1.Тіл (дайындық) жаттығулар
2.Сөз жаттығулар (творчестволық жаттығулар)
Тіл (дайындық) жаттығуларының мақсаты – мәтінді тыңдаудың алдында лингвистикалық және психологиялық қиындықтарды алдын ала жою. Сонда ғана оқушылар тыңдау барысында назарын мәтіннің мазмұнына аударады.
Тіл жаттығуларын орындау нәтижесінде мына төмендегі іскерліктер қалыптастырылады:
а) тыңдап отырған хабардағы таныс емес құбылыстарды анықтау, оларды бір-бірінен ажырату және түсіну іскерлігі;
ә) дыбыстық бейнелерді мағынамен ұштастыру іскерлігі;
б) сөз жасау тәсілдеріне сүйене отырып, таныс емес сөздің мағынасын анықтау іскерлігі;
в) түрлі лексикалық единицалар мен грамматикалық құрылымдардың контекстегі мағыналарын анықтау іскерлігі;
г) синоним, антоним құбылыстарын танып, олардың мағыналарын ашу іскерлігі.
Айтылған іскерліктерді дамытумен қатар тіл жаттығуларын орындау нәтижесінде оқушылардың есту қабілеті мен қысқа мерзімдік есі дамытылады.
Осы аталған іскерліктер мен қабілеттерді дамыту. оларды жетілдіру үшін мынадай тіл жаттығуларын орындаған жөн:
1. Есту қабілетін жетілдіруге арналған тіл жаттығулары:
а) бірнеше жұп сөздерді тыңдап, оларды қайталаң-
дар:
ә) берілген интонацияны сақтай отырып, синтагмалар мен фразаларды қайталаңдар:
б) берілген қос сөйлемдерді тыңдаңдар. Егер ол сөйлем-
дер бірдей болса, графикалық кілтте ( + ) таңбасын қойың-
дар, ал егер сөйлемдер әр түрлі болса, онда (—) таңбасын
қойыңдар.
2. Алдын-ала болжаулау қабілетін жетілдіру үшін мынадай тіл жаттығуларын орындаған жен.
а) бірқатар сын есімдерді (етістіктерді) тындандар да, олармен жиі тіркесетін зат есімдерді атаңдар;
ә) өздеріңе таныс элементтерден құралған сөздерді тындап, оларды қазак тідіне аударыңдар;
б) бірқатар свз штамптарын тыңдап, олардын қандай жағдайда қолданылатын неміс тілінде немесе қазақ тілінде атаңдар:
в) мұғалім айтып тұрған мәтінді (пластинкадан) тыңдаңдар, сол мәтіннің жазбаша нұсқасындағы қалып койған сөздерді толықтырыңдар.
3. Оқушылардың қысқа мерзімдік есін жетілдіруге арналған тіл жаттығулары:
а) бір топ жекелеген сөздерді тыңдап, солардың ішінде белгілі бір тақырыпқа байланысты сөздерді қайталап айтыңдар;
ә) екі-үш қысқа фразаларды тыңдап, оларды бір сөйлем етіп біріктіріңдер;
б) он немесе одан да көп сөздерден тұратын (яғни ұзақтығы қысқа мерзімдік ес көлемінен артық) фразаларды тыңдап, оларды диктордан (мұғалімкен) кейін қайталап айтыңдар;
в) фразаны тыңдаңдар да, оған мағына жағынан байланысты тағы бір фраза қосыңдар т. б.
4. Сөз жасау және контекстік болжауды жетілдіруге арналған тіл жаттығулары:
а) темендегі етістіктерді тыңдаңдар да, олардан -ег жұрнағын жалғау арқылы зат есімдер жасаңдар;
ә) өздеріңе таныс элементтерден жасалған туынды.және біріккен сөздерді тыңдаңдар, оларды қазақ тіліне аударыңдар немесе сөйлемде қалай қолданылатынын түсіндіріңдер;
б) контекст жане дыбыстық формасына сүйеніп, интернационалдық сөздердің мағынасын анықтаңдар;
в) графикалық кілттен таяныш сөздерді қарап шығып, тьңдауға арналған мәтін қандай тақырыпқа арналғанын анықтаңдар, сосын мәтіннің үзіндісін тыңдап, өздеріңді тексеріңдер.
5. Сөздердің мағынасын анықтауға арналған жаттығулар:
а) сөйлемдерді тындап, олардың ішінде іс-әрекет иесін (қимыл атауын) анықтаңдар;
ә) сөйлемде ана тілінде аталған сөзге мағынасы сәйкес келетін сөзді табыңдар т. б.
Осындай тіл жаттығуларын орындау арқылы лингвисти-калық және психологиялык қицндыктарды жойған соң сөз жаттығуларын орындауға көшуге болады. Сөз жаттығулары дегеніміз тіл аркылы карым-қатынас жасаудың шынайы шарттарьша жақын жағдайда қабылданадын ауызша мәтіндер. Мұндай мәтіндер белгілі талаптарға сай болуы керек.
1) тыңдауға арналган мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және оның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
2)мәтіннің мазмұнында тыңдаушылар үшін қызықты мәселе болуы керек;
3)мәтіннің берік логикасы болуы шарт және ол жаттықтырушы тілмен баяндалуға тиіс;
4) мәтінде ауызша сөздің әр түрі болғаны жөн
диалог, монолог, сондай-ақ диалог-монолог аралас келген жөн;
5)мәтін бірінші жақта баяндалмағаны жөн;
6)тыңдап-түсінуге арналған мәтіндердің көлемі төменгі кластарда 1 —1,5 минут, ортаңғы кластарда 2—2,5 минут, жоғарғы кластарда 3—4 минуттен аспауы керек.
Сөз жаттығулары ауызша сөзді қабылдап, оны түсіну қабілетін дамытады, оларды жетілдіреді. Бұл жаттығуларды орындау нәтижесінде оқушылар мынадай іскерліктерді меңгереді:
а) хабардың ақпаратқа ең қанық жерлерін анықтау;
ә) мәтін деңгейінде болжалдау арқылы кейбір тусініксіз жерлерді толык түсіну қабілеті;
б) мәтінді коммуникация жағдайымен ұштастыра білу;
в) тыңдауға арналған мәтіннің мағыналық бөлшек-
терін анықтау, олардың әрқайсысының негізгі ойын
анықтау іскерлігі.
Ауызша сөздің, соның ішінде сөйлеудің екі түрі бар: монолог түрінде сөйлеу және диалог түрінде сөйлеу. Оқушылар ауызша сөздің осы екі түрін де тыңдап-түсінуге тиіс. Сондықтан тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығу-ларының екі түрін ажыратқан жөн: диалогты тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығулары және монологты тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығулары.
1. Диалогты тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар мыналар:
а) диалогты тыңдаңдар. соған ұқсас сол тақырыпқа диалог құрыңдар;
ә) диалогтың басын тыңдап, әріптестердің бірінің соңғы репликасын кеңейтіп, толықтырыңдар;
б) магнитофонга жазылған диалогты тыңдап, кейіпкерлердің әңгімесін қайталап айтып беріңдер;
в) күйтабаққа жазылған диалогты тыңдаңдар да, онын
мазмұнын монолог түрінде айтып беріңдер (кейіпкерлердің біріне мінездеме беріңдер, диалогка тақырып табыңдар да, оны түсіндіріңдер) т.б.
2. Монологқа немесе полилогқа қатынасы арқылы диалогты тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар: а) таспаға жазылған сұрақтарды тыңдаңдар да, үзілісте сол сұрақтарға болымды (болымсыз) түрде жауап беріңдер:
ә) диалогтың басын тыңдаңдар, оны жалғастырып оқушылардың бірімен әңгімелесіңдер;
б) диалогты тыңдаңдар, оны кеңейтіңдер;
в) диалогты тыңдаңдар, сөз болып отырған мәселеге байланысты өз пікірлеріңді, айтыңдар,
3. Монологты тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығулары:
а) мәтінді тыңдап, төмендегі екі сұраққа толық жауап беріңдер;
ә) тыңдаған мәтіннің аяқ жағьн (басын, ортасын) сәл өзгертіп, мазмұнын айтып беріңдер;
б) фильмді (диафильмді) көріп, оның негізгі идеясын түсіндіріңдер;
в) тыңдаған хабарды мағыналық үзінділерге бөліп,
оларға тақырып қойыңдар;
г) мәтінді тыңдап, оған төмендегі жоспарды қолдану
арқылы рецензия құрастырыңдар: 1) хабардың тақырыбы;
2) оның кейіпкерлері; 3) қысқаша мазмұны; 4) негізгі идея-
сы; 5) тыңдаған хабарға баға.
Міне, осындай жаттығуларды орындау нәтижесінде окушылардың тыңдап-түсіну қабілетін дамытып, оны одан әрі жетілдіруге болады.
Мәтіндерді тыңдаудағы оқушылардың бірінші және басты міндеті — сол мәтіннің мазмұнын түсіну. Оқушылар мәтіннің мазмұнын қалай, қаншалықты түсінгенін мұғалім тексеріп отыруға тиіс. Оны тексерудің әр түрлі жолдары бар. Енді соларды карастыруға көшелік.
Достарыңызбен бөлісу: |