Барлығын автоматтандыру
Мен роботтар туралы 8-тарауда айтқан болатынмын, алайда автоматтандыру
пайдалануға дайын дроидтар паркінің шегінен асып кетеді. Сондай-ақ көп мақсатты
білдектердің бірнеше сағат немесе бірнеше күн бойы қадағалаусыз жұмыс істеуіне мүмкіндік
беретін тұғырықтарды ауыстырудың автоматтандырылған қондырғылары мен икемді
өндірістік модульдары (ИӨМ) да бар; жону білдектерінде таспалық қоректендіргіштер осыған
ұқсас функцияны орындайды.
Шын мәнінде, автоматтандыру бір нәрсеге келіп тіреледі, ол -залалды жою (нақтырақ
16-
тарауда). Тиеу-түсіру жұмыстарының жүйелері жағдайында залалдар мен қалдықтар
жабдықтың тоқтап тұру уақыты ретінде бағаланады, алайда осындай залалдар мен
қалдықтардың алуан түрін жою үшін пайдалануға болатын төмендегідей құралдар көп:
» Бағалау үдерісіндегі қалдықтар: автоматты түрде талдауға арналған
бағдарламалық жасақтама өңдеу уақыты мен өндірістік шығындарды анықтау үшін қажетті
шаршататын есептеулерді болырмауы мүмкін.
» Бағдарламалау кезіндегі қалдықтар: жартылай автоматты ӨБАЖ,
құралдардың бұлттық модельдері мен құрал қозғалысының траекториясын модельдеу
бағдарлама цехтағы жұмыс істей бастаған соң тоқтап тұруды болдырмауға
көмектеседі.
» Білдекті баптау кезіндегі қалдықтар: автоматтандырылған өлшеу жүйелері
мен құралдарға арналған жәшік алдын ала баптау мәліметтерін білдекті басқару
қондырғысына тікелей (және автоматты түрде) бере алады.
» Цехтағы қалдықтар: операторлардың біршама долларларды жоңқаларға арналған
конвейерлер мен салқындатқыш сұйықтықты басқару жүйесіне жұмсап, жоңқаларды қоқыс
шелегіне сыпыра салуының немесе білдектің МСС сұйыққоймасынан алынатын
салқындатқыш сұйықтықты төге салуының салдарынан болатын қалдықтарды болдырмауға
болады.
Сонымен қатар цех деңгейінде мәліметтерді қолмен жинау қалдықтары (компьютерлік
оқығыштар мен штрих-кодтарды оқығыштардың көмегімен жойылады), кесетін құралдардың
ойламаған жерден сынуынан туындайтын қалдықтар (құралдың тіршілік кезеңін басқарудың
бағдарламалық жасақтамасы мен үдерістерді басқарудың көмегімен жойылады),
бөлшектерді өлшеуге кететін уақыт шығыны (визуалды және координатты өлшеу жүйелері
секілді автоматтандырылған жүйелердің көмегімен жойылады), бөлшектерге арналған
орамалардың қалдықтар бар... Сіз айтылатын ойды түсінген боларсыз.
Әрине, роботтар мен басқа да тиеу-түсіру жұмыстарының жүйелері кез келген
автоматтандырылған өндірістік ортада айтарлықтай қиындық туғызады, бірақ осы әңгімеде
электромеханикалық роботтарға қарағанда көбірек нәрсе барын мойындау қажет.
Автоматтандыру түрлерінің қолдауынсыз автоматтандырылған білдектерге салынған
инвестицияларды қайтару шектеулі болады. Мұның мәні мынада, кез келген автоматтандыру
түрі уақытты үнемдейді (осылайша, залалды да азайтады). Бұл - автоматика.
233
Достарыңызбен бөлісу: |