МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ................................................................................................................4
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
АТА - АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНАН АЙЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың дамуының жалпы ерекшеліктері.............................................................................…….…........13
Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың бейімделуінің тұлғалық- психологиялық ерекшеліктері.....................................................15
Ата – ана қамқорлығынан айырылған балаларға психологиялық көмек................................................................................................................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................20
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................22
КІРІСПЕ
Зерттеудің жұмысының өзектілігі: Қоғамнан ауқымды орын алып отырған ең өзекті мәселелердің бірі – ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мәселесі. Олардың өмірге даярлық процесі тар шеңберде өтетіндіктен, бұл балалардың әлеуметтенуі де өзіндік ерекшелікке ие. Ата-анасының қарауынсыз қалған балалар тобына жетім балаларды (жетім, әлеуметтік жетім); қараусыз қалған және қаңғыбастыққа түскен балаларды жатқызамыз. Біз зерттеу жұмысында жетім балаларға жеке тоқталып қарастыруды ұйғардық. Өйткені, бұл мәселе күннен-күнге ауқымданып барады. Дегенмен әр категорияға жеке тоқталып өткенді де жөн көрдік. Ол жұмыстың негізгі мазмұнында баяндалады.
Дәстүрлі қазақ қауымында қатал тағдырдың жазуымен жетім қалғандарды ағайындары жан-жақтан қамқорлыққа алып, мейірбандық танытқаны баршаға мәлім. “Жетімді жылатқанның жеті атасына қарғыс кетеді”, “жетім көрсең жебей жүр” деген нақыл сөздер ұлтымыздың болмысын, бауырмал, балажан қасиетін айқын көрсетеді. Ауыл ақсақалдары “пәлен елде пәлен деген жетім азап көріпті” дегенді елге намыс, сүйекке таңба санайтын. Қазақтың ата заңы “Жеті Жарғыда” жесір дауына жеке бір тарау арнауында үлкен мән бар. Мәселе, рулық қауымның жесір әйелді әмеңгерлік жолмен күйеуінің туысына қосуда емес, оның астарында әкесінен айрылған балаларды жетімдік азабынан құтқару, ағайынның қамқорлығына алу идеясы жатыр.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Яғни, әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Қазақстан-2030 даму стартегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен.Сонымен қатар, жылдан-жылға олардың санының артып жатқандығы да құпия емес.
Әрине, қарастырылып отырған мәселе мүлдем зерттелмеген деуге болмайды. Айталық, жетім балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және олардың педагогикалық-психологиялық даму өзгешеліктерін Е.М.Рыбиновский, Д.Янхольц, И.В.Дубровина мен А.Г.Рузская, Дж.Боулби, И.М.Бгажнова, С.А.Беличева, Ю.В.Василькова, және т.б. ғалымдар қарастырды. Жетім балаларды тәрбиелеудегі дене мәдениетінің мәнін Н.И.Пономарев, В.И. Жолдак, С.Б.Тихвинский және И.М.Воронцов, О.Ю.Фадеева және т.б. өзіндік тұрғыдан ашқан. Бұл мәселені зерттеуде А.М.Прихожан мен Н.Н.Толстых және О.Ажнина отбасында және отбасынан тыс тәрбиеленетін жасөспірімдердің психикалық дамуындағы ерекшеліктерін қарастырған. М.В.Осорина болса, өзінің “Үй кеңістігін меңгеру: өзінің Менін іске асыру” атты монографиясында балаларда мен, ұғымының болуы және басқалардың өзін құрметтеуі бір жағынан баланың жеке дамуын және даму барысындағы өзгерістер байланысын анықтаған. В.С.Мухина жетім балалар үйіндегі жасөспірімдердің мінез – құлқындағы ауытқушылықтың негізгі себептерін зерттей келе, оларда “сүйіспеншілікке қажеттіліктің орындалмауы, баланың жеке тұлғасының деформациялануына әкеп соқтырады”, - деп тұжырым жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |