құрылыс жобасының пайызды бағалау негізінде аяқталуы танылады;
-
аяқтау пайыз әдісі – үзілмеген сату шарт бойынша жасалған жұмыс мөлшерінде жүргізіледі және егер тұтынушы уақытында ақпарат ұсынып отырса табыс шарттың аяқталуына дейін танылуы керек.
Шығындар – шығындану немесе активтерді қысқарту немесе табысты алу бойынша шаруашылық бірлік ісінің нәтижиесінде пайда болған міндеттердің экономикалық ресурстарының азайтылуы.
Есептік кезеңдегі табыстың өлшеніп және табыс қағидасына сәйкес осы кезеңдегі шығын өлшемінің қағидасы қолданылады.
1.8 Меншікті капитал есебі
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған ккезде оның капиталы ҚР заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жарғылық капитал – арнайы органдардағы меншіктіктің пайда болдыру және тіркеу кезіндегі кәсіпорынға салынатын сома қаражаты.
Жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін жарғы капиталы оның құрылтайшыларымен енгізілген қаражатынан алынады. Жарғы капиталы қатысушылар салымынығ сомасына тең немесе акция жазылымына жүргізілу сомасында құрылтайшылар құжаттарында тіркелген. Жарғы капитал салымы көлеміне ақша қаражаттары, материалды емес активтер, негізгі қаражаттар, тауар материал қорлары және басқа да активтері қабылданады. Акционерлік қоғамның жарғы капиталы өткізілген акциялардың номиналды құны бойынша бағаланады. Типтік жоспар шотындағы жарғы капиталының жағдайы және айналымы туралы ақпараттардың қорытындылануы үшін 50 бөлімше шоты арналған: «Жай акциялар» 5010 шоты; «Артықшылықты акциялар» 5020 шоты; «Салымдар және үлеспұлдар» 5030 шоты. 5010, 5020 шоты акционерлік қоғамдарда жарғы капиталын есептеу үшін арналған. 5030 шоты серіктестік жарғы капиталына енгізілетін активтерді есептеу үшін арналған. 5010-5030 шоты бойынша сальдосы кәсіпорынның құрылтайшылық құжаттарында тіркелген жарғы капиталының мөлшеріне сәйкес келуі қажет. 5000 бөлімше шотындағы өзгерістер жарғы капиталы мөлшерінің қайта тіркеу және нақты тәртіпте жүзеге асатын жарғы капиталының азаюы немесе өсу жағдайлары кезінде өндіріледі. Құрылтайшы құжаттарында қарастырылған қатысушылар салым сомасында кәсіпорынмен оның жарғы капиталын тіркеуден кейін «Төленбеген капитал» Дт 5110 өткізбесінде көрсетілген, Кт 5010-5030.
Резервтік капитал – келешекте болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан бөлінген меншіктік капиталыныңбір бөлігі.
Резервтік капиталдың мөлшері мен ұйымның жарғысында қаралады.
Бөлінбеген пайда – кәсіпорынның жалпы кірісінен барлық жұмсалған шығындрды басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.
1.9 Қаржылық есептілікті ұсыну (ҚЕХС 1)
Кәсіпорын есептілігі – өткен жылдағы жұмысының шартымен нәтижиесін сипаттайтын көрсеткіш жүйесі.
ҰСҚЕ 2 сәйкес қаржы есептілігі: бухгалтерлік баланстан, табыс және шығыс туралы есептіліктен, қаржы қаражатының айналымы туралы есептіліктен, өзіндік капиталдағы өзгерістер туралы есептіліктен, қаржы есептілігіне түсініктеме хаттан құралады.
Субъектінің жылдық қаржы есептілігінің кезеңі болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелі жыл саналады. Меншіктік иелер басқа кезеңді құрастыра алады, бірақ жылына бір рет, және қаржы есептілігін ұсыну мерзімін анықтай алады, бірақ есептілік жылдың 30 сәуіріне дейін.
Заңды тұлғаның қаржы есептілігі қызықтырылған пайдаланушыларға жариялануға ашық деп саналады.
Бухшалтерлік баланс нақты күнге кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланс түрлері: ұйымдық (кіріс); жойылу.
«Қаржы есептілігін ұсынуы және дайындығы үшін концептуалды негізінде» қаржы есептілігінің негізгі элементтеріне анықтама берілген: активтер, міндеттемелер, өзіндік капитал, табыстар, шығыстар. Бухгалтерлік баланс субъектілерде бар активтерді, өзіндік капиталын, міндеттемелерін көрсетеді. Бухгалтерлік баланста активтермен міндеттері ұзақ мерзімді және ағымды болып жіктеледі. Бухгалтерлік баланста келесідей көрсеткіштер бар.
Ағымды активтер:
-
ақша қаражаттары;
-
дебиторлық қарыз;
-
тауар материалды қорлар.
Ұзақ мерзімді активтер:
-
дебиторлық қарыз;
-
инвестициялар;
-
негізгі қаражаттар;
-
материалды емес активтер.
Қысқа мерзімді міндеттемелер: кредиторлық қарыздар.
Ұзақ мерзімді міндеттер:
-
кредиторлық қарыздар;
-
несиелер.
Өзіндік капитал:
-
бөлінбеген табыс;
-
резервті капитал;
-
жарғы капиталы.
Ағымды активтерде есептік күннен бір жыл ішінде алынған дебиторлық қарыздар көрсетіледі. Ағымды міндеттемелерде есептіктен кейінгі бір жыл ішіндегі төлеулерге жататын ұзақ мерзімді міндеттердің бір бөлігі және қысқа мерзімді несиелер көрсетілуі қажет.
Табыс және шығыс туралы есептілік келесідей көрсеткіштерден тұрады:
-
өнімді өткізуден табыс;
-
өткіліген өнімнің өзіндік құны;
-
жалпы табыс;
-
қаржыландыру табысы;
-
басқа да табыстар;
-
көрсетілген қызмет және өнімді өткізуге кеткен шығыс;
-
шығысты әкімшелендіру;
-
қаржыландыру шығысы;
-
басқа да шығыстар;
-
үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдардың шығындар/ табыстар үлесі;
-
жалғастырылатын іс кезеңіне табыс (шығыс);
-
тоқтатылатын іс кезеңіне табыс (шығыс);
-
салықтандыруға дейінгі табыс (шығыс);
-
корпоративті табыс салығына шығындар;
-
азшылық үлесінің шегеруіне дейінгі кезеңге қорытынды табыс /шығыс;
-
азшылық үлесі;
-
кезең қорытындысының табысы (шығыс);
-
акция табыс.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептілігіндегінің құрамындағы ақпарат төмендегілер туралы хабар бере алады :
-
есептілік периоды ішінде ұйымның ақша қаражатының күйі болғаны;
-
кәсіпорынның қандай қызмет түрлерінің немесе қаржыландырудың қандай қайнар көздерінің үлкен өлшемі арқылы, қандай кіші өлшемде - ақша қаражатын генерациялайды;
-
кәсіпорын генерирленген ақша қаражатын қайда бағыттайды; ақша қаражатының қозғалыс көлемі кәсіпорынды кеңейту және қызметін ықшамдау (оның пайдалылығын жоғарылату) мақсатымен өзіне меншікті активтерді (жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар) инвестициялау үшін жеткілікті ме немесе ұйым өз жұмыс жасау сүйемелдеуіне бағыттап жатыр, немесе ақша қаражатын өз қызметіне көмектесу үшін жібере ме;
-
ұйымдардың үлесті немесе борыш құралдарын сатып алу жолымен, басқа ұйымдарға инвестицияларды жүзеге асыратын, ұйымда бос ақша қаражаты бар ма;
-
ұйым ақша түрінде өз акционерлеріне жарнакірістерді (дивидендтерді) төлей ме;
-
қандай дәрежеде мынадай ақшасыз операциялар (ақша қаражатының қолдануын талап етпейтін операциялар) ұйым табыстылығының деңгейіне ықпалын тигізеді: тозу, бартерлік операциялар, валюталардың айырбас бағыттарының өзгеруі нәтижесінде пайда болған іске асырылмаған пайда.
Ақша қаражатының қозғалысы мен олардың эквиваленттері туралы қызметінің үш түрі бойынша ақпарат ұсыну, экономикалық шешімдердің қабылдау үшін, қаражат есептілік пайдаланушыларын пайдалы ақпаратпен қамсыздандыруын рұқсат етеді.
Пайдаланушыларымен қаржылық ақпаратты қабылдау үшін ақша қаражатының ағымдары келесі қызметтен түскен ағымдарға жіктеледі:
-
операциялық қызметтен;
-
инвестициялық қызметтен;
-
қаражаттық қызметтен.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есебінде ұсынылатын ақпарат пайдалылығы 12 кестеде берілген.
Кесте 12 - Ақша қаражатының қозғалысы туралы есебінде ұсынылатын ақпарат пайдалылығы
Қызмет түрі
|
Пайдаланушыларға арналған ақпараттың пайдалылығы
|
1
|
2
|
Операциялық
|
Операциялық қызмет нәтижесінде қалыптасқан ақша қаражатының сомасы - ақша қаражаты ағымдарының жеткіліктілігінің
|
Кесте 12 аяғы
|
|
|
|
1
|
2
|
|
маңыздысы. Бұларды несиелер мен қарыздарды жою, компанияның өндіргіш қабілеттілігін сақтау, жарнакірістердің төлеу, сыртқы қаржыландыру қайнарларын тартусыз жаңа инвестициялардың жүзеге асыру үшін берілген қызмет категориясы қалыптасырады.
|
Инвестициялық
|
Инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымдары туралы ақпаратты бөлек ашу табыс пен ақша қаражатының ағымдарын келешекте генерациялау үшін қорларға шығындардың масштабтарын көрсетеді.
|
Қаржылық
|
Қаржылық қызмет бойынша ақша ағымдары туралы ақпаратты бөлек ашу компанияға капитал ұсынатын жақтардың ақшаны болжау талаптары үшін үлкен мағынаға ие.
|
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, қаржылық, инвестициялық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерін ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Операциялық қызмет – кәсіпорынның негізгі, кіріс келтіретін қызметі және инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызметтен өзгеше қызмет.
Инвестициялық қызмет - ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу мен олардың шығарылуы.
Қаржыландыру жөніндегі қызмет – кәсіпорынның меншік капиталы мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы тарихи ақпарат ақша қаражаттарының болашақ ағындарының сомасының, уақытының және айқындығының индикаторы ретінде жиі пайдаланылады.
Ол сондай-ақ ақша қаражаттарының болашақ ағындарының бұрынғы бағалауларының дәлме-дәлдігін тексеру кезінде және пайдалылық пен ақша қаражаттарының таза қозғалысы және бағалар өзгеруінің әсері арасындағы байланысты зерттеу кезінде пайдалы болады.
Ақша қаражаттарының қозғалысына баптар, ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттары баламаларының құрамында бөліктері арасындағы қозғалыс жатпайды, өйткені бұл құрамдас бөліктер операциялық, инвестициялық қызмет пен қаржы қызметінің бөлігі емес, компанияның ақша операцияларын бақылаудың және реттеудің бөлігі болып табылады. Ақша операцияларын бақылауға және реттеуге ақша қаражаттарының баламаларына артық ақша қаражаттарын инвестициялау жатады.
Компания операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді өзінің қызметінің сипатына неғұрлым сәйкес келетіндей береді.
Қызмет түрлері бойынша жіктеу пайдаланушыларға осы қызметтің компанияның қаржы жағдайына әсер етуін, оның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламаларының сомасын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтамасыз етеді.
Бұл ақпарат сонымен бірге қызмет түрлері арасындағы өзара байланысты бағалау үшін де пайдаланылады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының түсімдерінің және төлемдерінің мөлшері компания операциялары кредиттерді өтеу, операциялық мүмкіндіктерді сақтау, дивидендтер төлеу және қаржыландырудың сыртқы көздеріне жүгінбестен жаңа инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті болатын ақша қаражаттарының түсімін қамтамасыз ететін дәрежедегі басты индикатор болып табылады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бастапқы операциялық түсімдер мен төлемдерінің негізгі құрамдас бөлігі туралы ақпарат басқа ақпаратпен үйлесе отырып операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының болашақ қозғалысын болжау үшін пайдалы болады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметіне тікелей байланысты. Сөйтіп, әдеттегідей, олар таза пайданы және залалды айқындауға кіретін операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады:
-
тауарларды сатудан және қызмет көрсетулерден алынатын ақшалай түсімдер;
-
жалдаудан түсетін ақшалай түсімдер, қаламақылар, комиссиялық сыйақылар және басқа да табыс;
-
тауарлар мен қызмет көрсетулері үшін жеткізушілерге берілетін ақшалай төлемдер;
-
қызметшілерге және олардың атынан басқа тұлғаларға ақшалай төлемдер;
-
сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйлықтары мен талап арыздары, жылдық жарналар және басқа да сақтандыру сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері;
-
егер бұлар тек қаржы немесе инвестициялық қызметтермен байланыстырылмайтын болса, ақшалай төлемдер немесе пайдаға салынатын салық төлемі немесе пайдаға салынатын салық үшін өтемақы;
-
коммерциялық немесе сауда мақсатында жасалатын келісім-шарттар бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер.
Операциондық қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін: тікелей, жанама әдістер пайдаланылады.
Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.
Операциондық қызметтен тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражаттарының түсуі мен шығуының нәтижесі; өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, дивиденттерден, пайыздан, роялтиден, шығыстарынан тұрады.
Жанама әдістер – бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалады.
Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады.
Бұл әдісте қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңінің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.
Инвестициялық және қаржылық қызмет. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, сату және берілген несиені өтеу және алу.
Инвестициялық қызметке мыналар жатады:
-
негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;
-
негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттырының шығысы;
-
қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер. Әдістерді салыстыру 13 кестесінде берілген.
Кесте 13 – Ақша қозғалысы бойынша есептілікті құру әдістерін салыстыру
Тура әдіс
|
Жанама әдіс
|
Жалпы түсімдер мен жалпы төлемдер туралы ақпарат ашылатын әдісі. Тура әдіске сәйкес негізгі класс бойынша жалпы түсімдер мен жалпы төлемдер екі әдіспен алуға болады:
-
есеп регистрлерінен;
-
пайда көрсеткіштерін, сату өзіндік құнын, пайда мен шығын есептілігіндегі басқа бағаналарды түзету: қорлар көрсеткіштерінің өзгерісі, операциондық қызмет бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек, басқа да ақшасыз бағаналар; басқа инвестициялық және қаржылық қызметке байланысты қызмет
|
Таза пайдадан түзілетін әдіс:
-
ақшасыз операциялардың әсері есебімен (мысалы, амортизация, резертер, алынған салық, сатылмаған бағамдық айырым, ассоцияланған компаниялардың бөлінбеген пайдасы мен азшылық үлесі);
-
операциялық қызмет бойынша алынған (есептелген) болған (келешек) сомалар (мысалы, қорлардың өзгеруіне байланысты түзетулер, операциялық қызмет бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек);
-
инвестициялық және қаржылық қызметтер бойынша ақша қаражатымен байланысқан кіріс (немесе шығыс)
|
Қаражат ағымы бойынша тура әдіспен есептілікті құруының жалпы схемасы 1.3 кестеде берілген.
Кесте 14 - Тура әдіспен негізгі қызметтен қаражат ағымын анықтау
Көрсеткіш
|
1
|
+ Сатудан таза пайда
|
+(-) дебиторлы берешектің кемуі (жоғарылауы)
|
+ Алынған аванстар
|
= Клиенттен алынған ақша қаражаттары
|
(-) Сатылған өнімдердің және қызметтердің өзіндік құны
|
+(-) Тауарлық құралдардың жоғарылауы (кему)
|
+(-) Несиелік берешектің кемуі (жоғарылауы)
|
+(-) Келешек кезеңдер бойынша жоғарылау (кему)
|
+ Жалпышаруашылық, коммерциялық әкімшілік шығындар
|
+(-) Басқа міндеттіліктердің кемуі (жоғарылауы)
|
= Жеткізушілерге және персоналға төленетін
|
(-) Пайыздық шығындар
|
+(-) Есептелген пайыздардың (жоғарылауы)
|
+(-) Алдындағы төлемдер қорларының кемуі (жоғарылау)
|
+(-) Сатудан тыс / басқа кірістер (шығындар)
|
= Пайыздық және басқа да ағымды кірістер мен
|
(-) Салықтар
|
+(-) Берешектің кемуі(жоғарылау) / салық төлемдері бойынша қорлар
|
+(-) Салық төлемдері бойынша аванстар жоғарылауы (кему)
|
= Төленген салықтар
|
Негізгі қызметтен қаражат ағымы (клиенттерден алынған ақша қаражаты,— Жеткізушілер мен персоналға төлемдер— Пайыздық және басқа да ағымды кірістер мен шығындар— Төленген салықтар)
|
Қаражат ағымы бойынша жанама әдісімен есептілікті құруының жалпы схемасы 15 кестеде берілген.
Кесте 15 - Жанама әдіспен негізгі қызметтен қаражат ағымын анықтау
Көрсеткіш
|
Таза пайда
|
+ Амортизация
|
- (+)дебиторлы берешектің жоғарылауы (кемуі)
|
- (+) тауар қорлардың жоғарылауы (кемуі)
|
Кесте 15 аяғы
|
|
Көрсеткіш
|
- (+) басқа айналым активтерінің жоғарылауы (кемуі
|
+ (-) несиелік берешектің жоғарылауы (кемуі)
|
+(-) төлеуге пайыздардың жоғарылауы (кемуі)
|
+(-) алдындағы төлемдер қорларының жоғарылауы (кемуі)
|
+(-) салық төлемдері бойынша берещектің жоғарылауы (кемуі)
|
= Негізгі қызметтен қаражат ағымы
|
Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені ол болашақ кіріс пен ақша қаражаттарын молайтуға арналған ресурстарды қалыптастыру мақсатында жүргізілген тиісті шығындар туралы айғақтайды. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары мысалдары мыналар болып табылады:
-
негізгі құралдар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатып алуға арналған ақшалай төлемдер. Оларға капиталдандырылған әзірлеу шығындарына және меншікті өндірістің негізгі құрал-жабдықтарына байланысты төлемдер жатады;
-
негізгі құралдар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатудан алынған ақшалай түсімдер;
-
басқа компаниялардың үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатып алуға арналған ақшалай төлемдер (ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастырылатын осы құралдар үшін және коммерциялық немесе сауда мақсатына арналған төлемдерден басқалары);
-
басқа компаниялардың үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатудан алған ақшалай түсімдер (ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастырылатын осы құралдар үшін және коммерциялық немесе сауда мақсатына арналған ақшалай түсімдерден басқалары);
-
басқа тараптарға берілген аванстық ақшалай төлемдер мен кредиттер (қаржы компаниялары берген аванстық төлемдер мен кредиттерден басқалары);
-
басқа тараптарға берілген аванстар мен кредиттер қайтарылымынан алынған ақшалай түсімдер (қаржы институттарының аванстық төлемдері мен кредиттерінен басқалары);
-
келісім-шарттар коммерциялық немесе сауда мақсаты үшін жасалған немесе төлемдер қаржы қызметі ретінде жіктелетін жағдайларды қоспағанда, мерзімді келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша ақшалай төлемдер; және келісім-шарттар коммерциялық немесе сауда мақсаты үшін жасалған немесе түсімдер қаржы қызметі ретінде жіктелетін жағдайларды қоспағанда, мерзімді келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша ақшалай түсімдер.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттырының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашылып көрсетіледі.
Ақша түсімдерінің мөлшерін және инвестициялық қызметтен түскен, бухгалтерлік есеп тізімдерінен немесе түсіндірме хаттарынан және қаржылық есептіліктегі ескертулерінен алынған.
Төлемдерін анықтау үшін берілген операциялар ақпаратымен пайдалануға болады.
Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады. Оған мыналар жатады: шығарылған акциядан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер; алынған банктік және банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар.
Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді және негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу, кредиторлық қарызды кредиторға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу, басқа кәсіпорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және тағы басқа. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелерді пайдаланады, онда келесі ақпараттар келтіріледі. Өткен және есептік жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстырылады және олардың әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады. Өткен және есептік жылдағы қаржылық-шаруышылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, есептік кезеңнің соңындағы таратылмаған табысы салыстырылады. Мәліметтерді салыстырудың нәтижесінде қандай да қызмет түріне сомалардың үлес салмағын анықтауға болады. Осы әзірленген кестелердің мәліметтеріне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгізу. Қаржылық есептілік нәтижесінде пайда болған ақша ағымдарының үлгілері ретінде: акциялардың эмиссиясынан ақша түсімі (эмиссия бойынша қосымша төленген капитал мөлшерін қоса және акциялардың орналастыруында номинал құн сыртынан) немесе басқа үлесті құралдардан түскен түсімдер; ұйым акцияларын сатып алу мен иемденуіне берілген ақша төлемдері; қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздарды тартуымен, облигацияларды шығаруымен байланысқан ақша төлемдері; несиелік сомалардың өшіруіне кеткен қаражат; қаржылық жалдау бойынша қарызды азайту үшін жалдаушының ақша төлемдері бола алады.
2 Бақылау бөлімі
2.1 Тестілік тапсырмалар
1. Ағымдағы банктік шоттардағы және кассадағы теңгемен ақша қаражатына әсер ететін шаруашылық операция типін айқынданыз:
А) шаруашылық операцияның 1типі;
В) шаруашылық операцияның 2 типі;
С) шаруашылық операцияның 3 типі;
Д) шаруашылық операцияның 4 типі;
Е) шаруашылық операцияның 5 типі;
2. Шаруашылық есептін активтер субьектісіне жатпайтындар:
А) капитал;
В) инвестициялар;
С) ақша құралдары;
Д) негізгі құралдар;
Е) материалдық емес активтер;
3. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектері төлену үшін кассаға ақша келіп түссе қандай бухгалтерлік жазба
A) Дт 1010 Кт1210;
B) Дт 1010 Кт 2110;
C) Дт 1010 Кт 1030;
D) Дт 1010 Кт 2150;
E) Дт 1010 Кт 3520.
4. Кассаға қолма-қол ақша келіп түссе қандай құжат рәсімделеді:
A) кіріс кассалық ордер;
B) чек;
C) қабылдау-беру акті;
D) төлем тапсырысы;
E) шығыс кассалық ордер.
5. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері төлену үшін кассаға ақша келіп түссе қандай бухгалтерлік жазба жазылыды:
A) Дт 1010 Кт 2110;
B) Дт 1010 Кт 1210;
C) Дт 1010 Кт 1030;
D) Дт 1010 Кт 2150;
E) Дт 1010 Кт 3520.
6. Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешектері төлену үшін кассаға ақша келіп түссе қандай бухгалтерлік жазба жазылыды:
A) Дт 1010 Кт 1220;
B) Дт 1010 Кт 1230;
C) Дт 1010 Кт 1240;
D) Дт 1010 Кт 1250;
E) Дт 1010 Кт 1260;
7. Жұмыскерлерге кассадан төлемақы берілді:
A) Дт 3350 Кт 1010;
B) Дт 3380 Кт 1010;
C) Дт 1030 Кт 1010;
D) Дт 1250 Кт 1010;
E) Дт 2010 Кт 1010.
8. Есеп беруші тұлғаға шаруашылық шығындар үшін кассадан ақша бөлінді:
A) Дт 1250 Кт 1010;
B) Дт 1110 Кт 1010;
C) Дт 1210 Кт 1010;
D) Дт 1030 Кт 1010;
E) Дт 3380 Кт 1010.
9. Түгендеу кезінде қолма-қол ақшаның кассада жетіспеушілігі анықталды:
A) Дт 1250 Кт 1010;
B) Дт 3540 Кт 1010;
C) Дт 3350 Кт 1010;
D) Дт 4110 Кт 1010;
E) Дт 3370 Кт 1010.
10. Тауарларды, жұмысты, қызметтерді сату кезінде пайда болған қысқа мерзімді дебиторлық берешектерді өтеу есебінен есеп айырысу шотына ақшаның түсуі:
A) Дт 1030 Кт 1210;
B) Дт 1030 Кт 1280;
C) Дт 1030 Кт 1010;
D) Дт 1010 Кт 1030;
E) Дт 1030 Кт 1270.
11. Есеп айрысу шотына қолма-қол ақшаны тапсыру қандай төлем құжатымен ресімделеді?
A) қолма-қол ақшаны жарнаға енгізуге хабарландырумен ;
B) төлем тапсырмасымен;
C) чекпен;
D) төлем тапсырыс-тапсырмасы;
E) шығыс касса ордерімен;
12.Банктік құжаттарда қандай түзетулер ұрықсат етіледі?
A) ешқандай;
B) соманы көрсететін түзетулерден басқа кез келген жазбаларды түзету;
C) құжатқа қол қойған тұлғалардың қолдарымен расталған түзетулер;
D) «қызыл сторно» әдісімен;
E) қосымша жазбалар әдісімен.
13. Есеп айырысу шотынан міндеттемелерді аудару ресімделеді:
B) төлем тапсырмасымен;
C) чекпен;
C) банктін көшірмесімен;
D) қолма-қол ақшаны жарнаға енгізуге хабарландырумен;
E) журнал-ордерімен.
14. Біріккен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешектерің өтеу есебінен ақша құралдарының кассаға түсуі:
A) Дт 1010 Кт 1230;
B) Дт 1010 Кт 1220;
C) Дт 1010 Кт 1240;
D) Дт 1010 Кт 1250;
E) Дт 1010 Кт 1260;
15. Филиалдардың және құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектерің өтеу есебінен ақша құралдарының кассаға түсуі:
A) Дт 1010 Кт 1240;
B) Дт 1010 Кт 1220;
C) Дт 1010 Кт 1230;
D) Дт 1010 Кт 1250;
E) Дт 1010 Кт 1260;
16. Қызметкерлердін қысқа мерзімді дебиторлық берешектерің өтеу есебінен ақша құралдарының кассаға түсуі:
A) Дт 1010 Кт 1250;
B) Дт 1010 Кт 1220;
C) Дт 1010 Кт 1230;
D) Дт 1010 Кт 1270;
E) Дт 1010 Кт 1260;
17. Жалға беру төлемдері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешектерің өтеу есебінен ақша құралдарының кассаға түсуі:
A) Дт 1010 Кт 1260;
B) Дт 1010 Кт 1220;
C) Дт 1010 Кт 1230;
D) Дт 1010 Кт 1250;
E) Дт 1010 Кт 1240;
18. Тапсырмаларға есептелген қолма-қол сыйақы бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешектерің өтеу есебінен ақша құралдарының кассаға түсуі:
A) Дт 1010 Кт 1270;
B) Дт 1010 Кт 1220;
C) Дт 1010 Кт 1230;
D) Дт 1010 Кт 1250;
E) Дт 1010 Кт 1260;
19. Басқа қысқа мерзімді дебиторлық берешектерін өтеу есебінен ақша құралдарының кассаға түсуі:
A) Дт 1010 Кт 1280;
B) Дт 1010 Кт 1220;
C) Дт 1010 Кт 1230;
D) Дт 1010 Кт 1250;
E) Дт 1010 Кт 1260;
20. Күмәнді тапсырмалар бойынша резервтер құру
A) Дт 7440 Кт 1290;
B) Дт 1290 Кт 1210;
C) Дт 1290 Кт 7440;
D) Дт 1290 Кт 1280;
E) Дт 7110 Кт 1360;
21. Күмәнді болып мақұлданған қысқа мерзімді дебиторлық берешекті күмәнді тапсырмалар бойынша резерв есебінен есептен шығару
A) Дт 1290 Кт 1210;
B) Дт 7440 Кт 1290;
C) Дт 1290 Кт 7440;
D) Дт 1290 Кт 1250;
E) Дт 7110 Кт 1360;
22. Есептен шығарылған дебиторлық берешекті қалпына келтіру
A) Дт 1210 Кт 1290;
B) Дт 7440 Кт 1290;
C) Дт 1290 Кт 7110;
D) Дт 1290 Кт 1250;
E) Дт 7110 Кт 1360;
23. № 2 журнал-ордері мынаның негізінде толтырылады
A) банк көшірмелерінің;
B) кассирдің есептерінің;
C) шифрлеу парақтарының;
D) төлем тапсырмаларының;
E) чектердің.
24. Шикізатпен материалдар қоймаға бастапқы құны бойынша енгізілді
A) Дт 1310 Кт 3310;
B) Дт 3310 Кт 1310;
C) Дт 1280 Кт 1310;
D) Дт 1250 Кт 1310;
E) Дт 7110 Кт 1360;
25. Есепберуші тұлғалар мен есептеулерді синтетикалық есепке алудың регистрі болып табылады:
A) №7 журнал-ордері;
B) №3 журнал –ордері және оған ведомость;
C) №5 журнал-ордері;
D) №1 журнал –ордері және оған ведомость;
E) №8 журнал-ордері.
26. Кінәлі тұлға белгіленгенде материалдардың жетіспеушілігін есептен шығару
A) Дт 1250 Кт 1310;
B) Дт 3310 Кт 1310;
C) Дт 1280 Кт 1310;
D) Дт 1310 Кт 3310;
E) Дт 7110 Кт 1360;
27. Аяқталмаған құрылыстын құнына жатқызылатын материалдарды есептен шығару
A) Дт 2930 Кт 1310;
B) Дт 3310 Кт 1310;
C) Дт 1280 Кт 1310;
D) Дт 1310 Кт 3310;
E) Дт 7110 Кт 1360;
28. Негізгі өндіріс қажеттіліктеріне материалдарды қолдану
A) Дт 8110 Кт 1310;
B) Дт 3310 Кт 1310;
C) Дт 1280 Кт 1310;
D) Дт 1310 Кт 3310;
E) Дт 7110 Кт 1360;
29. 400 ақша бірлігі сомасындағы дебиторлық берешекті өтеу мынаны білдіреді:
A) активтердін 400 ақша бірлігіне ұлғаюы, активтердін 400 ақша бірлігіне кемуі;
B) активтердін 400 ақша бірлігіне ұлғаюы, міндеттемелердің 400 ақша бірлігіне кемуі;
C) міндеттемелердің 400 ақша бірлігіне кемуі, акционерлік капиталдың 400 ақша бірлігіне ұлғаюы;
D) активтердін 400 ақша бірлігіне кемуі, міндеттемелердің 400 ақша бірлігіне кемуі;
E) активтердін 400 ақша бірлігіне ұлғаюы, міндеттемелердің 400 ақша бірлігіне ұлғаюы.
30. Қорларды үздіксіз есепке алу әдісіне сәйкес сатылған тауарлардын өзіндік құны мынадан көрінеді:
A) сатқан сайын;
B) ай сайын;
C) жыл сайын;
D) тоқсан сайын;
E) күн сайын.
31. Тауар қолары мынада көрінеді:
A) бухгалтерлік баланстағы айналым активтері құрамында;
B) кірістер мен шығыстар туралы есепте басқа да шығыстар ретінде;
C) бухгалтерлік баланстағы негізгі құралдар құрамында;
D) бухгалтерлік баланстағы тауарлар сатыла алатын баға бойынша;
E) бухгалтерлік баланстағы ұзақ мерзімді активтер құрамында.
32. Кезең басындағы қорлардын өзіндік құнына сатып алынған тауарлардың өздік құнын қосқанда мынаған тең болады
A) сатуға арналған тауарлардың өзіндік құнына;
B) сатылған тауарлардың өзідік құнына;
C) таза сатып алуларға;
D) барлық сатып алынған тауарлардың өзіндік құнына;
E) кезең сонындағы қорлардың өзіндік құнына;
33. Сатылған тауарлардың өзідік құны осылай есептеледі
A) кезең басындағы қорлардын өзіндік құнына сатып алынған тауарлардың өзіндік құнын қосып, одан кезең сонындағы қорлардың өзіндік құнын шегерсе;
B) сатып алулардан сатып алынған тауарлардың өзіндік құнын алып, кезең басындағы қорлардын өзіндік құнын қосып, одан кезең сонындағы қорлардың өзіндік құнын шегерсе;
C) сатып алуларға жалпы пайданы қосып кезең сонындағы қорлардың өзіндік құнын шегеріп, кезең басындағы қорлардын өзіндік құнын қосса;
D) кезең басындағы қорлардын өзіндік құнынан сатып алынған тауарлардың өздік құнын алып, кезең сонындағы қорлардың өзіндік құнын қосса;
E) кезең басындағы қорлардын өзіндік құнына жалпы пайданы қосып, кезең сонындағы қорлардың өзіндік құнын шегеріпкезең басындағы қорлардын өзіндік құнын қосса.
34. Жаңадан құрылған компания тауардың үш партиясын сатып алды. Бірінші партияның құны 80 ақшалай бірлікті, екінші партияның құны 95 ақшалай бірлікті, үшінші партияның құны 85 ақшалай бірлікті құрады. Таурдың екі партиясы 250 ақшалай бірлікке сатылды. ФИФО әдісін қолдану кезінде кезең үшін пайда мынаны құрады.
A) 75;
B) 85;
C) 70;
D) 60;
E) 90.
35. Негізгі өндіріске қызмет ететін бөлімшелерге материалды есептен шығару.
A) Дт 8310 Кт 1310;
B) Дт 3310 Кт 1310;
C) Дт 1280 Кт 1310;
D) Дт 1310 Кт 3310;
E) Дт 7110 Кт 1360;
36. Ілеспе құжаттардың деректерімен сандық сәйкес келмеушіліктері бар материалдардың қабылдауын ресімдеу үшін қолданылады:
A) материалдарды қабылдау туралы акт;
B) табиғи шығын нормалары шегіндегі жоғалтулар туралы акт;
C) жүк құжаты – материалдарды жіберуге талап;
D) шот-фактура;
E) кіріс ордері.
37. Өндірістік қажеттіліктерге шикізатты лимит бойынша жіберу кезінде ресімделеді:
A) лимиттік-жинау картасы;
B) материалдарды есепке алу карточкасы;
C) материалдар қозғалысын есепке алу жөніндегі ведомость;
D) жүк құжаты – материалдарды жіберуге талап;
E) материалды синтетикалық есепке алудың жинақтаушы ведомосі.
38. Материалды есепке алу карточкаларындағы жазбалар ненін негізінде жасалады?
A) материалдардың қозғалысы жөніндегі бастапқы құжаттары;
B) бас бухгалтердің үкімі;
C) құжаттарды қабылдау – тапсырудың тізілімі;
D) материалдардың қозғалысын есепке алу жөніндегі ведомость;
E) кіріс ордері.
39. Бастапқы құны бойынша тауар өндіру қорлар қоймаға еңгізілді
A) Дт 1330 Кт 3310;
B) Дт 3310 Кт 1330;
C) Дт 1280 Кт 1310;
D) Дт 1310 Кт 3310;
E) Дт 7110 Кт 1360;
40. Келесі деректердің негізінде пайдаланылған материалдардын құнын орташа өлшенген құн әдісі бойынша анықтау.
Айдын басындағы қалдық 150 бірлік 1000-ға 150 000.
Түсті : 4 саны 300 бір. 1200-ге 360 000
11 саны 100 бір. 1500-ге 150 000
Жиынтығы: 400 бір. 510 000
Айдын басындағы қалдық кіріс жиынтығы қалдықпен бірге 550 бір. 660 000.
Өндірісте пайдаланылды 300 бір.
A) 360 000;
B) 382 500;
C) 350 000;
D) 330 000;
E) 420 000 .
41. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын ұстау
A) Дт 3350 Кт 3220;
B) Дт 3350 Кт 1010;
C) Дт 3350 Кт 1250;
D) Дт 3350 Кт 3540;
E) Дт 1310 Кт 3310;
42. Негізгі құралдарды есеп берушілікке берілген сомалар есебінен сатып алу:
A) Дт 2410 Кт 1250;
B) Дт 2410 Кт 3320;
C) Дт 2410 Кт 3390;
D) Дт 2410 Кт 4150;
E) Дт 1250 Кт 2410;
43. Негізгі құралдарды жеткізушілерге берілген аванстар есебінен сатып алу:
A) Дт 2410 Кт 1610;
B) Дт 2410 Кт 3320;
C) Дт 2410 Кт 3390;
D) Дт 2410 Кт 4150;
E) Дт 1250 Кт 2410;
44. Еншілес ұйымдардан негізгі құралдардың келіп түсуі:
A) Дт 2410 Кт 3320;
B) Дт 2410 Кт 3330;
C) Дт 2410 Кт 3390;
D) Дт 2410 Кт 4150;
E) Дт 1250 Кт 2410;
45. Негізгі құралдардың қаржылық жалға беру шарттарында келіп түсуі:
A) Дт 2410 Кт 4150;
B) Дт 2410 Кт 3320;
C) Дт 2410 Кт 3390;
D) Дт 2410 Кт 1250;
E) Дт 1250 Кт 2410;
46. Негізгі құралдардың жарғылық капиталға салымдар енгізу есебінен келіп түсуі:
A) Дт 2410 Кт 5030;
B) Дт 2410 Кт 3320;
C) Дт 2410 Кт 3390;
D) Дт 2410 Кт 4150;
E) Дт 1250 Кт 2410;
47. Негізгі құралдардың жеке тұлғалардан және ұйымдардан тегін келуі:
A) Дт 2410 Кт 6220;
B) Дт 2410 Кт 3320;
C) Дт 2410 Кт 3390;
D) Дт 2410 Кт 4150;
E) Дт 1250 Кт 2410;
48. Есеп тұлғаларға берілген соммаға материалдық емес активтер сатылып алынды:
A) Дт 2730 Кт 1250;
B) Дт 2730 Кт 3320;
C) Дт 2730 Кт 3390;
D) Дт 2730 Кт 4150;
E) Дт 1250 Кт 2730;
49. Материалдық емес активтерді еншілес ұйымдардан табу:
A) Дт 2730 Кт 3320;
B) Дт 2730 Кт 1250;
C) Дт 2730 Кт 3390;
D) Дт 2730 Кт 4150;
E) Дт 1250 Кт 2730;
50 . Материалдық емес активтерді ассоцияланған ұйымдардан табу:
A) Дт 2730 Кт 3330;
B) Дт 2730 Кт 1250;
C) Дт 2730 Кт 3390;
D) Дт 2730 Кт 4150;
E) Дт 1250 Кт 2730;
51. Материалдық емес активтерді жеке тұлғалардан табу:
A) Дт 2730 Кт 3390;
B) Дт 2730 Кт 1250;
C) Дт 2730 Кт 3010;
D) Дт 2730 Кт 4150;
E) Дт 1250 Кт 2730;
52. Келесі шаруашылық операция балансқа әсер тигізетін шаруашылық операциялардың қайдай типіне жатады: жабдықтаушылардан кәсіпорын қоймасына материалдар алынып, кірістерілді:
A) бірінші;
B) екінші;
C) үшінші;
D) төртінші;
E) бесінші.
53. Қайта құрылған компания маусым айында тауарды төрт партия сатып алды:
1 ші маусым
|
150 бір.
|
770 ақша.бір.
|
10 ші маусым
|
200 бір.
|
1180 ақша.бір.
|
15 ші маусым
|
200 бір.
|
1260 ақша.бір.
|
28 ші маусым
|
150 бір.
|
990 ақша.бір.
|
Итого
|
700 бір.
|
4200 ақша.бір..
| Тексеру кезінде 30 ші маусымның қорытындысы бойынша анықталғандай, қор қалдығы 200 бір. Орташа өлшем методы бойынша есептелген 30 ші маусымның өзіндік қорының құрамы
A) 1200 ақша бірлігі.;
B) 3000 ақша бірлігі.;
C) 920 ақша бірлігі.;
D) 4200 ақша бірлігі.;
E) 2800 ақша бірлігі.:
54. Төмендегі қай мінездеме сапасыз қаржылық есеп беру мінездмесі?
A) консерватизм;
B) сенімділік;
C) сыйымдылық;
D) сәйкестік;
E) шынайылық..
55. Мағлұматтын орынды болуы үшін:
A) өтіп кеткен, нақты қазіргі және келешек жағдайларды бағалауға көмектесу, өткен бағаларды түзету және нақтылау;
B) төмен бағалы алымға иелік ету;
C) сыртқы қолданушыларға ұсынбау;
D) ішкі қолданушыларға ұсынбау;
E) көп деген фирмалармен қолдану.
56. Қателесушіліктер болмауы үшін, ұсынылған хабарда маңызды қателер болмауы тиіс:
A) шынайылық;
B) сәйкестік;
C) жүелілік;
D) болжамдылық;
E) жоспарлылық..
57. Жеке тұлғалар және ұйымдардың материалдық емес активтерінің төлемсіз келуі:
A) Дт 2730 Кт 6220;
B) Дт 2730 Кт 3320;
C) Дт 2730 Кт 3390;
D) Дт 2730 Кт 4150;
E) Дт 1250 Кт 2730;
58. Жарғылықты капиталға материалдық емес активтердің салым ретінде енуі:
A) Дт 2730 Кт 5030;
B) Дт 2730 Кт 3320;
C) Дт 2730 Кт 3390;
D) Дт 2730 Кт 4150;
E) Дт 1250 Кт 2730;
59. Материалдық емес активтердің баланыстық бағасынан және баланыстық есептен шығуы: :
A) Дт 7410 Кт 2730;
B) Дт 7450 Кт 2730;
C) Дт 2730 Кт 3390;
D) Дт 2730 Кт 4150;
E) Дт 1250 Кт 2730;
60. Негізгі құралдардға әкімшілік шығыстар және амортизациялар бөлінді;
A) Дт 7210 Кт 2420;
B) Дт 2410 Кт 2420;
C) Дт 2410 Кт 3390;
D) Дт 2410 Кт 4150;
E) Дт 7410 Кт 2410;
61.Қызметтің бырынғайлық болуы әр кезде емес:
Достарыңызбен бөлісу: |