«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша дәріс сабақтарының конспектісі


Тіл білімінің философиямен



бет4/35
Дата07.05.2024
өлшемі135.74 Kb.
#500682
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
ЖТБ дәріс сабақтары(Лекция)

Тіл білімінің философиямен бірлігі ежелгі замандардан басталады.Сөз бен сөз атау болған зат арасында қандай байланыс бар? Атау заттың табиғатына сәйкес қойыла ма, болмаса тағайындалған, әдетке, дағдыға айналған шарттылық бойынша қойыла ма? – деген мәселеге қатысты айтыс ежелгі грек философтарынан басталады.Содан бері тіл мен ойлаудың бір – бірімен қарым – қатынасы жөніндегі мәселе күн тәртібінен түскен емес.
19 ғасырға дейін тіл білімі, көп жағдайда, философия ғылымының бір саласы ретінде қаралды.Тіл мәселелерімен айналысушылардың басым көпшілігі философтар немесе әрі философ, әрі тіл ғалымдары болды.Тіл білімі өз алдына дербес ғылым болып қалыптасқаннан кейін де, философиядан біржола қол үзіп кеткен жоқ, қол үзбейді де.Өйткені философия, қандай бағыт ұстанғанына қарамастан, өз жақтаушыларына тілдің көптеген жалпы теориялық мәселелерінде (тілдің мәні, қоғам өмірінде атқаратын рөлі, даму заңдылықтары, шығу, қалыптасу жолдары, ой – санамен байланысы, тілдегі форма мен мағына бірлігі, т.б.) бағыт – бағдар сілтейді, методологиялық негіз болады.
Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады.Бұл екеуіне ортақ нысан болатын мәселе – тіл мен ойлаудың, мағына мен форманың байланысы.Олай болатын себебі ойлау мен оның заңдары – философияның негізгі проблемаларының бірі.Ал, тіл – ойдың жемісі, ойды қалыптастыратын, оны жарыққа шығаратын форма, яғни ой құралы.Адамдар өз ойын тіл арқылы басқа адамдарға білдіріп, тіл арқылы, сөйлеу арқылы басқаның ойын біледі.Сондықтан ойлаудың жемісі, оның материалдық формасы, құралы болып табылатын тілге философия ғылымы мән бермей тұра алмайды, онсыз ойлау заңдылықтарын дұрыс шешу мүмкін емес.Екінші жағынан, тіл – ойлау құралы, ой – оның мазмұны, мағынасы, ал мағынасыз жалаң қуыс форма.Сондықтан тіл ғалымдары тілдің мағыналық жағына, оның ойды қалай жарыққа шығаратынына, форма мен мағынаның арақатынасына селсоқ қарай алмайды.Ал, оны білу үшін ойлау заңдылықтарынан хабардар болуы, бұл мәселе жөніндегі философия ғылымының жетістіктеріне сүйенуі қажет.
Тіл білімі мен философия арасындағы байланыс екі жақты: философия жалпы заңдылықтарды зерттейтін ғылым ретінде тіл біліміне методологиялық негіз болса, тіл білімі ойды қалыптастыруда, оны жарыққа шығаруда тілдің қандай қызметтер атқаратыны және қалай атқаратыны жөнінде философияға материалдар береді.Дегенмен, философия үшін тіл – жалпы заңдылықтар тұрғысында ғана қаралатын жанама нысан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет