1.6. Материалдық емес активтердің есебі
Материалдық емес активтердің жіктелінуі мен бағалануы және есептелінуі. Материалдық емес активтері деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына лицензиялық келісімдерді, бағдарламамен қамтамасыз ету, патенттерді , ұйымдастыру шығындарын, гудвильді, франчайзингті, сауда маркаларын, авторлық құқықты жатқызуға болады.Оларға анықтама беріп көрейік:
Лицензиялық келісімдер – кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға және т.б.) беретін құқықтар;
Бағдарламамен қамтамасыз ету, ол әлде сатып алынады, не болмаса субъектінің өзі жасайды және сыртқы немесе ішкі мақсаттарға арналады;
Патенттер – заңды түрде танылған және тіркелген айырықша құқықтар. Патент белгілі бір өнімді шығаруға , не болмаса арнайы ерекше процесс пен технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді;
Ұйымдастыру шығындары (қалдырылған шығындар) – субъект шеккен шығындар, олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар болашақ кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты шығындар, ұзақ мерзімді алдын ала төлеу – бірнеше жыл бұрын аванс болып төленетін) сақтандыру;
Гудвиль – субъектінің жағымды сипаттамасына байланысты сатып алушының сауда сәтіне пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік балансында сатылым (субъектінің тұтастай алғандағы құны) мен таза активтерінің жеке-жеке гудвиль фирманың алған нақты бағасы мен таза активтерінің сәйкес теңестірілген әділ нарықтық бағасы арасындағы айырма ретінде қарастырылады. Таза капитал: «капитал минус міндеттемелер» болып табылады.
Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:
• Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
• Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
• Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысыбойынша бағаланады.
Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу- Хау» деген ұғымды келтіруге болады.
Материалдық емес активтердің жоғарыда аталып өткен түрлерінің бірі «Лицензиялық келісімдер». Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құнын екінші бір заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицезиялық келсімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін орындайды.
Материалдық емес активтердің «Программамен жабдықтау» деп аталатын түрі кәсіпорнының алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттармен мәліметтерді айтады.
«Патент» деп аталатын материалдық емес актив жеке адамның немесе топтың, сондай- ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ащқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалылығын өз пайдасына (жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады. Сонымен қатар «Патент» - деп кәсіпкерліктің кейбір түрімен (саудамен, сатып алумен тағыда басқа) айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкерлік патентті алар уақытында патенттік баж төлеуі керек.
Амортизациялық құн – «бастапқы құн минус жойылу құны» болып айқындалады.
Жойылу құны нөлге тең есптеледі, егер:
1. Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші жақтың келісімі болмаса;
2. Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаса:
а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына;
ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.
Нарық белсенді саналады, егер:
- нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);
- мәмілеге келуге ниетті – сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатын болса.
- сатып алынатын және сатылатын тауарлар.
1.7. Инвестиция есебі
Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес. Инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай – ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар. Мал, екпе ағаштары, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармаларының түпнұсқалары, жаңа ақпарат жатады.Негізгі капиталға салынған инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторлары болып табылады.
Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция. Әлемдік экономиканы жаһандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция( яғни қаражаттарды кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесіннің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа нарықтарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды. ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдіік инвестиция көлемі бойынша көш бастап келеді.
Қоржындық инвестиция – ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат, капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы қүұралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп – 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, АҚШ- та бағалы қағаздарға(негізінен акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсалған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор нарығы мен қаржы құралдарының дамымағандығында.
1.8. Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі
Еңбек – ақыны фирма өндіріс төмендегенде төмендетпейді, ал өрлеу кезінде квалификациясы жоғары жұмыскерлердің еңбекақысын күрт көтермейді. Ақшалай жалақының динамикасы тегістеледі. Өндіріс құлдырағанда жалақы төмендемейді, ал өрлеу кезінде күрт емес, бірте – бірте өседі. Жалақы дәрежесінің өсуі белгілі болжамдалған шеңберде өзгеріп отырады. Нақты жалақы - бұл тауарлардың болып тұрған баға дәрежесінде төленген жалақының ақшалай сомасына жұмыскерлердің сатып алатын тауарлардың саны.
Еңбекақыны дұрыс ұйымдастыру жеңіл-желпі іс емес. Көптеген жағдайларды ескеруге тура келеді. Атап айтқанда: өнім шығаруға қажетті еңбек мөлшері, сапасы, нормасы; қызметкерлердің мамандық дәрежесі, жалпы және кәсіби білімі; халық шаруашылық саласының маңызы, территориялық ерекшелігі, жұмыс жағдайы т. б.
Еңбек сапасы орындалатын жұмыстың күрделілік, маңызын көрсетеді.
Еңбек мөлшері дегеніміз нақтылы өнім өндіруге кететін қызмет процесінде шығындалған бұлшық ет және жүйке энергиясының жиынтығы.
Белгілі бір өнім өндіргенде еңбек шығынының нақтылы қоғамдық қажетті көлемін (шамасын) еңбек нормасы деп атаймыз. Еңбек нормасы өндірістің нақтылы жағдайына байланысты оқтын-оқтын өзгеріп отырады. Еңбек нормасының көптеген түрлері бар. Олар: уақыт, өнім шығару, қызмет көрсету, еңбек істейтін адам саны және т. б. нормалар.
Еңбекті нормалаудын негізгі екі әдісі бар. Олар: тәжірибелі-статистикалық және ғылыми-техникалық негізделген әдістер. Кейінгісін аналитикалық әдіс деп те атайды.
Еңбекті дұрыс нормалау ақы төлеуді жетілдірудің негізгі жолдарының бірі. Социализмде жалақынын, көптеген формалары мен жүйелері болады. Атап айтқанда қандай формалары бар? Ол екеу: мерзімді және кесімді жалақы. Жалақының мөлшері нақты істелінген жұмыс уақытының шамасына және қызметкерлердің мамандығына байланысты төленсе оны мерзімді жалақы деп атайды. Егерде жалақы мөлшері кажетті сапада шығарылған өнімнің мөлшеріне қарап төленсе, оны кесімді жалақы деуге болады. Екіншісі біріншісінің өңі өзгерген формасы. Ол еңбекті нормалауға тікелей байланысты. Ал еңбекті нормалау елімізде, сондай-ақ республикамызда өз дәрежесінде емес.
Кейінгі кезде коллективтік еңбекақы төлеу кең етек жайды. Бұл формада ақы көлемі бригаданың, цехтың және басқа бөлімшелердегі жұмыс істейтіндердің ақтық еңбек нәтижесіне тәуелді. Еңбек өнімділігін арттыруға себепкер. Халық шаруашылық саласының көпшілігінде жалақы екі бөліктен тұрады: Негізгі және қосымша жалақы.
Жұмысшыларға тарифтік ставка, ал басқа кызметкерлер мен қызметшілерге олардың лауазымдық окладтарына сәйкес төленген еңбекақы жалақының негізгі бөлігі ұғымын береді. Ал, берілген нормамен салыстырғанда қосымша нәтижелерге қолы жеткені үшін ынталандыру (сыйлық беру) және сан алуан басқа да нәтижелері мен игілікті істерді жүзеге асырғаны үшін үстеме ақы төленеді. Бұны жалақының қосымша бөлігі деп атаймыз.
Еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі буыны - тарифтік жүйе. Ол не үшін қажет және қандай құрамдас бөліктерден тұрады?
Еңбекақы төлеуді ұйымдастырудағы күрделі мәселелердің бірі - еңбектің сапасын есепке алып, іс жүзіне пайдалану. Бұл мәселені дұрыс шешу тарифтік жүйені қолдануды қажет етеді. Сондықтан тарифтік жүйені дұрыс жасаудың маңызы зор.
1.9.Міндеттемелер есебі және қарыз бойынша шығын
1.10. Меншікті капитал есебі
Меншікті капиталдың құрылымы. Жарғылық капитал жайлы түсінік және оның қалысптасу тәртібі. Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) есебі. Резервтік капиталдың қалыптасуы мен пайдаланудың есебі.
Шығындар туралы жалпы ұғым және олардың жіктелуі. Шығындардың жіктелуі, оның мақсаты мен маңызы. Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары. Өнімнің өзіндік құнын, табысты анықтау және босалқыларды (қорларды) бағалау үшін шығындарды жіктеу. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамы.
Шешімдер қабылдау және жоспарлау үшін шығындарды жіктеу. Бақылау мен реттеу үдерісін жүзеге асыру үшін шығындарды жіктеу. Кәсіпорында өндірісті және есепті ұйымдастыру. Негізгі өндіріс шығындарының есебі, өндірістік есептің шоттар жүйесі (аналитикалық синтетикалық). Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының есебі; материалдық шығындардың есебі; есептеулерімен бірге еңбек ақы шығындарының есебі; көмекші өндіріс шығындардың, болашақ кезең шығындарының есебі және оларды бөлу. Аяқталмаған өндірісті, өндірістегі материалдарды түгендеу және олардың есебі.
Өндіріс шығындарының жиынтық есебі. Негізгі өндіріске қызмет көрсетудегі көмекші өндірістердің ролі мен маңызы. Өндірілетін өнімнің, атқарылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен құрамы бойынша көмекші өндірістердің типтері. Көмекші өндірістердегі шығындар есебінің объектілері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау объектілері. Құрал-саймандық, жөндеуші, қуат-күш беруші және көліктің өндірістердегі шығындар есебінің ерекшеліктері және өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын калькуляциялау. Көмекші өндірістердің өзара қызмет көрсетуіндегі шығындары мен көрсеткен қызметтердің есебі. атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді тұтынушылар арасында бөлу. кезең шығындарының есебі.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың мәні. калькуляциялау объектілері және калькуляциялық бірліктер. Калькуляциялаудың түрлері. Калькуляциялаудың әдістері мен тәсілдері. Процестік калькуляциялаудың мәні мен қолдану аясы.
Өнімді натуралдық және эквиваленттік бірліктермен шығарудың есебі. Эквиваленттік өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу. Кезеңнің соңында шығындарды дайын өнімдер, жартылай фабрикаттар және аяқталмаған өндірісарасында бөлі.Кезеңдер ұғымы, есеп және калькуляциялау объектілері.
Шығындар есебінің кезеңдік әдісінің қолдану аясы. Өндіріс шығындары есебінің кезеңдік әдісінің жартылай фабрикаттық және емес нұсқалары. Жартылый фабрикаттар мен дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Әдістің артықшылықтар мен кемшіліктері. Шығындар есебі мен өзіндік құнды калькуляциялудың тапсырыстық жүйесі, қолдану аясы. Шығындар есебінің объектілері, калькуляциялау объектілері. Шығындар есебі мен өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісімен үстеме шығындарды бөлу.
Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялау. Әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері. Шығындар есебі мен калькуляциялаудың нормативтік әдісінің мәні мен принциптері (қағидалары). Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің шығындары жоспарлаудағы, есепке алудағы, бақылаудағы, шешімдер қабылдаудағы, талдаудағы ролі, қолдану аясы.
Нормалар, нормативтік калькуляциялар. Нормалардың өзгеруінің есебі.
Тікелей және жанама шығындар бойынша нормалардан ауытқудың есебі.
Нормалардың өзгеруін, есеп объектілері бойынша нормалардың ауытқуды бөлудің әдістері. Берілген әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері
Кешенді өндіріс шығындарының есебі және жанама өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Шығындардың толық үлестірілуі бойынша және өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құн калькуляциясы. Табыстың көлеміне екі әдістің әсерін салыстырмалы талдау. Кешенді шығындарды бірлесіп өндірілетін өнімдер арасында бөлудің әдістері: натуралдық көрсеткіштердің көмегімен және өнімдердің нарықтық құнына сәйкес. Зиянсыздық және оның модельдері: экономикалық модель, бухгалтерлік модель, зиянсыздықты талдаудың математикалық жолы, қауіпсіздік нүктесі. Өндірістің зянсыздығын талдауда жіберілетін қателер. Болашақ кезеңдегі релеванттық шығындар мен табыстарды анықтау. тауарларды өткізу (сату) бағасы бойынша арнайы шешімдер қабылдау және шектеуші факторлар. Өз (меншікті) өндіріс немесе сатып алуы жөнінде шешімдер қабылдау. Бюджеттеудің сипаттамасы, оның артықшылықтары, мақсаты мен міндеттері. Кәсіпорынның бас және операциялық бюджеті.
Икемді бюджеттер: бюджетті құру және олардың ауытқуы. Бюджетті құрудың әрекет ету аспектілері. Бюджеттеу және жауапкершілік орталықтарының қызметін бақылау. Субъектінің қызметін бақылау мен талдауда икемді бюджеттің маңызы.
Бюджеттік жүйе түрлері. өзіндік құнды функционалды калькуляциалау. Негізінде сметалар құру. Нөльдік нүкте бюджеті. Ауытқуды талдау: шығындар бойынша, сату көлемі бойынша, өндірістік негізгі материалдар ассортименті және өнімнің шығыны бойынша. Жауапкершілік орталықтары есебі. Трансферттік бағаның құрылуы. Бөлімшелер қызметінің қаржылық көрсеткіштері: қаржы салымдары пайдасы, қалған пайда, экономикалық қосылған құн(EVA). Шешімдер қабылдауды талдау.
Міндеттемелердің анықтамасы. Міндеттемелердің жіктелуі. Ұйымның міндеттемелер бойынша әртүрлі заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысуының түрлері. Міндеттемелерді есептеу. Бюджетпен есеп айырысу. Еңбекақы төлеу бойынша жұмысшы-қызметкерлермен есеп айырысудың есебі. Қаржылық есеп беруді ашып көрсету.
Капитал туралы түсінік. Теориялық негіздеме. Серіктестіктердің мәні. Жарғылық капиталдың есебі, оның қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібі.
II. ЭКОНМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЕСЕПТЕМЕСІН ТАЛДАУ
2.1. Экономикалық талдау пәні мен міндеттері
Анализ ( грекше – analisis) тура аударғанда зерттеп жатқан объектіні бөлшектеп қарау. Анализге қарама-қайшы ұғым, ол «синтез» (грекше – synthesis) – зерттеп жатқан объектіні жинақтап қарастыру.
Адамның әрекет ететін барлық сферасында, барлық ғылыми салада (саяси, халықаралық, қоғамдық, әлуметтік, экологиялық, мәдени тұрмыстық) анализ және синтезді қолданбау мүмкін емес. Әсіресе анализ және синтездің экономикадағы маңызы өте зор, өйткені экономика барлығының негізі болып табылады. Егер эконмикалық проблемалар туындап және олар шешілмеген жағдайда ол проблемалар қоғамның өзге сферасына жағымсыз әсерін тигізеді. Эконмиканы жан-жақты қарастыру, шаруашылық қызметтерді зерттеу және соңғы нәтижелерін талдау бұл экономикалық талдау болып табылады.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы ең алдымен анализ жасауды микродеңгейде қалыптастырады, яғни жеке кәсіпорындардың және олардың ішкі бөлімшелерінің деңгейінде. Осы микродеңгейде нарықтық экономиканың негізі құралады. Макроэкономикалық талдау микроэкономика мен барынша жақындаса өрілуде және оны талдаудың жалғасы болуда. Уақыт өте анализ жасау микродеңгейден макродеңгейге өтеді. Микродеңгейде анализ нақты мәндерге толы.
Экономикалық талдау барысында шаруашылық процестер өзара байланыс, өзара тәуелді және өзара сертті күйінде зерттеледі. Өзара байланыс, өзара тәуелділік және өзара серттілікті орнату – талдаудың барынша маңызды кезі. Себептік қатынас арқылы барлық шаруашылық деректер, құбылыс, ахуал, процестер түсіндіріледі. Бұл қатынастан тыс шаруашылық өмір қисынсыз.
Себептік немесе деректік талдау кезінде әр бір себеп, әр бір дерек тиісті бағасын алады. Осы мақсатта себептер мен факторлар алдын-ала зерттеледі, ол үшін топтарға сипатталады: маңызды және маңызды емес, негізгі және жанама, нақты және нақты емес. Ең алдымен шаруашылық процестерге ықпал жасайтын маңызды, негізгі және нақты факторлар зерттеледі. Маңызды емес, нақты емес факторларды зерттеу қажет болса екінші кезекте жүргізіледі. Барлық факторлардың әсерін анықтау өте қиын және әр қашан қажет бола бермейді.
Экономикалық талдау процесінде көп жағдайда, мысалы, баға факторының әсерімен соқтығысуға тура келеді - баға, тариф, мөлшерлемелердің өзгеруімен. Нарықтық жағдайларда баға белгілеу - өте қиын, сұрапыл процесс. Дайын өнімдерге, тауарларға, жүк тасымалдау тарифтеріне және қызмет көрсету мөлшерлемелеріне баға қалыптасуы нарық заңдарының талаптарына сәйкес белгіленеді. Баға, тариф, мөлшерлемелер - әрқашан бірқалыпты шамалар емес, олар өзгеріп отырады. Егер шикізаттарға, материалдарға, жартылай өнімдерге, дайын өнімдерге, тауарларға бағалар өзгерсе, ол өзгерістер өнеркәсіптік, құрлыстық, ауылшаруашылық, сауда және басқа да кәсіпорындардың, барлық көрсеткіштеріне ықпал етеді (әсіресе қаржылық). Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жалпы, тауарлы, өткізу және таза өнім көрсеткіштері, өзіндік құн және таза табыс көрсеткіштері өзгереді; тауар кәсіпорындарында – көтерме және бөлшек тауар айналымдарының, өткізу жеңілдіктерінің деңгейінің, пайда және айналым шығындарының көрсеткіштері. Талдау процесінде баға, тариф, мөлшерлеме өзгерулері күрделі экономикалық есептеулерді тудырады.
Анықтамада айтқандай, шаруашылық процестер мен соңғы нәтижелері субъективті факторлардың әсерінен де қалыптасады. Талдау кезінде олардың шаруашылық қызметке ықпалы мұқият назарда болады. Адамның нақты қызметімен байланысты субъективті факторлар, оған тұтастай және толық тәуелді болады. Тіпті шаруашылық қызметтегі объективті факторлардың әсер етуін білікті талдау субъективті факторларға жатқызуға болады. Шаруашылықты сәтті жүргізу, бизнес-жоспарларды толық және ырғақты орындау (бастапқы ұстанымдары объективті, әрі толық болған жағдайда) өндірістік ұжымды сауатты жетекшілік етумен; өндірісті, қаржыны, экономиканы дұрыс ұйымдастырумен; орындаушының атқарып жатқан ісін терең білумен; оның экономикалық және ұйымдастырушылық дайындығымен байланысты анықталады.
Бірінші міндет - бизнес-жоспар мен номативтердің ғылыми-экономикалық негіздеуін жетілдіру, ең алдымен шаруашылық қызметтің ретроспективті анализінің жасалуымен орындалады. Уақытша қатар құру қысқа мерзімнің ішінде шаруашылық дамуда белгілі экономикалық заңдылықтарды орнатуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның (ассоциациялар, қоғамдар, концерн, сауда-өнеркәсіптік фирмалар және т.б.) шаруашылық қызметінде өткенде маңызды әсер еткен және болашақта әсер етуі мүмкін негізгі факторлар анықталады. Ағымдағы, шаруашылық қызмет талдауына ерекше назар аударады. Ретроспективті талдау нәтижелері ағымдағы бақылаулармен қосылып, қорытыңдыланған түрде жоспарлы есептерде қолданылады. Ағымдағы кезеңде, жоспарлық жұмыс есептік жұмыстан ілгері жүреді, сондықтан жоспаралды талдау жасау қажеттілігі туады.
Барлық жағдайларда алдынғы қатарлы кәсіпорындар мен ұйымдардың (отандық және шетелдік) әлуметті-экономикалық көрсеткіштерін, соңғы өндірісті-қаржылық нәтижелерін салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылады. Осылайша, бинес-жоспар қажетті экономикалық есептеулермен негізделеді. Нарықтық экономикалық жағдайларда шаруашылық-экономикалық механизімнің өзгеруі жоспар құруды макродан микро деңгейге біраз сырғытты.
Коммерциялық есеп экономикалық принципті еңбек бойынша мемлекет алдында жауаптығы, ресурстарды пайдалану тиімділігі – коммерциялық есептің айрықша ерекшеліктері.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін бағалағанда сандық және сапалық көрсеткіштерді пайдаланады. Өндірістік кәсіпорынның пайда көлемі шығарылатын өнімнің саны, ассортиментімен ғана анықталмайды, сонымен бірге оның өзіндік құнымен анықталады. Сауда кәсіпорынның пайдасы тауар-айналым жоспарының орындалуына (көлемі және құрылымы бойынша) және қалыптасқан нақты айналым шығындарына тәуелді.
Қаржы нәтижелерін және коммерциялық есеп принциптерін сақтауды дұрыс бағалау, зерттелетін көрсеткіштерге әсер ететін факторларды кәсіпорынға тәуелді және тәуелсіз деп бөлуді талап етеді. Кәсіпорынға тәуелді және тәуелсіз факторларға бөлу нарықтық қатынастар жағдайында айрықша қажеттіліктерге ие.
Экономикалық талдау процессінде резервтерді анықтау үшін жоспардың ішкі бөлімшелерде, біртектес кәсіпорындарда орындалғанын салыстырып, отандық және шетелдік ілгері тәжірбиелерді барынша толық пайдалану және зерттеу жолымен жүргізіледі.
2.2. Экономикалық талдаудың әдісі, оның ерекшеліктері
1. Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсольюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
2.Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: |