Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.



Pdf көрінісі
бет10/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

Монро доктринасы. Бұл уақытқа таман АҚШ Еуропадағы болып 
жатқан істерге белсенді түрде қатысатын болды. Олар Қасиетті Одақтың 
Латын Америкасына әскери интервенция жасау идеясын қарсы шығып, 
«Америка американдықтар үшін» деген ұран тастады. Қасиетті Одақтың бұл 
әрекеттері АҚШ президенті Дж.Монроның 1823 ж 2-ші желтоқсанда Сенатқа, 
Конгреске жолдауын жіберуге әкелді. Ондағы идеялар тарихқа «Монро 
доктринасы» деген атпен енді. «Монро доктринасы» Испания отарларына өз 
тәуелсіздігін алуда жағымды рөль атқарды. ХІХ ғ. 20 жылдарының ортасына 
таман Латын Америкасында Парагвай (1811), Аргентина (1816), Чили (1818), 
Колумбия (1825) және т.б. тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. 
1830 жж. Еуропадағы революциялар және Қасиетті одақ. 1830 
жылы Еуропада революциялық көтерілістер басталып, олар 1848 жылға дейін 
созылды.
Революция 1830 жылы шілдеде Францияда басталды. Х Карл француз 
конституциялық жүйесін жойған ордонанстарға қол қойды. Нәтижесінде Х 
Карлдың реакциялық саясатына қарсы елде революция басталып, ол жеңді, 
таққа герцог Филипп Орлеанский отырып, ол І Луи Филипп деген атпен билік 
құрды. Ресей Францияға қарсы орыс-австрия-пруссия интерверциясын 
ұйымдастыруға тырысты, бірақ оның ұсынысы қабылданбады. 
1830 жылы Париждегі революциялық оқиғалар ықпалымен 1830 жыл 
қыркүйек -1831 жылы қазан аралығында Польшадағы орыс иеліктерінде 
көтеріліс бұрқ ете түсті. Алайда оны І Николай басты. 15 жыл бойы болған 
революциялық күрес, ХІХ ғ. 40-ж аяғында Қасиетті одақтың ыдырауына 
әкелді. 


40 
«Шығыс мәселесінің» пайда болуы және еуропалық дипломатия. 
Халықаралық қатынастардың веналық жүйесін тұрақсыздандырғыш күшті 
фактордың бірі - ХVII-XVIII ғасырлардан қалған мұра және ХІХ ғасырда 
шиеленісуін жалғастырған Шығыс мәселесі, яғни Осман империясы мен оның 
Балкандағы, Солтүстік Африкадағы, Таяу Шығыстағы иеліктерінің тағдыры 
туралы мәселе еді. Бұл маңызды аймақта, үш континеттің түйіскен жерінде 
сұлтан режимінің, Австрия мен Ресей империяларының, Жерорта теңізіне 
әрдайым қызығушылық танытып отырған Англия мен Францияның геосаяси 
дәмелері, себебі Балкан түбегі мен Оңтүстік Шығыс Европаны мекендеген 
халықтардың этноұлттық және конфессиялық қажеттіліктері, мүдделері 
қиысып жатты. 
Бұл уақытта Англияның сыртқы саясатында бірқатар өзгерістер болып 
жатты. Ұлыбританияның саясатындағы бұл өзгеріс Шығыс мәселесінің немесе 
Осман империясының, ең алдымен оның европалық провинцияларының 
тағдыры туралы мәселенің шиелінісуімен байланысты болды. Бұл мәселеге 
Ұлыбритания үкіметі мән берді, себебі Балқан түбегі мен шығыс Жерорта 
теңізі оның сауда және стратегиялық мүддесінің аймағы болды. Осы аймақ 
арқылы Батыс Европадан оңтүстік Азияға қысқа жол жатыр еді.
Ұлыбританияның Балкандағы белсенді әрекеттері, шығыс мәселесінің 
маңыздылығын түсінуі, қоғам тарапынан қысым - мұның бәрі басқа да 
европалық мемлекеттердің грек көтерілісіне және Шығыс мәселесіне 
байланысты өз ұстанымдарын қайта қарауға мәжбүр етті. 
Ресей императоры І Николай болғанғаннан кейін, 1826 ж. басында ол 
Осман империясы үкіметінен түріктердің Балкан түбегінің христиан 
халықтарына қатысты зорлық – зомбылықтарын тоқтатуды талап етті.1827 ж. 
24-ші шілдеде Ұлыбритания, Ресей, Франция Лондонда осы шартты 
конвенцияға қол қойды. І Николай грек көтерілістерін бүлікшіліктер деп 
санайтынын, бірақта Түркиямен өз есебінің барын мәлімдеді. 
Үш мемлекет - Ресей, Ұлыбритания, Франция Түркияға 1827 жылы 
қарсы соғысқа әскери іс қимылдар жасай бастады. Түріктер Греция 
жағалауларына өз кемелерін жібереді. 1827 ж. 8 қазанда Наварин мүйісі 
маңында одақтастар флоты түрік сүлтанымен египет патшасының флотын 
талқандады. 
14-ші сәуірде 1828 ж. Ресей Түркияға соғыс жариялады. Орыс әскерлері 
Ресей мен Осман империясының шекарасы болған Прут өзенінен өтіп, Дунай 
княздықтарын алды, Ыстамбулға жылжи бастады.1829 ж. 2 қыркүйекте 
Адрианопольде бейбіт келісімге қол қойылды. Ол бойынша Дунай сағасы 
және Кубан өзенінен Аджария шекарасына дейінгі Қара теңіздің Кавказ 
жағалауларының бәрі Ресейге қарады. 
Осылайша, 1828-1829 жылғы Түркиямен соғыста Ресей Дунай мен 
Кавказда орыс иеліктерін біраз кеңітті, Грецияны азат етті. Алайда Осман 
империясының құрамындағы дербестік гректерді қанағаттандырмады. Олар 
толық тәкелсіздікті қажет етті. Одақтастар оны қанағаттандырды. 1830 ж. 


41 
ақпандағы Лондон конференциясының шешімі бойынша, Греция тәуелсіз 
мемлекет деп жарияланды. 
Шығыс дағдарысы египет патшасы Мұхаммед Алидің түрік сұлтанына 
қарсы бүлігінен басталады. 1833 ж. сәуірде орыс әскерлері Босфордың 
азиялық жағалауында түсіп, египет армиясының Ыстамбулға жолын бөгеді. 
Ресей мен Осман империясы арасындағы одақтық келісімге 1833 ж. 26 
маусымда қол қойылды. Ункяр-Искелеси келісімі Батыс елдерін шошытты. 
ХІХ ғасырдың 40-60-шы жж. халықаралық қатынастар. Веналық 
легитимдік тәртіпке 1848-1849 жылдардағы революциялар терең соққы берді. 
Олар Италияда басталып, бірден бірнеше мемлекеттерді – Франция, Австрия, 
Пруссия және т.б. герман мемлекеттерін қамтыды. Бұл еуропалық 
мемлекеттердің арасында тығыз экономикалық, мәдени, саяси байланыстар 
бар екендігін ғана емес, себебі олардың алдында бірдей және ұқсас 
мәмелелердің тұрғандығын көрсетті. 
Мәселелердің бастысы бұл елдердегі азаматтардың көпшілігі өз елдер-
дегі саяси режимге қанағаттанбай, өз құқықтары мен бостандықтарын кеңей- 
туге ұмтылды.Абсолюттік мемлекет елдерінде конституция еңгізуді талап ет
ті, ал либералдық конституциясы бар елдер жалпыға бірдей сайлау құқығын 
еңгізуді талап етті. 
«Әлеуметтік мәселе» де - өткір мәселе болды. Себебі Вена конгресі 
орнатқан легитимді тәртіпте үлкен наразылық туғызды. Әсіресе оған 
мемлекеттік билігі немесе мемлекеттік дербестігі жоқ, шетел әлеуметтері 
билігінде болған халықтар итальяндықтарр, немістер, полыктар, венгрлер т.б. 
қарсы болды. Тіпті тәуелсіз және егеменді мемлекет – Францияның өзінде де 
қоғамдастық легитимді тәртіпке өз наразылығын білдірді. Француздар 
Веналық тәртіп олардың ұлттық мүдделеріне қайшы келеді, себебі ол 
Францияны реакциялық монархиялар – Австрия, Пруссия, Ресейдің ыңғайына 
қарай сыртқы саясат жүргізуге міндеттейді деп есептеді. 
1848 ж. қаңтарда Сицилияда халық көтерілісі мен басталған 
революциялар санаулы апталарда жарты Европаны қамтыды. 23-нен 24 
ақпанға қараған түні үкіметке қарсы демократиялық толқулар Парижде 
көтеріліске ұласты. Халықаралық көтерілістер нәтижесінде Еуропадағы саяси 
жағдай өзгерді. Францияда Шілде монархиясы құлатылып, республика 
жарияланды. Рим папасы Римнен қашты. Бұл Европадағы халықтардың бүкіл 
жүйесіне әсер етті. Ревоюциялар ықпалымен қысқа уақытта Вена конгресінде 
құрылған тәртіп әлсіреді. Австрия үкіметінің басшысы К.Меттернихтің 
биліктен кетуі революциялар соққысымен Вена жүйесінің күйреуінің символы 
болды. 1848 ж. революциялар нәтижесінде көптеген Европалық 
мемлекеттердің үкіметтері сыртқы саяси бағытын бірден өзгертті. Француз 
республикасының Уақытша үкімет басшысы басқа елдерге үлгі көрсетті. 1848 
ж 2-ші наурызында ол Еуропаның барлық үкіметтеріне Манифест жолдады.
Революция Австрия мен Пруссия арасындағы қатынастарды 
нашарлатты. 1834 ж. Пруссия королі бастамасымен Герман кедендік одағы 


42 
құрылды. 1848 ж. сәуірде Пруссия әскерлері Шлезвигті алды, пруссия-дания 
соғысы басталды. 
Бұл кезде венгр патриоттарының қозғалысы да жүрді. Олар Австрия 
империясы құрамындағы кен дербестікті талап етті. 1848 ж. 14-ші сәуірде 
Венгрия тәуелсіз республика деп жарияланды. 
Австриялық Габсбургтер үшін әскери қимылдар Италияда табысты 
болды. 1848 ж. 22-ші шілдеде австрия әскерлері италияндықтарды талқандап, 
Пьемонт үкіметін 8 тамызда уақытша бітімге қол қойдыртты. Австрия 
империясына революциялық қозғалыстармен күресуде Ұлыбритания және 
Ресей қолдау көрсетті.
1848-1849 
жылдардағы 
оқиғалардың 
жалпы 
қорытындысы: 
революциялар жеңілді. Европалық мемлекеттер «1814-1815 жылғы 
трактаттармен» анықталған шекараларына оралды. 
Еуропалық мемлекеттердің сыртқы саясатындағы бұл өзгерістердің 
салдарынан «европалық концерт» түпкілікті ыдырады. Ірі европалық 
мемлекеттер 1848-1849 жылдардағы революцияға дейінгі күштердің ара 
салмағын өз пайдасына өзгертуге тырысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет