Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»


Жайылымдарды мал шаруашылығы сарқынды суларымен суару үшін қолданылатын ДКН-80 жаңбырлатқышы



бет23/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76
АШМ

Жайылымдарды мал шаруашылығы сарқынды суларымен суару үшін қолданылатын ДКН-80 жаңбырлатқышы. Бұл жаңбырлатқыш трубопровод жайылымдар топырағын дымқылдандыру және оларды минералдық тыңайтқыштармен тыңайту үшін қолданылады. Бүл жаңбырлатқыш қолданылатын жайылымның еңісі 0,02 мөлшерінен көп болмағаны дұрыс. Тыңайтқыш ретінде қол-данылатын ерітіндінің құрамында 10-мм-ден ірі органикалық заттар болмауы керек және құрғақ заттың мөлшері 2% шамасында ғана болуы керек.
ДКН-80 жаңбырлатқыш машинасы ДКШ-64 «Волжанка» жаңбырлатқышы негізінде, оның кейбір түйінділерін өсімдіктерді мал шаруашылығының сарқынды сумен суаруға болатындай етіп өзгерту арқылы жасалған.
Дөңгелекті трубопровод екі суарғыш қанаттан қүралады, әр қанат суару трубопроводынан, тірек дөңгелектерінен, жаңбырлатқыш аппараттарынан және олардың өздігінен қондырылуын қамтамасыз ететін механизмнен, су ағызып жіберетін қақпақтардан, соңғы (шеткі) аппаратты бекітетін механизмнен, гидрантқа жалғанатын тораптан, двигательді жетекші дөңгелектен және желден тежейтін жабдықтан тұрады.
Машинаны жұмысқа қосу үшін, оны гидрантқа жалғап, суды суарғыш арқылы трубопроводқа жіберу керек, Жаңбырлатқыш аппараттардың барлығы жақсылап жұмыс істей бастағаннан кей-ін трубопроводқа сарқынды сумен, таза судың қосындысын жібереді. Тыңайтқыштың есептегі мөлшерін беріп болған соң трубо-проводқа қайтадан таза су жіберіліп, оның іші және өсімдіктер мен трубопроводтардың үстінде қалған қыйдың қалдықтары шайылады. Мал шаруашылығы сарқынды суларымен суару нормасы және оның мерзімі технологиялық процестерге сәйкес анықталады.
Жаңбырлатып суару өнімділігін 300 м3/га тең суару нормасы-мен бір сағат ішінде суарылатын жердің келемі арқылы анықтайды.
Суару нормасының нақтылы мөлшері 50-ден 800 м3/га шамасында, кейде одан да көп болады. Осыған орай суару өнімділігінің мөлшері де суару нормасының мөлшеріне сәйкес әзгеріп отырады. Жаңбырлатып суару өнімділігін салыстырмалы бағалау үшін, бір адамның жіберіп тұратын суының орташа мөлшері, немесе 1000 га жерді суару үшін жұмыс істейтін адамдардың санын да қолдануға болады. Мысалы, көлемі 1000 га тең жуйені «Фрегат» машинасымен суару үшін 13 адам жұмыс істеп, оның екеуі насос станциясының диспетчері, тертеуі жөндегіш топта, алтауы жаңбырлатқыш машиналардың операторлары және бір механик болуы керек. Ал енді осындай көлемді «Волжанка» жаңбырлатқышымен суару үшін 21 адам жұмыс істеп, оның екеуі насос станциясының диспетчері, он жетісі операторлар және біреуі механик болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет