parted, faded, fallen, gathered, gone, grouped, risen, retired, seated,vanished, withered» сияқты бірқатар етістіктер осы ережеден тыс (бағынбай), сөйлемнің мүшесі ретінде жұмсалады. Дегенмен, олардың жеке тұрып сөйлем мүшесі болуы қазіргі ағылшын тілінде сирек кездеседі.
Gatheredat the entrance people were waiting for open hour of the shop (Кіре беріске жиналған жұрт дүкеннің ашылуын күтіп тұр еді).
We must follow the law adoptedby our Parliament (Парламент қабылдаған заңды сақтауымыз керек).
Мұндай анықтауыш қызметін атқаратын көсемшелер сын есім болып қалыптасып кеткен не сын есім болып қалыптасып келе жатқан етістіктер:
a retired officer (зейнетке шыққан офицер), a fallen snow (жауған қар), polluted air (ластанған ауа), lost property(жоғалған зат).
Көсемше төмендегідей сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады:
анықтауыш қызметінде
Көсемше анықтауыш қызметін атқарғанда жай және күрделі түрінде келуі мүмкін. Көсемшенің жалаң түрі өзі анықтайтын сөздің алдында келеді, ал күрделі көсемше өзі анықтайтын сөзден кейін тұрады.
You can make up sentences with givenwords (Сіздер берілген сөздермен сөйлем құрастыра аласыздар).
We know some bacteria only by deseases producedby them (Біз кейбір бактерияларды тек қана олар туғызатын аурулар арқылы білеміз).
I have never met before the flower seen in the forest (Мен орманда көрген сол гүлді бұрын ешқашан кездестірген емеспін).
We were impressed by the performance stagedat the theatre (Біз театрда қойылған көріністен қатты әсер алдық).
Өзі анықтайтын сөзден кейін тұратын көсемшелі конструкция сы анықтауыш бағыныңқылы сөйлемге (ағылшын тілінде сабақтас құрмалас сөйлемнің анықтауыш бағыныңқы сөйлем түрі бар, қазақ тілінде жоқ) қарағанда ағылшын тілінің тілдік нормасына сай келеді.
«The man who is waiting for you ... » (сізді күтіп тұрған кісі ...) немесе «The lecture that was listened to …» (тыңдалған лекция ...)
пысықтауыш қызметінде
Көсемше пысықтауыш қызметін атқарғанда «when, while, if,asif,asthough,though»т.б. жалғаулықтармен келеді. Көсемше
жалғаулықсыз келгенде, пысықтауыш немесе анықтауыш қызме тін атқарады.
Wateredmuch plants grow higher (Көп суарылған өсімдіктер ұзын болып өседі).
Informed in time he was aware of the conference (Уақы тында хабарланғаннан кейін ол конференцияның болатынынан хабардар болды).
Көсемше сөйлемде пысықтауыштың төмендегідей түрлерінің қызметін атқарады:
а) мезгіл пысықтауыш
Whenaskedhe told the story (Сұрағанда, ол әңгімені айтып берді).
When shifted from his post he had to search for another job. (Орнынан (жұмысынан) кеткесін, оған басқа жұмыс іздеуге тура келді).
ә) шартты мағыналы пысықтауыш
The kidnapper, ifcaughtmust be punished and sent to the prison (Егер кісі ұрлаушы ұсталса, ол жазаланып, түрмеде отырады).
She tried not to interfere the neibours unless askedto(Өздері сұрамаса, ол көршілерінің мазасын алмауға тырысты).
б) қимылсын немесе салыстырмалы пысықтауыш Children sat in their places astold(Балалар айтылған жерге отырды).
You must do the task asrequired(Сіздер тапсырманы талап етілгендей орындауларыңыз керек).
He closed his face by his hands as if frightened by light (Ол жарықтан қорқатындай бетін қолымен жауып алды).
в) қарсылықты мағыналы пысықтауыш
Thoughstressedby unexpected news he kept himself tolerant (Күтпеген жаңалық оны қатты таңдандырса да, ол өзін сабырлы ұстады).
The experiment, though worked much at it didn’t give posi tive results (Қанша көп еңбек еткенмен, тәжірибе оң нәтиже бермеді).
Көсемше пысықтауыш функциясында көбінесе әдеби немесе ресми стильде кездеседі.
Еск ер т у. Анықтауыш немесе пысықтауыштың қызметін атқар ғанда, есімше, көсемше формалары бірбірінің орнына ауысып қолда ныла береді.
He received a telegram asking him to participate in the confer ence (Ол өзінің конференцияға қатысуын сұраған жеделхат алды). Asked if he would participate in the conference. He ana lyzed the discussed problems. He analyzed discussing problems(Ол талқылайтын мәселеге талдау жасады).
г) баяндауыш
He seemed hurted(Ол ренжіген сияқты).
The flowers look faded(Гүлдер солған сияқты көрінді). The result is announced (Нәтиже хабарланды).