(таңсәрі, ақшам, құптан) намаз оқы. Шынында, жақсылықтар жамандықтарды (яғни, кішігірім күнәларды) жояды. Бұл – ойланып, ғибрат алатындар үшін айтылған біршама насихат»
410
деген аят түседі.
410
«Һуд» сүресі, 11/114.
Әлгі кісі: «Уа, Алланың Елшісі, бұл аят мен жайлы айтып жатыр ма?» – деп сұрайды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ол үмбетімнен Алла разылығы үшін жақсы істерді жасаған барлық пенделерге қатысты», – деді.
Мүслимнің, Ахмадтың және басқа түрлі хадис жинақтары Әбу Умамадан (р.а.) риуаят
еткені бойынша, бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, маған
Алла бұйырған жазаны бер», – деді. Ол бұл сөзін екі мәрте қайталады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның сөзіне құлақ салған жоқ. Біраздан кейін намаздың уақыты
кіріп, намаз оқылды. Намаздан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әлгі кісі қайда?» – деп
сұрады. Ол: «Мына менмін», – дегенде, Алла Елшісі (с.а.с.) «Жақсылап дәрет алып,
бізбен бірге намаз оқыдың ба?» – деп сұрады. Әлгі: «Иә», – деп жауап қайтарды. Сонда
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Онда сен қазір жаңадан туылғандай бейкүнәсің, бұдан кейін
бұл істі жасама», – деді.
Сонда Алла Тағала Өз Елшісіне (с.а.с.): «Күндіздің екі уақытында (бесін, екінті), сондай-ақ түннің күндізге таяу уақыттарында (таңсәрі, ақшам, құптан) намаз оқы. Шынында, жақсылықтар жамандықтарды (яғни, кішігірім күнәларды) жояды. Бұл – ойланып, ғибрат алатындар үшін айтылған біршама насихат»
411
деген
мағынадағы аятын түсірді.
411
«Һуд» сүресі, 114.
Алла Елшісі (с.а.с.): «Бізді мұнафықтардан екі нәрсе айырыптұрады. Олар таң және құптан намазына (мешітке) бару. Олар мұны орындай алмайды», – деген.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намазды немқұрайды қалдырып қойып Алланың алдына барғандардың басқа жақсы істеріне Алла көңіл бөлмейді»
412
деп айтқан.
412
Итхафу сағадатил муттақин, 9.
Тағы бір хадисте: «Намаз – діннің тірегі. Намаз оқымаған кісі дінін қиратады», – деп
айтылады.
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Ең ұлы ғибадат не?» – деп сұрағанда, ол: «Кемшіліксіз дәретпен бес уақыт намазын оқып жүрген кісіге қиямет күні намаз нұр және жол көрсетуші болады. Бес уақыт намазды немқұрайды қалдырған кісі махшарда Перғауын және Хаманмен бірге болады», – деп жауап берді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намаз – пейіштің кілті»
413
деп айтқан.
413
Тирмизи, 4.
Тағы бір хадисте былай деп айтылады: «Алла Тағала пенделеріне таухид кәлимасынан тысқары намаздай сүйікті ғибадат парыз қылған емес. Егер одан да сүйікті ғибадат болғанда періштелер соны орындаушы еді. Олардың кейбірі рүкуғта, кейбірі сәждеде, кейбірі қиямда және кейбірі отырыста».
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бір намазды әдейілеп қалдырған пенде кәпір болады», –
дейді. (Яғни намазды әдейі тастаған кісі иманнан шығуға жақындайды).
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бір намазын әдейі тастаған адам Мұхаммедтің қарамағынан шығады», – деген.
Әбу Һурайра (р.а.): «Кімде-кім жақсылап дәрет алып, намаз оқу ниетімен үйінен
шығып, сол ниетте жүрсе, намазда тұрғандай сауап жазыла береді. Басқан әрбір екі
қадамының бірі үшін амал дәптеріне бір сауап жазылады, екіншісі үшін бір күнәсі
өшіріледі. Демек, біреуің азанды естігенде уақыт өткізбесін. Үйі мешітке ең алыс
156
болғандар ең көп сауап табады», – дейді. Сахабалар: «Не үшін?» – деп сұрағанда, Әбу
Һурайра (р.а.): «Көп қадам басқаны үшін», – деп жауап береді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Құпия сәждедей (құпия оқылған намаздай) пендені Аллаға жақындатқан ешбір ғибадат жоқ», – деген. Тағы бір хадисте: «Алла үшін сәжде жасаған әрбір мүміннің мәртебесін Алла бір дәреже биіктетеді және бір күнәсін кешіреді», – деп айтылған.
Сахабалардың бірі Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Мені сенің шапағатыңа жеткендерден
және пейіште сенімен бірге болғандардан қылуы үшін Аллаға дұға қыл», – деп
сұранды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «Көп сәжде жасаумен маған жәрдемші бол», –
деп жауап берді. Риуаяттар бойынша, пенденің Аллаға ең жақын жағдайы – сәждедегі
жағдайы.
Негізінде, «Раббыңа сәжде ет те, Оған жақында!»
414
(Бұл сәжде аяты, дереу сәжде
жасау керек!) деген аяттың мәнісі де сондай. Сәжде аяттары Құранның 14 жерінде бар.
Бұл сүрелердің және аяттардың реттік нөмірлері төменде берілген:
414
«Алақ» сүресі, 19.
7. Ағраф, 206,
13. Рағд, 15,
16. Нахл, 50,
17. Исра, 109,
19. Мариям, 58,
22. Хаж, 18,
2
5. Фурқан, 60,
27. Намл, 25,
32. Сәжде, 15,
38. Сад, 24,
41. Фуссилат, 37,
53. Нәжм, 62,
84. Иншиқақ, 20,
96. Алақ, 19.
Тіләуат сәжде жасау ниетімен қолдарды құлақ тұсқа көтермей «Аллаһу әкбар» деп
сәжде жасайды. Үш мәрте «Субхана Раббиәл-Ағла» не бір мәрте «Субхана Раббана
ин кәнә уағду Раббина ламафғула», – деп айтады. Одан кейін «Аллаһу әкбар» деп
сәждеден тұрады.
Алла Тағала: «Олардың белгісі – жүздеріндегі сәжде ізі»
415
дейді. Бір жорамал
бойынша, бұл жердегі «белгі» сәжде уақытында намаз оқығандардың шекесіне жұққан
шаң-топырақ сияқты нәрселер. Тағы бір жорамал бойынша, аяттағы «белгі» – пенденің
көкірегіндегі тақуалықтың нұры. Бұл жорамал дұрысырақ. Басқа бір жорамал бойынша,
айтылған «белгі» – қиямет күні дәреттің ізі арқылы намаз оқығандардың жүзінде
байқалатын нұр.
415
«Фатх» сүресі, 29.
Алла Елшісі (с.а.с.): «Адам баласы сәжде аятын оқып, артынан сәжде жасағанда шайтан бір шетке шығып алып: «Мен құриын, сол кісі сәжде жасауға бұйырылып, сәжде жасады. Енді пейішке кіреді. Мен болсам сәжде жасауға бұйырылғаныммен қарсы шыққаным үшін тозаққа кіремін», – дейді», – деген.
Риуаятқа қарағанда Али ибн Абдулла ибн Аббас (р.а.) күніне мың мәрте сәжде
жасады. Міне, сондықтан оны «сәждеші» деп атайды.
Мағлұматтарға қарағанда Омар ибн Абдулазиз (рахматуллаһи аләйһи) топырақтың
үстінде намаз оқып, сәжде жасады.
157
Юсуф ибн Асбат (р.а.): «Уа, жастар, ауырып қалудан бұрын денсаулыққа жағдай
жасаған мүмкіншіліктерді пайдаланыңдар. Мен қазір толық көріністе рүкуғ, сәжде
жасай алғандарды қызғанамын. Өйткені денсаулығыма байланысты екеуін толық
жасай алмаймын», – деген.
Саид ибн Жұбайр (р.а.): «Бұл дүниеде сәждеден басқа еш нәрсеге
уайымдамаймын», – деп айтқан.
Уқба ибн Мүслим (р.а.) былай дейді: «Пенденің Аллаға ең сүйікті артықшылығы –
пенденің оған жақын болу құштарлығы. Пендені Аллаға ең жақын қылған сәт – сәжде
ететін сәті».
Әбу Һурайра (р.а.): «Пенденің Аллаға ең жақын болған жағдайы – сәжде ететін
жағдайы. Сол жағдайда көп дұға қылыңдар», – деп айтқан.