24
16. Адамның жұмыс орындайтын біреу немесе бірнеше мүшелерінің үздіксіз
орындайтын еңбек қозғалыстарының жиынтығын қалай атаймыз?
а) реттемеленген еңбекті
ә) жаңашыл еңбекті
б) еңбек қозғалысын
в) еңбек әрекеттерін
5 - Тақырып : Персоналды жоспарлау
Қарастырылатын сұрақтар тізбегі:
1. Ұйымда персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау
2. Персоналды оқыту жүйесі
1. Ұйымда персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау. Персоналды жоспарлаудың
негізгі кезеңдері. Персонал саясатының болашағына
бағытталған ұзақ мерзімді
тұжырымдаманы персоналды жоспарлаудың көмегімен орындауға болады. Персоналды
басқарудың бұл әдісі жұмыс берушілер мен жұмыс алушылардың мүдделерін келістіруге
және теңестіруге мүмкіндік береді.
Персоналды жоспарлаудың мақсаты адамдарға керек
уақытында қажетті көлемде,
олардың қабілеттілігі мен бейімділігіне сәйкес және өндірістің талаптарына сай жұмыс
орындарын ұсынуымен анықталады.
Персоналды жоспарлау келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:
1. Қанша жұмыскерлер, олардың қандай біліктілігі бар, қашан және қайда қажет болады?
2. Қалайша персоналға әлеуметтік нұқсан келтірмей
олардың артығын қысқартып,
қажеттісін жұмысқа жұмылдыруға болады?
3. Персоналды оның мүмкіндіктеріне сәйкес қалай тартымды пайдалануға болады?
4. Біліктілігі жоғары жұмыс орындарын жаңа жұмыс күштерімен қамтамасыздандыру
үшін персоналдың дамуын қамтамасыздандыруға және
олардың білімдерін өндіріс
талаптарына сәйкес көтермелеуге қалай қол жеткізуге болады?
5. Жоспарланған персоналдық іс-шаралар қандай шығындарды талап етеді?
Достарыңызбен бөлісу: