Саяси жанжалдардың түрлері:
А) әрекет ету уақытына қарай - ұзаққа созылатын және тез өтетін жанжалдар;
Б) әрекет көлеміне қарай - жергілікті немесе аймақтық жанжалдар;
В) көріну нысандарына қарай - бейбіт және бейбіт емес жанжалдар;
Г) қатысушылардың санына қарай - көпсубъектілі, немесе көпжақты қарама - қарсы, сондай - ақ екіжақты жанжалдар;
Д) нормативтік реттеудің деңгейі мен сипатына қарай - жүйелі немесе жүйелі емес, институцияланған немесе институцияланбаған жанжалдар;
Е) өзінің салдарына қарай - оң немесе теріс, сындарлы немесе іріткі салатын жанжалдар және т.б.
2. Саяси шиеленістерді шешудің бірнеше түрі бар:
Дау-жанжалға бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы саяси қайраткер қарсы жақпен жанжалға түспеу үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен істесе алмаса, өз еркімен жұмыстан кетеді.
Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай, “не істесең соны істе” деген сияқты, бәріне көніп жүре береді.
Саяси жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.
Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.
Аралық сот немесе арбитраждық сараптау әдісі. Мұнда қарсы жақтар дау, талас тудырған мәселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақ та мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халықаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конституциялық тәртібін және т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады.
Саясаткер Е.Нордлинжер саяси жанжалдарды ойдағыдай реттеу үшін алты принципті негіздеді:
А) тұрақты бірлік;
Б) тепе - теңдік принципі;
В) саясатсыздандыру;
Г) тыйым салу құқығының өзара ортақтығы;
Д) ымыраға келу;
Е) шарт яғни, үшінші тарапқа жанжалды реттеу құқығын беру.
Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі бірегей құбылыс ретінде жанжал көпқырлы құбылыс болып табылады және осыған орай оны шешудің көп нұсқалығы пайда болады. Осы жағдайда кейбір ғалымдар мына факторларды есепке алуды ұсынады:
А) институциалдық фактор - қоғам ауқымында жанжалдарды шешу үшін әлеуметтік институттар: келісу комиссиялары, конституциялық сот, төрелік сот жә не т.т. болуға тиіс;
Б) күштердің тепе - теңдігі факторы - екі тараптың да жанжал жағдайын шешуге тең құқығы мен өкілеттігі болуға тиіс;
В) топтық фактор - жанжалға қатысушылар саны неғұрлым аз болса, оны бітіммен реттеу мүмкіндігі соғұрлым ықтимал болады;
Г) психологиялық фактор - жанжалға қатысушылардың субъективті ерекшеліктерін есепке алу.
Саяси жанжалды шешу үшін мыналар қажет:
А) жанжалдың шекарасын айқын анықтау, яғни оны шектен шығармау және оған қосымша факторларды қоспауға - қатысушылардың, себептерінің, көлемдерінің артуына және т.т. жол бермеу керек;
Б) жанжалдың негізіндегі проблемаларды оңайлатудан, оларды екіұдай түсіндіруден аулақ болған жөн;
В) сындарлы шешімдер қабылдауды кешеуілдетуге жол бермеу қажет, өйткені жанжалды шешу уақыты - бұл жанжалдың өзінен де қауіптірек соғатын салдарды туғызуна себепші фактор;
Г) ұлттық ерекшелік көзқарас арқылы жанжалды реттеудің әмбебап (жалпы адамзаттық) тәжірибесін пайдалану керек.
Қазіргі кезде саяси шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның ең кең тараған екі жолы бар:
Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу;
Зорлық негізінде бітістіру, келістіру.
Саяси жанжалдың даму сатылары: бастапқы, жасырын нысаны; ашық нысаны (қарсы тұру); жанжалдан кейінгі кезең.
Жанжалдың бастапқы (жасырын) сатысы үшін туындаған жанжал жағдайын түсіну, өздерінің мүдделерін қанағаттандыру үшін басқа тараптың кедергілері мен ықтимал қарсы іс - әрекеттерін түсіну сипатты болады.
Екінші - ашық сатыда іс жүзіндегі шабуыл іс - әрекеттері, ұрандар, шақырулар, қоқан - лоққы жасаулар көрінеді, содан соң осылардың салдары ретінде кедергілер жасау, жанама зиян келтіру (БАҚ - та жария ету және т.с.с.), даулы заттарды басып алуға, ұстауға бағытталған әрекеттерге, күш қолдануға ұласады.
Жанжалдан кейінгі кезең аяқталған егесу объектісіне қатысты бағалаулар мен пікірлерінің одан әрі сәйкес келмейтін бұдан бұрын жанжалдасқан тараптарға қатысты қауырттылықпен сипатталады.
Жанжалдарды шешудің тәжірибесі саясатта жанжалдарды дамыту нысаны мен оларды шешу нұсқалары мейлінше көп ретте субъективті факторларға байланысты болады. Саяси ерік - жігер жанжалдың қарулы күреске өршуін болдырмауға, оның әлеуметтік қауырттылығы мен шапшаңдығын төмендетуге, келісім мен мәммілеге келу негізінде оны бәсеңдету жолдарын табуға қабілетті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |