Революциялық кеңестің билік ету кезеңіндегі Алжир Революциялық кеңес бірінші декларациясында бұрынғы мемлекет басшыларын айыптады. Ол Триполи бағдарламасы мен Алжир хартиясының анайылығы туралы айтты. 1965 ж. маусымда жаңа үкімет құрылып, басына Х.Бумедьен отырды. «Уджд тобы» бағыт ықпалды болып шықты. Ол жергілікті және шетелдік капитал салушыларға көп жеңілдіктер беруді қолдады. Сыртқы экономикалық қатынастарда ол батыстың алдынғы қатарлы елдерімен жақындасуды алға тартты. Онда өндіріс және ауыл шаруашылығын одан ары ұлттандыруды жақтаушылар да болды. Оны кедей шаруалар, ұсақ шенеуніктер және студенттер қолдады. 1967 ж. желтоқсанда болып өткен сәтсіз төңкерістен соң «удждтардың» позициясы нығая түсті. Х.Бумедьен армияға сүйеніп, әлеуметтік-экономикалық жаңартулар жүргізуді жалғастыруға қол жеткізді. Оның басшылығымен елді дамыту страте гиясындағы келелі жетістігі– инсдустриализациялауды енгізу болды. Барлық экономикалық салаларға мемлекеттік бақылауды орнатуға тырысқан АНДР 60-жж. аяғынан бастап шетелдік капиталды ығыстыруға кірісті. 1971 ж. ақпанда мұнай-газ өнеркәсібі ұлттандырылды. Нәтижесінде 51-ден 75 пайызға дейінгі барлық шетелдік компаниялар мемлекет иелігіне көшті. Елде қалған шетелдік компаниялар бірде- бір өндірісті толықтай иеленбеді. Оларда акциялар ғана сақталды. 1973-74 жж. әлемдегі мұнай бағасының өсуі экономикалық-әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар басқа да өндіріс салаларына қаржы құюға мүмкіндік туды.
1971 ж. 8 қарашада аграрлық революция туралы заң қабылданды. Басқа табыс көзі болған тұрғындардан жерлері тартып алынды. Үлкен жер иеліктері қысқартылды. Ауылшаруашылығы кооперацияланды.
60-жж. аяғы – 70-жж. басындағы экономикалық жетістіктер елдегі саяси жағдайды тұрақтандырды. Бұл Бумедьен үкіметіне жұмыссыздықты қысқартуға, өмір сүру жағдайын жақсартуға, артта қалған аймақтарды дамытуға мүмкіндік берді. Жұмыс орындары 1900 мыңға өсті. Тегін медициналық көмек берілді. Әлеуметтік сақтандыру жүйесі жетілдірілді. Кедей топтар салықтан босатылды. Еңбекшілер жалақысы көтерілді.
Мемлекеттік құрылыс бойынша коммунналардың құқықтары кеңейтілді. 1966 ж. бастап оларға территория көлемінде индустриалдық, ауылшаруашылық, көлік және туристтік объектілер салуға құқы берліді. Олардың құзырына жергілікті сұрақтарды шешу берілді.
Халықаралық аренада АНДР блоктарға қоылмау, бейтараптану бағы тын ұстанды. Ол палестинаны азат ету ұйымына, Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінің басқа да ұлт-азаттық қозғалыстарына көмек көрсетті, ал 1974 ж. жас мемлекеттердің әлемдік экономикалық теңдік үшін күресінің ұйымдастырушысының бірі болды.
1976 ж. 27 маусымда Ұлттық хартия революциялық демократияның жеңісін жариялады. Ұлттық хартия принциптары бойынша қабылданған АНДР коституциясы алжир мемлекетін «социалистік», ал ислам – «мемле кеттік дін» деп жариялады. Конституция бойынша атқарушы биліктің басшысы болып құпия сайлау бойынша тағайындалған президент болды.
1978 ж. желтоқанда Х.Бумедьеннің өлімінен кейінгі билік үшін басталған күрес армияның рөлін көрсетті. Олар өз қатарынан Шадли Бенджедидті алға тартты. 1979 ж. 7 ақпанда ол АНДР президенті болып сайланды. 1965-1976 жж. елде билік еткен Революциялық кеңес өз қызметін тоқтатты.
Достарыңызбен бөлісу: |