24
қазiргi заманғы қозғалыстар үлкен аумақтарды қамтиды, олардың жылдамдығы
да 8–10 мм/жыл шамасына жетедi.
Бедер қалыптастыратын экзогендiк және эндогендiк
факторлардың рөлiн
зерттеу
ең жаңа деп аталатын, жақында ғана өткен геологиялық кезеңнiң тiк
бағыттағы тектоникалық қозғалыстарының жалпы көрiнiсiн анықтауға мүмкiндiк
бередi. Мысалы, олар өзен террасаларының қазiргi орналасу
жағдайы бойынша
нық анықталады.
Бiрақ, ең үлкен амплитудаларға ежелгi замандардың тiк бағыттағы
тектоникалық қозғалыстары жетедi, олар өте ұзақ уақыт (100 млн жылдан асатын)
кесiндiлерiн қамтиды. Мұндай тектоникалық қозғалыстар, мысалы, қазiргi
тауларды құрайтын ежелгi теңiз шөгiндiлерiнен тұратын көптеген таужыныстар
қалдығы бойынша, теңiз түзiлiмдерiндегi күмән келтiрмейтiн метаморфизм iздерi
арқылы анықталады. Бұл теңiз түзiлiмдерi терең жер қойнауларына түсiп,
жоғарғы қысым мен температура жағдайларында болғандығы көрiнедi.
Жер қыртысы қалыптасуында, сондай-ақ көлбеу
бағыттағы тектоникалық
қозғалыстар да маңызды рөл атқарады. Олардың басым рөлi жаһандық масштабта
да (мұхит-орталық жоталардың дамуы, аралдық доғалардың қалыптасуы және
т.б.), локальдық
қатпаржаралу кезiндегi бастырмалар, шарьяждар пайда болу
процестерiде де бiлiнедi. Мәселен, есептеулер көрсеткендей, жамылғыларды
(шарьяждарды) қалыптастырған Альпiдегi күрделi қатпаржаралу
қабаттарды
(созылымына көлденең бағытта) 120 км сызықтық қысқаруға әкелген. Осындай
мысалдарды басқа қатпарлы құрылыстар үшiн де келтiруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: