Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»


Жобалар жасау үшін жүргізілетін іздеулер мен тексерулер құрамы



бет57/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76
АШМ

2. Жобалар жасау үшін жүргізілетін іздеулер мен тексерулер құрамы. Жобалауға тапсырма алғаннан кейін жобаның бас ннженері жобалаушылармен бірлесе отырып мелиорациялау обьектін екі сатыда тексереді:
1. Жобалауға қажет болатын барлық қолда бар негізгі материалдарды (топографиялық, гидрологиялық, топырақтық-мелиоративтік, гидрогеологиялық, гидротехникалық, агро-экономикалық, құрылыс индустриясының бағасы, энергиямен жабдықтау, байла-ныс және т. б.) қарау және талдаудың арқасында мелиоративтік жүйенің алғашқы схемасы, барлау жолдары, тексерудің аумағы белгіленеді.
2. Барлау жұмыстары жүргізіледі, содан кейін келешек мелиорация жүйесініц территориясын тексереді және акт жасалып, техникалық есеп жасалады.
Техникалық есепте мыналар баяндалады:
— тексеру обьектілері, істелетін жұмыстардың түрлері және аумағы;
— мелиорацияланатын жердің табиғи және шаруашылық сипаттамасы;
— жерлерді шаруашылық тұрғыда игеру үшін керек болатын мелиоративтік және гидротехникалық шаралар жобасының құрамы;
— мелиорацияланатын жерге суды жіберу (әкету) жағдайлары;
— су көздері (су қабылдағыштар);
— энергиямен жабдықтау; құрылыс салу жағдайы және басқалар баяндалады.
Қорытынды ретінде жерді мелиорациялаудың керектігі туралы ойлар, мелиорация жүйесінің алғашқы жүйесін дәлдеу, іздеулер және оларды жүргізу әдістері туралы ұсыныстар келтіріледі.
Есеп негізінде бағдарлама, сметалар және жоба жасау үшін керек болатын іздеулер жоне тексерістер жүргізуге техникалық тапсырма жасалады.
Іздеулер мен зерттеулердің құрамы. Ол техникалық шешімдердің мазмұны және күрделілігіне, алғашқы материалдардың барлығына, жобалаудың сатылылығына, табиғи жағдайларға қарай анықталады.
Оның құрамына әдетте топографиялық-геодезиялық, инженерлік-геологиялық, топырақтық-мелиоративтік, гидрогеологиялық, гидрологиялық, гидротехникалық, культуртехникалық және агро-экономикалық зерттеулер кіреді.
Барлық іздеулер жұмыстарын берілген тапсырмаға және бұл жұмыстарды жасаудың күшіндегі нұсқауларға сәйкес тиісті мамандар жүргізеді. Далада жиналған және оларды өңдеу материалдары, шешімдер және ұсыныстармен бірге мелиорация жуйесін жобалау кезінде пайдалану үшін жобаның бас инженеріне тапсы-рылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет