I. 1920-1930 жылдары Қазақстанда кәсіптік–техникалық оқу орындарының қалыптасуы және олардың әлеуметтік бағыттылығы



бет1/5
Дата07.07.2016
өлшемі1.01 Mb.
#181997
  1   2   3   4   5


ЖОСПАР

КІРІСПЕ……………………………………………………………….……..3-15

I.1920-1930 жылдары Қазақстанда кәсіптік–техникалық оқу орындарының қалыптасуы және олардың әлеуметтік бағыттылығы......................................................................................................16

    1. 1920 жылдардағы Қазақстанда кәсіптік-техникалық оқу орындарының қалыптасу тарихы…………………………………………...16-22

1.2 1930 жылдардағы Қазақстанда кәсіптік-техникалық оқу орындарының әлеуметтік өсуі………………………………………………22-36

II. Қазақстандағы кәсіптік–техникалық оқу орындарының даму үрдісі: қиыншылықтары мен жетістіктері…………………………………37

2.1 Қазақстандағы кәсіптік–техникалық оқу орындарының проблемалары………………………………………………………………...37-43

2.2 Қазақстандағы кәсіптік–техникалық оқу орындарын дамыту нәтижелері…………………………………………………………………….43-59

III.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның өндірістік әлеуметінің артуы және кәсіптік –техникалық оқу орындарының қызметі……………………………………………………………………....….60

3.1 Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның өндірістік әлеуметінің артуы..................................................................................................................60-65

3.2 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кәсіптік –техникалық оқу орындарының қызметі....................................................................................65-81
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………...………82-83
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………….…………84-90

КІРІСПЕ
Тақырыбтың өзектілігі

ХХ ғасыр бүкіл әлемдегі индустрияның қарқынды дамыған дәуірі ретінде ерекшеленді. Бұл кезеңде атом қаруы жасалып, ғарышты игеру дәуірі басталды. Бұл тақырыптың өзектілігі өз кезегінде инженерлік-техникалық мамандарға деген сұраныстың өсуіне негіз болды. Техникалық мамандардың сапасы мен олардың белсенді өндірістік және ғылыми-шығармашылық қызметі әрбір мемлекеттің мәдени және экономикалық дамуының өлшеміне айналды. Сол себепті инженерлік-техникалық мамандарды даярлайтын кәсіби-техникалық оқу орындарының дамуына ерекше көңіл бөлінді.

Әлемдік қауымдастықтағы мұндай сапалық өзгерістер Қазақ елін де айналып өтпегені белгілі. Өйткені, бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан ХХ ғ. 20-40 жылдарында аграрлы елден индустриалды - аграрлы елге айналған еді. Сол тарихи кезеңдегі Қазақстанның индустриалық дамуы негізінен шикізат өндіру бағытында болса да, ол белгілі бір дәрежеде инженерлік-техникалық мамандардың қажеттілігін талап етті. Сондықтан да Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанға жұмысшылар мен инженерлік-техникалық маман кадрларды Ресейден және басқа да республикалардан әкелумен қатар, жергілікті халық арасынан мамандар даярлау ісіне де үлкен маңыз берілгені тарихи шындық. Соның нәтижесінде Қ.И. Сәтбаев, Д.А. Қонаев сынды көптеген инженерлік-техникалық мамандықтарды игерген білікті мамандар тәрбиеленіп шықты. Әсіресе, жастарды өндіріске тарту науқаны қолға алынды. Жастарды еңбекке дайындауда, оларды материалдық өндіріске баулуда кәсіптік-техникалық оқу орындары ерекше орын алады. Бұл тарихи кезеңде республикадағы кәсіби-техникалық маман кадрларды даярлау жүйесі жекелеген зауыт-фабрикалар жанынан ашылған мектептерден бастап, білікті инженерлік-техникалық мамандар даярлайтын институттардың қалыптасуына дейінгі жолдан өтті. 1920 - 1945 жылдар аралығында республикада мыңдаған кәсіптік-техникалық оқу орындары қалыптасқан болатын. Оның тарихы әлеуметтік-экономикалық өмір өзгерістерімен тікелей байланысты болды. Еліміздің өндірістік бейнесі зауыттар мен фабрикалардан, электростанциялар мен комбинаттардан, совхоздар мен колхоздардан тұрғаны белгілі. Олардың қалыптасып дамуына кәсіптік-техникалық мектептердің қосқан үлесінде шек жоқ. Олай болса, бұл оқу орындары үлкен тарихи жолдан өтті, ел игілігіне қызмет еткен сан мындаған маман-жұмысшыларды дайындап, тәрбиеледі.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіби-техникалық оқу орындарының саны кемігенімен, нарық экономикасының талаптарына сай мамандар дайындаудың жүгі ауырламаса, жеңілдеген жоқ. Нарық талабына сәйкес оқу орындары өз жұмыстарын сапалық деңгейде қайта құрды, оларды бітірген мамандарға қажеттілік арта түсуде. Мамандарды дайындайтын инженерлер мен мұғалімдердің басым көпшілігі жаңа талаптарға бейімделді. Ұзақ жылдарда жасалынған материалдық-техникалық база жаңа жағдайда жұмыс істеудің негізі болды. Дегенмен, кәсіби техникалық мамандарды даярлау ісі мемлекет алдындағы аса өткір мәселелердің бірі болып қала бермек. Өйткені, ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры, озық технологиялар ғасыры. Ғасыр көшінің соңында қалып қоймас үшін біздің елімізге, ең алдымен кәсіби-техникалық мамандар даярлау ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру қажет. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында осы міндетке ерекше назар аударды. Жолдаудың «Еңбек нарығының даму серпіні мен келешегіне сәйкес келетін білім беру мен кәсіптік қайта даярлаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет» деген бөлімінде: «...ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» деп, атап көрсетті. /1/

Бүгінгі күні Қазақстан экономикасына аса зор көлемде шет елдік инвестициялар тартылып отырған уақытта жергілікті инженерлік-техникалық мамандарға деген сұраныс та күннен күнге артып келеді. Сонымен бірге, Қазақстан басшылығы әлемдегі бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде. Осы бағытта «Қазақстан Республикасының 2005-2015 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы» қабылданды. Ел игілігі үшін маңызы зор мұндай кешенді мемлекеттік бағдарламалар, ең алдымен, кәсіби біліктілігі жоғары ұлттық мамандарға деген сұранысты қанағаттандырған жағдайда ғана толық жүзеге асырылатыны анық деп білеміз.

Бүгінгі күнде еліміздегі әйгілі ғалымдардың, соғыс және еңбек ардагерлерінің негізгі тобы кеңестік дәуірдегі кәсіптік-техникалық мектептерден өндіріске жолдама алғаны белгілі. Ал, оларды даярлаған оқу орындары ондаған жылдар бойы көптеген озық тәжірибе жинақтады. Сол себепті, еліміздегі кәсіби мектептің тарихи тәжірибесін зерттеп-зерделеу қазіргі білім беру жүйесіндегі кәсіби-техникалық оқу орындарын одан әрі дамыту үшін аса қажетті іс-шара деп ойлаймыз. Өйткені, бүгінгі күннің міндеттерін жаңа тәсілдермен ғана шешу жеткіліксіз. Өткен жылдарда бой көтеріп, жасампаздықтың күш-қуатын арттыра беретін құндылықтарды сақтап қалу үшін өткеннің тәжірибесіне арқа сүйеу қажет. Бұндай тәжірибе кеңестік дәуірдегі кәсіби-техникалық мамандарды дайындайтын оқу орындарында аз емес еді. Сондай ақ, бұл тарихи тәжірибе мамандардың жаңа буынын даярлау мен ұрпақ сабақтастығын жалғастыру үшін де өте маңызды болып саналады. Міне, осы мәселелерге тереңірек зер салсақ, бұл тақырыптың бүгінгі күндегі өзектілігі ешбір дау тудырмаса керек деп ойлаймыз.



Тақырыптың зерттелу деңгейін қарастырғанда, Қазақстандағы кәсіптік-техникалық оқу орындарының тарихы мен қызметі туралы, олардың маман жұмысшы кадрларын даярлау ісіне қосқан үлесі жөнінде қалам тартып, зерттеу жүргізген ғалымдардың бірқатар еңбектері жарық көргені белгілі. Дегенмен, бұл мәселелер негізінен философиялық, тарихи-партиялық, педагогикалық және экономикалық ғылымдар тұрғысынан зерттелгенін баса атап көрсетуге тиіспіз. Қазақстанда кәсіби техникалық білім берудің тарихына шолу жасайтын болсақ, кәсіби білімнің негізін салған қазақ халқының ұлы педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің ұйымдастырушылық-педагогикалық және шығармашылық қызметін зерттеген еңбектерді айналып өту мүмкін емес. /2/ Кеңестік дәуір кезеңінде кәсіптік-техникалық оқу орындарының тарихы, қоғамдық миссиясы туралы мәселелер тарихшылар мен экономистердің, педагогтар мен философтардың назарын ерекше аударған. Олардың қатарында А.Шарипов, Т.Тажибаев, А.Сембаев сынды ғалымдардың зерттеу еңбектері /3/ кеңестік идеология шеңберінде жазылса да, біз қарастырып отырған мәселенің өзекті бағыттарын ашып көрсетіп берді.

Қазақстандағы кәсіби техникалық білім беру мәселелері Кеңес Одағындағы білім беру саясатының негізінде дамығандығы белгілі. Сол себепті, бұл мәселе бойынша Кеңес үкіметінің кәсіби техникалық білім беру бағытындағы саясатын тереңірек танып білуде зерттеуші А.Веселовтың іргелі монографиясы өзінің ғылыми құндылығын жойған жоқ деп есептейміз./4/ Аталмыш мәселеге қатысты Г.Уманов педагогика ғылымы бойынша Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім берудің қалыптасу тарихы мен оның даму тенденциялары туралы докторлық диссертация қорғаған. /5/ Диссертация авторы, біздің тақырыбымызға қатысты Кеңес үкіметінің білім беру ісін ұйымдастыру бағытындағы қызметіне мұрағат материалдары негізінде жан жақты талдау жасалған. Бұл еңбек те идеологиялық және таптық шеңберде жазылғандықтан «Лениннің ролі» басты нысанаға алынып, Қазан төңкерісіне дейінгі тарихи тәжірибені қатаң сынға ұшыратады. Сондай ақ, диссертацияда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кәсіптік - техникалық оқу орындарының тарихи қызметіне өте аз көңіл бөлінеді.

Қазақстанда жұмысшы табының қалыптасуына байланысты жарық көрген бірқатар зерттеулерде, диссертациялық жұмыстарда бұл тақырып біршама көрініс тапқан. Бұл тұрғыдан алғанда М.Асылбековтың, Т.Қожамқұловтың, Б.Абишеваның зерттеу еңбектерінде /6/ Қазақстандағы жұмысшы табының қалыптасу мәселелері көтеріліп, олар кеңестік дәуірдегі идеологиялық себептерге байланысты таптық көзқарас негізінде жазылған. Дегенмен, онда кәсіби-техникалық білім беру мәселесі дербес зерттеу нысанына алынбаса да, бұл еңбектердің мол мұрағаттық деректері мен фактологиялық материалдары өзінің құндылығын жойған жоқ. М.Х.Асылбеков, С.Б. Нурмухамедов, Н.Г.Пан сынды зерттеуші-ғалымдардың авторлығымен шыққан «Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане /1946-1965гг/ деген ғылыми еңбектерінде Қазақстандағы өнеркәсіп және құрылыс саласына маман-жұмысшылар дайындау мәселесі қарастырылады. Ал, М.Х.Асылбековтың «Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана (1917-1970гг)» деген еңбегінде, атты көрсетіп тұрғандай, темір жол саласына маман-жұмысшылар дайындау мәселесін ғана қамтыған.

Коммунистік идеология мен таптық көзқарас тұрғысында зерттелген біздің зерттеу тақырыбымызға қатысы бар кандидаттық диссертацияларды да атауға болады. Бұлар: тарих ғылымы бойынша қорғалған Б.Жангуттиннің «Подготовка рабочих кадров для строительной индустрии Казахстана в системе профессионально-технического образавания в 1971-1980гг.», философия ғылымы бойынша қорғалған А.С.Ивковтың «Партийное руководство развитием и совешенствованием сельских профессионально-технических училищ Казахстана (1976-1985гг.)» деген тақырыптағы кандидаттық диссертацияларда жұмысшы табының мәдени-техникалық дәрежесінің өсуі, кәсіби маман жұмысшыларды даярлау ісіндегі Коммунистік партияның жетекшілік ролі мәселелеріне баса назар аударылған. /7/

Біз көтеріп отырған мәселеге тікелей қатысы бар республикада маман жұмысшы кадрларын дайындау ісі жөнінде 1962 жылы жарияланған Ф.К.Михайловтың «Профессионально-техническое образование в Казахстане» еңбегі негізінен фабрикалар мен зауыттардың жанынан ашылған училищелер тарихына арналған және де ондағы материалдарды жинақтау және қорыту 1959 жылмен аяқталған. Сонымен бірге, Т.Қожамқұловтың «Профессионально-техническое образование в Казахстане» /8/ атты еңбегі 1962 жылы жарияланған. Бұл еңбекте де мұрағат деректері мен статистикалық мәліметтер 1959 жылмен аяқталады және негізінен кәсіби-техникалық білім беру жүйесінің еліміздің халық шаруашылығында алатын орны мен роліне арналған. Өйткені, автор экономика ғылымдары бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.

Бұл еңбектердің мазмұнымен ұштасып жатқан С.М.Сүлейменовтың «Подготовка рабочих кадров через системы профтехобразования»/9/ деген зерттеуі еліміздегі құрылыс саласында маман-жұмысшылар дайындау ісі мен құрылыс мекемелеріндегі жұмысшылардың біліктілігін арттыру мәселелеріне арналған. Ал жинақталған материалдар кәсіби-техникалық оқу орындарының 1970 жылға дейінгі тарихын қамтиды.

Н.А.Гуляевтің «Подготовка рабочих кадров в Казахстане и их использование» /10/ атты еңбегінде Кеңестік Қазақстандағы жұмысшы табын дайындаудың негізгі бағыттарын, оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайдаланудың түрлері мен тәсілдерін, жалпы орта білім беретін мектептерде жастарды жаппай жұмысшы кәсібіне бейімдеу мәселелерін зерттейді.

Елімізде маман-жұмысшыларды дайындау мәселесі Н.Р.Күнқожаевтың «Компартия Казахстана в борьбе за научно-технический прогресс в промышленности», «Деятельность парторганизации Южного Казахстана по руководству промышленностью», «Тәжірибе мен шеберлік-жастарға», А.Г.Сармурзиннің «Деятельность КПСС по индустриальному развитию Казахстана» (1959-1975гг) /11/ атты еңбектерінде белгілі орын алған, бірақ арнаулы зерттеу нысанасы болмаған.

М.Ж.Ташеновтың «Рабочий класс Казахстана в 1965-1985гг», А.Ш.Алтаевтың «Социальное развитие рабочих Карагиндинского угольного бассейна в 1970-1980 годы» /12/ деген еңбектерінде елімізде жұмысшы табын дайындаудың және олардың әлеуметтік жағдайы мен мәдени техникалық деңгейін көтерудің жолдары, өндіріс орындарында арнаулы курстар арқылы мамандығын көтеру мәселесі зерттелген.

Маман-жұмысшылар дайындау С.Қ. Жақыпбековтың «История легкой индустрии Казахстана: проблемы, перспективы»; А.Р.Ахметовтың «Рабочий класс Казахстана в борьбе за коммунизм»; Т.С.Садықовтың «Руководство Компартии Казахстана повышением культурно-технического уровня рабочих предприятий промышленности республики» (1960-1970); М.Қойкелдиевтың «История сахарной промышленности Казахской ССР, формирование и рост рабочих кадров» (1932-1970г) /13/ еңбектерінде де ішінара зерттелген. Алайда, кәсіби техникалық білім беру мәселесі зерттеудің арнаулы нысаны болмағандықтан бұл мәселе кешенді түрде қарастырылмайды. Жоғарыда аталған зерттеу еңбектері партиялық таптық ұстанымдар негізінде жазылса да, олардағы жүйелілік пен кешенділік, көтеріліп отырған мәселенің деректік тұрғыда негізделуі ерекше назар аудартады.

1987-1990 жылдары «История рабочего класса Советского Казахстана» атты үш томдық іргелі еңбек жарық көрді. Бұл кешенді еңбекте кеңестік идеологиялық талаптарға сәйкес республикадағы жұмысшы табының қалыптасу үдерісінен бастап, олардың әлеуметтік және мәдени техникалық даму келбетін, социалистік қоғамда алатын орыны мен ролін жан жақты ашуға ерекше мән беріледі. Сонымен бірге, онда жұмысшылардың кәсіби тұрғыда біліктілігін арттыру жолдары да қарастырылады.

Біздің зерттеуімізге мазмұндық жағына жақын Т.В.Шегайдың «Подготовка квалифицированных кадров в профтехшколах в годы восьмой пятилетки» /1960-1970гг/ атты кандидаттық диссертациясы. Бірақ, аталған диссертацияда да және жоғарыда аталған кәсіби-техникалық оқу орындарында маман-жұмысшы кадрларын дайындаудың мәселелерін зерттеуші авторлардың да назарынан еліміздегі ауыл шаруашылығының кәсіби мамандарын дайындаған ауылдық елді мекендердегі кәсіби-техникалық училищелердің тарихы тыс қалған. Жалпы, статистикалық көрсеткіштер келтірілген, бірақ бұл ауыл шарашылығы үшін маңызды училищелер көзге ілінбей қалып отырған. Оның себебі – ол авторлардың қазақ тіліндегі материалдарды пайдалана алмағандығында деп ойлаймыз. Аталған зерттеушілер кәсіптік-техникалық оқу орындарының ішкі құрылымына, атап айтқанда, оқу-әдістемелік жұмысына, оқушылардың болашақ кәсіби маман ретіндегі іскерлігі мен шеберлігіне, олардың шығармашылық белсенділігінің арттыруына, сонымен қатар, оқудың сапасын жақсартуға бағытталған пәнаралық және оқу орындарының тіректік /базалық/ мекемелерімен байланысына назар аудармаған. Бұл саладағы жинақталған аса маңызды тарихи тәжірибесі, қордаланған мәселелері мен олқылықтары туралы мүлде қарастырылмайды.

Сонымен қатар, Богенбаева А.К. «История развитие народного образования в Восточном Казахстане в 20-30 гг» атты еңбегінде негізінен Шығыс Қазақстандағы кәсіптік-техникалық оқу орындары, яғни мектептер, курстар мен училищелердің ашылуына байланысты материалдар ғана қамтылған. Ал, А.К.Қапышевтің «Формирование и развитие региональной высшей школы в Центральном Казахстане» деген кандидаттық диссертациясынан Орталық Қазақстандағы кәсіптік-техникалық оқу орындарының қызметіне байланысты мәліметтер ала аламыз. Дегенмен, бұл еңбектердің тақырыбы көрсетіп тұрғандай, онда өңірлік мәселелер шеңберімен шектеледі. Біз назарға ұстап отырған мәселе бойынша төмендегі екі диссертациялық зерттеу еңбектері ерекше тоқталуды талап етеді. Біріншісі: А.Ыдырысованың «Историография профессионально - технического образования в Казахстане (1917 - 1991гг)» атты кандидаттық диссертациясы, екіншісі: Ж.Сманқұлованың «Қазақстан Республикасының кәсіби - техникалық оқу орындары (1970 - 2000 жж)» деген тақырыпта жазылған кандидаттық диссертациялық еңбегі. /14/

А.Ыдырысованың еңбегі тақырыбы көрсетіп тұрғандай, аталмыш зерттеу мәселесі бойынша тарихнамалық талдау жасаған. 1917 – 1991 жылдар аралығын қамтитын кезеңдегі Қазақстанда кәсіби техникалық білім беру мәселелері бойынша жарық көрген негізгі еңбектерге тарихнамалық шолу жасай отырып, оларды жүйелеген және талдау жасалған. Алайда, аталмыш мәселеге қатысты жарық көрген қазақ тіліндегі еңбектер мен баспасөз материалдары автордың назарынан тыс қалған.

Ал, Ж.Сманқұлованың кандидаттық диссертациясына тоқталатын болсақ, оның көтеріп отырған мәселесінің хронологиялық шегі 1970 – 2000 жылдар аралығын қамтиды. Бұл зерттеу еңбегінің жетістігі ретінде біз мына мәселеге ерекше назар аудару керек деп есептейміз. Ол диссертация авторының екі тарихи кезеңдегі, яғни кеңестік дәуірдегі кәсіби техникалық білім беру мен тәуелсіздік жағдайында Қазақстандағы кәсіби техникалық білім беру мәселелерін зерттеу нысанасына алған. Зерттеу тақырыбына осы тұрғыда келуі, авторға екі кезеңдегі кәсіби техникалық білім берудің өзекті мәселелерін салыстырмалы түрде зерттеуге мүмкіндік берген. Сонымен бірге, бұл диссертация авторы кеңестік дәуір тәжірибесі мен тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы даму үрдісін әлемдік тәжірибе мысалдарын тоғыстыра отырып, ғылыми ойларын түйіндеп отырады. Ж.Сманқұлованың диссертациялық еңбегінің артықшылығы да осында деп ойлаймыз.

Бұл дипломдық жұмысты жазу барысында тақырыбымызға қатысы бар деген ғылыми еңбектермен жан жақты таныса келе, біріншіден, кәсіптік-техникалық оқу орындарының 1920-1970 жылдар аралығындағы қызметінің тарихы толықтай зерттелмегендігіне; екіншіден, көптеген ауыл шаруашылық училищелердің қалыптасуы мен даму тарихы аталған ғылыми еңбектерде мүлде қарастырылмағандығына көз жеткіздік.

Республиканың кәсіптік-техникалық оқу орындары білім жүйесіндегі ауқымды әрі маңызды сала болды. Соған қарамастан бұл туралы тұтас кешенді ғылыми еңбектер әзірге жоқ. Жоғарыда атап көрсеткендей, кәсіби техникалық білім беру мәселелері зерттелген тарих ғылымы саласы бойынша жарық көрген еңбектерде кеңестік идеология апологеттік тұрғыда ғана баяндалып, сыни талдау мүлде орын таппаған. Ал, Т.Қожамқұлов, Сүлейменов, Н. Гуляев сынды зерттеушілер бұл мәселені экономика ғылымы тұрғысында зерттейді. Ал, басқа зерттеушілер өздерінің зерттеп отырған мәселелерінің кейбір қырларын дәлелдеу, толықтыру үшін республикадағы кәсіби - техникалық білім берудің қайсыбір мәліметтерін ғана пайдаланған./14/

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты:

Қазақстандағы 1920-1945 жылдар аралығында орта кәсіптік-техникалық оқу орындарының халық шаруашылығының әр түрлі салалары бойынша кәсіби мамандар дайындаудағы рөлін анықтау және оның әлеуметтік маңызы мен тарихи тәжірибесіне талдау жасау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қойылды:



  • белгіленеген хронологиялық мерзім шеңберінде Қазақстандағы кәсіптік-техникалық орта оқу орындарының қалыптасуы мен даму тарихына талдау жасау;

  • Қазақстандағы кәсіптік-техникалық орта оқу орындарының құрылымы мен қызметіндегі ерекшеліктерді айқындау;

  • кәсіптік-техникалық орта оқу орындарының материалдық-техникалық базасы мен жабдықталу деңгейіне талдау жасау;

  • Республикадағы кәсіптік-техникалық орта оқу орындарының оқушылар құрамына, педагог мамандардың саны мен сапасына талдау жүргізу;

  • Кәсіби-техникалық орта оқу орындарындағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарына, оқу жоспары мен бағдарламаларына және оқулықтарына баға беру;

  • Кәсіби-техникалық оқу орындарының өндіріспен байланысының деңгейі, оның түлектерінің өндіріс орындарына орналасуы және ондағы қиыншылықтар туралы зерделеу;

  • Кәсіби техникалық оқу орындарының кеңестік білім беру жүйесіндегі орны мен рөлін анықтау;

  • кәсіптік-техникалық оқу орындарының кәсіби маман дайындаудағы жетістіктері мен қателіктерін айқындау.

Тақырыптың құрылымы

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында, 1920-1930 жылдары Қазақстандағы кәсіптік–техникалық оқу орындарының қалыптасуы және олардың әлеуметтік бағыттылығы қарастырылды.

Осы тарауда 1920 жылдардағы Қазақстандағы кәсіптік-техникалық оқу орындарының қалыптасу тарихы туралы жазылған. Сонымен қатар 1930 жылдардағы Қазақстандағы кәсіптік-техникалық оқу орындарының әлеуметтік өсуі туралы мәліметтер келтірілген.

Екінші тарауда Қазақстандағы кәсіптік–техникалық оқу орындарының даму үрдісі: қиыншылықтары мен жетістіктері қарастырылды. Бұл жерде Қазақстандағы кәсіптік–техникалық оқу орындарының өзекті мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді. Сондай-ақ Қазақстандағы кәсіптік–техникалық оқу орындарын дамыту нәтижелері қарастырылған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның өндірістік әлеуметінің артуы және кәсіптік –техникалық оқу орындарының қызметі.

Дипломдық жұмыс барысында кәсіби-техникалық маман кадрларды дайындаудың мемлекеттік жүйесінің ерекшеліктері, оның жетістіктері мен олқылықтары ашылып көрсетіледі. Кәсіби маман дайындау бағытындағы оқу орындарының сан қырлы іс-әрекеттері, жұмыс берушілермен, тіректік мекемелермен, жаңа технологиямен байланысы жан жақты талданады.

Республикадағы кәсіби-техникалық оқу орындарының білім беру жүйесіндегі орны және республиканың халық шаруашылығының барлық салаларын маман-жұмысшыларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету жүйесі мен жолдары анықталды. Сондай ақ, кеңес дәуіріндегі кәсіби маман даярлаудағы тарихи тәжірибе бүгінгі күннің міндеттерімен сабақтастырыла отырып зерттелді.
Сiлтеме
1.Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. «Қазақстан - 2030» Стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауы. 2007 жылғы 28 ақпан. – Алматы, 2007, 72 бет (57

2. Сытдиков А. Педагогические идеи и просветительная деятельность И.Алтынсарина. Алма-Ата: «Мектеп», 1969

3. Шарипов А. Народное образование Казахстана за 40 лет. Алма-Ата, 1960; Тажибаев Т. Просвещение и школы Казахстана во второй половине Х1Х века. - Алма-Ата: Казгосиздат, 1962; Сембаев А.И. История развития советской школы в Казахстане. Алма-Ата, 1962

4. Веселов А.Н. Профессионально-техническое образование в СССР. М.: Профтехиздат, 1961

5.Уманов Г.А. История создание и тенденции развития профессионально-технического образования в Казахстане. Алма-Ата. 1970, 1-2 часть

6. Асылбеков М. Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана (1917-1970гг).- Алма-Ата: «Наука», 1973, 327 б.; Асылбеков М., Нурмухамедов С., Пан Н. Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане (1946-1965 гг.), 1979, 266 б.; Кожамкулов Т. Подготовка квалифицированных рабочих кадров в Казахстане.- Алма-Ата: «Казахстан», 1972, 231 б.; Абишева Б.Н. Подъем культурно технического уровня рабочегео класса Казахстана.- Алма-Ата: «Наука», 1975, 312 б.

7. Б.Жангуттиннің «Подготовка рабочих кадров для строительной индустрии Казахстана в системе профессионально-технического образавания в 1971-1980гг.»

8. Михайлов Ф.К. Профессионально-техническое образование в Казахстане, 1962, 160 б.; Кожамқулов Т. Профессионально-техническое образование в Казахстане», 1962, 210 б.

9. Сүлейменов С. Подготовка рабочих кадров через системы профтехобразования.- Алма-Ата, 1975


  1. Гуляев Н.А. Подготовка рабочих кадров в Казахстане и их использование», Алма-ата, 1970, 130 б.

  2. Кункожаев Н.Р Компартия Казахстана в борьбе за научно-технический прогресс в промышленности; Деятельность парторганизации Южного Казахстана по руководству промышленностью.- А, 1969.-195 б.; «Тәжірибе мен шеберлік-жастарға», Алма-Ата, 1981, 36 бет.; Сармурзин А. Деятельность КПСС по индустриальному развитию Казахстана (1959-1975гг).- Алма-Ата: «Наука», 1981.- 303 б.

  3. Ташенов М.Ж. Рабочий класс Казахстана в 1965-1985гг, Алма-Ата, 120 б.; Алтаев А.Ш. Социальное развитие рабочих Карагиндинского угольного бассейна в 1970-1980 годы.- А., 1990, 133б.

  4. Жакупбеков С.К. История легкой индустрии Казахстана: проблемы, перспективы /1917-1980гг/, Алма-Ата, 1984, 230 б.; Ахметов А.Р. Рабочий класс Казахстана в борбе за коммунизм, Алма-Ата 1970, 280 б.; Садыков Т.С. Руководство Компартии Казахстана повышением культурно-технического уровня рабочих предприятий промышленности республики (1960-1970).- Алма-Ата, 1975; Қойгелдиев М. История сахарной промышленности Казахской ССР, формирование и рост рабочих кадров (1932-1970г). Автореф. диссерт. на соиск к.и.н. - Алма-Ата, 1977, 31 б.

  5. Идрисова А. Историография профессионально - технического образования в Казахстане (1917 - 1991гг)». Диссерт. на соиск. ученой степени канд. ист. наук.- Алматы, 2002; Сманқұлова Ж.Е. Қазақстан Республикасының кәсіби - техникалық оқу орындары.- Алматы: Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының баспа оталығы, 2004; Сманқұлова Ж.Е. Қазақстан Республикасының кәсіби - техникалық оқу орындары (1970 - 2000 жж). Тар. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссерт. – Алматы, 2004


I – тарау
1920-1930 жылдары Қазақстанда кәсіптік–техникалық оқу орындарының қалыптасуы және олардың әлеуметтік бағыттылығы

1.1 1920 жылдардағы Қазақстанда кәсіптік-техникалық оқу орындарының қалыптасу тарихы.

1920 жылы елімізде Кеңестік билік толығымен орнап, кеңестік үлгідегі Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылғаннан кейін саяси идеологиялық, мәдени және әлеуметтік экономикалық салада түбегейлі өзгерістер кезеңі басталды. Бұл өзгерістердің бәрі социалистік қоғам орнату жолындағы саяси арнаға келіп тоғысып жатты. Республикадағы саяси өзгерістермен бірге азаматтық қарсы тұру жылдары мен Азамат соғысының салдарынан тұралап қалған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру шаралары жүзеге асырыла бастады. Жаңа экономикалық саясат ұстанымдарын өмірге енгізу науқаны басталды. Аталмыш іс шаралардың барлығы қатаң партиялық (большевиктік) – идеологиялық тұрғыда негізделіп отырды.

Қазақстанда осы тарихи кезеңде орын алған жаңа экономикалық үрдістер ел басшылығының алдына кәсіби маман жұмысшы кадрларын даярлау міндетін қойды. Сондықтан да Қазақстандағы кәсіби техникалық оқу орындарының қалыптасуы мен дамуы бірінші кезекте экономикалық үрдістерге тікелей байланысты еді. Сонымен бірге, Кеңес үкіметі социалистік қоғамның басты тірегі ретінде жұмысшы табының әлеуметтік статусына ерекше саяси идеологиялық маңыз бергені белгілі. Сол себепті шеткі аймақтар мен алыс өңірлерде де жұмысшы табын қалыптастыруда және оларды материалдық өндірістегі белсенділігін арттыруда кәсіптік-техникалық оқу орындары ерекше орын алады. Кәсіптік білім беру жүйесінің мақсаты - кәсіптік мектепті бітірушілердің еңбек нарығындағы бәсекелестігін қамтамасыз ету, әрі кәсіби дайындықтың жоғарғы деңгейін қалыптастыруға жағдай жасау. Осы орайда, Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2003 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Алдымызға қойған статегиялық мақсаттарға жету үшін бізге кәсіби біліктілігі жоғары мамандар керек»,-деп атап көрсеткен еді. /1/

Бұдан біз заман өзгерсе де кәсіби мамандарға деген сұраныс және оларды даярлау мәселесі қай қоғамда болмасын өткір қойылатын мәселе екенін аңғарамыз. Жаңа экономикалық саясат, одан кейінгі индустриаландыру науқаны Қазақстанда кәсіби мамандығы бар жұмысшыларды дайындау ісіне үнемі назар аударылып отыруын талап етті. Республикалық кәсіби-техникалық мектептер өз жолын аз санды және жекелеген фабрика-зауыттық оқудан бастап, маман жұмысшыларды дайындаудағы қалыптасқан жүйеге айналды.

Халыққа білім беру жүйесінің бір саласы ретінде Қазақстанның кеңес заманындағы кәсіптік білім саласы да қалыптасудың белгілі бір тарихи кезеңдерін басынан кешірді. Орталықтың нұсқауларына сәйкес республикаларда да кәсіптік - техникалық оқу орындарын басқаратын органдар құрылды. Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту үшін кәсіби мамандар даярлауға бағытталған арнаулы мектептер және курстар ашылды, маман жұмысшыларды дайындауға баса назар аударылды.

Кеңес өкіметі халық бұқарасына тегін білім алу мен жоғарғы білім алу құқығын бергенімен, қарапайым жұмысшылар мен шаруалардың жоғарғы оқу орындарына түсу барысындағы тұрған ең басты ауыртпалықты жоя алмады. Бұл бөгет жұмысшы – шаруа жастарының жоғарғы мектеп курсын өтуге дайын болмауында еді. Жұмысшылар мен шаруалардың орта білімі болмады және жоғарғы оқу орындарында өтілетін пәндерді меңгере алмады. Бұл бұхара халықтың жоғарғы оқу орындарына қабылдануын тежеп қана қоймай, студенттердің белгілі бөлігін оқудан шығып кетуіне себеп болды. Алайда, Коммунистік партия мен Кеңес үкіметі еңбек етуші жастарды жоғарғы оқу орындарына түсуге даярлайтын орта мектептердің құрылу уақытын күте алмады. Кеңес үкіметінің алдында жұмысшылар мен шаруалардың жоғарғы оқу орындарына түсу құқығын кеңіткенімен, өкінішке орай, қоғамның алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері мен буржуазия деп саналған ауқатты топ өкілдерінің азаматтық құқықтары бұзылып, «буржуазия мен буржуазиялық интеллигенция өкілдерінің жоғарғы білімге деген басымдықтарынан айыру керек болды». /2/

Кәсіптік техикалық білім беруде Коммунистік партияның ұстанған ұстанымы техникалық ілім мен қоғамдық ғылымдарды байланыстыра оқытуға және жастарды социалистік құрылысқа атсалысуын қамтамасыз етуге негізделді.

Кеңес үкіметінің кәсіби техникалық оқу орындарын ұйымдастырудың алғашқы түрі ретінде жұмысшы факультеттерін ашу ісінен бастады. Оқу үрдісінің кеңестік идеологияға жауап беретін жаңа түрлерін іздеу, еңбек етуші бұқараның шығармашылық талпыныстары жұмысшы факультеттерінің құрылуына әкелді. Мысалы, Кеңес үкіметі 1919 жылы 2 ақпанда К.Маркс атындағы халық шаруашылығы институтында тұңғыш жұмысшы факультетін ұйымдастырды. Жұмысшы факультетінің ашылуына байланысты өткен жиналыста Халық ағарту ісі бойынша халық комиссары А.В.Луначарский оның маңызы туралы сөз сөйлеген. Бұл оқиғадан кейін 1919 жылы наурызда өткен РКП(б)- ң VIII съезінде жоғарғы білім беру жүйесі алдына төмендегідей мәселелер қойылды: «Барлық оқуға ниет еткен адамдарға, соның ішінде бірінші кезекте жұмысшыларға жоғарғы мектеп аудиторияларына қол жеткізу мүмкіндігін беру, білім алушы пролетариат пен шаруаларды материалдық тұрғыда қамтамасыз ету». Съезд шешімдерін басшылыққа ала отырып РКФСР 1919 жылы 11 қыркүйекте «Барлық университеттер мен жоғарғы оқу орындарында жұмысшы факультеттерін ұйымдастыру туралы» қаулы қабылданды. Жұмысшы факультеттерінің ұйымдастырылуы 1920 жылы 17 қыркүйекте заң жүзінде негізделді. /3/

Жұмысшы факультеттерінің құрылуына жоғарыда аталған қаулымен бірге 1920 жылы желтоқсанда Мәскеуде өткен халыққа білімі беру мәселелері бойынша бірінші партиялық жиналыс шешімдері басты алғышарт болды. Жиналыс жұмысшы факультеттері жайлы арнайы қаулы қабылдады. Онда халық ағарту комитеттеріне жоғарғы оқу орындарында және техникалық оқу орындарында жұмысшы факультеттерінің көптеп ашылуына және ашылған факультеттерді нығайтуға аса зор көңіл бөлу қажеттігі сөз болған еді.

Қазақстанның халық бұқарасын ағарту ісіне тұрғылықты халықтың тұтастай дерлік орысша сауатының болмауы, тәжірибелі педагогикалық кадрлардың жетіспеуі, тіптен жоқтығы кері әсерлерін тигізбей қоймады. 1920 жылғы санақ бойынша аймақта жоғарғы білімі бар тек 183 мұғалім болды, бұл көрсеткіш барлық мұғалімдік құрамның 8,1 % еді.

1921 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша Орынбор және Торғай губерниялары бойынша 16 кәсіптік техникалық оқу орындары жұмыс істеген. Олардың ішінде ауыл шаруашылық мектептері, тау кен барлау курстары, кәсіптік техникалық мектептер, техникумдар болды. Бұл оқу орындарында барлығы 1822 адам оқыған.

Орал губерниясында кәсіби техникалық бағыттағы 4 оқу орнында 316 оқушы білім алған. Олар: құрылыс техникалық мектеп пен ұн тарту техникалық (мукомольно техническая школа) мектептері еді. Семейде ауыл шаруашылық, қаржы есеп, кәсіптік техникалық мектептері жұмыс істеген.

Сонымен бірге, Қазақстанда Ташкен темір жолы басқармасының қатынас қызметін қадағалайтын мамандар даярлайтын 7 техникалық мектебі қызмет еткен. 1921 жылы Қазақстан бойынша мына мамандықтар бойынша мамандар даярланған: техника- 1293 адам, ауыл шаруашылығы – 1027, экономика – 706, ветеринария – 100, байланыс – 173, жол қатынасы – 822, медицина – 44 адам және т.б. /4/

РКП(б)-ң облыстық комитеті Халық ағарту комиссариатының алдына 1921 жылы күзінен кешіктірмей Орынборда жұмысшы факультетін ұйымдастырып ашу мәселесін қойды. Жұмысшы факультеттеріне 18 бен 30 жас аралығындағы, еңбек өтілі 1 жылдан аз емес республиканың жұмысшылары мен шаруалары қабылдану құқығына ие болды. Нәтижесінде, оқуға түсушілердің жасына байланысты еңбек өтілінің көлемі 4 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды. Мұндай өзгертулер жұмысшы факультеттерінің студенттері ең алдымен нағыз еңбектік өмір мектебінен өткен жұмысшылар мен шаруалар болсын деген мақсатпен енгізілді. Қызыл Армия қатарындағы қызмет те өндірістік өтіл есебіне саналынды. /5/

Дене еңбегімен шұғылданбағандар жұмысшы факультеттеріне партиялық стажы 1 жылдан кем емес және қоғамдық жұмыстарға ат салысқан жағдайларда ғана қабылданды.

РКФСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы жұмысшы факультеттер бөлімі 1921 жылы факультетке қабылдау орындарын төмендегідей бөлді: 75 % орын кәсіподақтарға, ал қалған орындар партиялық ұйымдарға берілді. Оқуға түсушілерді осылайша қабылдау жүйесі жұмысшы жастардың үлкен тобы қалыптасқан елдің орталық аудандарында нәтижелі жүргізілді. Ал, Қазақстанда ауылдық тұрғындардың басым болуына байланысты еңбекші шаруаларға орындарды көбейтіп қана қоймай, Ресейдің орталық губернияларына қарағанда білімділік деңгейі әлдеқайда төмен болған еңбекші қазақ жастарына да жолдамалар көбірек беріле бастады. /6/ Кеңес үкіметінің олай етудегі мақсаты Қазақстанда да пролетариат диктатурасын орнатудың негізін жасауды көздеген болатын.

Қазақстанда 1921 жылдың қаңтар айында (Түркістан Республикасына қарайтын Сырдария және Жетісу обылыстарын есептемегенде) 2 мыңға жуық адамдар оқитын әртүрлі кәсіби бағыттағы 30 мектеп пен курстар жұмыс істеген. Олар үш кәсіптік-техникалық мектеп, темір жол, телеграфистерін дайындайтын екі мектеп, бір ауыл шаруашылық мектебі, қалғандары жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, байланыс, спорт, темір жол саласына жұмысшылар дайындайтын мектептер еді. Мектептерде оқу төрт жылдық, ал курстарда бір немесе бір жарым жылдық мерзімде жүргізілді. Мұндай оқу орындарының саны 1921 жылдың аяғында 57-ге жетті. /7/

1921 жылдың ақпан айында Қазақ АКСР ОАК жанындағы Кәсіби-техникалық білім беру жөніндегі Бас комитетін құрды. Осы жылы кәсіби техникалық оқу орындарына 2 мың жас жеткіншектер қабылданды. Қарсақпай мыс қорыту, Риддер қорғасын, Семей тері өңдеу, Шымкент хим-фарм зауыттарында және еліміздегі басқа да кәсіпорындар жанынан фабрика-зауыт училищелері ашылды. Бұл училищелерде болат құйюшы, құбыр жөндеуші, темір жонушы, темір және ағаш ұсталары, бұрғышылар және басқа да маман-жұмысшылар дайындау ісі жолға қойыла бастады.

Халық шаруашылығының барлық салаларының дамуына байланысты маман жұмысшыларды дайындау мәселесі алдыңғы кезектегі мәселелердің бірі деп саналды. Әсіресе, олардың құрылымына баса назар аударылды. Өндіріспен тікелей байланысы бар фабрикалық-зауыттық училищелер (ФЗУ) құруға бағыт берілді, оған өндірісте жұмыс істейтін жастарды тарту қажет деп есептелді. Бұл бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарын атқару ісі республикадағы кәсіподақ және комсомол ұйымдарына жүктелді. Соған сәйкес бұл ұйымдар да өз жұмыстарын қайта құрды. Әрине, бұл жұмыстың қиндықтарының аз болмауы заңды еді. Өйткені, кәсіптік білім алуға деген жергілікті халықтың белсенділігі төмен болатын. 1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқының оқып білім алудан гөрі, қалай аман қалудың қамы ойлантқаны белгілі-тін. Сонда да болса, республикада 1922-1923 оқу жылында 13 фабрика-зауыттық училищесі жұмыс істеді. Дегенмен, оған қала халқы мен басқа ұлт өкілдері қабылданып жатқаны түсінікті болатын. Алғашқы кезде бұл оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нашар жабдықталды, маман жұмысшыларды дайындайтын ұстаздар жетіспеді. Сонымен қатар, азамат соғысы, халық шаруашылығын қалпына келтіру тағы басқа қиндықтар нәтижелі жұмыстар жүргізуге қолбайлау болды.

Еліміздегі индустриаландыру саясатымен сәйкес келген бірінші бесжылдықта Қазақстанда 40 ірі өнеркәсіп орны іске қосылды. Республиканың халық шаруашылығы саласында өнеркәсіптің үлес салмағы 6,3-тен 35,9 пайызға көтерілді./8/ Бұлардың бәрі, сөз жоқ маман жұмысшыларды қажет етті. Шаруашылық салаларын фабрикалық-зауыттық училищелердің түлектерімен қамтамасыз ету мен сұраныс арасында қайшылық пайда болды. Сондықтан да республикадағы индустрияландырудың алғашқы жылдарында, яғни 1928 жылы ФЗУ-дің саны жиырма бірге жеткен болатын. ФЗУ мектептері Қарсақпай мыс қорыту, Риддер қорғасын зауыттарында, Қапал тоқыма фабрикасында, «Ембімұнай» кәсіпорындарында, Петрапавол шойын қорыту және былғары, Шымкент химфарм зауыттарында құрылды. Олар ағаш ұсталарын, кен қазушыларды, слесарьларды, токарьларды, флотаторларды және басқа да маман жұмысшылар дайындай бастады./9/

Республикадағы индустрияландыру науқаны кезеңінде өндіріске құрал-жабдықтар, технологиялық процестер, автоматты және механикалы жабдықтар еңгізілуіне байланысты осындай күрделі құрал жабдықтарды игерген кәсіби маман кадрларды талап етті. Ондай жұмысшылар мен кәсіби мамандар өндірістің өзінде жеке бригадалық оқу арқылы дайындалды. Мұндай ерекшеліктердің пайда болуының өзіндік себептері де болды. Өнеркәсіптік, көлік, байланыс салалары ауылдық жерлерден келген жұмысшылармен қамтамасыз етілді, ал олардың жалпы білімі төмен, ересек адамдар еді. Оларды дайындау Орталық еңбек институты (ЦИТ) ұйымдастырған курстар арқылы іске асырылды. Республикамызда 1928-1929 оқу жылында бұл институттың екі арнаулы базасы және екі оқу орталығы болды, олар 490 жұмысшы дайындайды, оның 360-ы қазақ жастары еді. Бұдан кейінгі уақытта жағдай айтарлықтай өзгере бастаған. Жұмысшы құрамына келушілер көбейе түсті. 1929-1930 жылдары аталмыш институттың үш базасы және төрт оқу орталығы болды. Олар 6359 жұмысшы дайындады, оның 4500 қазақ жұмысшылары еді. Ал, 1930-1931 оқу жылында он екі базасы және 65 оқу орталығы болды, онда 26125 жұмысшылар оқыды, оның 19590-ы қазақтар болатын./10/

1.2 1930 жылдардағы Қазақстанда кәсіптік-техникалық оқу орындарының әлеуметтік өсуі.

Күрделі кәсіптік мамандық беретін жұмысшылар дайындауда ФЗУ мектептерінің орны ерекше болып қала берді. Олардың саны 1930 жылы 36 болса, 1932 жылы 54-ке жеткен. Тек ауыр өнеркәсіп салаларында ғана 8-ден 15-ке дейін өсті. Олар, әсіресе көмір, мұнай, металлургия және тау-кен өнеркәсіптеріне жұмысшы мамандар дайындады.

Бұл жылдары ФЗУ мектептері оқушыларға кәсіптік мамандық пен қатар, жалпы білім де берді. Бұл жастардың орта және жоғары арнаулы оқу орындарына түсуіне тікелей жағдай жасады.

Өнеркәсіп орындарының қаулап дамуын және оған маман жұмысшылардың қажеттігін ескере отырып, КСРО Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесі 1933 жылы 15-ші қыркүйекте ФЗУ мектептері туралы арнаулы қаулы қабылдады. Бұл қаулыда кәсіптік-техникалық оқу орындарының маман жұмысшылар дайындаудағы атқарған қызметі атап көрсетілді. Сонымен қатар олардың оқу мерзімі ұзақ, соның нәтижесінде ФЗУ-дың түлектері өндіріске бармай бірден жұмысшы факультетеріне (рабфак), техникумдарға, жоғары оқу орындарына түсіп отырды. Сондықтан да ФЗУ мектептерінің оқу үрдісін қайта құру қажет болды. Ендігі жерде оның оқушыларының оқу уақытының 80 пайызын өндірісте өтуі қажет болды, ал қалған уақыты жаңа кәсіпті игерудің теориялық негізіне арнауы керек деп табылды. ФЗУ-дың әрбір түлегі өндірісте үш жылдан кем жұмыс істемеуі тиіс болды. /11/

Тәжірибе мынаны көрсетті, 6 айдан бір жылға дейінгі мерзім маман жұмысшы дайындауға жеткіліксіз болды. Одан кейінгі уақытта олар өз мамандығын өндірісте жетілдіруі қажет еді. Сондықтанда 1935 жылы КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі ауыр өнеркәсіп комиссариатына ФЗУ-да жұмысшылар дайындайтын оқу мерзімін бір жарым жылға дейін, қайсібір күрделі мамандықтар бойынша екі жылдан үш жылға созуға рұқсат берді.

Соған сәйкес республика партия, кеңес және кәсіподақ ұйымдары да жаңа талапты басшылыққа ала отырып, кәсіптік-техникалық оқу орындарының базасын нығайтты, оларды оқытушылармен және шеберлермен қамтамасыз ету ісін жақсартуды қолға алды. Бұл салада сан алуан қаулылар қабылданып, әртүрлі мәселелер қаралды. Ұйымдастыру жұмыстары іске асырылды, олар өзінің нәтижесін де бере бастады.

1933 жылдың аяғында республикамызда ФЗУ мектептерінің саны 94-ке жетті, онда 17270 жігіттер мен қыздар оқыды, олардың үштен бірі ғана қазақ жастарынан құралды. /12/

Шаруашылық салаларының күрделене түсуі мен өндіріске жаңа техниканың енуіне байланысты ФЗУ мектептерінің саны арта түсті, оқушыларды да көптеп қабылдады. Бірақ, олар өзіне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқара алмады. Себебі, уақыт өмір талабы кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарын қайта құруды қажет етті.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президуымының 1940 жылдың қазанның 2-де «КСРО-дағы Мемлекеттік еңбек резерві комитетін» құру туралы Жарлығы жарияланды. Жарлықта қалалық және село жастарынан жоспарлы түрде жұмысшы дайындаудың жаңа міндеттері тұжырымдалды. Жарлық талабына сәйкес 2 жылдық қолөнер, темір жол училищелері, 6 айлық фабрика-зауыттық оқу мектептері құрылды. Бұл оқу орындарын бітірген жұмысшылар мемлекеттік еңбек резерві қатарына қосылды. Олар КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің тікелей қарамағында болып, оларды үкімет рұқсатынсыз халық комиссариаттары мен мекемелер пайдалана алмады. Оқушыларды оқыту және оны материалдық жағынан жабдықтауды мемлекет өз мойына алды. Оқуға қабылдау жыл сайынғы жоспар бойынша жүргізілді және оқуды бітірген жас жұмысшылар шаруашылық салаларына да жоспарлы түрде бөлінді. Осы Жарлыққа сәйкес Қазақстанда да жүйелі ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. 1940 жылдың қазан-қараша айларында Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі қолөнер, теміржол және ФЗО мектептеріне қала және село жастарын алу туралы және республикада жұмысшылар дайындайтын оқу жүйесін құру туралы қаулы қабылдады. Қараша айында республикалық, ал кейінірек облыстық, еңбек резевтері басқармасы құрылды, оған маман жұмысшылар дайындауды міндеттеді. /13/

1925 жылыдың маусымында Қазақ өлкелік партия комитетінде жұмысшы факультеттерін жабдықтау мәселелері қайта қаралды. Партиялық, кеңестік, комсомол және кәсіподақ ұйымдарымен істелетін Орынбор жұмысшы факльтетіне қабылдау жұмыстары оң нәтиже береді деп атап өтілді.

Кеңестік идеологиялық талаптарға сәйкес жұмысшы факультетіне түсушілердің таптық жағдайын анықтау үшін мандаттық комиссиялар құрылды. Олардың құрамына партия, комсомол және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері кірді. Комиссияның жұмысында талапкерлермен жеке әңгімелесу жүргізген партия өкілдерінің қызметкерлеріне маңызды орын берілді. Жұмысшы факультетінің мандаттық комиссиялары қатаң таптық сараптау қағидасына сүйене оқуға қабылдану ережелерінің орындалуына бақылау жүргізді. Мысалы, 1923 жылдың көктемінде РКП(б)-ң Қазақ облыстық комитеті бюросының отырысында Орынбор жұмысшы факультетіне қабылдау нәтижелері жайлы мандаттық комиссияның анықтамасы тыңдалды. Партияның облыстық комитеті мандаттық комиссияның жұмысын қолдады. Қабылдау ережелерін қатаң сақтаудың нәтижесінде 144 оқуға түскендердің 74-і жұмысшы, 41-і шаруа, ал қалғандары қоғамдық жұмысқа белсене қатысқандар деп атап өтілді. /14/

Мандаттық комиссия шешімдері қайта қаралмады. 1920-жылдардың басында жұмысшы факультеттеріне басым бөлігі Қазан революциясы мен азамат соғысының қан майдандарынан өткен жұмысшылар мен шаруалар түсті. Республиканың алғашқы комсомолдарының бірі Д.Е.Грушиннің естелігінде Торғай облысының Ақбұлақ кентінен жұмысшы факультеттеріне азамат соғысына белсене қатысқан жауынгерлер бірінші кезекте жолдама алды. Олардың қатарнда кенттің алғашқы комсомолдары И. Волков, А. Пивнев, Камалутдинов және т.б. 1921 жылдың ақпанында ЧОН отрядының жауынгерлері Т. Горняков, С. Золотов И.Ярмущенко, отряд комиссары М. Никитиндер жауынгерлік тапсырмалармен әскери қызметте болса, ал қазан айында Орынбор жұмысшы факультетінің алғашқы тыңдаушылары ретінде партада отырды. Жұмысшы факультетіне Петропавлда колчактық тылда жастарды ұйымдастырған, Қазақстанда бірінші Спартак атындағы жас пионерлер отрядын ұйымдастырған К.Аксеньев қабылданды, Солтүстік Қазақстан комсомолын ұйымдастырушысы және көсемі, РКСМ-ң ІІІ- съездінде В.И.Ленинді тыңдаған А.Южаков та шақырылған. Орынбор жұмысшы факультетіне қазақ жастарының арасынан алғашқылырдың бірі болып қабылданған Темірбек Жүргенов еді. Кейін ол Қазақ КСР де Халық ағарту халық комиссары қызметінде болғанда қазақ халқының ағарту және мәдениет салаларына зор үлесін қосты. Үміткерлердің орыс тілін білу, арифметика, саяси сауаттылық және басқа да білім деңгейін тексеру конкурстық сипатқа ие болмады, тек алдағы үш жылда оқуға түсуші оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтауды мақсат етті./15/

1921 жылы қазанда Орынборда алғашқы қазақстандық жұмысшы факультеті өз қызметін бастады. Жұмысшы факультетіне қабылданған тыңдаушылар әлеуметтік құрамы бойынша төмендегідей болып бөлінген: 81 жұмысшы (37%), 120 шаруа (54%) және 20 оқушы дене еңбегімен айналыспаған.

Келтірілген мәліметтерден тыңдаушылардың басым бөлігі шаруалар болғанын көруге болды. Бұл заңды да еді, өйткені ауылдық жерлерде тұратын тұрғын халық басым болатын. Елдің орталық қалаларындағы жұмысшы факультеттерде жұмысшылар үлесіне барлық орынның жартысы, ал шаруалар үштен бір бөлігін құрағанын айта кету керек. Осындай жағдайды ескере отырып, партияның облыстық комитеті және республиканың Халық Комиссарлар Кеңесі студенттер арасында пролетарлық бөлікті нығайту үшін шаралар қолданды. Негізгі басымдықты Қазақ өлкесінің өндірістік аудандарына беру көзделді. Осыған орай 1923 жылы Орынбор жұмысшы факультетінде студенттердің 45% жұмысшылар құрады.

1921 жылы қарашада республиканың партия губкомы және губаткомы шешімімен ұйымдастырылған Семейде екінші қазақстандық жұмысшы факультеті ашылды. Жұмысшы факультеті Халықтық білім институтының ғимаратында орналасты, бірінші курсқа 353 оқушы қабылданды, оның 198-і жұмысшылар мен шаруалар арасынан шыққандар еді. /16/

Республикадағы құрылған жұмысшы факультеттерінің ұлттық құрамын сипаттай отырып, біз сол кезеңнен бастап өндірістік ошақтарға келе бастаған қазақ жастарының өте аз болғанын атап өтуіміз керек. 1922 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша екі жұмысшы факультетіндегі көрсеткіштерді қоса есептегенде бар болғаны 100 қазақ тыңдаушысы, немесе олар оқушылардың жалпы санының 17,4% құраған еді. Жергілікті ұлт өкілдерінен жасақталған оқушылардың мұндай төмен саны бірқатар себептермен түсіндіріледі: біріншіден, қазақ еңбекшілерінің орыс тілін жетік білмеуі (тіптен білмеуі), екіншіден, жұмысшы факультетінде дайындық бөлімдерінің болмауы.

1923 жылы қаңтарда өткен Қазақ АКСР де партияның облыстық комитетінің пленумында республика Халық ағарту комиссариатының алдына мынандай өзекті мәселе қойылды: Орынбор жұмысшы факультетінде қазақ студентттерінің санын 50% жеткізу, ең алдымен жұмысшылар мен батрактар қабылдау керек болды. /17/

Пленум шешімдерін орындау үшін Қазақ АКСР-ң Халық ағарту комиссариаты жұмысшы факультетіне жолдамалар беру ережелері туралы арнайы қаулы қабылдады. Онда партия ұйымдары алдына жергілікті ұлт өкілдерінен неғұрлым көбірек тыңдаушыларды жолдау, оларға жұмысшы факультетіне түскенде жеңілдіктер берілу мәселесі қойылды. Мұнымен РКФСР Халық ағарту комиссариатындағы жұмысшы факультеттер бөлімі 1921 жылы жұмысшы факультетінің күндізгі бөлімінде оқу мерзімін 3 жылға, ал кешкі бөлімде 4 жыл белгіленді. Алайда алғашқы жылдар тәжірибесі көрсеткендей, орыс тілін жетік білмейтін қазақ тыңдаушылары 3 жыл ішінде жұмысшы факультетінің оқу бағдарламасын меңгеруге және қажетті деңгейде жоғарғы оқу орнына түсуге дайындалуға мұршасы келмеді.

Бұдан жұмысшы факультетінде бір жылдық дайындық бөлімін ұйымдастыру жайлы мәселе көтеріле бастады. Онда қазақ тыңдаушылары орыс тілінен білімдерін жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар басқа да жалпы білімдік пәндер бойынша қажетті оқу дайындығын алатын еді. Қазақ жастарының жұмысшы факультеттерінде оқуға деген талпынысының қаншалықты жоғары болғаны жайлы мынандай деректер дәлел бола алады. 1923 жылы қыркүйекте Қазақ АКСР ХКК төрағасы С.Сейуллинге 18 бен 25 жас аралығындағы ондаған жігіттер мен қыздар жұмысшы факультетіне қабылдануға сұранып келсе, ертеңгі күні қабылдануға 100-ден астам адам жастар келген. Олардың басты өтініші: «Бізді жұмысшы факультетіне түсе алатындай етіп оқытыңыздаршы.»- деген талап болған.

Коммунистік партияның облыстық комитеті мен Қазақ АКСР үкіметінің шешімі бойынша 1923 жылдың соңында Орынбор жұмысшы факультетінің жанынан жыл сайын 50 адамға дейін қабылдайтын дайындық бөлімі ұйымдастырылды. Көптеген қазақ тыңдаушыларының сұранысы бойынша оқу мерзімі 1 жылға ұзарды. Сол себепті де дайындық бөлімінде олар оқуды сәтті жалғастыру үшін қажетті білім алды. 1924 жылы жазында-ақ дайындық бөлімі жұмысшы факультетінің бірінші курсына оқытушылардың іріктеуінен өткеннен кейін дайындық деңгейі негізгі курстарда оқуға сәйкес деп танылған 45 қазақ жігіттері мен қыздары жолдама алды. /18/

Кеңес өкіметі Қазақстанда социалистік құрылыстың қажеттілігін қанағаттандыратын мамандарды даярлау мәселесіне де таптық тұрғыдан келді. Кеңес өкіметі Қазақстанның өзінде бұл жылдары жоғары оқу орнын ашуға материалдық және мәдени алғышарттар жасалмаған деген сылтаумен республикаға қажетті жоғары білікті мамандар даярлауды Ресей мен Украинаның жоғары оқу орындарында жүргізді. Кеңес үкіметі Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов, Х.Досмұхамедов сынды көптеген жоғары білікті ұлттық зиялы қауым өкілдерін білім беру саласынан идеологиялық себептерге байланысты алыс ұстауға тырысты. Олардан жастардың санасына ұлтшылдық рухын себеді деп күдіктенді. Ұлттық зиялы қауым өкілдерінің интеллектуалдық мүмкіндіктерін Кеңес үкіметі толық пайдаланудан бас тартты. Оларды ғылыми-шығармашылық қызметке араластырған күннің өзінде, қатаң идеологиялық бақылауда ұстады.

Сол себепті, алғашқы қазақстандық жұмысшы факультетінің түлектеріне Мәскеу, Петроград және басқа қалалардың жоғарғы оқу орындарына жолдама беріліп, олар үшін оларға арнайы орын бөлінді. Мысалы: Орынбор жұмысшы факультетін бітірген тұңғыш 36 түлегі – Темирязев атындағы ауылшаруашылық академиясына, Саратов медицина институтына, Орта Азиялық мемлекеттік университетке және т.б. түсті. Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдары РКФСР Халық ағарту комиссариаты Орынбор жұмысшы факультетіне бірталай қаржылай және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету бағытында көмектесіп тұрды. Алайда, бұл бағыттағы Ресей, Өзбекстан, Украина сияқты көршілес одақтас республикалардың жан-жақты қолдауы мен көмегіне қарамастан Қазақстанда жоғарғы білікті мамандар дайындау ісі баяу алға жылжыды.

Коммунистік партия және Кеңес үкіметі ұлттық мүддеден алшақ, таптық сана тұрғысында көзқарасы қалыптасқан ұлттық интелегенциясын құру мәселелеріне көп көңіл бөлді. Оны шешудің жолдарын былайша ұйымдастырды: жоғары оқу орындарына, техникум, жұмысшы факультеттеріне шығу тегі бойынша жұмысшы немесе шаруа өкілдерінен ұлттық республика өкілдері үшін орындар алдын ала бөлінді, оларға оқуға түскенде кең көлемде жеңілдіктер жасалды.

Жаңғырту кезеңі мен халық шаруашылығын қайта құру жылдарының басында Қазақстан үшін жоғары білікті маман кадрлар даярлау ең алдымен РКФСР және Өзбек ССР-ң жоғары оқу орындарында жүргізілген еді. Дегенмен, оқуға түсерде Қазақстанның жұмысшылары мен шаруалары өкілдерінен таптық тұрғыда іріктеп алынған жастарының алдында тұрған үлкен қиындық туғызған мәселе олардың білім деңгейі мен дайындық дәрежесі болатын. Жалпы, бұл мәселе тек қазақ жастарына ғана тән қиындық емес еді. Өйткені, іріктеу барысында білім емес, шыққан тегі мен таптық көзқарасы негізгі талап ретінде алынған жүйеде жоғарыда аталған қиындықтың болуы заңды еді. Осындай себептерге байланысты да, орталық жоғары оқу орындарына жолдама алған қазақ студенттерінің артқа қайтуға мәжбүр болған фактілері жиі кездесіп отырған. Бұған қазақ жастары, әсіресе ауылдық жердегі орыс тілін жетік білмегенді қоса айта кету керек.

Кеңес үкіметі бұндай күрделі жағдайдан шығудың бірден бір жолы жұмысшы факультеттерінің қызметін жандандыру деп түсінді. Таптық сипатта ашылған оқу орындары қазақ жастарына жоғары мектепке түсуге ғана дайындаған жоқ, сонымен қатар қажетті деңгейде орыс тілін меңгеруге көмектесті. Республиканың жұмысшылары мен шаруаларын жұмысшы факультеттеріне халық білімі бөлімі қарамағындағы таңдаулы губерниялық комиссиялары жолдады. Олардың қатарына Коммунистік партияның губерниялық комитеттері, комсомол және губерниялық кәсіподақ комитеттерінің өкілдері кірді.

Таңдау комиссиялары қазақ жастарының жолдамаларына ерекше көңіл бөлді. РКП(б) Орталық Комитетінің Қазақстандағы облыстық партия комитетіне жолданған жеделхатында жергілікті халыққа жұмысшы факультеттеріне жолдаманы бірінші кезекте берілуі туралы нұсқау берілді. Қазақ жастарына жұмысшы факультеттеріне түсуді жеңілдету үшін РКФСР Халық ағарту комиссары Ақмола және Семей губернияларын Омбы жұмысшы факультеттерінен қазақ таңдаушыларына орын бөлу және біршама даярланған үміткерлерді қабылдау жүйесін ретке келтіруге мүмкіндік берді. 1925 жылы Омбы жұмысшы факультеттерінде Ақмола мен Семей губернияларынан 53 тыңдаушы оқыды. 1924 жылы күз мезгілінде Омбы жұмысшы факультеттерінің жанынан қазақ-татар дайындық бөлімі ашылды, оған қазақ жастарынан 20 адам қабылданды. Жұмысшы факультетінің басшылығы дайындық бөлімнің тыңдаушыларының санын жыл сайын өсіруді міндет етіп қойды. Бөлім бағдарламасына орыс тілі мен әдебиетін, тарих пен география, саяси сауат ашу пәндері кірді. Дайындық бөлімінде оқығандардың негізгі бөлігін жұмысшы факультетінің 1-курсына көшірілді. Дайындық бөлімінде оқығандардың көпшілігінде ауылдық мектеп көлемінде ғана білімі бар болатын және орыс тілін өте әлсіз білген еді. Міне, сондықтан да жұмысшы факультеттері жанынан ашылған ұлттық бөлімдер қазақ жастарының оқу бағдарламасын, кейін жоғарғы оқу орнының да күрделі бағдарламаларын меңгеруде үлкен септігі тиді. Омбы жұмысшы факультетінің Кеңесінде атап көрсетілгендей, ұлттық бөлімде сабақ беруге қазақ тілін білетін педагог мамандар тартылған. Осындай бөлім Мәскеудегі Түсті металл және алтын институтының жанынан ашылған жұмысшы факультетінде де жұмыс істеді. Орта Азиялық Жоспарлау институтының жанындағы Жұмысшы факультетінде дербес қазақ топтары ұйымдастырылды. /19/

1924 жылы мамырда өткізілген РКП(б)-ң IV-Қазақ облыстық конференциясы «жұмысшы факультеттері мен жоғарғы оқу орындарының таңдаушыларына қатаң түрде таңдау өткізуге зор көңіл бөлуді» ұсынды.

Партиялық ұйымдардың басшылығымен губерниялық таңдау комиссиялары жоқ мектепке Қазақстанның жұмысшы тобының ең белсенді өкілдерін тарту қызметін жандандыра бастады. Бұл жұмыстардың негізгі түрлері мынадай болды: біріншіден, кәсіпорындарда жұмысшылар мен мәдени құрылыстағы жұмысшы факультеттерінің рөлі жайлы әңгімелер (сауалдар) өткізіліп отырды. Олардың алдында осы өндіріс кәсіпорындарының ұжымының шешімімен республикадан тыс жұмысшы факультеттеріне оқуға жіберілген тыңдаушылары сөз сөйледі. Жұмысшы факультеттері өздерінің оқулары жайлы, бұл факультетте өткізілетін қоғамдық-саяси іс-шаралар мен жұмыстары жайлы баяндаған. Екіншіден, газеттердің бетінде Қазақстан үшін орталық жұмысшы факультеттерінде бөлінген орындар саны туралы үнемі хабарланып тұрды. Мұның бәрі еңбекші жастарда жұмысшы факультетіне деген қызығушылық туғызды. Әрине, оқуға барғысы келетіндер саны жоспарланған орындар санынан біршама көп болды. Мысалы, республика Халық ағарту комиссариатына 1924 жылы тамызда ғана жұмысшы факультетіне жолдама беруді сұраған 300-ден астам өтініш түскен. /20/

Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетіне болашақ білікті мамандарды даярлайтын негізгі орталықтар Москва, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург), Ташкент, Омбы және Қазан сияқты алдыңғы қатарлы дамыған қалалар болды. 1925 жылдың күзінде Ташкенттің жұмысшы факультеттерінде 144 тыңдаушы оқыды, оның 96 қазақ, Омбыда - 55, Ленингардта - 67, Қазанда - 40 тыңдаушы оқыды. Мәскеу жұмысшы факультеттерінде де қазақ студенттерінің саны жоғары қарқынмен өсті. Бұл мәліметтер Қазақстанда тек бір жұмысшы факультеті қызмет еткенде республиканың жұмысшы және шаруа табынан шыққан жастарының басым бөлігі тек жалпы білімдік емес, сонымен бірге саяси-идеологиялық дайындықтан өткізетін одақтық жұмысшы факультеттерінде де кәсіби – техникалық мамандық алғандығын көрсетеді. Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатының деректері бойынша 1927 жылы республикадан тыс жұмысшы факультеттері мен оқу орындарында 1000-нан астам Қазақстандық жігіттер мен қыздар оқып-білім алып жатқан екен.

1927 жылы мамырында БКП(б)-ң Қазақ өлкелік партия комитетінің отырысында республикадан тыс жоғары оқу орындары мен жұмысшы факультеттеріне студенттерді жіберу жұмысының жағдайы жайлы мәселе қаралды. Жолдама беретін ұйымдар жұмысшы факультетінде оқуға ниет білдіргендердің дайындық деңгейін қатаң қадағалау керек болды. Өлкелік партия комитеті Халық ағарту комиссариатын республиканың өңеркәсіп аудандарында елдің жұмысшы факультеттеріне жұмысшыларды дайындайтын кешкі жалпы білім жетілдіретін курстарды ашуды тапсырды. Мәселен, 1927 жылы ғана жұмысшы факультетіне жолдама алған 100-ден астам тыңдаушы дайындық курстарын аяқтады. Кейінгі жылдары жұмысшы факультетіне дайындық курстары Қазақстанның барлық облыстық орталықтарында ұйымдастырылды. Олардың қызметінің негізгі бағыты жұмысшылардың социалистік қоғамда алатын орны мен пролетариат диктатурасының жетекшілік ролін түсіндіру, комунистік-таптық көзқарасын қалыптастыруды жүзеге асыру сияқты тар шеңберге таңылды.

Инженерлік-техникалық кадрларды республика өнеркәсібі үшін даярлауда халық шаруашылық институттары да маңызды рөл атқарды. Көптеген жұмысшы жастар орталық қалаларға оқуға аттанды. Мысалы, 1928 жылы Москва, Ленинград, Омбы, Ташкент, Қазан жұмысшы факультеттерінде Қазақстаннан 254 тыңдаушы оқыған. Қазақ АКСР-ң Халық ағарту комиссариаты Қазақстанда тұратын басқа да ұлттық топтардың өкілдерін жоғары оқу орындары мен жұмысшы факультеттеріне тарту ісі жөніндегі Кеңес құрылды. Тек қана 1927-28 оқу жылының өзінде-ақ аталмыш Кеңес жолдамалары бойынша жоғарғы оқу орындарына түсу үшін Москва, Ленинград, Саратов жұмысшы факультетінде республиканың өзбек, татар, және ұйғыр жастарының 42 өкілі дайындалып жатты. Халық ағарту комиссариатының губерниялық бөлімдері де өз үлестерін қосуға тырысты. Мысалы, Ақмола губерниясынан Ресейдің орталық қалаларындағы жұмысшы факультеттеріне бір жылда 2 украиндық, 1 неміс, 2 мордвин жолдама алған. /21/

Ал, кейінгі 1932, 1935, 1939, 1941, 1943 және 1945 жылдары Қазақстанда ұлтына қарай жұмысшыларды бөлуге (жалпы санынан % есебінде; жұмысшылардың жеке тіркеу іс қағаздарындағы деректер бойынша) қатысты мәліметтерді 1 - кестеден көруге болады.



Жұмысшы факультеттері мен курстардың атауы мен бітірушілердің құрамына назар аударсақ, ондағы таптық белгі мен шығу тегінің басты талап болғанын аңғаруға болады. Мысалы, 1929 жылдың жазында Петропавлда курсты 31 адам аяқтаған, оның ішінде 20 жұмысшы мен батрак, Қызылордадағы батрак жастарын даярлау курсын 40 түлек бітірген, оның 30-ы Ташкент жұмысшы факультетіне түскен. Жалпы республика бойынша оқуға түсуге қазақтар арасынан 270 жұмысшы және батрак пен шаруа өкілдері дайындалған. Қазақ жастары өздерінің даярлығын жақсартуға мүмкіндік алған курстардың қызметінің көмегімен 1929 жылдың аяғында басқа республикалардағы жұмысшы факультеттерінде қазақ студенттерінің саны республикадан барлық жолданғандардың ұлттық құрамы бойынша 78,9 % құрады./22/
1 – кесте 1932 – 1945 жылдар аралығындағы Қазақстандағы жұмысшыларды ұлтына қарай бөлу.

Ұлты

Жылы


1932

1935

1939

1941

1943

1945

Қазақтар

32,2

25,0

21,9

18,9

12,7

13,8

Орыстар

61,8

68,0

51,8

54,2

26,8

35,2

Украиндықтар

2,6

1,7

7,3

10,8

7,8

18,7

Белорустар

-

0,3

0,6

0,6

0,2

0,6

Немістер

-

3,1

1,6

3,8

39,6

8,3

Татарлар

-

0,3

4,8

2,0

1,0

1,5

Өзбектер

-

0,3

0,1

-

0,6

0,3

Кәрістер

1,7

-

9,8

3,2

4,4

3,6

Еврейлер

-

-

0,2

1,1

2,6

0,5

Поляктар

-

-

0,1

0,2

2,7

1,3

Шешендер

-

-

-

-

-

1,2

Латыштар

-

-

0,1

-

-

0,2

Эстондықтар

-

-

0,2

0,6

-

0,1

Басқалар

1,7

1,3

1,5

4,6

1,6

14,7


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет