І шамалар және олардың Өлшем бірліктерін оқыту технологиясы



бет1/10
Дата06.03.2024
өлшемі77.55 Kb.
#494550
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-78441


Ж О С П А Р
КІРІСПЕ ..............................................................................................................3


І ШАМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



    1. Шама жайында жалпы түсініктер және олардың ерекшеліктерін сипаттау...6

1.2 Бастауыш сыныптарда оқытылатын шамаларды және өлшем бірліктерінің арақатынасын меңгерту жолдары ............................................................................9


ІІ Бастауыш сыныптарда шамаларды ІРІКТЕУ ЖӘНЕ оқыту ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Бастауыш сынып оқушыларына қозғалыс есептерін шешуді үйрету


әдістері .......................................................................................................................17
2.2 Шамалардың халықаралық өлшеуіштер жүйесінің жасалуы тарихы мен стандарт өлшем бірліктері........................................................................................19


ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..................................................................26




КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.Бір жыл бұрын еліміздің 2050-жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдары жария болды. Ондағы басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.


Қазақ елі өткен 22 жылда үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырып, әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырды. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды.
Қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін «Қазақстан-2050» стратегиясы қабылданды. ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады.
Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Ол үшін:
Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.
Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік алысымен қызу қолға алынған ауқымды іс-шаралардың бірі – жеткіншек ұрпақты мүмкін болған жаңа қағидалар негізінде тәрбиелеу мәселесі. Тәуелсіздікке ие бола салысымен, тәуелсіз елге тән қағидалар негізінде, ұлттық және елжандылық сана-сезімі жоғары, әлем өркениетінің қазіргі даму деңгейімен үндесе алатын ұрпақ тәрбиелеу қолға алынды. Соның арқасында, бұл күнге дейін тарихи тұрғыдан қарағанда аз уақыт - 22 жыл ішінде еліміздегі ұрпақ тәрбиесі мәселесінің бүгінгі және және ертеңгі саясатын айқындайтын «Білім заңы», «Білім стандарттары», «Білім тұжырымдары» сияқты құжаттар жарық көрді және олар заман ағымына орай жетілдірілді.
Мектеп реформасы бастауыш мектептен басталатыны белгілі. Қазіргі таңда бастауыш мектептегі білім беру мен тәрбиелеу мәселесі толық бір жүйеге түсті деп тұжырымдауға болады
Мектеп партасындағы бүгінгі бала – ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі, басшысы. Сондықтан балаға болашақ деп қарап, оның біліміне ерекше мән берілу керек. ҚР Білім туралы заңында білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі - «азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны–Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» деп атап көрсетілген.
Демек, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» (М.Әуезов) демекші, мемлекеттің ертеңі, қауіпсіздігі бүгінгі мектеп парталарында отырған оқушылардың санасын қалыптастыру мақсатында олардың санасына қандай дәннің себілуіне байланысты. Ал, дәл бүгінгі күн үшін «дән» дегеніміз, біз жеткіншек ұрпақты «ұлша тәрбиелесек, ұл болады, ал құлша тәрбиелесек құл болады» (А.Байтұрсынұлы) демекші, бұдан білім мен тәрбие беру мәселесі келіп туындайды.
Сондықтан білім бастауы – бастауыш мектепте берілетіні анық. Бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Сол пәндердің бірі – математика.
Математика адам өмірінде де, жалпы қоғамның өмір сүруі үшін де аса маңызды роль атқарады. Адам өміріндегі түрлі жағдайлар мен мәселелерді шешу үшін өзінің ақыл-ойын жұмсайды. Адамның күнделікті өмірінің мазмұны да әр түрлі есептерді шешуде де сандық мәліметтермен қатар нақты өмірді бейнелеуде шамалардың қатысы болады. Біздің санамызда заттар мен құбылыстар қасиеттерінің бейнеленуі барысында қандай да бір шама ұғымы қалыптасады.Cандар мен шамалар бастауыш мектептегі математика курсының негізгі ұғымдарына жатады. Олардың мазмұны нақты мысалдармен ашылады. Мұнда ондық санау жүйесі мен шаманың метрлік жүйесі арасында өзара байланыс жүзеге асырылады. Сондықтан сандар мен шамалармен амалдар ұқсас және бір мезгілде оқытылады.
Математикалық білім көзінің бастауы бастауыш сыныптардан басталатынын ескеруіміз керек. Бастауыш сыныпта оқытылатын шамалар, скаляр шамалардың өлшемдерінің арақатынасы байланысын анықтауда қиындықтар туындайды, ол оқу үдерісінде жылдары бойы орын алып келе жатқан көкейкесті мәселе.Өйткені, сыныбы жоғарылаған сайын оқытылатын пәндердің саны мен оны оқыту да күрделілене түседі, шамаларға есеп шығаруда формулаларды қолданып, яғни олардың арасындағы тәуелділікті таба білуде қателеседі.
Осы мақсатты жүзеге асырумен дипломдық жұмысымның тақырыбын «Бастауыш сыныптарда шамаларды іріктеу және оқыту әдістемесі» -деп алуды жөн санадық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет