30
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
əлсіз жүйесі, қоғам талабына бара-бар емес білім, күннен-күнге артып келе жатқан білікті
мамандардың
жетіспеушілігі, сондай-ақ құрылыс индустриясының тез көтерілуімен
байланысты экологиялық мəселелері бар. Осы айтылған мəселелерге қарамастан, азаматтық
қоғам əзірше ТД қатысты тиісті белсенділігін көрсете қойған жоқ. ТД бағдарламасын жасауға
қатыспаған іскер топтар өздерінің дербес өнеркəсіптік-инновациялық бағдарламаларын
жасауда.
Дегенмен ТД осындай бағдарламалары мен жоспарларын жасау
сегіз аймақтың мемлекеттік
басқаруындағы əрбір облыстық орган үшін оңай шешілер шаруа емес, себебі олар ҚОҚМ
тарапынан қолдау күтіп отыр. ҚОҚМ ТД жөніндегі жергілікті кеңесін құрып, дайындықты
ұйымдастырып, ережелер жасап жəне ТД облыстық жəне
жергілікті жоспарларын құра
отырып, бұл мəселенің одан əрі өркендеуіне əрекет ету үстінде. Ауылдық аудандармен
салыстырғанда, ТД үрдісімен жақсырақ таныс жекелеген қалалық аумақтар (қалалар) үкіметтік
емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен халықаралық ұйымдардың көмегіне иек артты.
Достарыңызбен бөлісу: