«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет43/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Обсервация дегеніміз – бұл жұқпалы аурулардың алдын-алу және медициналық бақылауды күзету бойынша емдеу-профилактикалық шараларды жүргізгенде қамтамасыз ететін шектеу шараларының жиынтығы. Обсервация кезінде мына шаралар жүргізеді:
1. Транзитті жолмен обсервация аймағынан транспорттың барлық түрінің кіруі мен шығуын шектеу.
2. Қоршаған орта объектілерін залалсыздандыру.
3. Жұқпалы ауруларды белсенді түрде, ертерек анықтау, оңашалау және ауруханаға жатқызу.
4. Зақымдалған тұрғындарды санитарлық өңдеуден өткізу.
5. Зақымдалу қауіпі бар адамдар арасында жедел профилактика жүргізу.
6. Ауылшаруашылық жануарлары мен малөнімдерінің зақымдалуын ветеринарлық-бактериологиялық бақылауды күшету.
7. Медициналық мекемелердің жұмысына эпидемияға қарсы режимді енгізу.


40. Энтеральды вирусты гепатиттер. Аурудың таралу ерекшеліктері. Клиникалық жіктелісі. Зертханалық диагностикасы. Алдын алу.ЭҚШ
Вирусты гепатиттер - бауыр зақымдалуымен жүретін жұқпалы аурулар.Вирусты гепатиттің инфекциялы ауру екендігін алғашқы рет орыс дәрігері С.П. Боткин дәлелдеген, сондықтан «Боткин ауруы»-деп те аталған. Қазіргі кезде вирусты гепатиттердің 7 түрі анықталған: А, Е, В,С, Д, F, G. Инфекциялы аурулар ішінде вирусты гепатиттер кеңінен таралған аурулардың бірі болып табылады.
Берілу механизміне сәйкес вирусты гепатиттер 2 топқа бөлінеді:
1. Энтералды механизм (ішектік) – инфекция фекальді-оральді механизмімен таралады. Вирустар денеге ластанған су, тағам, кір қол арқылы түседі.Оларға А және Е гепатит вирустары жатады.
2. Парентералды механизм – инфекция қан құю, ине егу, түрлі медициналық манипуляциялар арқылы, жыныстық қатынас немесе анадан балаға жұғады.Оларға В,С,Д гепатит вирустары жатады.
А гепатит вирусы
Вирустық А гепатит-әлемде кең таралған антропоноздық жіті жұқпалы ауру.Этиологиясы Hepatovirus туыстастығына жататын РНК-лы,бір ғана серовары бар вирус.Ол физикалық және химиялық факторларға жоғары салыстырмалы тұрақтылық көрсетеді,соның арқасында вирус сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Кей кезде вирусты 72 типтегі энтеровирус деп те атайды. Ол дөңгелек, сэл жиектелген, көлденеңінен алганда 27-32 нм бөлшек. Вирустың нуклеокапсидінің сыртқы қабығы жэне беткейлік шығыңқысы жоқ. Вирионның орталық компоненті болмайды. Вирустың геномы молекулярлық салмагы 2,25 мегадельтон, жалғыз спиральды сызықты РНҚ молекуласынан тұрады.
Инфекция көзі: -Аурудың жасырын кезеңінің,продромасының соңындағы және оның нағыз қозған кезінің басқы фазасындағы науқас адам. –Ауырудың инаппараттық немесе субклиникалық түрлеріндегі адам. –Сарғаймаған және симптомсыз түрімен науқастанған адамдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет