Геологияның парадигмалары ретінде



бет11/24
Дата05.12.2022
өлшемі257.5 Kb.
#466485
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
лек 3

Тереңдік қатпарлары (глубинные складки) дегеніміз
бүйірлік қысым (стресс) жағдайында, жоғары температуралар
мен қысымдардың əсерінен «ағуға» бейімделген таужыныс
қабаттарында ұшырасатын қатпарлар түрі. Мұндай қатпарлық
түрлері көне платформалардың жəне фанерозойлық қатпарлы
белдеулердің кристалдық іргетасын құрайтын жаралымдарда
ұшырасады. Бүйірлік қысым жағдайында туындайтын, алайда
жер қойнауының тереңдіктерінде емес, беткі қабатында көрініс
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
72
беретін тағы бір қатпарлар тобын даралауға болады, оларды
шартты түрде «жамылғы қатпарлығы» деп атайды. Жамылғы
қатпарлығы (покровная складчатость) аймақтық қысым
қатпарлығы, мұндай қатпарлық көлбеу (горизонталь)
бағытталған стресс əсерінен қат-қабатталған таужыныс
жиынтығының созылымдық иілуге ұшырауы нəтижесінде
қалыптасады. Мұндай қатпарлық əдетте кристалдық іргетас
жаралымдарының беткі бөлігіне жəне сол жаралымдарды
көмкеріп жататын шөгінді тыс қатқабаттарына тəн.
Қатпарлықтың үшінші тобы «экзогендік қатпарлық» деп
аталады. Экзогендік қатпарлық (экзогенная складчатость)
əртүрлі экзогендік күштер (кернеулер) əсерінен жер бетіне
жақын орналасқан шөгінді таужыныс қатқабаттарына тиесілі
қатпарлар тобы.
3.6-сурет. Қатпарлар жүйесінен
тұратын тау жотасы денудацияға
(мұжылуға) ұшыраған жағдайда осы
жүйені құрайтын күрделі қима
таужыныс қабаттарының қарапайым
ғана қат-қабатталу кескініне
ұқсайтындығын көрсететін сұлба
Геотектоника жəне геодинамика
73
Тереңдік қатпарлары өз кезегінде, үш түрге бөлінеді,
олар «созылымдық иілу қатпарлары» (складки продольного
изгиба), «көлденең иілу қатпарлары» (складки поперечного
изгиба) жəне «ағымдану қатпарлары» (складки течения) деп
аталады (3.7-сурет).
3.7-сурет. Қатпарлардың кинематикалық типтері: а,б – бойлас иілу
қатпарлары; в,г – көлденең иілу қатпарлары; д – ағымдану қатпары.
А.Е.Михайлов бойынша (1973).
(В.Е.Хаин мен М.Г. Ломизенің «Геотектоника с основами
геодинамики» оқулығынан алынды. Москва, 2005).
Шартты белгілер: 1 – əсер етуші кернеу бағыты; 2 – таужыныстың
жылжу бағыты; 3 – созылу бөлікшелері; 4 – сығымдалу бөлікшелері
Созылымдық иілу қатпарлары таужыныстардың қат-
қабатталу жазықтығының бойымен өрбіген стресс нəтижесінде
қалыптасады. Қабаттардың иілуі нəтижесінде оларды құрайтын
заттардың қозғалысы сығымдалу бағытына перпендикуляр
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
74
бағытта өрбиді, мұның нəтижесінде қатпар өзінің өстік
жазықтығы бойымен «өсетін болады». Сондықтан да мұндай
қатпарлардың қалыптасуы сығымдалу аймағы ауданының
айтарлықтай кішіреюімен орайласады, яғни таужыныс
қатқабаттарының сығымдалуға дейін алып жатқан ауданы
таужыныс қатқабаттарының «жиырыла жинақталуы
барысында» өз ауқымын айтарлықтай кішірейтеді.
Көлденең иілу қатпарлары қалыптасуы барысында
таужыныс қатқабаттарының сығымдалуы олардың қат-
қабатталу жазықтығына перпендикуляр бағытта өтеді. Бұл
қатпар түрлері өздерінің иілу дəрежесі тұрғысынан алғанда
созылымдық иілу қатпарларына қарағанда əлдеқайда қарапайым
болып келеді.
Ағымдану қатпарлығы тұтқырлығы өте төмен
таужыныстарда кеңінен тараған жəне біршама жиі ұшырасатын
қатпарлық түрі. Температура мен қысымның төмен мөлшерлері
жағдайында мұндай қатпарлық тұздар, гипс, саздар, көмірлер
сияқты əуелден-ақ тұтқырлығы төмен, яғни «аққыш
таужыныстарда» көрініс береді. Ал температураның өте жоғары
дəрежелі болуы талай берік таужыныстардың тұтқырлығын
азайтады, сондықтан жер қойнауындағы жүздеген градус
температуралар жағдайында кəдімгі мəрмар, кварциттер,
аплиттер, гнейстер, амфиболиттер т.с.с. таужыныстар да
ағымдану қатпарлығына ұшырайды. Мұндай процестер
барысында таужынысты құрайтын минералдардың қайтадан
кристалдануы жəне жаңа минералдардың туындауы жүзеге
асады. Ағымдану қатпарлығы өздерінің пішіндері жағынан өте
күрделі қатпарлар түзеді, бір ғана қатпар қанаттары мен
құлыптарындағы қабаттардың делдиіп қалыңдауы немесе
керісінше, жіңішкеріп жұқару мысалдары жиі ұшырасады.
Мұның нəтижесінде қатпар қимасындағы оның сырт көрінісі
«іркіс-тіркіс» сипатты иеленеді (3.7д-суретке қараңыз). Мұндай
қатпарлардың өстік жазықтығы қабаттың алғашқы жағдайымен
салыстырғанда əртүрлі бағыттарда созылады, алайда оның
негізгі созылу бағыты заттардың «ағу бағытына» сəйкес келеді.
Ағымдану қатпарлығының арнаулы түрі – тұзды күмбездер
Геотектоника жəне геодинамика
75
(3.8-сурет). Тұзды күмбездердің пайда болуы тұздың аққыштық
қасиетті иемденуінің нəтижесі. Жер қыртысының белгілі бір
деңгейінде тұздардан тұратын қатқабаттың болуы тұзды
күмбездер қалыптасуының негізгі шарты. Бұл қатқабатты
құрайтын тұздар сол қатқабатты көмкерген таужыныстар
қимасының салмағынан туындайтын кернеулер нəтижесінде
үстіңгі қабаттардағы осал өңірлер (жарықтар, яғни
жарылымдар) арқылы жоғары қарай жылыстай көтеріледі,
сөйтіп байырғы штоктарға ұқсайтын тұзды күмбездер құрайды.
Тұзды күмбездер қалыптасуына жауапты процесті əдетте «тұз
тектоникасы» деп атайды. Тұз массаларының жоғары қарай
жылыстай жылжуы тұзүсті кешендеріне тиесілі қатқабаттарды
да айтарлықтай қатпарлайтындығы түсінікті (3.8-суретке қараңыз).
3.8-сурет. Тұзды күмбез қалыптасуының принциптік сұлбасы (қима)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет