Фармакология



бет107/204
Дата28.09.2023
өлшемі0.89 Mb.
#478971
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   204
Фармакология-emirsaba.org

Апоморфин гидрохлориді - сопақша мидың триггерлі аумағының дофаминді рецепторын қуаттандырып, қозуында күшті қустыратын әсері байқапады («Асқорытужүйесіне әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз).
Тікелей емес дофаминомиметиктер: мидантан (амантадин), глудантан - орталыққа әсер ететін дофаминомиметикалық препарат, деподан дофаминнің бөлінуін күшейтіп, дофаминге дофаминді рецепторлардың сезімталдығын жоғарылатады. Паркинсонизм ауруында қолданылады. Депренил (селегилин, юмекс) леводопамен бірге паркинсонизмде қолданылады.
Дофаминді рецепторларды тежегіш дәрілер - (лимбиялық жүйедегі Д2-рецепторын тежейді) - психотропты әсер көрсетеді.
Серотонин әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда кездеседі, жүйке жүйесінің синаптикалық көпіршіктерінде жиналып, жүйке импульстарының әсерінен бөлініп, серотонинді рецепторлармен байланысатын биологиялықаминдер. Серотонин ОЖЖ-ң медиаторы қызметін атқарады. Серотонинің шеткерлік әсері қан тамырларды тарылтады, қабыну медиаторының бірі, жергілікті енгізгенде (т/і, т/а) ісінуі мүмкін. Серотонин тромбоциттердің агрегациясын жоғарылатады, сондықтан әртүрлі қан кетулерде қан тоқтату үшін қолданылады. Жанама әсерлері: күре тамырға жылдам енгізгенде ауырсыну, тромбофлебит, іш қуысы мен жүрек түсының ауырсынуы, АҚ-ң көтерілуі, бас ауыру, тыныс алудың қиындауы, жүректің айнуы, диарея байқалады. Бүйрек ауруында, гипертония ауруында (11-111 дәрежесінде) бронх демікпесінде, жедел тромбозда, Квинке ісінуінде қолдануға болмайды.
Serotonini adipinas - серотонин адипинаты (Б): 1% 1 мл еріт. амп, - 150 мл 0,9% NaСІ еріт. к/т тамшылатып; 0,5% 5 мл новокаин еріт. б/е енгізіледі.


ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛЕР
Жіктелуі:
1.Наркозға арналған дәрілер
2. Этил спирті
3. Ұйықтататын дәрілер
4. Эпилепсияға қарсы дәрілер
5. Паркинсонизмге қарсы дәрілер
6. Анальгетиктер
7. Психотропты дәрілер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет