Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы


Метеоақпараттың техникалық талаптарға сәйкестігін бағалау әдістемесі



бет9/18
Дата17.06.2016
өлшемі3.83 Mb.
#143355
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Метеоақпараттың техникалық талаптарға сәйкестігін бағалау әдістемесі
      Сыртқа шығарылатын көрсету құралдарына (индикациялау блоктары) берілетін метеоақпарат көлемінің сәйкестігін бағалау ҚР АА ӘПЖН-ның 16-тарауында көрсетілген сыртқа шығарылатын және бақылау көрсету құралдарында (индикациялау блоктары) көрсетілетін метеоақпаратты визуалды салыстыру әдісімен жүргізіледі. Тексеру үшін дыбыс зорайтқыш және телефон байланысы пайдаланылады.
      Барлық көрсету құралдарына берілетін метеоақпараттың тіркелуін қамтамасыз етілуін тексеру телеграф аппаратында тіркелетін және көрсету құралдарында (индикациялау блоктары) көрінетін метеоақпаратты салыстырып тексеру әдісімен жүргізіледі. Көрсету құралдарында (индикациялау блоктары) көрінетін метеоақпарат тіркелген ақпаратқа көлемі бойынша да, метеошаманың мәні бойынша да ұқсас болуы тиіс. Тексеру үшін дыбыс зорайтқыш және телефон байланысы пайдаланылады.
      Метеоақпаратты жаңарту көрсету құралдарында метеоақпаратты ауыстырудың іс жүзіндегі жиілігін осы жабдық үшін орнатылғанмен салыстыру әдісімен тексеріледі.
      Осылайша метеошамаларды өлшеудің (бақылаудың) аяқталу сәті, оларды өңдеу және сыртқа шығарылатын көрсету құралдарына (индикациялау блоктары) келіп түсу (көріну) сәттері арасындағы іс жүзіндегі уақыт анықталады. Көрсету құралдарында метеоақпаратты жаңартудың іс жүзіндегі уақытын анықтау үшін секундөлшеуіш пайдаланылады.
      Көрсету құралдарында (индикациялау блоктары) кейінгі ауысатын метеоақпаратты, байқауларды аяқтау, олардың нәтижелерін өңдеу және сыртқа шығарылатын көрсету құралдарында (индикациялау блоктары) метеоақпараттың келіп түсу (көріну) сәттері арасындағы орташа (іс жүзіндегі) уақыт Әуеайлақтың метеожабдығын тексеру актісіне енгізіледі.
      Диапазондағы метеошамаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ҚР АА ӘПЖН-ның 96-қосымшасында көрсетілген дәлсіздіктің жол берілетін шектерімен өлшеудің қамтамасыз етілуін бағалау тікұшақ айлағында орнатылған метеошамаларды өлшеудің барлық құралдарының жұмысқа қабілеттілігін тексеру әдісімен жүргізіледі.
      Метеошамаларды өлшеу құралдарының жұмысқа қабілеттілігін тексеру метеошаманы өлшеудің тиісті құралына пайдалану құжаттамасы бойынша жүргізіледі.
      Растайтын құжаттар бұйымға формулярда жұмысқа қабілеттілігін және техникалық қызмет көрсетуді тексеру туралы жазбалар немесе өлшеу құралдарын ведомстволық тексеру нәтижелері болып табылады.
      Автоматты өлшеу, өлшеу нәтижелерін өңдеу және көрсету құралдарына және байланыс желілеріне ҰҚЖ, КМҚ, БТШБ (ТК) жел өлшемдерінде, ҰҚЖ шегі деңгейіндегі қысымда, ауа температурасы мен ылғалдығында көрінудің қашықтығы туралы ақпаратты беру, сондай-ақ автоматты түрде өлшенбейтін (бұлттар саны – жалпы және төменгі қабаттағы, атмосфералық құбылыстар, оның ішінде авиация үшін қауіпті), оларды өңдеу және көрсету құралдары мен байланыс желілеріне беру автоматтандырылған метеорологиялық өлшеу жүйесінің (АМӨЖ) тиісті жинағына пайдалану құжаттамасы бойынша жүргізіледі.
      Тұрақты токқа кедергіні және метеошаманың бастапқы өлшеу түрлендіргіштерінен басқару пульттеріне дейін белгі беруге және метеоақпаратты индикациялаудың сыртқа шығарылатын блоктарына беруге арналған байланыс желісін оқшаулау кедергісін өлшеу КМ-61С типті кәбілдік құрылғының немесе кедергіні өлшеу диапазоны 0-ден 2000 Ом-ға дейін және кернеуі 100 В дейін кезінде 2000 МОм-ға дейін кедергіні оқшаулау көмегімен, ретімен тізбектеліп жүрізіледі.
14. Электрмен жабдықтаудың және электр жабдығының
сәйкестігін бағалау әдістемесі
      Электрмен жабдықтаудың және электр жабдығының ҚР АА ӘПЖН-ға сәйкестігін бағалау құрамды, орналастыру, тікұшақ айлағының жабдықтың өлшемдері мен сипаттамаларын жер үстінде тексеру және алынған нәтижелерді ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстырудың негізінде жүргізіледі.
      Электрмен жабдықтауды тексеру нәтижелері сәйкестік кестесіне (8.1-кесте) енгізілуі тиіс. Электрмен жабдықтау және электр жабдығының сәйкестік кестесін толтыру үлгісі осы СБӘ-нің 23-қосымшасында келтіріледі.
      8.1-кестені толтыру үлгісі мынадай:
      1-баған – ҚР АА ӘПЖН тармақтарының нөмірлері көрсетіледі, оған сәйкесінше электрмен жабдықтау тексеріледі;
      2-баған – ҚР АА ӘПЖН-ның тиісті тармақтары бойынша тексерулер мен сынақ нәтижелері көрсетіледі;
      3-баған – тексеру қорытындыларын ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстыру нәтижелері көрсетіліп, жазба жазылады:
      «Сәйкес келеді» – бағаланатын өлшем ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес келген жағдайда;
      «Баламалы түрде сәйкес келеді» – ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқу болған кезде ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз ету туралы қорытынды болған жағдайда;
      «Сәйкес келмейді» – бағаланатын өлшем ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес келмеген және жоғарыда көрсетілген Қорытынды болмаған жағдайда;
      4-баған – ауытқулар болмаған жағдайда оған сәйкес азаматтық авиация ұйымдары ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындаған құжаттар нөмірлері, күні және атаулары көрсетіледі, сондай-ақ кестенің басқа бағандарының мазмұнын түсіндіретін қосымша ақпарат көрсетіледі.
      8.1-кестенің соңында растайтын құжат көрсетіледі. Тікұшақ айлағының және оның объектілерінің электрмен жабдықтау және электр жабдығының ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін растайтын құжат азаматтық авиация ұйымының басшысы бекіткен Тексеру актісі болып табылады.
      Еркін нысанда жасалатын актіде электрмен жабдықтауды ҚР АА ӘПЖН-ның барлық тармақтары бойынша тексеру нәтижелері көрсетілуі тиіс.
      Әуежайды қоректендіретін орталықтандырылған электрмен жабдықтаудың тәуелсіз көздерінің саны мына құжаттардың бірі бойынша тексеріледі: Энергиямен жабдықтаушы ұйымның техникалық шарттары (бұдан әрі – ТШ), Мемэнергоқадағалау актісі, Электр қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісі, әуежайдың электр желілерін салу немесе қайта жаңарту жобасы бойынша орындау құжаттамасы.
      Енгізу электр беретін желілердің (бұдан әрі – ЭБЖ) өткізу қабілетінің ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігі қалыпты және авариядан кейінгі режимде ең үлкен тұтынылатын қуаттың әрбір көзден енгізу ЭБЖ-нің өткізу қабілетімен салыстыру нәтижесінде белгіленеді. Қалыпты режимде ең үлкен тұтынылатын қуат («Электр және жылу энергияларын пайдалану ережелеріне» сәйкес) жүктеме кестесі бойынша қабылданады. Авариядан кейінгі режимде ең үлкен тұтынылатын қуат (әрбір көзден қоректену үшін) тұтынылатын қуат сияқты, қалыпты режимде бір ажыратылған сыртқы көз кезінде немесе есептеу жолымен алынуы мүмкін. ЭБЖ-нің өткізу қабілеті ЭОҚ-нің 1.3-тарауына сәйкес анықталады.
Әуеайлақ объектілерінің электрмен қоректендіруге
сәйкестігін бағалау әдістемесі
     Объектіде сенімділік санаты (электрмен жабдықтаудың орталықтандырылған көздерінен енгізу құрылғылары, дербес көздер, резервті автоматты түрде енгізу (бұдан әрі – РАЕ), РУ құрылғылары, трансформаторлар) бойынша осы объектіге берілген электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін құрылғының болуы визуалды тексеріледі.
      Құрылғыны электр энергиясының резервті көзіне ауыстырған кезде электрмен қоректендіруді беруді үзу уақыты әрбір көзде кернеудің кезекпен жоғалуын бейнелеу жолымен тексеріледі. Бұл ретте кернеудің ажыратылған сәтінен бастап оны қалпына келтірген сәтке дейінгі уақыт анықталады.
      Объектінің электр схемалары бойынша оларды талдау нәтижесінде:
      электр желісімен резервтелетін электр энергиясының негізгі көзі ретінде дербес дизель-генераторлық құрылғыны пайдалану мүмкіндігі;
      төмен кернеу жағынан РАЕ-ның болуы;
      кепілдік берілген (үздіксіз) қоректендіру қалқандарының орналасуы анықталады.
      Электрмен қоректендірудің химиялық көзінен үздіксіз жұмыстың ықтимал уақыты электр энергиясы көзінің және құрылғының паспорт деректерін салыстырумен анықталады.
      Бөгде ұйымдардың ӘҚБ объектілерінің, радионавигацияның, қону және байланыс жұмыстарын қамтамасыз етумен байланыссыз электр қабылдағыштарды, қосуының болмауы осы объектілер мен әуежайдың электрмен жабдықтау схемалары бойынша тексеріледі.
      Заттық тексеру кезінде электрмен жабдықтау схемасында көзделмеген қосылулардың болмауы, пайдалану құжаттамасы тексеріледі.
Қоректендірудің дербес көздерінің сәйкестігін
бағалау әдістемесі
      Автоматтандыру дәрежесі және дизель-енератордың қуаты дизель-генераторды пайдалану құжаттамасы бойынша, сондай-ақ аккумулятор батареяларының пайдалану құжаттамасы тексеріледі.
      Заттық тексеру кезінде дербес көзден жабдыққа (орталықтандырылған электрмен жабдықтаудың ажыратылған көздері кезінде) кернеудің берілуі тексеріледі.
      Өзара резервтелетін кәбілдік ЭБЖ санын тексеру принципті электр cxeмасы бойынша, ал объектіде – кәбілдік желілердің шығар ұшы бойынша  жүргізіледі.
15. Авариялық-құтқару құрылғысының сәйкестігін
бағалау әдістемесі
      Авариялық-құтқару құралдарының ҚР АА ӘПЖН 18-тарауының және 97-қосымшасының талаптарына сәйкестігін бағалау нәтижелері осы СБӘ-ге сәйкестік кестесіне (9.1-кесте) енгізіледі.
      Авариялық-құтқару құралдарының сәйкестік кестесін (9.1-кесте) толтыру үлгісі осы СБӘ-ге 24-қосымшада келтірілген.
      Сәйкестік кестесін толтыру тәртібі мынадай:
      1-баған – ҚР АА ӘПЖН-ның бағаланатын тармақтарының нөмірлері көрсетіледі;
      2-баған – ҚР АА ӘПЖН-ның тиісті тармақтары бойынша тексерулер мен сынақтар нәтижелері көрсетіледі;
      3-баған – тексерулер мен сынақтар қорытындыларын ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстыру нәтижелері көрсетіледі және мынадай жазба жазылады:
      «Сәйкес келеді» – бағаланатын өлшем ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес келген жағдайда;
      «Баламалы түрде сәйкес келеді» – ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқулар болған кезде ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз ететін қорытынды болған жағдайда;
      «Сәйкес келмейді» – бағаланатын өлшем ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес келмеген және жоғарыда көрсетілген Қорытынды болмаған жағдайда;
      4-баған – ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқыған жағдайда оған сәйкес азаматтық авиация ұйымы ұшу қауіпсіздігінің баламалы түрде деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындайтын құжаттардың нөмірлері, күні және атауы көрсетіледі, сондай-ақ кестенің басқа бағанындағы жазбаларды түсіндіретін қосымша ақпарат беріледі.
      Кестенің соңында растайтын құжат көрсетіледі. Авариялық-құтқару құралдарының ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін растайтын құжат азаматтық авиация ұйымының басшысы бекіткен Тексеру актісі болып табылады.
      Еркін нысанда жасалатын актіде ҚР АА ӘПЖН-ның барлық тармақтары бойынша тексеру нәтижелері көрсетілуі тиіс. Әуеайлақтағы Авариялық-құтқару құралдарының сәйкестігін тексеру жылына бір реттен жиі емес жүргізіледі.
      Жауынгерлік әзірлікте өрт сөндіру автокөліктердің (бұдан әрі – ӨА) болуы мен саны оларды авариялық-құтқару станцияларында қарау кезінде анықталады. Өрт сөндіру құрамының, оның ішінде ӨА-дағы көбік жасаушының саны және оларды берудің жиынтық өнімділігі ПА-ның паспорттық деректері бойынша анықталады.
      Тікұшақ айлағындағы ӨА-ның жалпы саны тікұшақ айлағының дәрежесіне, олардың талап етілетін өрттен қорғау деңгейі (бұдан әрі – ТӨҚД) бойынша санатына және орналасуына, орналасқан орнына және ӨА-ның тактикалық-техникалық сипаттамаларына байланысты болады. Автомобильдердің ӘК-де өрт сөндіру үшін ұсынылған өрт техникасына қатыстылығы осы ӨА түріне мына құжаттардың кез келгені бойынша анықталады:
      АА ҒЗИ-дің қорытындысы;
      осы тікұшақ айлағының қарамағындағы уәкілетті органның ұсынымдары.
      Әрбір ӨА-ның талап етілетін жабдықпен жинақталуы қарау барысында анықталады.
      Қарау кезінде жабдықтың жұмысқа қабілеттілігі тексеріледі.
      ҚР АА ӘПЖН-ның қосымшасында көрсетілген әрбір ҰҚЖ үшін санға қатысты көбік жасаушының екі еселенген резервінің болуы тексеру сәтіне тікұшақ айлағында (ӨА-да май толтырылғанды қоспағанда) көбік жасаушының іс жүзінде болуымен анықталады.
      Тікұшақ айлағында ӨА-ға суды қайта құю пункттерінің болуы визуалды анықталады.
      ӨА-ны өрістету уақыты ҚР АА ӘПЖН-ның ережелері бойынша анықталады. Өрістету уақыты өрт-құтқару есебіне дабыл белгісі жариялаған сәттен бастап тікұшақ айлағында өрт орнына жеткен лафеттік бағаннан өрт сөндіру құрамын беруді бастау сәтіне дейін есептеледі.
      Өрістету уақыты тәжірибелі тексеру барысында анықталады және хронометр тіркейді.
      Тексеру оптималды көрінуде және төсемнің қанағаттанарлық жағдайында жүргізіледі.
      Тәжірибе тексеру жүргізу және оның міндеттері туралы хабарланған өрт-құтқару есебін тексеру басталмастан бұрын авариялық-құтқару станциясының (АҚС) кезекші бөлмесінде болуы тиіс. Дабыл кезекші бөлмесінде дауыстап хабарланады.
      Тікұшақ айлағында АҚС-тың болуы және онда іздестіру-құтқару жұмыстарының (бұдан әрі – ІҚЖ) мен ӨА орналасуы визуалды анықталады. АҚС-та байланыс құралдары мен сигнал берудің болуы АҚС-ты тексеру кезінде анықталады. Бұдан басқа, байланыс және хабарлау схемасы қаралады, сондай-ақ байланыс құралдары мен сигнал берудің жұмысқа қабілеттілігі тексеріледі.
      Жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралының болуы және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін УҚТ және ҚТ-радиостанциялармен жабдықталуы тікұшақ айлағын тексеру кезінде анықталады. Көлік құралын қараған кезде радиостанцияның жұмысқа қабілеттілігі тексеріледі.
      Тікұшақ айлағында жүзу көлік құралдарының болуы және олардың байланыс, жарықтандыру құралдарымен, топтық және жеке жүзу құралдарымен жабдықталуы тікұшақ айлағын тексеру кезінде анықталады.
      Жүзу құралдарын қараған кезде байланыс, жарықтандыру құралдарының жұмысқа қабілеттілігі тексеріледі.
      Егер жүзу құралдарын басқа ұйымдар бөлген жағдайда, осы ұйымдардың өзара әрекеттесу жоспарлары қарастырылады.
      Тікұшақ айлағында стационарлық командалық пункттің және өрт байланысы пунктінің болуы қарап анықталады. Байланыс құралдарының болуы пункттерді тексеру кезінде анықталады. Бұдан басқа, байланыс және хабарлау схемасы қаралады, сондай-ақ байланыс құралдарының жұмысқа қабілеттілігі тексеріледі.
      Басшылықты авариялық-құтқару жұмыстарымен қамтамасыз ету және оны дауыс зорайтқыш құрылғымен, әуе электр байланысы құралдарымен жарақтандыру үшін тікұшақ айлағында ПКП-ның болуы тікұшақ айлағын тексеруде анықталады. Қарау кезінде көлік құралының СКП, АҚҚ, ұшу басшысымен, ӨА-мен байланысын жүзеге асыру мүмкіндігі тексеріледі.
      Бақылау пункттерінің болуы тікұшақ айлағын тексеру кезінде анықталады. Әрбір ҰҚЖ-да ӘК-нің ұшуын және қонуын байқау мүмкіндігі байқау пунктінен тікелей визуалды және оптикалық аспаптардың (мысалы, бинокльдің) көмегімен анықталады. Байланыс құралдарының болуы пункттерді тексеру кезінде анықталады.
      ӨА тұрақ орындарының болуы және сәйкестігі тікұшақ айлағын тексеру барысында анықталады.
Әуеайлақтардың (тікұшақ 
айлақтарының) азаматтық 
әуе кемелерін пайдалануға
жарамдылығы нормаларына
сәйкестігін бағалау  
әдістемесіне     
1-қосымша      
Стандартты атмосфера температурасының әуеайлақтың теңіз
деңгейінен есептегендегі биіктігіне тәуелділігі

Әуеайлақтардың (тікұшақ 
айлақтарының) азаматтық 
әуе кемелерін пайдалануға
жарамдылығы нормаларына
сәйкестігін бағалау  
әдістемесіне     
2-қосымша      
3.1-кесте
Алатау әуеайлағының ҰҚЖ қолданылатын арақашықтығының ҚР ӘПЖН-ға
СӘЙКЕСТІК КЕСТЕСІ



ӘПЖН пункті

Тексеру қорытындылары

Растайтын құжат

ҚР ӘПЖН сәйкестігі

Ескерту

1

2

3

4

5

3-тарау
4 т.

Қону МБ = 538
ЕОҚ = 2600 м
ҰОҚ = 3000 м
ҮҰОҚ = 2600 м
ОҚҚ = 2600 м

Қону МБ = 2338


ЕОҚ = 2600 м
ҰОҚ = 3000 м
ҮҰОҚ = 2600 м
ОҚҚ = 2600 м

РЖ-3-тен МБ = 538


ЕОҚ = 1260 м
ҰОҚ = 1660 м
ҮҰОҚ = 1260 м

РЖ-3-тен МБ = 2338


ЕОҚ = 1340 м
ҰОҚ = 1740 м
ҮҰОҚ = 1340 м

1,2,3
 
 
 
 
 

Сәйкес келеді

ТАЖ – 0 м;
ЕА – 400 м;
ҰҚЖ шегінің жылжуы жоқ

ТАЖ – 0 м;


ЕА – 400м;
ҰҚЖ шегінің жылжу - жоқ

РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР:
1. Алатау әуеайлағы ауданында ұшуды жүргізу нұсқаулығы, 28.09.2009 ж. бекітілген
2. Алатау әуеайлағының геометриялық өлшемдерін, жасанды жамылғыларының жай-күйін және күндізгі таңбалануын тексеру актісі, 19.06.2010 ж.
3. ЖҰҚЖ осі бойынша бойлық пішіні, «Қазаэрожобалау» РМК, 2010 ж.

М. О. _____________________________  _____________ _____________


       (Өтінім Берушінің Лауазымы)       (қолы)       (Т.А.Ә.)
                                                   _____________
                                                       (күні)
М.О. «Қазаэронавигация» РМК (филиал атауы)
директоры _______________    _____________
               (қолы)           (Т.А.Ә.)
                                                   ______________
                                                        (күні)
Әуеайлақтардың (тікұшақ 
айлақтарының) азаматтық 
әуе кемелерін пайдалануға
жарамдылығы нормаларына
сәйкестігін бағалау  
әдістемесіне     
3-қосымша      
ЖҰҚЖ-ның кеңейтілуімен енін және ЖҰҚЖ шегі алдындағы
бекітілген учаскенің өлшемін анықтау схемасы

Әуеайлақтардың (тікұшақ 
айлақтарының) азаматтық 
әуе кемелерін пайдалануға
жарамдылығы нормаларына
сәйкестігін бағалау  
әдістемесіне     
4-қосымша      
РЖ-ның ЖҰҚЖ-ға түйіскен жеріндегі шеңберленген радиусын анықтау схемасы

Әуеайлақтардың (тікұшақ 
айлақтарының) азаматтық 
әуе кемелерін пайдалануға
жарамдылығы нормаларына
сәйкестігін бағалау  
әдістемесіне     
5-қосымша      
ЖҰҚЖ бойлық пішінін көрсету үлгісі
(ҰЖ бойлық пішінінің ЖҰҚЖ осіне жалғасқан жері үзік сызықпен белгіленген)

Әуеайлақтардың (тікұшақ 
айлақтарының) азаматтық 
әуе кемелерін пайдалануға
жарамдылығы нормаларына
сәйкестігін бағалау  
әдістемесіне     
6-қосымша      
Орналастырылатын арақашықтардың қысқартылуы

Әуеайлақтардың (тікұшақ 
айлақтарының) азаматтық 
әуе кемелерін пайдалануға
жарамдылығы нормаларына
сәйкестігін бағалау  
әдістемесіне     
7-қосымша      
3.2-кесте    
(толтыру үлгісі)
Алатау әуеайлағының физикалық сипаттамалары мен элементтерінің
күндізгі таңбалануының ҚР ӘПЖН талаптарына
СӘЙКЕСТІК КЕСТЕСІ
ЖҰҚЖ қону МБ 53о/233о



ҚР ӘПЖН
тармағы

Тексеру мен сынақтар нәтижелері

Растайтын құжат

ҚР ӘПЖН сәйкестігі

Ескертпе

1

2

3

4

5

2-тарау 12-т.

Әуеайлақ сыныбы — "В"

1

Сәйкес келеді



2-тарау 13-т.

ЖҰҚЖ стандартты жағдайдағы ұзындығы — 2084 м.
(ЖҰҚЖ сыныбы - "В")

1

Сәйкес келеді



3-тарау 15-т.

ЖҰҚЖ бітетін жердегі ҰЖ учаскесінің ұзындығы:
- қону МБ 53о бар бітетін жеріндегі - 60 м;
- қону МБ 233о бар бітетін жеріндегі - 60 м.

2

Сәйкес келеді



3-тарау 16 және 17-тт.

ЖҰҚЖ осінен ҰЖ шегіне дейінгі арақашықтығы — 150 м.

2

Сәйкес келеді



3-тарау 18-т.

ЖҰҚЖ осінен ҰЖ жоспарланған бөлігінің шегіне дейінгі арақашықтығы — 80 м.

2

Сәйкес келеді



3-тарау 19-т.

Әуеайлақ элементтерінің жасанды жамылғылары бар ҰЖ жоспарланған бөлігінің топырақты жамылғыларымен түйісу жерлеріндегі кертілген бөліктері — жоқ

2

Сәйкес келеді



3-тарау 20-т.

ҰЖ-ның бекітілген учаскелерінің ЖҰҚЖ шектері алдындағы көлемі (трапеция түрінде):
- қону МБ 53о басталатын жерде бар
- ішкі ені - 45 м;
- сыртқы ені - 32 м;
- ұзындығы — 50 м.
- қону МБ 233о басталатын жердегі бар - ішкі ен - 49 м;
- сыртқы ені - 30 м;
- ұзындығы - 54 м.

2

Сәйкес келеді



3-тарау 21-т.

Функционалдық қолданылу мақсаты ҰЖ жоспарланған бөлігі шегінде орналастыруды талап етпейтін объектілері жоқ. ҰҚЖ-ны ұшып көтерілу және қону үшін қолдану кезінде жылжымалы объектілердің болуы ескерілмеген.

2,5

Сәйкес келеді



3-тарау 22-т.

Функционалдық қолданылу мақсаты жоспарланған бөлігі шегінен бастап ҰЖ шегіне дейін орналастыруды талап етпейтін объектілері жоқ.

2,5

Сәйкес келеді



3-тарау 23-т.

ЖҰҚЖ ені — 42 м

2

Сәйкес келеді



3-тарау 24-т.

ЖҰҚЖ-ның ұлғайтылған ені:
- қону МБ 53о бастап — РЖ-1-ге түйіседі
- қону МБ 233о бастап - 75 м

2

Сәйкес келеді



3-тарау 25-т.

ҰЖН-ға ЖҰҚЖ-ның бойлық пішіні енгізілген

3,4

Сәйкес келеді



3-тарау 26, 27-тт.

ҰЖ бітетін жеріндегі ҚАА көлемі:
- қону МБ 53о бітетін жерінде бар - ұзындығы 90 м;
- ені 200 м;
- қону МБ 233о бітетін жерінде бар - ұзындығы 90 м;
- ені 200 м.

2

Сәйкес келеді



3-тарау 28-т.

ҚАА шегіндегі жылжымайтын объектілер — жоқ. ҰҚЖ-ны ұшып көтерілу және қону үшін қолдану кезінде жылжымалы объектілердің болуына жол берілмеген.

2,5

Сәйкес келеді



3-тарау 29-т.

ҚАА әуе кемесінің ҰҚЖ-ға жетпей қонуы немесе оның шегінен асып кетуі кезінде зақым келу қаупін азайту үшін жоспарланып, жасалған

2

Сәйкес келеді



3-тарау 30-т.

ҚАА беті екі жағынан да ұшып көтерілу және қонуға кіру жерінен аспайды.
ҚАА-ның еңістері тегіс және мыналарды құрайды:
- бойлық - 3%;
- көлденең — 2,5%.

2

Сәйкес келеді



3-тарау

ЕА ұзындығы:
- қону МБ 53о болатын ЖҰҚЖ шегінде - 400 м;

2,4

Сәйкес келеді



3-тарау 32-т.

ЖҰҚЖ-ның ось желілері жалғасатын жерден ЕА шекарасына дейінгі қашықтығы — 80 м

2,4

Сәйкес келеді



3-тарау 33-т.

ЕА беті ұшып көтерілетін бағыттың екі жағынан да ұлғаймалы еңіс 1,25% болатын жазықтықтардан аспайды

2,3

Сәйкес келеді



3-тарау 34-т.

ЕА еңістері ұшып көтерілетін бағыттың екі жағынан да ЖҰҚЖ еңістерімен салыстыруға келеді. Ұлғаймалы еңістерде күрт өзгерістер байқалмайды.

2,3

Сәйкес келеді



3-тарау 35-тт.

ЕА шегінде ұшып көтерілетін бағыттың екі жағынанда әуедегі ұшақтардың қауіпсіздігіне қауіп келтіретін объектілер жоқ.

2,5

Сәйкес келеді



3-тарау 36, 37-тт.

Жамылғының ені мен беріктігі бойынша ТАЖ-ға қойылатын талаптар:
МБ - 53о/233о болатын ТАЖ — жоқ

2,4

Сәйкес келеді



3-тарау 38-т.

РЖ-да пайдаланылатын ӘК индекстері:
МРЖ — 5 индексті ӘК;
РЖ - 1—6 индексті ӘК;
РЖ - 2—5 индексті ӘК;
РЖ - 3—5 индексті ӘК;
РЖ – 4—5 индексті ӘК.

2,4

Сәйкес келеді



3-тарау 39-т.

РЖ-ның жасанды (әуе айлақтық) жамылғыларының ені:

2

Сәйкес келеді

ҰҚБД қамтамасыз ету туралы қорытынды бекітілген

Сыртқы авиашиналары бойынша шасси жолтабаны 9,5 м дейінгі 6 индексті ұшақтар үшін



МРЖ — 21 м;

Ұқсас

РЖ – 1—18 м;

Сәйкес келеді

РЖ – 1—18 м;

Сәйкес келеді

РЖ - 2—21 м;

Сәйкес келеді

РЖ – 3—21 м;

Сәйкес келеді

РЖ – 4—21 м.

Сәйкес келеді

3-тарау 40 т.

РЖ-ның және бекітілген екі жағының жалпы ені:

2

Сәйкес келеді

Сыртқы қозғалтқыш осьтері арасындағы қашықтық 27 м дейінгі 6 индексті ұшақтар үшін.
ҰҚБД қамтамасыз ету туралы қорытынды бекітілген

МРЖ — 29 м;

Сәйкес келеді

РЖ - 1—33 м;

Ұқсас

РЖ - 2—28 м;

Сәйкес келеді

РЖ - 3—30 м;

Сәйкес келеді

РЖ – 4—30 м

Сәйкес келеді

3-тарау 41-т.

РЖ-ның ось сызығы мен жылжымайтын кедергілер арасындағы қашықтық:

2

Ұқсас

ҰҚБД қамтамасыз ету туралы қорытынды бекітілген

МРЖ — 35 м;

Сәйкес келеді

РЖ – 1—47,5 м;

Сәйкес келеді

РЖ – 2—47,5 м;

Сәйкес келеді

РЖ – 3—47,5 м;

Сәйкес келеді

РЖ – 4—47,5 м.

Сәйкес келеді

3-тарау 42-т.

Параллель РЖ-ның ось сызықтары арасындағы қашықтық: (РЖ - 1 және РЖ – 2; РЖ – 2 және РЖ – 3; РЖ – 3 және РЖ – 4) — 100 м артық

2

Сәйкес келеді



3-тарау 43-т.

ЖҰҚЖ-ға түйіскен жердегі РЖ-ның шеңберленген радиустары:

2

Ұқсас

ҰҚБД қамтамасыз ету туралы қорытынды бекітілген
ҰҚБД қамтамасыз ету туралы қорытынды бекітілген

РЖ – 1—30 м;

Сәйкес келеді
Ұқсас

РЖ – 2—30 және 35 м;

Сәйкес келеді

РЖ – 3—50 м;

Сәйкес келеді

РЖ – 4—50 м.

Сәйкес келеді

3-тарау 44-т.

Перрондағы бағыттың ось сызығы мен жылжымайтын кедергілер арасындағы қашықтық 42 м құрайды.

2

Сәйкес келеді



3-тарау 45, 46, 47-тт.

Радиобиіктік өлшегіштің жұмыс аймағы жоқ

2

Сәйкес келеді



3-тарау 48-т.

Әуеайлақ жан-жағынан түгел қоршалған.

2

Сәйкес келеді



10-тарау, § 1, 96-115-тт.

ЖҰҚЖ, РЖ және перронда тиісті көлемдегі мен түстегі таңбалау белгілері қойылған.

2

Сәйкес келеді



10-тарау, § 2 116-120- тт.

Топырақты ҰҚЖ-ның қажетті таңбалау белгілері бар

2

Сәйкес келеді



10-тарау, § 3 121-125- тт.

Шектеулі пайдалану аймақтары жоқ

2

Сәйкес келеді



10-тарау, § 4 126-137- тт.

Таңбалауға тиісті барлық объектілер мен кедергілер таңбаланды. Жылжымайтын объектілерде таңбалаудың түсі – қызыл, ақ; жылжымалы объектілер үшін – қызыл және сары.

2

Сәйкес келеді



10-тарау, § 5 138-140- тт.

БӨР-ды тексеру пункті - жоқ

2

Сәйкес келеді



15-тарау, § 1 264-267-тт.

РЖ-да жарық шығаратын жамылғы бар РЖ жиектерінің маркерлері — жоқ

2

Сәйкес келеді



15-тарау, § 2 268-274-тт., § 3 275-т.

Топырақты ҰҚЖ, РЖ, перрон және ТО-ның маркерлерінің болуы, түсі, орналасуы мен биіктігі

2

Сәйкес келеді



Растайтын құжаттар:
1. "Қазаэрожобалау" РМК-ның Алатау әуеайлағының сыныбы туралы 12.05.2009 жылғы қорытындысы.
2. Алатау әуеайлақтың геометриялық өлшемдерін, жасанды жамылғылары мен күндізгі таңбалауды тексеру актісі, 19.06.2010 ж.
3. ЖҰҚЖ осі бойынша бойлық пішіні, "Қазаэрожобалау" РМК, 2009 ж.
4. Алатау әуеайлағы ауданында Ұшуды жүргізу нұсқаулығы, 28.09.2008 ж. бекітілген.
5. Алатау әуеайлағы ауданындағы кедергілерді тексеру актісі, 19.05.2009 ж.

М.О. ____________________________   ___________  _____________


      (өтініш берушінің қызметі)       (қолы)       (Т.А.Ә.)
Әуеайлақтардың (тікұшақ 
айлақтарының) азаматтық 
әуе кемелерін пайдалануға
жарамдылығы нормаларына
сәйкестігін бағалау  
әдістемесіне     
8-қосымша      

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет