ұғымы. «Өркениет» ұғымын зерттеудің негізгі бағыттары


Этникалық жанжалдар: себебі мен шешу жолдары



бет11/19
Дата16.03.2023
өлшемі44.52 Kb.
#470860
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
ûìû. « ðêåíèåò» ûìûí çåðòòåóä³ íåã³çã³ áà ûòòàðû (1)

Этникалық жанжалдар: себебі мен шешу жолдары

•Ұлтаралық жанжалдардың көбісі қазіргі жаңа қоғамда көп таралған құбылыс болып келеді. Бұл мəселе тек бүгін ғана туындаған жоқ. Адамзат тарихында соңғы 5 мың жыл ішінде 3,5 млрд. адам дүние салған 15 мыңға жуық соғыс пен қаруланған жанжалдар болды. Халықаралық Стокгольм институтының зерттеулері бойынша ХХ ғасырдың 80-жылдары болған жанжалдардың көбісі этносаралық болды.

Əлеуметтік жанжалдың тек екі не одан да көп мемлекеттердің мақсаттары бір-бірімен келіспейтін жағдайда ғана туындайды. Осыдан қорыта айтқанда жанжалдың болмауы мүмкін емес жайт. Жанжалдың өмір сүруі теңсіздіктің болуына байланысты. Р. Дарендорфтың теориясы бойынша жанжалды бақылауда негізгі үш мəселесі құнды. Біріншіден, құндылықтардың маңыздылығы. Кез келген мемлекет жанжалдың ситуациялық маңызын түсінуі қажет, əрі оның маңыздылығы жанжалдың өмір сүру құқығында. Басқаша айтқанда, жанжалды басқару мүмкін емес, егер жанжалға түсушілердің біреуі оның оппоненті жоқ деп айтқан жағдайда жəне оның өзіндік ойы жоқ болған жағдайда жанжалды басқару мүмкін емес. Мысалы,


Екіншіден, жанжалды бақылаудың маңызды кезеңі болып мемлекеттердің ұйымдастыру қабілеті болып табылады: мемлекеттердің ұйымдастыруы көбірек болса, келісімге келу жəне келісімнің мақсатына жету жолдары жеңіл болады. Ал керісінше болған жағдайда жанжалдың өрлеуіне жəне қателіктерге алып келеді.

Үшіншіден, екі жанжалдаушы бір-бірімен келісімге келіп, салыстырмалы түрде ойынның белгілі бір шарттарын теңдей қабылдауы қажет жəне осы шарттарды бұзбаған жағдайда ғана келісімге келу процесі мүмкін болады. Бұл шарттар екі жаққа да теңдей құқық пен мүмкіндіктер беруі қажет, яғни, олардың өзара қатынастарында кейбір теңдестікті қамтамасыз етуі қажет.
18)Мемлекет және оның формулалары. Пайда болу теориясы
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Мемлекеттің белгілері
мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет