“Гуманитарлық білім ” факультеті


Мотивацияның өріс дамуының негізгі заңдылықтары



бет8/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#134096
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Мотивацияның өріс дамуының негізгі заңдылықтары


(1 сағат)

Жоспары:

1. А.Н.Леонтьев бойынша мотивтер дамуының механизмдері;

2. Балалардағы мотивтік өріс қалыптасуының негізгі этаптары;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Ананьев Б. Г. О проблемах современного человекознания / АН СССР, Ин-т психо­логии. — М.: Наука, 1977.

2.Братпусь Б. С. Психологические аспекты нравственного развития личности. — М.: Знание, 1977.

3. Гиппеирейтер Ю. Б. Введение в общую психологию: : Учебное пособие для вузов. — М.: ЧеРо, 1997.

4. Ильин Е. П. Мотивация и мотивы. — СПб.: Питер, 2000.

5. Немое Р. С. Психология: Учебник для студ, высш. пед. учеб. заведений: Кн. 1: Общие основы психологии. — 2-е изд. — М.: Владос, 1998.

6. Леонтьев Л. Я. Деятельность. Сознание. Личность. — 2-е изд. — М.: Политиздат, 1977.

7. Рубинштейн С. JI. Основы общей психологии. — СПб.: Питер, 1999.

8. Теплое Б. М. Избранные труды: в 2-х т. Т. 1. — М.: Педагогика, 1985.
Лекцияның мәтіні:

Мотивация ұғымы адамның нақты бір мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесімен түсіндіріледі. Мотивациялық жүріс-тұрыс “Адам нені қалайды?” “Ол неге ұмтылыды?» деген сұрақтарға жауап береді.Адамның талабы әрқашан басым қажеттіліктердің жүзеге асуымен байланысты болады. Адамдар жүріс-тұрысының негізінде белгілі бір қажеттіліктер болады. Қажеттілік-бұл адам бастан кешіретін мұқтаждық қанағаттануы адам тіршілігі,оның жеке адамдық тұтастығын сақтау үшін өмірлік маңызы. Адам тіршілік етуі,дамуы және жетілдіруі өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін құралдар мен белсенділіктерді қажет етеді. Адам қажеттіліктері әр түрлі болады.

Қазіргі кезде қажеттіліктің материалдық (тамақ,киім,тұрғын үй т.б)және рухани (қоғамдық өмірге,еңбекке,қарым-қатынасқа,білім алуға,шығармашылыққа т.б)түрлерін бөліп шығарады.Мұндағы қажеттіліктердің кез-келген жетілуі де шартты болады. Мұндағы қажеттіліктердің кез-келген адамның барлық психологиялық іс-әрекеті,ақыл-ойы,сезімі,еркі құрылытын ең басты негізі болып табылады.

Адам қажеттіліктерінің негізі оның күші,пайда болу кезеңдерімен қанағаттандыру тәсілдермен сипатталады.

Қажеттілік мотивация құрлымында ерекше орын алады. Қажеттілік кез-келген іс-әрекет белсенділігінің бастау көзі болып табылады. Іс-әрекет-сәйкес қажеттілікті қанағаттандыру құралы. Осылайша,қажеттілік іс-әрекет субьектісінің белсенділігінің жалпы бағыттылығын көрсетеді.

Қажеттіліктің заттану процесі дегеніміздің өзі-оның мотивке көшуі (трансформация) .Субьект белсенділігінің бағыттылығы нәтижеге жетуі және жекелеген әрекеттің қасиеті, оның алдында тұрған мақсатқа қалай тәуелділігіне байланысты,мотив іс-әрекетте толық себептендіреді.

Іс-әрекет субьтектісінің осындай тәуелсіздігі,іс-әрекеттің сыртқа себептер субьектіге,ылғи,әрқашан ішкі шарттар арқылы әсер етуінен көрінеді(С.Л.Рубинштейн).

Мотивтер қажеттіліктермен заттала отырып,бұл қажеттіліктер мотивтің бағыттылығын анықтайды.Бір адамның бойында сансыз көп қажеттіліктердің болуы мүмкін емес,бірақ мотивациялық сфераның байлығы олардың әртүрлілігінен және өзара толықтырулардан байқалып отырады. Мотив сферасындағы қажеттіліктердің өзара әрекеттесуі бір-бірін күштейді немесе әлсіретеді,ал олардың өзара қарама-қайшылыққа түсуінің нәтижесі аморальдық нәтижесі жүріс-тұрысқа әкеп соғуы мүмкін.

Жеке адамның мотивациясын анықтайтын шешуші фактор ол өмірлік мақсатқа,мағанасына байланысты танымдық белсенділігі. Мақсат саналы түрде анықталады,яғни болашақ нәтиженің сөз арқылы алдын ала мақтау,әрекеттің бейнеленуі,оның мүмкін болар салдарының,жалғасуының бейнесі, аралық және соңғы нәтижелерінің бейнесі. Мақсат мотивациясының детерминалды ретінде шығады, адамның тікелей сыртқы әсерге қатысты түрде тәуелсіз бола алу қабілеттілігін көрсетеді.

Мотив-бұл адамның белгілі бір әрекет үшін саналы меңгерілген қалыптасуы. Ол адамның өзінің қоршаған жағдайын және алға қойған мақсатын бағалау, ақылға салу, есептеу деңгейіне байланысты мазмұны анықталып қалыптасады.

Мотивация механизмнің дамуын талдағанда адам мотивацияның ерекшелігін алдын-ала анықтау мәселелерінің маңызы зор.Адам мотивациясының төмендегідей бірнеше ерекшкліктері бар;

-Адам мотивациясының шығу тегі әлеуметтік сипатта болады.Оның қажеттіліктерінің заттылығы қоғамдық өндірісінің нәтижесі болып табылады(А.МЛеонтьев,Мильман);

-Адам мотивациясының биологиялық мотивациядан айырмашылығы қоғам қажеттілігінде жауап береді;

-Адам мотивациясына онтогенез барысында арнаулы бағытталған негізгі мазмұнын тәрбие процесі белгілейтін қалыптастырушы әсері зор (Иванчук,Семенов);

-Адам мотивациясы интеллектпен, сөйлеумен тікелей байланысты.(Ковалев,Хекхаузен);

-Адам мотивациясы ерік процестері көмегімен жүзеге асырылады;

-Адам мотивациясының тұрақтылығы,ситуациялығы,функционалдық дербестігі организм қалпына байланысты болады;

-Адам мотивациясының өмірлік алыс мақсаттарға бағытталуы;

-Іс-әрекеттің полимотивациялық сипаты мотивтердің қажеттіліктерге поливалентті қатынасы(Додонов,Имедадзе);

-Икемділігі,өзара ауыспалылығы(Дилитекский).

Осы айтылған негізгі белгілердің арасында маңызды сипатқа ие жеке адамның мотивациялық сферасына оның жүріс-тұрысының полимотивациялық феноменділігі болып табылады.

Полимотивация феномені. Бұлұғым негізінде адам жүріс-тұрысындағы бірнеше қажеттіліктерді анықтау тенденциясы жатыр. Л.И.Божович пікірінше,түрлі обьектіні бір ғана қажеттілік емес,сол обьектіге әртүрлі өзара әрекеттесуші,шиеленісуші,көп жағдайда бір-біріне қарама-қарсы қажеттіліктерді мұғалімдердің қоштауы,өзіндік бағалауының жоғарылауы,жолдастарының назарына ілігуі,болашақ жұмысында шығармашылық жоғары жетістікке жету нақтылы іске асыра алады.

А.Н.Леонтьев концепциясы бойынша; мотивтердің қалыптасу процесі бірқатар қажеттіліктердің затталынуы анықтамасын береді. А.Н.Леонтьевтің қажеттіліктердің дамуы олардың обьектілерінің дамуы арқылы өтеді, деген пікірі қажеттіліктердің бөлек түрі ғана емес,бүкіл жүйесін сипаттайды. Бірқатар қажеттіліктер өз шығу тегі жағынан экзогенді болып табылады.

Полимотивация түрлері. Жүріс-тұрысты анықтайтын түрлі талаптану күштерінің өзара әрекеттестігі мен жиынтығы бірқатар түрлер мен формаларға бөлініп кетеді. Белсенділіктің полимотивациясы кем дегенде екі түрлі жағдайды қамтиды. Біріншіден,нәтижесінде тіркелген тұрақты полимотивацичлық және поливалентті қажеттіліктердің онтогенетикалық орталықтандырылуы және олардың негізінде тікелей дамитын жаңа мотивациялық құрылымында мотивациялық қатынас болады (В.С.Магул). Екінші, нақты ситуациялық жағдайда адамның бір мезгілдік өзара әрекеттесуде немесе қарама-қарсы қажеттіліктерді бастан кешіруде оларды бірден-бір мәмілеге келтіруде қалыптасатын молимотивация.

Полимотивацияның екі жағдайы да өзара тығыз байланысты. Бұл онтогенезде қалыптасқан поливалентті мотивацилық қатынас ситуативті өзара әрекеттестік нәтижесі болып табылады. Бұдан басқа іс-әрекеттің күрделі түрлеріндегі мотивтер арақатынасының толығырақ сызбасын Б.И.Додонов (1978)ұсынды. Бұл схема бойынша іс-әрекет мотивтері келесі шекті құрамымен жүзеге асады:


  • Іс-әрекет процесінің өзінен қанағат алуы,

  • Іс-әрекеттіңғ тікелей нәтижесі,

  • Іс-әрекет үшін сыйлық беру (еңбек ақы,атақ,даңқ),

  • Іс-әрекет дұрыс орындалмаған жағдайларда жазаланудан қорқу-депривация.

Бұл мотивтердің әрқайсысы іс-әрекет мотивациясының жиынына өздерінің үлес салмағын (жағымды,жағымсыз) қосады. Осыған сәйкес полимотивация феноменологиялық сипатқа ие болады.

Сонымен, мотивация-бұл іс-әрекеттің бірнеше түрлерінде жүзеге асатын,адамның қажеттіліктерін анықтайтын мотивтердің жиынтығы ретінде қарастырылатын күрделі психологиялық құбылыс. Адамның іс-әрекетінің әрбір түрі көп мағыналы мотивтерден тұрады. Мотивтердің пайда болуы, өзара қатынасқа түсуі құрылымдық деңгейі нақты адамның тұлғалық ерекшеліктеріне және іс-әрекеттің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

-Жеке адам мотивациялық сферасының кеңдігі; Бұл мотивациялық факторлардың (қажеттілік,мақсат,мотив)әртүрлі сапалығы,яғни адамда әртүрлі қажеттілік,мақсат,мотивтер неғұрлым көп болса,оның мотивациялық сферасы соғұрлым кең болады.

-Жеке адам мотивациялық сферасының икемділігі; Бұл қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру барысында түрлі мотивациялық талпыныстарды пайдалана алумен сипатталады.

-Жеке адам мотивациялық сферасының иерархиялылығы; Бұл жеке адам бойында болатын қажеттілік,мақсат,мотивтердің әрқайсысы өз алдына мотивациялық диспозиция ретінде өмір сүрмейтінін,керісінше олардың бір-біріне бағыныштылығы немесе басымдылық белсенділігімен сипатталынады.


17-лекция

Мотивтелген мінез-құлық жеке тұлға сипаттамасы ретінде


(1 сағат)
Жоспары:

1. Табысқа жету және сәтсіздіктерден қашу мотивациясы;

2. Өзіндік бағалау мен талаптану деңгейі;

3. Билік және аффиляция мотивтерінің көріну ерекешеліктері;

4. Агрессивтілік мотиві мен агрессиясы;

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Ананьев Б. Г. О проблемах современного человекознания / АН СССР, Ин-т психо­логии. — М.: Наука, 1977.

2.Братпусь Б. С. Психологические аспекты нравственного развития личности. — М.: Знание, 1977.

3. Гиппеирейтер Ю. Б. Введение в общую психологию: : Учебное пособие для вузов. — М.: ЧеРо, 1997.

4. Ильин Е. П. Мотивация и мотивы. — СПб.: Питер, 2000.

5. Немое Р. С. Психология: Учебник для студ, высш. пед. учеб. заведений: Кн. 1: Общие основы психологии. — 2-е изд. — М.: Владос, 1998.

6. Леонтьев Л. Я. Деятельность. Сознание. Личность. — 2-е изд. — М.: Политиздат, 1977.

7. Рубинштейн С. JI. Основы общей психологии. — СПб.: Питер, 1999.

8. Теплое Б. М. Избранные труды: в 2-х т. Т. 1. — М.: Педагогика, 1985.
Лекцияның мәтіні:

Қарастырылған мотивациялық факторлар уақыт өте келе жеке адамға етене болатыны соншалық, оның тұлғалық бітістеріне айналады. Олардың қатарына : табысқа жету немесе сәтсіздіктен қашу мотиві, мазасыздану, локустық қадағалау, өзіндік бағалау, талаптану деңгейін жатқызуға болады.

Сонымен қатар жеке адамды тұлға ретінде сипаттайтын оның қарым-қатынасқа деген қажеттілігі (аффилиация мотиві), билік мотиві, басқаларға жәрдемдесу мотиві (альтуризм) және өшпенділік сияқты адамның басқа адамдарға дген қатынасын реттейтін әлеуметтік маңызды мотвтеріне кеңірек тоқтала кетуге болады.

1) Табысқа жету және сәтсіздіктен қашу мотиві. Табысқа жету мотиві теориясы бойынша, адамда іс-әрекет пен функционалды байланыста болатын, табысқа жетуге бағытталған екі түрлі мотив болады. Бұл екі мотивке ие жеке адамдардың жүріс-тұрысының қозғаушы күштері арасында елеулі айырмашылықтар болады.

Табысқа жету мотивін ұстанған адамдар өз іс-әрекеті алдына нәтижесі сөзсіз табысқа әкелетін іс-әрекет түрлерін, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, оған жетуге белсенді ат салысады. Мұндай адамдардың когнитивті сферасында табысты күту, яғни табысқа жету сенімділігі болады. Олар өз іс-әрекетін басқалардың қолдауын, құптауын сезініп, осыған сай іс-әрекеті жағымды эмоцияларға толы болады. Оларға өз ісіне бар күш-жігерін жұмсау, қойған мақсатына бар зейінін шоғырландыру тән болып келеді.

Керісінше, сәтсіздіктен қашу мотиві басым адамдарда іс-әрекеттегі негізгі мақсат табысқа жету емес, сәтсіздіктен қашу болып табылады. олардың бар күш –жігері осы мақсатқа жұмылдырылғандықтан, оларда сенімсіздік, сынға ұшырау, сәтсіздік қорқынышы нәтижесніде жағымсыз эмоция басым болады. Олардың бойында сәтсіздікке ұшырау қаупін үнемі сезінгендіктен іс-әрекетке деген ықыласа төмендейді.

Табысқа жету мотиві бар адамдар, әдетте, өз мүмкіншіліктері мен іскерлік дағдыларына сай іс-әрекет түрлерін таңдап алады. Талаптану деңгейі мен мүмкіндіктері арсында толық теңдік орнаған. Ал сәтсіздіктен қашу мотиві бар адамдар өз мүмкіндігін бағалауда жоғары өзіндік бағалау және төменгі өзіндік бағалау нәтижесінде ең қиын немеес ең оңай іс-әрекет түрін таңдап алады. Олардың бойындағы талаптану мен мүмкіндік деңгейі арасында сәйкестік болмайды.

Табысқа бағытталған адамдар өз алдына қойған мақсаттарына жету үшін барлық мүмкіншіліктерді пайдаланады. Ал басынан сәтсіздікке бағытталған адам өзіне сенімсіздік білдіріп, сыннан қорқады.

2) Аффилиация мотиві. Бұл мотив адамдардың өзара қарым-қатынас кезінде адамдармен жағымды, эмоциялық тұрғыда жылы қарым-қатынас жасауға талпыну реніде көрінеді. Бұған қарама-қарсы адамның басқа адамдар тарапынан шеттетілуінен, өзін қабылдамауынан қорқу мотиві де байқалады. Адамдардың жеке адам аралық қарым-қатынастағы белсенділіг немесе енжарлығы оның бойында аталмыш мотивтердің басымдылығымен айқындалады. Аффилиация мотиві көбіне жеке адамның қоршаған орта тарапынан қлодауға ие болуы және өзіне деген сенімділікті қалыптастырумен қатар өз-өзін бекітуге деген талпынысымен байланысты жүзеге асады.

3) Билік мотиві. Бұл мотив адамның басқа адамдарға үстемдік немесе билік көрсетуге талпынуы.

4) Альтуризм немесе көмек көрсету мотиві. Альтуристік мінез-құлықты адамның қоршаған ортадағы басқа адамдардың жағдайын жасауға бағытталған әрекеттері ретінде түсіндіруге болады. Мұнда қамқорлық көрсету, басқаларды қолдау, қорғау, жайландыру, талпыну мотивтері ретінде көрінеді.

5) Агрессия мотиві. Адамға моральдық , материалдық немесе физикалық зақым келтіретін әрекеттерді агрессия деп атайды. Агрессия тек фрустрацияға деген реакция ретінде ғана емес, басқа адамдарға бөгет жасау, оларға әділетсіздік көрсету, оларды кеміту, зақым келтіру ретінде көрінуі мүмкін.
18-лекция

Базалық қажеттіліктер (физиологиялық қажеттіліктер)
(1 сағат)

Жоспары:

1. Физиологиялық қажеттіліктер;

2. Соматикалық қажеттіліктер аумағындағы Ян зерттеулері;

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Асмолов А.Г. Психология личности:

  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.

  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.


Лекцияның мәтіні:

Роджерс те, Мослоу да адамдардың өзін-өзі жетілдірудегі әлеуеті шексіз деп санағнымен, бұлардың теориясының үш басты айырмашылығы бар. Роджерс – жеке тұлға мен оның мінез-құлқы қоршаған ортаны қабылдауына байланысты дамып қалыптасады десе, Маслоу адамның мінез-құлқы мен тәжірибесі қажеттіліктер иерархиясымен реттеліп отырады дейді. Роджерстен бөлек, Маслоу адам феноменалогиясын ерекшелемеген. Екіншіден Роджерс теориясы ,негізінен , психологиялық проблемалары бар адамдармен жүргізген жұмысының нәтижесінде қалыптасқан. Шындығында, Роджерс адамның өзіндік кемелденуіне негіз болатын терапиялық жағдайларға көңіл бөледі және терапиядан алынғандарын жеке тұлғаның жалпы теориясына ендіреді. Ал Маслоу, керісінше, ешқашан терапиямен айналыспаған және, психология өз назарын ауытқуларды зерттеуден гөрі психикалық тұрғыдан сау адамдарға аударуы қажет дегенді қадағалап айтып отырған. Сонымен, Роджерс адамдардың туа біткен әлеуетін жетілдіруге көмектесетін дамудың нақты формаларын анықтаса, Маслаудың теориясында адамның толық өзіндік кемелденуіне қарай қозғалысын реттейтін даму процестері мүлдем есептелмеген . Оладам өмір сүру желісінің белгілі “күрт өзгеретін кезеңдерінде” қажеттіліктер фрустрациясына ұшырайтынын мойындаса да, оның еңбектері,негізінен, тек ересектерге арналған.

Роджерс адамның бүкіл өмірлік тәжірибесін өзіндік кемелденуіне қалай қызмет ететіне байланысты бакғалайды. Родхжерс теориясындағы тірек ұғымдары:өзіндік кемелдену, феномендік бағдар (әрбір адамның ерекшелігі оның қабылдау ерекшліктерін тікелей байланысты ),субъективті тәжірибенің үстемдігі және

Мен”тұжырымдамасы.Роджерс бойынша , “Мен” тұжырымдамасы “нақты Мен-ді” және “идеалды Мен-ді”(адамдар қандай болғысы келеді және қандай болуы керек) қамтиды.”Мен” тұжырымдамасының дамуы, негізінен,әлеуметтену процесі арқылы

(мәнді басқалар – ата-аналар ,аға-іні, апа-сіңлі,басқа да туысқандар)жүреді. Әрбір адам үшін ең маңыздысы – оны басқалардың түсінуі және жақсы көруі.

Маслоудың гуманистік тұрғысының негізінде жатқан тезис - әрбір адамды біртұтас қайталанбас, ұйымдасқан тұтастық деп қарастыру. Мотивация мәселесі – Маслоудың бүкіл персонологиясындағы ең маңыздысы болып табылады, адамдар өздерінің жеке мақсаттарын іздестіруге мотивтелген. Мотивтелген поцестер жеке тұлғаның гуманистік теориясының діңгегі іспетті. Маслоудың айтуынша, адамның қажеттіліктері иерархиялық жүйеге орналасқан, олар реттілігі бойынша:физиологиялық қажеттіліктер;. сақтану және қорғану қажеттіліктері;топ, қоғам мүшесі болуға, махаббат сезімдеріне деген қажеттіліктер; өзін-өзі сыйлау қажеттіліктері; өзіндік кемелдену немесе жеке тұлғалық жетілу қажеттіліктері.

Маслоудың адам табиғатын зерттеу процесі арқылы ой тұжырымдамаларын төмендегідей сипаттауға болады:

адамдарға денсаулықтықтың , шығармашылықтың , өзін жүзеге асырудың біршама жоғары деңгейіне ұмтылу (тырысу) қасиеті тән;

невроздар өзіндік кемелдену жолындағы бөгет (қоршау) ретінде қарастырылады;

синергетикалық қоғамның дамуы - табиғи және қажетті процесс. Бұл барлық индевидуум бір-бірінің бостандығын шектемей, тұлғалық дамудың жоғарғы деңгейіне қол жеткізетін қоғам;

бизнес және тұлғалық дамудың тиімділігі сәйкес болып табылады. Шын мәнінде өзіндік кемелдену процесі әрбір индевидтің өндірістік жетістігінің жоғарылауына әкеледі.

Психологтардың еңбектеріндегі жеке тұлға психологиясына арналған III тарауда Г.Оллпорттың “Личность в психологии”атты еңбегінен және Г.Айзенктің “Структура личности” атты еңбектерінен жекелеген үзінділер келтірілген.

Адам табиғатына деген көзқарастарды ұсынатын теориялар негізгі алты көрсеткіш ( снеімділігі; эвристикалық құндылығы; ішкі келісімділігі; үнемділігі ; қамту аймағының кеңдігі; функцияның маңыздылығы) бойынша бағаланады.

Жеке тұлға психологиясы - зерттеудің енді дамып келе жатқан өте жас саласы.Тек соңғы елу жылдың ішінде ғана бұл салада айтарлықтай бағыттар пайда болды. Болашақты шығармашылықпен зерттеушілер өздерінен бұрынғылардың интеллектілі қазынасына сүйенетін болады.

Адамға қатысты негізгі ғылыми ықпалдардың мәні олардың жаңа зерттеулерге қаншалықты дәрежеде дем беруімен байланысты. Сонымен бірге өзінің ғылыми мәнділіктерін жойып алмау үшін жеке тұлға теориялары жаңа эмперикалық мәліметтердің жиналу шамасына қарай түзетіліп отырылуы керек.

Адамның жеке тұлғалығына қатысты жаңа зерттеуулер негіізгі бес баағыт бойынша жүзеге асады деп шамаланады:



  1. Танымдық процестерді психологиялық қызмет жасаудан басқа да қырларымен өзара байланысты зерттеу;

  2. Ситуациялық факторлар мен жеке тұлғалық өзгерістердің өзара әрекеттесуі мен олардың мінез-құлыққа ықпалын зерттеу;

  3. Жеке тұлғаның нейрофизиологиялық, биохимиялық және генетикалық егіздерін зерттеу;

  4. Орта жастағы және мосқал адамның жеке тұлғалық дамуын зерттеу;

  5. Адамның тәжірибелі іс-әрекетіне қатысты проблемаларды зерттеу.

Психологиядағы жеке тұлға ұғымы аса күрделі және жан-жақты болғандықтан, Батыс ғалымдарының жеке тұлғаға деген негізгі тұжырымдамаларын қазақ оқырмандарына ұсынуды жөн көрдік. Бұл көзқарастарды екңес психологтарының тұжырымдамаларымен салыстыра талдау келер күннің еншісінде болар.
19-лекция

Махаббатқа қажеттілік пен тиістілік


(1 сағат)

Жоспары:
1. Махаббатқа қажеттілік пен құштарлық;

2. Сүйікті болуға қажеттілік;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:

  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.

  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.


Лекцияның мәтіні:

Физиологиялық деңгейдегі қажеттілік пен қауіпсіздік деңгейіндегі қажеттілік қанағаттандырылған соң махаббатқа қажеттілік, құштарлық, тиістілік қажеттілігі пайда болады және мотивациялық қажеттілік дами береді. Адам достарының, балаларының, сүйгенінің жеткіліксіздігін сезіне бастайды. Ол ыстық достық қатынасты аңсайды, оған өөзіндей қабылдайтын, отбасылық қатынастағыдай әреуметтік топ қпжет. Дәл осы мақсат адам үшін ең мәнді және маңыздығ аайналады, ол алдыңғы мұқтаждығы мен үнемі аштығын, “махаббат” ұғымының өзін күлкілі жексұрындық ретінде қабылдағанында ұмытып кетуі мүмкін. Ал қазір ол жалғыздық сезімінен азап шегеді, өзінің шеттелгендігін қатты уайымдайды, өзінің туыстарын, сүйгенін, досын іздейді.

Көптеген романдардың, автобиографиялық очерктер, поэзия, драматургиялардың, сонымен қатар жаңашыл әлеуметтік әдебиеттердің негізгі тақырыбы ретінде жазылсада, қазіргі таңда бұл қажеттілік жайлы ғылыми мәліметтер өте аз. Бұл негіздемелер балалар психикасына мынадай: отбасының бір мекен жайдан екіншісіне жиі көшуі, туысқандардың жоқтығы немесе оларды жоғалту, отбасынан, достарынан, көршілерінен ажырау, үнемі өзін көшіп келуші, не көшіп кетуші және бөтен сезінуі сияқты факторлардың деструктивті әсері жайлы жалпы түсінік береді. Біз әле ең маңыздысы біз өз Отанымызда, үйде, жақындарымыздың, бізді түсінетіндердің арасында өмір сүретіндігіміз, нақты бір топқа, ұйымға, ұжымға тиісті екендігіміз жайлы көзқарас, ойларға үйренбегеміз.

Біздің психикалық өмірімізде сезімдер ерекше орын алады. Сезімдер – бұл адамның қоршаған,и объектитвтік шындыққа және өзіне-өзінің қатынасының көңіл-күйі. Сезімдер адам өмірінің мазмұнын байыта түседі.

Балаларда сезім туған кезінен бастап аңғарыла бастайды. Сәбидің алғашқы жылауы оның эмоциялық өмірі бастауының көрсеткіші болып табылады.

Жоғары сезімдер рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағтандырмау негізінде пайда болады. Жоғары сезімдер анық байқалатын қоғамдық сипатта болады және адамның қоғамдық өмірінің әртүрлі жақтары мен құбылыстарына қатынасын білдіреді. Жоғары сезімдердің мазмұны , олардың бағыттылығы адамның көзқарасымен, адамгершілік мінез-құлық ерекжелерімен және эстетикалық бағалаулармен анықталады.


20-лекция

Тануға қажеттілік


(1 сағат)

Жоспары:

1. Өзіндік құндылықтарын тану;

2. Бағалау қажеттілігіне қанағаттану;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:

  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.

  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.


Лекцияның мәтіні:

Әрбір адам үнемі тұрақты, өзіндік жетістіктеріндегі жоғары бағалауға мұқтаж, біздің әрқайсымызға бізді қоршаған адамдардың құрметі мен өзімізді-өөзіміз құрметтеу мүмкіндігі өте қажет. Бұл деңгейдегі қажеттіліктер екі сатыға бөлінеді. Біріншісі “жетістікке жету” ұғымымен байланысты талап пен ұмтылу жатады. Адамға меншікті күш қуат түйсігі , адекваттылық, жете білушілік, сенімдер сезімі, тәуелсіздік пен еркіндік қажет. Екінші сатыға атаққа қажеттілік немеес мәртебедегі, назар аударудағы, тануда, абыройды жеңіске жетудегі қажеттілік жатады. Бұл қажеттілкітер жайлы мәселелер Альфред Адлер жұмыстарында тек тұспалдап көтеріледі, оның шәкіртері де Фрейд жұмыстарына тоқталмайды. Бірақта бүгінігі таңда психоаналитиктер мен клиникалық психологтар бұл сатылардаға қажеттіліктерге көбірек назар аударуға әуестенуде.

Бағалаудағы қажеттілікке қанағттану, құремтеу индивидтердегі өзіне-өзі сенімділік, өзінің маңыздылық сезімі, күшіне, адекваттылық және де оның бұл дүниеде қажет екендігіндегі сезіәмдерін тудырады. Қанағаттанарлықсыз қажеттілік, керісінше ондағы өзіне-өөзі төмен санаушылық, әлсіздік, дәрменсіздік, уайымға негіздік қызмет атқаратын, компенсаторлық және невротикалық механизмдер жүреді. Посттравматикалық невроздардың ауыр жағдайларын зерттеуде өзіне-өзі сенімділік сезімінің адамға қанша қажеттілігі және бұл сезімнің жоқтығында адамның қаншалықты дәремнсіз болатындығын түсіну мүмкіндігін меңгеруге болады.

Тәкаппарлық пен менменшілдік жағдайындағы теологиялық пікір-таластар, терең диссоциациясының (немесе өзінің жаратылысымен сәйкес келмеу) көптеген теориялары, философиялық рухтағы Фром ұстанымы, Роджерлік “Мен” зертеулері, Эйн Ренд сияқты эссейстердің жұмыстары, қоршаған орта пікірлері негізінде және адамның шеберлігі мен білімі нақты қабілеттермен байланыс үзгендегі құрылған шындықсыз өзіндік бағалау - өзіндік бағалаудың қатерлі зардаптарын едәуір кеңірек түсінуге мүмкіндік туғызды. Өзіндік баға қоршағандардың жақтауларымен, атақтылық пен даңқтылық мәліметтерімен емес тек лайықты құрметтен өсіп жетілгенде тұрақты және дұрыс болады.


21-лекция

Өзіндік актуалдандыру қажеттілігі

(1 сағат)

Жоспары:

1. “Өзіндік актуалдандыру” терминінің түсінігі;

2. Шындықты түсінуге әртүрлі тәсілдер;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:

  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.

  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.


Лекцияның мәтіні:

Егер адамның барлық аталған қажеттіліктері қанағаттандырылған жағдайда да, біз олардан көпкешікпей қайтадан қанағаттанбағандықты, яғни бейімделген ісінен мүлдем басқасымен айналысқандағы қанағаттанбағандықты күтуге болады. Шыныда, егер өзіндік дүниеде өмір сүргісі келсе музыкант музыкамен, суретші сурет салумен, ақын өлең шығарумен айналысуы керек. Адам кім бола алса (қай маман иесі) сол болуға тиіс. Адам өзінің жаратылысына сәйкес болуы керек екендігін сезінеді. Бұл қажеттілік өзіндік актуалдандырудағы қажеттілік деп атауға болады.

“Өзіндік актуализация” термині Курт Польдштейн табысы болып табылады., ол біршама тар, едәуір ерекше мағынада қолданылады. өзіндік актуалдандыружайлы айтқанда адамның өзіндік жүзеге асыруға, өзіндік потенциаларымен актулизацияға ұмтылуы еске алынады. Бұл ұмтылуды идиосинкразияға (дәрі-дәрмекті қабылдағанда тітіркену, сескену сезімталдығы), ұқсастыққа ұмтылуы деп те атауға болады.

Шыныда да, бұл қажеттілік әр адамда әр түрлі көрінеді. Бір адам тамаша ата-ана болуға, тағы біреу спорттық жетістіктерге, үшіншілері ойлап табуға немесе жаратуға талпынады. Мотивацияның бұл деңгейінде индивидуалдық айырмашылқтар маңын сипаттау мүмкін емес сияқты.

Адам төменгі деңгейдегі қажеттіліктерді қанағаттандырған соң ғана, өзіндік актуалдандырудағы қажеттілікті сезіне бастайды.
22-лекция

Базалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға алғы шарт

(1 сағат)

Жоспары:
1. Базалық қажеттіліктер: сөздің еркіндігі, іс-әрекетті іріктеу еркіндігі; өзіндік көрінудің ерекшеліктері;

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Асмолов А.Г. Психология личности:

  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.

  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.


Лекцияның мәтіні:

Іс-әрекет - адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субъектінің өзара қатынасының динамиалық жүйесі.

Тірі материяның өлі материядан, жоғары формалардың төменгі формалардан айырмашылғы – белсенділікте. Адамның белсенділігі өте көп қырлы.

Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, кез-келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез келген қарапайым іс-әрекеттің актісі субъектің белсенділік формасы болып табылады, сондықтан кез келген іс-әрекеттің қоздырушы себептері бар және ол белгілі жетістіктерге бағытталады.

Іс-әректтің қоздырушы себептеріне мотив жатады. Мотив – субъекттің белсенділігі мен іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы. Мотив іс-әрекетке шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

Мақсат – адам іс-әрекеті бағытталған нәтиженің саналы бейнесі. Зат, құбылыс немесе белгілі әрекет мақсат бола алады. Міндет – белгілі жағдайда берілген (мысалы, күрделі мәселеде) іс-әрекет мақсаты. Кез-келген міндет әрдайым мыналарды қамтиды: талап, көзделген мақсат, жағдай, яғни міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-әрекеттің күрделі түрлерінде, көбінесе міндеттер жеке мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты мақсатқа жетуге болмайды. Мысалы, белгілі маман иесі болу үшін әуелі адам сол мамандықтың теоретикалық аспектілерін оқуы керек, яғни белгілі оқу мәселелерін шешіп, содан кейін осы білімдерін практика жүзінде іске асыру керек.

Қазіргі заман адам әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылданады. Іс-әрекеттің барлық түрін классификациялау мүмкін емес, өйткені адам іс-әрекетінің барлық түрін сипаттау үшін адам қажеттіліктерінің барлығын атап өту қажет, ал адам қажеттіліктерінің саны өте көп. Мұның себебі адамның индивидуалдық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Әрекет – бұл өте ұсақ құрамалардан тұратын күрделі элемент. Осындай жағдай әрбір әрекеттің мақсатқа негізделетінімен түсіндіріледі. Адамның мақсаты әр қырлы ғана емес, сонымен қатар көп масштабты болып келеді. Ірі мақсаттар бар, олар өз алдына ұсақ мақсаттарға бөлінеді.

Әрбір әрекет әр түрлі жолмен орындалады, ол орындау тәсілі операция деп аталады. Әрекетті орындау тәсілі жағдайларға байланысты болады. Әр түрлі жағдайларда бір мақсатқа жету үшін әр түрлі операциялар қолданылуы мүмкін. Жағдайларға сыртқы шарттар мен әрекет етуші субъекті сүскіндіктерін жатқызамыз. Сондықтан іс-әрекет теориясында мақсат міндет деп аталады.

Сөз негізінен екі қызмет атқарады: коммуникативтік, сигнификативтік. Осы қызметтеріне орай сөз тілдесу құралы және ой мен сананың көріну формасы ретінде танылады.

Сөздің негізгі сипаты оның мағынасында, семантикалық мазмұнында екені баршаға белгілі. Баяндалып жатқан сөзді тыңдағанымызда біздің назарымыз оның мәндік мазмұнына аударылады. Адам тілінің әрбір дара сөзі қандай да бір заттың не құбылыстың бейнесі пайда болады.

Сөздің күрделірек қызметтері бар. Ол арқылы заттарды талдап, олардың мәнді қасиеттерін ажыратып, заттарды белгілі категорияларға топтастыру мүмкіншілігіне ие боламыз. Осыдан сөз дерексіздендіру мен нақтылау құралына айналып, қоршаған дүние заттарына байланысты терңде жатқан байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге қолданылады. Сөздің бұл екінші қызметі “сөз мағынасы” терминімен белгіленеді. Сөзді игеру арқылы нақты заттар араласатын адамзаттың көп ғасырлы тарихында қалыптасқан байланыстар мен қатынастарды танимыз, зерттеп үйренеміз. Сөйлесудің және бір қызметі – комуникативтік өрнектеу құралдары мен ықпал жасау құралдарының бірлігінен орындалады.


23-лекция

Эстетикалық қажеттілік


(1 сағат)

Жоспары:

1. Эстетикалық қажеттіліктің ролі;

2. Эстетикалық қажеттіліктің түрлері;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

  1. Негізгі: Асмолов А.Г. Психология личности:

  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.

  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.


Лекцияның мәтіні:

Қоғамның даму үрдісінде адам моралдік талаптармен ғана емес, сонымен қатар сұлулық ұғымдарын басшылыққа ала отырып, қоршаған дүниенің құбылыстарын қабылдау қабілеттелігіне ие болады. Бұл жағдай эстетикалық сезімдердің пайда болуы үшін негіз болып табылады. Эстетикалық қажеттіліктер өте көп қырлы.

Эстетикалық сезімдер – болмыстағы шындықтың сұлулылығын, әдемілігін, әсемдігін қабылдаудан туатын көңіл-күйі. Эстетикалық сезім табиғат көріністерінен, әуезді әуендерден, әсерлі оқиғалардан, өнер туындыларынан пайда болады.

Адамның эстетикалық сезімі өз ортасында, тарихәлеуметтік жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Эстетикалық сезімі жетілген адам табтғат сұлулығын қабылдап сүйсінеді. Адамның қоғамға, дүниеге көзқарасы эстетикалық сезімімен астарласып жатады.

Эстетикалық сезімдер деп әдемі заттар мен құбылыстарды қабылдаумен байланысты, ол туралы елестетулермен және ойлармен байланысты адамның көңіл-күйінің жағымды сезімдерін айтамыз. Н.Г.Чернышевский эстетикалық сезімдердің адамның көңіл-күйінде алатын орнын бағалай келіп былай дедеі: “Біз сұлулықты шексіз сүйеміз, біз сүйсінеміз, оған шаттанамыз ...”

Эстетикалық сезімдер бізде алдымен қоршаған дүниенің құбылыстарымен, табиғатпен және оның өмірімен, іс-әрекетімен пайда болады. Н.Г:Чернышевскийдің анықтамасы бойынша, “Сұлулық дегеніміз - өмір”. Бізді қоршаған дүние және өмір онда әртүрлі байқалады. Сондықтан да адамның эстетикалық сезімдері ерекше алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Эстетикалық сезімдердің тамаша қайнар көздеріне – сазды, бейнелеу өнерін, поэзияны және т.б. жатқызуға болады. өнер шығармаларын жасаудаға адамның шығармашылық қызметі негізінен эстетикалық қажеттіліктер арқылы ынталандырылады. өнер шығармалары адамдардың санасына негізінен эстетикалық сезімдер арқылы әсер етеді. өнер мен әдебиет шығармаларында шындықты неғұрлым терең, толық және әділетті бейнелесе, солғұрлым адамдарда эстетикалық талғамды көп қалыптастырады және бұл шығармалар эстетикалық көңіл-күйдің қайнар көзі және эстетикалық тәрбиенің құралы ретінде бағаланады.

24-лекция

Оқыту тараулары (рубрификация)
(1 сағат)

Жоспары:

1. Оқыту классификациясы (жіктелуі);

2. Оқытудағы үйрету процесі;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Асмолов А.Г. Психология личности:

  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.

  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.


Лекцияның мәтіні:

Мұғалімнің ерекше кәсіптік және қоғамдық қызметі өз тәрбиенелушілшерінің, ата-аналарының, бүкіл жұртшылықтың тарапынан иұғалімнің жеке басына, оның моралдік бейнесіне орасан зор талаптар жүктейді. Ең бірінші білікті мұғалімге қойылатын талап – педагогикалық қабілеттің болуы.

Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық саласына да өте қажет, ал мұғалім үшін ол ұстаздық дарындылыққа жетудің жолы, педагогикалық еңбекте шешуші орын алады. Мұғалімде педагогикалық бейімділіктің болуы – оның еңбектегі нәтьижесінің кепілі. Педагогикалық қабілет пен мінез-құлық қасиеттері мектептегі кезден-ақ біртіндеп көріне бастайды да педагогикалық инутитуттарда әрі қарай дамып, жетіледі.

Демек, идеалдық жағдайда педагогикалық қызмет пен мамандыққа бейімділік аңғартқан, дарынды, қабілетті адамдар айналысуы қажет.

Педагогикалық қабілеттілік (талант, мамандықты сую, нышан) педагогикалық мамандықты ойдағыдай меңгерудің шарты болып табылады, бірақ шешуші кәсібі деп қарастыруға болмайды. Қанашама адам айқын нышанды аңғартып, мұғалімдік мамандыққа үміткер болғанмен, шын мәнінде, педагог болып шыға алмайды, керісінше, алғашында жеткіліксіз қабілеттілік аңғартқан ұстаздар кейіннен педагогиккалық щеберліктің шыңына жеткені қанша? Сондықтан да педагогтың қажетті кәсіби сапаларына еңбексүйгіштігін, тәртіптілігін, жауапкершілігін, мақсат қоя білу іскерлігін, жетістікке жету жолын таңдай білу, ұйымдастырушылықты, табандылықты, өзінің кәсіби деңгейін арттыруды және т.б. жатқызуға болады.

Психологтар - профессиограмманы негіздеуде педагогикалық қабілеттіліктердің түрін анықтауға көңіл бөледі.

Педагогикалық қабілеттіліктер – шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімнің жоғары нәтижелерге жетудің шарты болып табылатын жеке тұлғаның белгілі психологиялық ерекшеліктері.

Педагогикалық қабілеттілктерде жеке тұлғаның коммуникативтік қасиетері жетекші рол атқарады, ең алдымен, қабыладу саласына қатысты перцептивтік (олардың ішінде-бақылағыштық) қабілеттелік. Олар мұғалімге шәкірттің психологиясын, жан дүниесін, оның психикалық жағдайын нақты жағдайда соғанг сәйкес қабылдауға, сынып ұжымының жағдайын дұрыс бағалауға мүмкінш жасайды.

Мұғалімнің коммуникативтік қасиеттерінің құрамды бөлігі эмпатияға даярлығы, демек, шәкірттердің психикалық жағдайын түсінуге ұмтылуы деп білеміз. Осының қажетті шарты – балаға жүрек жылуы. Ең соңында, мұғалімнің коммуникатитвтік қасиетінің үшінші бөлігі әлеуметтік өзара әрекеттегі жоғары дамыған қажеттілік деп есептеледі, ол білім беруге ұмтылуды, балалармен қарым-қатынасты, балалар ұжымының өмірі мен қызметін дұрыс ұйымдастыру қажеттілігінен аңғарылады.

25-лекция

Психотерапия, денсаулық және мотивация


(1 сағат)

Жоспары:

1. Инсайт – терапия;

2. Жеке тұлғаның өсуі мен психотерапия байланысы;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:

  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.

  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.


Лекцияның мәтіні:

Патологиялық өзгерістер туралы айтпастан бұрын қалыпты жағдайда түйсік пен қабылдау не екеніне қысқаша тоқталайық.



Түйсік (ощущение) - адам танымының төменгі сатысы, заттардың жекеленген сапасы мен қасиетін бейнелейді. Егер жабық көзімізбен металдан жасалған затқа жанассақ, онда біз бұл заттың «суық», «катты» екенін айтамыз. Осы сездер арқылы түйсіктік сезінуіміз білінеді.

Қабылдау (восприятие)—күрделі процесс. Ол затты бүтіндей, тұтас және оның жекеленген қасиеттерінің қарым-қатынасында сипаттайды. Біз «кілт» деген кезде тұтас заттың бейнесін қабылдаймыз. Қабылдау күрделі процесс бола тұра адамның өткен тәжірибесі мен пікір айтуынан құралады. Сол себептен әрине «кілт» деген сезді ересек адам мен бала әр түрлі дәрежеде қабылдайды. Елестету (представление)—қабылдауды еске түсіру. Мысалы, кілтті қолда ұстаған жәпе керген кезде оны тұтас зат ретінде қабылдайды. Кілт жоқ кезде, «кілт» деген сез айтылса, оның бейнесі елестейді. Сонымен, елестету түйсік пен қабылдау сияқты айналадағы. объективті түрде бар дүниені бейнелейді.

Пәлсапалық тұрғыдан түйсік пен қабылдау айнала-ны танудың бірінші сатысы болып саналады. Материалистік пәлсапалық тұрғыдан тану процесінің үш сатысы бар: біріншісі — айналадағы ортаны тікелей тану меңзей қарау арқылы (бұл сезіну мен қабылдау арқылы); екіншісі — қорытындылау, абстракты ойлау, үшіншісі — тәжірибе.

Физиологиялық тұрғыдан сезіну анализатор рецепторларын (ұштарын) тітіркендіруден басталып, онан әрі ми кыртысындағы анализатор орталығы қозуының қорытындысы ретінде пайда болады. Қабылдау кезінде бірнеше анализаторлар қатынасады. Мұнан басқа шартты рефлекстік байланыстардың да мәні зор.

Психологиялық түсініктермен қысқаша танысқаннан соң олардың патологиясын анықтауға көшейік.



Гиперестезия — калыпты жағдайдағы табиғи, бейтарап тітіркендіргіштердің әдеттен тыс өткір және айқын қабылдануы. Бұл жағдайда күндізгі жарық соқыр қылады, кәдімгі дыбыстарға шыдау қиындап, иістер өткір түрде қабылданады. Мұндай өзгерістер катты шаршағанда, жіті аурулардың басы мен соңында болады.

Гипостезия — гиперестезияға қарама-қарсы құбылыс. Айналадағы ортаны анық емес, көмескі қабылдау.

Анестезия — сезімталдықтың толық жойылуы.

Сенестопатиялар — адам денесінің әр бөлігінен (тері астында, бұлшық еттердің ішінде, кілегей қабатта) білінетін әр түрлі, ұнамсыз, ауыр сезімдер. Аурудағы мұндай сезімдерді анықтау кейде қиындыққа соқтырады. Ауру өзінің сезімдерін білдіру үшін «күйдіріп барады, басып тұр, қытықтайды, құйылып жатыр, тарсылдайды» деген сияқты сездерді қолданады. Осындай жағдайда аурудың сенімді түрдегі шағымына қарамастан олардың ішкі ағзаларында ешқандай өзгерістердің жоқ екенін объективті түрде жүргізілген зерттеулер керсетеді.

Қабылдаудың бұзылуына сағым мен елестеушілік жатады.



Сағым (иллюзия)— айналадағы заттар мен құбылыстарды жалған және қате түрде қабылдау. Қиял жағдайында айналадағы нақты заттар мен құбылыстар ез герген түрде қабылданады. Мысалы, иттің үргені адам-ның жылағаны сиякты кабылданады, не бір түп ағаш - адам сиякты болып көрінеді.

Сағым сау адамдарда да болады. Оның пайда болуына адамның қоркуы, күтуі, шаршауы, алаңғасарлығы әсер етеді. Түнде көшеде келе жатканда бір түп ағаш пен бағана адам болып көрінеді. Біреуді күтіп отырған жағдайда бөтен дыбыстар сол адамның жүрісіндей болып білінеді. Мүндай сағымға аффектер (қорқу, куану т. б.) әсер етеді. Сондықтан олар аффектогендік сағымдар деп аталады.

Физикалық заңдылықтарға байланысты да сағымдар пайда болады. Оларды физикалық сағымдар дейді. Суы бар стақандағы қасық сынық болып көрінеді. Трамвайдың терезесінен қ^рағанда тротуардағы адамдар ұзын не қысқа болып көрінеді.

Сағымның мысалы ретінде темендегіні келтіруге болады. Жағылмаған бөлмеде отырған адам салқындыкты сезіп тоңады. Егер осы бөлмеге аязды даладан кірсе, ол онда жылы болып көрінеді. Егер адам бір колын ыстық, ал екіншісін суық суға салса, онан соң екі қолды бірден жылы суға салса, онда суық суда болған кол судың жылылығын сезінеді, ал ыстық суда болған кол бұл судың суық екенін қабылдайды. Міне, осындай физиологиялық заңдылықтарға байланысты пайда болатын кұбылысты физиологиялық сағымдар дейді.


26-лекция

Психотерапия және адамдар арасындағы жақсы қатынас


(1 сағат)

Жоспары:

1. Өзара қарым-қатынастың үш стилі;

2. Психотерапевт жекелігі психотерапияда негізгі факторлар;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:

  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.

  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.


Лекцияның мәтіні:

Қарым-қатынас әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Соған қарамастан, жалпы психологиялық теория үшіноның мәні ерекше, қарым-қатынас мәселесі психология ғылымдарының негізгі ұғымдарының бірі ретінде тез арада жетекші орындардың бірін ала бастады.

Психологияда қарым-қатынас мәселесін зерттеудің өз дәстүрі бар және психологияда аталған мәселені зерттеудің үш кезеңін атап көрсетуге болады.

1) В.М.Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық факторы ретінде қарым-қатынастың ролі туралы мәселені көтереді. Бірақ Бехтеревте қарым-қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жұмысының нысанасы болған жоқ. Қарым-қатынастың психикалық үрдістер мен атқаратын қызметіне әсер теудің тек қана нәтижелік жағы қолданылады.

2) 70-жылдарға дейін қарым-қатынас мәселесін талдауда теориялық-философиялық көзқарас ерекше кең тарады. Қарым-қатынас ұғымы әлеуметтік себептілік, адам психикасының ролі жеке тұлғаның әлеуметтенуі туралы қағиданың негіздеу үшін қолданылды. Мәселен, Л.С.Выготскийдің еңбектерінде қарым-қатынас адамның психикалық дамуының факторы, оны реттеудің шарты ретінде негізгі орынды алды. Бұл кезеңді қарым-қатынастың ролі мен атқаратын қызметін теориялық талдау кезеңі ретінде сипаттауға болады.

3) 70-жылдары қарым-қатынас психологиялық зертеулердің дербес саласы ретінде қарастырыла бастады. Бұл кезең психологияда қарым-қатынас мәселесінің шын мәнінде дүниеге келген кезеңі болып табылады.

Қарым-қатынас – бұл біріңғай іс-әрекетттің қажеттіліктерінен туындайтын адамдар арасындағы байланыстың дамуының жан-жақты үрдісі.

Қарым – қатынас оның қатынасушыларының арасында ақпарат алмасуды қамтиды, ол қарым-қатынастың коммуниктивтік жағы ретінде сипатталады. Қарым-қатынастың екінші жағы – қатынасушылардың өзарар әрекеті, сөйлеу үрдісінде тек сөздермен емес, сонымен қатар әрекеттермен, қылықтармен алмасады. Ең соңында қарым-қатынастың үшінші жағы – қарым – қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауын қарастырады. Қарым-қатынас және іс-әрекет бірі мен бірі байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа адамдармен қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым-қатынас жасайды, жақындасады, өзара түсінісуге қолы жетеді, ақпарат алады және т.б. Шын мәнінде, қарым-қатынас үрдісінде қатысы болмайтын адамға тән психикалық құбылыстарды табу өте қиын. Қарым-қатынас, іс-әрекетпен бөлінбес байланыста, жеке тұлға адамзаттың жасақтаған нәтижесін меңгереді.

Қарым-қатынас – адамдардың бір-бірімен байланысы,оның барысында психикалық байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзарар әсер ету, өзара көңіл білдіру, өзара түсінісу түрінде аңғарылады.

Соңғы жылдары ғылымда “қатынас” ұғымымен қатар “коммуникация” деген ұғым қолданылады. Коммуникация көлемі жағынан кең мағынада қолданылады. Қарым-қатынас – адамдар арасында ақпарат алмасу. Адам өзінің іс-әрекетінде және күнделікті тұрмысында басқа адамдармен әруақытта да қарым-қатынаста болады. Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады.

Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойларын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым – қатынасында әрбір адам білімінің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады, беру және алу негізінен тілдің көмегімен іске асады.

Сонымен, сөйлеу – бұл тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым–қатынас үрдісі.

“Сөйлеу” және “тіл” ұғымдары кей жағдайда бір мағынада қолданылады. Бірақ бұл ұғымдардың мағыналарын шатастыру дұрыс болмас. Сөйлеу мен тіл бір-бірімен тығыз байлаынсты, бірақ бұл екеуі бір ұғым емес.
27-лекция

Жақсы адамдық қатынас психотерапевтік әсер ету ретінде


(1 сағат)

Жоспары:

1. Адамдық қатынас түсінігі;

2. Психотерапевт ролі;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:

  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.

  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.


Лекцияның мәтіні:

Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етуші факторлардың бірі психологиялық үйлестік (үйлесімсіздік). Көп жағдайда адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірін-бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұндай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар арасында біршама ұнамды қызметтік қатынас болмағанымен, уақыт өтумен бірте-бірте өрім түскен арақатынастағы жеке психологиялық үйлеспеушілік олардың ресми байланыстарының кедергісіне айналады.

Адамдар арасындағы қатынастардың өзгеруіне мүмкін болар себеп – бұл нақты адамдар қатынастарының туындап, дамитын әлеуметтік психологиялық орта сипатының ауысуы. Екі немесе одан да көп адамдар бірін-бірі өте қажетсінеді, орталарында толық психологиялық үйлестік болған, бірақ кенеттен өзгерген әлеуметтік-саяси жағдай оларды әртүрлі партиялар мен ағымдарға енуінен екі жікке бөліп тастайды. Мұндай жағдай жастарда кездесіп тұрады: өзарар келісімді жас жұбайлардың өмірі кенет олармен психологиялық үйлесім таппаған жақын туыстарының ықпалынан құрдымға кеетді. Мейлі, бұл жас жұбайлар арарсындағы қатынас кейін ресми бекінгенмен, тату-тәтті туысқандық қатынастар арасындағыдай шапағатты жалғасын табуы қиын.

Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор – бұл адамдардың жас деңгейі. Өмір бойы топтаған тұрмыстық-әлеуметтік тәжірибе адамға, оның төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерін тигізбей қоймайды. Жас деңгейі әртүрлі адамдардың бір оқиғиғаға болған бағасы бірінен бірі алшақ болуы әбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық келіспеушілік те соншама болады. Мысалы, жастардың киімі, өнер талғамы үлкендерге ұнай бермейтініне бәріміз де куәміз. Бұл жағдай әулеттер арасындағы қатынастардың мән-мағынасына өз әсерін білдірмей қоймайды. Ал осы төңірегіндегілермен болған өз қатынасының сипатын адам өзі сезе ала ма, не сезбей ме? Бұл сұраққа жауап бірнеше жағдайларға тіреледі. Біріншіден, бұл нақты адамның ой-өріс (сана-сезімі) даму деңгейіне байланысты. Ақыл-есі біршама жетілген адамдар өздерінің төңірегіндегілермен қатынсын жақсы түсініп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары дамыған рефлекстік қабілетті керек етеді (қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигналдарды жан-жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап бере алу).

Екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді. Егделер балаларға қарғанда өзара қатынасты дәлірек пайымдайды, ұнамды не біржақты келеңсіз қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да орынды сезінеді. Өмірде екі ұшты немесе амбиваленттік және өз ішіне ұнамды да, жағымсыз да сипаттарды бірдей қамтыған қарама-қарсылықты қатынастарды бағалау күрделірек келеді.

Адамдар арсындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам өміріндегі маңызына қарай да бағаланады. Қарым-қатынас адам үшін неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым дәлсіздіктер жіберілуі мүмкін. өзінің төңірегіндегілермен байланысына аса үлкен мән берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім келеді. Керісінше, кім де кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондайда қарсыласын түбін түсіре жамандауға ниеттенді де тұрады.

Әрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшеліктер бар. Кейбір ой-сезімі толысқан, парасатты адамдар өзарар қатынастарды жан-жақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабілетті, екінші біреулердің жалпы ой пікір айтуға тіпті өрісі жетпейді, ал үшіншілері төңірегіндегілердің өзіне деген бағасын бірде дұрыс түсінсе, бірде оған сана-сезімі жетпей қалады.

Адам аралық қатынастар толық қалыптасып, орныққаннан былай біркелкі тұрақты қалыпқа келеді. Егер де қатынастарға тән осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар: мемелекет, мекеме және топтар түзілмес еді. Себебі қауымдық бірлестіктердің негізі жалпы адамдардың өзара қатынасының тұрақтылығымен біртекті болжамға келуінде. Ал жеке тұлғалар арасындағы өзара байланыстар тұрақтылық дәрежесінің біршама кемдігімен ерекшеленеді.

Үлкен әлеуметтік топтардағы қызметтік, ресми қатынастар өзінің күшті мызғымастығымен байқалады, кіші топтағы байланыстар да біршама осылай, ірілі-кішілі қауымдастықтардағы қарым-қатынастар көптеген өмірлік маңызы зор факторларға тәуелді, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы қатынастарды өзгерте бергенді онша құптамайды. Егер күнара субъекттердің ниетіне орай төңкерістер бола берсе, қоғам аласапыран таусылмай кетері баршаға аян.

Жеке адамдар арасындағы қатынастар өте нәзік те үзілгіш келеді, себебі нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерінің құбылмалы көңіл-күйіне тәуелді. Уақыттың өтуімен, жастың егде тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседі, балалық пен жас өспірім шақтағы адамдар арасындағы бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның ішкі дүниесі сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлай түспей, өз қалауын таңдай алу қабілетіне жетеді. Қатынастардың тұрақталуының және бір жөні адамдар бірін-бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көнігіп, өзара үйлесімге бейімделуі.

Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара слау өте қиын. Көп жағдайда, тым жақсы басталған таныстық қапелімде, үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады: алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнтапай жүрген адамына бара-бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бір-біріне адлғашқы танысудан берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды.

Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі. Ден сау, көңіл көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынас та жақсы, үйлесе түседі. Көңіл-күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да әбігер күйде түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.

Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық, ақкөңілділік, үйіршеңдік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік – қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.

Ой-өрісі кең дамыған, тәжірибесі бар адамдар өз қатынастарын меңгере алады, бірақ бұл көптің қолынан келе бермейтін іс, себебі көп жағдайда аралық қатынастардың мәнін соларды түзуші адамдардың өздері де түсіне бермейді, ал түсінбеген затты саналы басқару мүмкін емес.

Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан, адамның оларды басқару қабілеті де артады. Мұндайда адамға жәрдемге келетін оның даралық еркешеліктеріне қосымша өмірлік тәжірибесі. әрқашан адам аралық қатынастарды жеңіл де ұтымды реттейтін – адамдар арсындағы кәсіби қызмет бабымен жұмыс жүргізетін, сендіре әңгіме айтып білетін, әлеуметтік жетекшілікке ыңғайлы мамандар болады, мысалы: саясаткер, мекеме және өндіріс басшылары, мұғалімер, дәрігерлер мен актерлер. Адам аралық қатынастарға ықпал жасай білу қабілетін қатынастар психологиясын үздіксіз үйрену арқылы жетілдіре, дамытып баруға болады.
28-лекция

А.Г.Асмолов бойынша жеке тұлға дамуына жағдай мен қозғалыс күші


(1 сағат)

Жоспары:

1. Орта, тұқымқуалаушылық және жеке тұлға дамуы;

2. Тұрмыс қалпы, адамның индивидуалдық қасиеттері, бірлескен іс-әрекет – жеке тұлғаның қоғамдағы өмірлік негіздеулері мен алғы шартары;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:

  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  5. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

  6. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  7. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.

  9. Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Санкт – Петербург., 2001.


Лекцияның мәтіні:

Мінез деген - адамның іс-әрекетінде және мінез-құлқында тұрақты көрініс беретін жеке ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез адамның барлық тіршілігіне әсерін тигізіп тұратын қасиет болғандықтан типологиялық зерттеулерді мінез сипатынан бастаған.

Адамға мінездеме бергенде оның не істегенін ғана айтып қоймай жұмысының сапасын, басқа адамдармен қарым-қатынасын ерекше көрсетеді. (қалай орындағаны үлкен роль атқарады). Біреулер жалқау, ұяң, бірақ сиысымды, көпшілікті сыйлайды, ізеттілік көрсетеді. Ал біреулер іскер, қатал, тілектестік білдіреді, бірақ жұмысты сапалы орындауды талап етеді. Үшіншілер аз нәрсені шала істеп оны жұртқа түгел мәліметтеп шығады, басқалардың табысын көре алмайды, ашушаң, ызақор, сыйымсыз болады.

Басқа адамға ескерту бергенде басшылардың кейбіреулері жылатып айтады, ал біреулері кеңес беріп, тез үйренуге жәрдемін тигізеді. Адамның жекелік қасиеттерінің барлығына мінез үлкен әсерін тигізіп, оның жалпы адамгершілігін, іскерлігін, қарым-қатынасқа икемділігін, сыйысымдылығын анықтап отырады. Мінез адамның барлық психикалық қасиеттерімен тығыз байланысты, сондықтан оның ерекшеліктерін көптеген жекелік қасиеттердің көрінісі бойынша сипаттауға болады.

Егер адамды танитын, білетін болсаңыз ол өмірдің әр түрлі жағдайында қандай мінез көрсететінін болжамдап айтуға болады. Мінез-құлықты басқаруға, оны басқаларға ыңғайлы, сыйысымды етіп, дұрыс жол көрсетіп отыруға болады. Сондықтан мінез тәрбиеленетін қасиеттерге жатады. Адамдардың мінез-құлқы тарихи-әлеуметтік жағдайға байланысты көрініс береді. Мысалы: өзінің намысын, отбасының намысын қорғау үшін дуэльге шақырып, намысына тиген адамға қастандық, қатыгездік көрсетіп, оны атып тастаған. Вендетто - қанға-қан, жанға-жан деген кек алу дәстүрі т.с.с. қалыптасқан әдет-ғұрып кеңінен орын алады. Қазіргі кезде цивилизацияның дамуымен байланысты ең үлкен құндылық адам өмірі болып саналады. Сондықтан адам өміріне қауіп туғызу немесе өлтіру ең үлкен қылмыс болып есептеледі. Сондықтан өрескіл мінез көрсеткендерге дәл сондай дөрекілік көрсетіп, балағаттап немесе басқа түрлі қастандықтар көрсету кеңінен орын алады. Оның барлығы мінездің теріс көрсеткіштері, сыйысымсыздық, арамзалық деп бағаланады.

Адамның мінезінің қалыптасуына отбасы, қоршаған ортадағы жетекші салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, өзінің қарым-қатынас жасайтын кіші тобы, сынып оқушылары, группадағы студенттер, жолдастар мен достар, оқыған кітап, көрген кино кейіпкерлері үлкен әсерін тигізеді. Өйткені адам басқаларға қарап, олардың тәжірибесін меңгеріп адам болады.

Мінез детеминиз ұстанымына сай барлық психикалық қасиеттермен тағыз байланысты. Мінезге темпераменттің тигізетін әсері өте үлкен. Холериктің жеңілтектігі мен қызбалығы, сангвиниктің сөзшеңдігі, флегматиктің байсалдылығы, меланхоликтің тұйықтығы мен ұстамадылығы мінезге әсерін тигізіп тұрады. Мінез бен темпераменттің өте тығыз байланыстылығы психиканың динамикалық ерекшеліктерімен анықталады. Дегенмен темпераментті өзгертуге болмайды, ал мінез тәрбиеленеді. Холерик пен сангвиникке белсенділікті, шығармашылық қасиетті қалыптастыру оңай, ал флегматик ерінбестен оның бәрін меңгеруге шамасы келеді, меланхоликке ашық-жарқын болу өте қиын. Осы ерекшеліктерді ескерсе отырғанда тәрбие нәтижелі болады. Мінез - тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесі.

Психолог өз қызметін ұйымдастыру үшін психолог басқа адамдардың мінезін біліп, ол адамның неше түрлі жағдайларда өзін қай жағынан көрсететінін болжамдауға болады. Сондықтан мінез ерекшеліктерін біліп алу негізінде ол адамды тәрбиелеуге, жекелік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік туады.

Мінез өзі өте күрделі психикалық қасиет. Ол бірнеше көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан жеке тұлғаға мінездеме бергенде оның ерекшеліктерін басқалармен салыстыра отырып қарама-қарсы көрсеткіштермен сипаттайды: кеңпейілді - іші тар; жеңілтек - байсалды; адал - арам; сыйысымды - сыйысымсыз; қорқақ - батыл, сезімтал - қатыгез т.с.с. Бұл жеке көрсеткіштер мінездің құрамды бөліктері, оның көрсеткіштері болып табылады. Осы көрсеткіштердің ішінде біреу жетекші, доминанта болады. Адамды бағалағанда сол доминантасы бойынша мінездеме береді.

Мінездің барлық көрсеткіштері бір-бірімен тәуелді байланыста. Сондықтан егер адам қорқақ болса ол көп жерде белсенділік көрсетіп жүруі өте қиын. Қорқақтың сыйсымдылығы, басшыларға ерекше ізет көрсетіп, иланушылық (ұйып сенуі), тілалғыштықпен көзге түсіп жүруі мүмкін. Олар өте сараң, материалдық байлықты қорғау үшін басқаларды сатып кетуі, сөзінен айнып кетуі жиі кездесіп тұрады.



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті



«Гуманитарлық білім» факулътеті


«Педагогика және психология» кафедрасы

«Жеке адам психологиясы» пәні бойынша
050103 «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттері үшін
Семинар сабақтары


Жетісай – 2007 ж.
10. Семинар сабақтарының жоспары





Тақырыптардың мазмұны мен бөлімдері





Сағат саны

Әдебиеттері

1

Жеке тұлғаның психодинамикалық теориясы

1. Либидо;

2. З.Фрейд бойынша жеке тұлға дамуының кезеңдері;

3. Ид, эго, супер эго;



1

2,3,5,6,8

2

Жеке тұлғаның психоаналитикалық теориясы

1. Архетиптер;

2. Ұжымдық санасыздық,

3. Экстроверсия және интроверсия;



1

2,3,5,6,9,10

3

Жеке тұлғаның гуманистік теориясы

1. “Клиникалық” және “мотивациялық” бағыт;

2. Өіндік актуалдылық;

3. А.Маслоу бойынша мотивацияның бес деңгейі;

4. “Мен” құрылымы, біртұтас жеке тұлға сипаттамасы;


1

2,3,5,6

4

Жеке тұлға когнитивтік теориясы

1. Жекелік құрылым;

2. Супердинаттық және субординаттық құрылым;

3. “Ядролық” және перифериялық құрылым;



1

1,2,3,5

5

Жеке тұлға мінез-құлық теориясы

1. Рефлекторлық және әлеуметтік бағыт;

2. Рефлекстер және әлеуметтік дағдылар жеке тұлға элементтері ретінде;

3. Өзіндік тиімділік;



1

1,2,3,6,9

6

Жеке тұлғаның іс-әрекеттік теориясы

1. Іс-әрекетті жеке тұлға дамуының бастауы ретінде;

2. Интериоризация;

3. Предметтік және субектілік іс-әрекет сипаттамасы ретінде;



1

2,3,4,5,6,7

7

Жеке тұлға диспозиционалдық теориясы

1. “Қатаң”, “жайлы” аралық бағыт;

2. Кескін теориясы;

3. Жеке тұлғаның формалды динамикалық және маңызды қасиеттері;



1

1,2,3,4,5,6

8

Адамның психикалылық дамуының факторлары

1. биологиялылық және қоршаған орта факторлары;

2. Қазіргі психогенетиктер;

3. Психикалық дамудың сатылылығы мен үздіксіздігі;



1

1,2,3,4,5,6,7

9

Психикалық дамудың кезеңділігі

1. Дамудың гетерехрондылығы;



  1. Сензитивтік және сыни кезеңдері;

  2. Адамның өмірлік циклінің кезеңдері;

1

2,3,4,5,6

10

Когнитивті даму кезеңдері

1. Ж.Пиаже кезеңдері;

2. А.Валлон бойынша балалар даму сатысы;

3. Л.Колберг бойынша өнегелі даму деңгейі;

4. З.Фрейд, Э.Эриксон, Д.Б.Эльконин бойынша адамның жекелік даму кезеңдері;


1

2,3,5,6

11

Өмірлік бағыт жолын іріктеу мен жоспарлау

1. Өмірлік бағыт мәселе ретінде;

2. Өмірлік жоспарлар мен өмірлік сценарий;


1

3,4,5,6,7

12

Психологиялық портретті қалай құру керек

1. Жалпы түсінік;

2. Психологиялық портретті құруға тесттік тапсырмалар а) Темперамент құрылымын анықтайтын сұрақ-жауап әдісі; б)Г.Шмишектің сипаттамалық сұрақ-жауап әдісі;


1

2,3,5,6,8,9

13

“Еркін сурет” тесті

1. Көріну түрін анықтау;

2. К.Юнг бойынша психологиялық типтер интерпретациясы;


1

4,5,6,7,8

14

“Адамның геометриялық фигуралардан құралған суреті” тесті

1. Теориялық мәліметтер;

2. Орындау ережелері;


1

5,6,7,87,9,10

15

Сіздің көңіл-күйіңіздің түсі тесті

1. М.Люшердің түстік іріктеу тесті;

2. Тестілеу нәтижесінің интерпретациясы;


1

1,2,3,4,5,6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет