Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет114/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Жұлынып кетуді болдырмау 
Бүгінгі күнде қолданылып жүрген ұштық фрезалардың көбі қатты қорытпадан және өз 
ағайындарына қарағанда тез кесетін болаттан жасалғандықтан, Вельдон тәрізді сағағы жоқ, 
олар әдеттегідей қайсыбір кездері Карл Бергстром мен Стивен Морзе тап болған мәселені 
туындатады: құралдың жұлынып кетуі. Құрал өндірушілер бұған бірқатар құрал 
ұстағыштардың жүйесімен жауап берді.
Мысалы, механикалық фрезерлік патрондарда бірқатар инелі мойынтіректер немесе 
цангалық патронды, не төлкені қысуға арналған сығымдалған қондырғы пайдаланылады
кейбіреулер қысқыш құрылғы дәстүрлі ұштық фреза ұстағыштарға қарағанда бес есеге үлкен 
ЕСКЕ ТҮСІРУ


119 
деп айтады. Ал құралдарды гидравликалық ұстағыштарда тартқан кезде құралды құрсап 
тұрған тұрақталушы цилиндрге әсер ететін бұранда болады.
Тағдырдың тәлкегіне орай, бірнеше құрал өндірушілер оның құрылғысын құралдың 
сағағындағы арнайы дайындалған ойыққа кіріктірілетін бұрандалы ендірмелермен 
толықтырып немесе құралдың гиравликалық жолмен қысылған ұстағышында құралды бекіту 
үшін шиыршықты жырашықты қолдана отырып (7-3-суретте көрсетілгендей), Бергстром ізімен 
жүрді. Сіздің қандай жүйені қарастырып отырғаныңызға қарамастан, барлығы да босап 
кетудің, жұлынып кетудің және толығымен дерлік шығып кетудің болмауына уәде береді, жаңа 
ұстағыштарға үлкен көлемде ақша шығарудан бұрын оларды әлі де сіздің кәсіпорныңызда 
мұқият тексеріп алу керек.
.
7-3-
сурет: 
Қимадағы түрі: жұлынып кетуге 
қарсы ілмекті жүйесі бар «HSK» 
құрал ұстағышы 
БЕЙТАРАПТЫҚ САҚТАЙМЫЗ 
Цангалар, сондай ақ барлық аспаптық ұстағыштар білдектік өңдеу әлемінде даулы 
мәселе болып табылады. Біреулер бүйірлік бекіткіштің құралбілігі жақсырақ десе, басқалар 
цанганы құптайды, осы тұста басқа біреулер ыстық шегендеу мен гидравликалық 
ұстағыштар секілді анағұрлым заманауи шешімдерді (олар туралы мен жақын арада 
айтамын) әрине, жержаңғағы майы мен бананнан кейінгі орасан зор олжа ретінде меңзейді.
Осы кітап құралдардың тозуы мен тербелісін барынша азайтатындай етіп жұмыс істеу 
керектігін, сондай ақ сіздің жайлы көрпеңізге қарағанда көбірек қауіпсіздікті қамтамасыз ету 
қажеттігін қоспағанда, кімнің болмасын жағында емес. Сонымен бірге әрбір өңдеу бірегей 
болып табылады ‒ білдектің, материалдың, кескіштердің түрі, құрал қозғалысының 
траекториясы мен бекітілуі, бір жағдайда жақсы жұмыс істейтін нәрсе басқа жағдайда 
сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Маңыздысы құрал ұстағыштардың жаңа мүмкіндіктеріне 
қатысты бейтараптық сақтау және оларды бағалау кезінде аналитикалық тәсілді қолдану 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет