Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет5/9
Дата11.06.2016
өлшемі1.52 Mb.
#128775
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Шығармалары:
Дүйсенбай Е. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 2008.

Дүйсенбай Е. Бозала таң мен бозторғай: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1971.

Дүйсенбай Е. Ақ пейіл: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1974.

ДүйсенбайЕ.Ұланғайыр: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1974.

Дүйсенбай Е. Ашық аспан: Толғаулар, өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1977.

Дүйсенбай Е. Ақ желкенді ағыстар: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы,1979.

Дүйсенбай Е. Біздің толқын: Өлеңдер.- Алматы: Жалын,1981.

Дүйсенбай Е. Ашық хат: Өлеңдер.-Алматы: Жазушы,1982.

Дүйсенбай Е. Үшбалық: Дастандар мен өлеңдер.- Алматы: Жалын,1990.

Дүйсенбай Е. Таң торғайы: Жыр кітабы.-Алматы: Жалын,1988.

Дүйсенбай Е. Бозала таң мен бозторғай: таңдамалы.- Алматы: Білік, 2000.

Иассауи Қ.А. Хикметтер: Даналық кітабы / Ауддарған Е.Дүйсенбай.- Алматы, 1998.- /Қазақстан даму ин-ты/.


х х х
Ақ желкенді ағыстар: (Е.Дүйсенбайұлының шығармашылығы) //Сейітов С. Өлең өлкесінде.-Алматы,1984.

Дәбей Ы. Ақындардың ақыны: ( Е.Дүйсенбайұлының шығармашылығы) // Қазақ әдебиеті.-2011.-20 мамыр.

Досжан Д. Ұлы мәртебелі поэзияға қызмет: Ақын Есенбай Дүйсенбайұлы туралы // Ана тілі.- 2010.-15 сәуір.

Дүйсенбаев Е. Ақын, «Жазушы» баспасының бас редакторы Е.Дүйсенбайұлымен сыр- сұхбат // Жұлдыздар отбасы.-2010.-№14.

Жайлыбаев Ғ. Бозаңдағы бозторғай: (Ақын Есенбай Дүйсенбайұлы) //Еге-

мен Қазақстан.- 2010.-15 мамыр.

Құрманғалиев Қ. Жүрекпен жазылған жырлар: ( Е.Дүйсенбайұлының шығармашылығы хақында) // Жалын.-2010.-№5.


Дүйсенбиев Әнуарбек

(1931-1979)


Әркімге өзі туып өскен өлкесінен көрікті де қасиетті жер жоқ шығар,сірә. Ақын күндіз- түні бір тынбай сарқырап ағып жататын Қара-Қастек атты тау өзеніннің аңғарында дүниеге келді. Қалың алма – бауға бөленген ауыл да солай аталады. Жамбыл атамыздың ауылы бұл ауылдан үш-ақ шақырым жерде тұрады. Әнуарбектің әкесі ол кісіні үйге жиі шақырып, әңгіме – дүкен құруды ұнататын. Ұлы ақынның әрбір келген сапары бұл үй үшін, әсіресе Әнуарбек үшін үлкен мереке, той- думан болатын.

Сөйтіп ақын өлең- сөзге деген қасиетті өнерге сол шақтан бастап, хат танымай жатып-ақ үйір бола бастады.

9-10 кластарда Талғар қаласында мектеп- интернатта жатып оқиды. Тәрбиеші Әнуарбекті интернаттағы ұсақ октябрят балаларға басшы етіп қойды. Көбісі соғыс кесірінен жетім қалған бүлдіршіндер. Қолы боста олардың сабағына көмектесіп, саяхатқа Талғар тауына шығатын. Барарда да, қайтарда да жол бойы айтары ән болатын. Ал әнсіз сапар- сәнсіз де көңілсіз.Сөйтіп балалар өздері жорық жырын шығарады.

Сөйте- сөйте Әнуарбек бөбектерді сүйіп кетеді, олар да үйір болып алады. Ол бірте- бірте бастауыш класс балалары ұйықтайтын бөлмеге ауысып алады. Балаларға ертегі айтып ұйықтатады. Таңертең ерте тұрып, олар жөнінде өлең жазады. Газетке, журналға жіберіп жүрді. Ал жоғарғы класс оқушылары Әнуарбекті «Гулливер- ергежейлілер арасында» деп әжуалап жүрді.

Жоғарғы оқу орнын бітірген соң баяғы өзі жазған өлеңдерін жіберетін республикалық пионер газетіне қызметке келеді.Сөйтіп, тағы да балалар тағдырына тап болады. Ақын балаларға арнап өлең, ертегі, мазақтама, мысал жазды. Солардың баршасында ақын бала мінезін ұстаған еді. Бала характерін бейнелеуге құрылатын өлеңдер, сондықтан сәби көңілге жеңіл ұялап, тез жатталып жататын. Қазақ поэзиясында аналар жайлы бірінен- бірі өткен рухы биік қаншама өлеңдер бар. Әнуарбек Дүйсенбиевтің әдебиетке келген алғашқы өлеңдерінің бірі « Ақ мамам». Бұл өлеңге ән шығарылып (ән авторы Әсет Бейсеуов), бала бақшалар мен мектептерде көп айтылады.

Ақын өлеңді бала мінезіне, іс-әрекетіне құрады. Бұл тәсіл ақынды жалаң ақыл айтудан сақтайды.Әрі өлеңге мінез дарытады. Тәрбиелік сипатына келсек, бала үйренерін, жиренерін өзі оқып ойланады. Жеңіл әзіл өлеңге бөлекше еркелік, назды жарасым береді. Ақынның бұл табиғаттас өлеңдері оқулықтарға еніп, хрестоматикалық сипат алған.

Ақынның ендігі бірсыпыра өлеңдерін топтап айтсақ, оларға тән ортақ қасиет мынадай болып шығар еді: ол өз өлеңдерінде халқымыздың ұлттық – этнографиялық қасиеттеріне байланысты туған кәсіптік, ойын- сауық түрлерін бүгінгі күн тәрбиесімен сабақтастыра, бала мінезінің алуан сәтіне байланыстыра өлең, жұмбақ, мазақтамалар жазды. Мұндай өлеңдердің ұтымдылығы- алдымен бала бойына ұлттық этнографиялық сипаттар тез жатталып енеді. Әсіресе ауыз әдебиеті формаларын керемет оңтайлы, үлгілі пайдаланды. Атақты « Қырық өтірік» ертегісі ізімен « Суайттың өлеңдерін» жазды. Ақын соңғы жылдары туысқан халықтар аңыз- ертегілерінің сюжетіне жиі барып, өлеңге айналдырды. Шетел, бауырлас халықтар ертегілері ізімен жырлады. Олардың табиғат әлеміне балаларды сапар шектірді. Ә.Дүйсенбиев жырлары арқылы бөбектер туысқан республикаларға саяхаттағандай өздері үшін бейтаныс өлкенің табиғатын қызықтап, аңызын сүйсініп тыңдады. Ақын өз ғұмырында балаларға арналған оншақты өлең кітабын жазып қалдырды. Бірнеше өлеңдер жинағы бүкілодақтық « Детская литература» баспасынан жарық көрді. Бауырлас өзбек, қырғыз тілдерінде өлеңдер жинағы аударылып жарық көрді. Балалар ақынының «Ақ қозы» аталатын прозалық кітабы да бар. Балалар әдебиетіне ақын аудармашы болып қызмет етті. Шетел және туысқан республикалар әдебиетінен бөбектерге арналған талай- талай тәтті жырларды жеткізе тәржімалар еді. Мысалы, Джанни Родари, Самуил Маршак, Агния Барто, Сергей Михалков өлеңдері қазақ тілінде осы ақын тәржімасында кең танымал.

Шығармалары:
Дүйсенбиев Ә.Ана жүрек: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 1961.

Дүйсенбиев Ә. Дон: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1962

Дүйсенбиев Ә. Кішкентай болса да нық шеге: Өлеңдер.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас,1962.

Дүйсенбиев Ә. Ауыл әуендері: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы,1965.

Дүйсенбиев Ә. Не жақсы: Өлеңдер.-Алматы: Мектеп,1966.

Дүйсенбиев Ә. Қайырлы таң, балалар!: Өлеңдер, ертегілер, поэма.- Алматы: Жазушы,1971.

Дүйсенбиев Ә. Ақ қозы: Әңгімелер.-Алматы: Жазушы,1972.

Дүйсенбиев Ә. Бәтеңке, шұжық, балқаймақ: Ертегілер мен өлеңдер.- Алматы: Жалын,1984.

Дүйсенбиев Ә. Не деу керек?: Өлеңдер.- Алматы: Жалын,1984.

Аудармасы:
Морис Карем. Қарбөбек: Өлеңдер /Ауд. Ә.Дүйсенбиев.- Алматы: Жазушы,1975.

Иділбай Н. Ақеділ бойында: Өлеңдер/ Ауд.Ә.Дүйсенбеков.- Алма-

ты:Жазушы,1975.
Өмірі мен шығармашылығы:
Әнуарбек Дүйсенбиев. «Гулливер – ергежейлілер арасында» // Қазақ совет балалар жазушылары: Қаламгерлік өмірбаян жинағы.- Алматы,1987.

Ергөбеков Қ. Мейір гүлдеген жүрек: (Ақын Ә.Дүйсенбиевтің шығарма-

шылығы) // Сөзстан.4- кітап.- Алматы,1983.

Ергөбек Б. Мейір гүлдеген жүрек: (Ә.Дүйсенбиев) // Ергөбеков Б. Арыстар мен ағыстар.-Алматы, 2003.

Ергөбек Б. Бала деп соққан бауырмал жүрек: Балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы толғаныс //Ана тілі.-2011.- 4 тамыз.

Жиенбаев С. Қиялды қозғап, көңілді тербер: (Балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев шығармашылығы жайлы) // Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы.- Алматы,1985.-Т.3. –М.Жаманбалинов, Ә.Дүйсенбиев: Өлеңдер, ертегілер.-1982.

Мырзахметұлы Е. Әнекеңнің әлемі: (Ақын Әнуарбек Дүйсенбиев туралы) // Әдебиет айдыны.-2007.-11 қаңтар.

Дүйсенов Мырзабек

(1928-1988)


Әрі ғалым, әрі жазушы Мырзабек Дүйсенов жасөспірімдерге құнды дүние қалдырған белгілі қаламгер.

М.Дүйсенов 1928 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты 1 Май ауыл советінде туған. 1949 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің тарих- филология факультетін ойдағыдай бітіріп, Қазақтың Ұлттық Ғылым академиясының аспирантурасына қабылданды. 1953 жылы филология ғылымының кандидаты,1968 жылы филология ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алды. М.Дүйсенов ұзақ жылдар бойы Қазақтың Ұлттық Ғылыми академиясының М.Әуезов атындағы тіл және әдебиет инситутында қызмет істеді. 1972 жылдан осы инситуттың Жамбылтану және ақын – жыраулар поэзиясы бөлімін басқарды.

Мырзабек Дүйсеновтың балалар мен жасөспірімдерге арналған алғашқы әңгімелері «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Пионер» журналында жарияланды. 1958 жылы «Мен қалай торғай болдым», «Жолың болсын» жинақтары жарық көрді.

М.Дүйсенов шығармашылығының ең жетекші саласы- жазушылығы. Қазақ сөз өнері тарихына өзіндік көркемдік бояулар қосылған прозаның әңгіме, хикаят (повесть) жанрындағы шығармалары жазушының қарасөздің астарлы, адам жанының алуан сырларына арналған шеберлік өнегесін танытты. Жазушының жеке кітап болып басылып шыққан «Қалыңдық»/1962/, «Ана махаббаты» /1965/, «Гүлжан сүйеді» /1968/, «Меймандар» /1971/, «Ант» /1974/, «Үміт» /1979/, « Бір аспанның астында» /1986/, «Ғасырлар сыры» /1988/, «Біз- күн перзенттеріміз» /1984/, «Сағантас сырлары» /1992/ атты көркем повестері, М.Дүйсеновтың көшпелілер тарихына байланысты жазған деректі повестері «Біз- күн перзенттеріміз», « Бір аспанның астында», «Ғасырлар сыры», «Сағантас сырлары» өзінің ғылыми – танымдық қасиеттерімен дараланады, жасөспірімдерді қызықты деректермен баурап алып, санасын сәулелендіреді.

М.Дүйсенов қазақтың дәстүрлі жыршы- жыраулық, төкпе ақындық және айтыс өнерінің жандануына да белсене атсалысты.

Жазушы- ғалымның қалдырған ғылыми мұрасы мол. Ол І.Жансүгіров пен Ә.Тәжібаев туралы арнайы монографиялық еңбектер жазды. Сонымен бірге, қазақ әдебиеті тарихының очеркін жазуға да белсене қатысты.

Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі қазақ, орыс тілдерінде бірнеше рет басылып шықты. М.Дүйсенов М.Қаратаевпен бірігіп орта мектептің орыс сыныптары үшін құрастырған «Қазақ әдебиеті хрестоматиясы» бірнеше жылдардан бері басылып келеді.

Мырзабек Дүйсенов – қазақ оқушыларының бүгінгі ұрпағын осыншама құнды да, мәнді мағлұматтармен қызықтыра алғаны үшін де ел тарихына елеулі мұра қалдырып кеткен ғалым- жазушы болды. Бірнеше повестері орыс тілінде жарық көрді.

М.Дүйсенов 1988 жылы 1 тамызда қайтыс болды.
Шығармалары:

Дүйсенов М. Мен қалай торғай болдым?: Әңгімелер.- Алматы: ҚМКӘБ,1958.

Дүйсенов М. Қалыңдық: Повесть.-Алматы: ҚМКӘБ,1962.

Дүйсенов М. Ана махаббаты: Повесть.- Алматы: Жазушы,1965.

Дүйсенов М.Гүлжан сүйеді: Повестер.- Алматы:Жазушы,1969.

Дүйсенов М. Меймандар: Повестер.-Алматы: Жазушы,1974.

Дүйсенов М.Алтын ұя: Әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1986.
Әдебиеттану саласындағы еңбектері:

Дүйсенов М. Қазақ совет лирикасы /1917-1929/.- Алматы: ҚМКӘБ,1955.

Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен түрдің бірлігі: Монография.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.

Дүйсенов М. Ақын мұраты: Монография.-Алматы: Жазушы,1967.

Дүйсенов М. Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты: Монография.- Алматы: Ғылым, 1982
х х х
Бердібай Р. Ғалым аманаты: (Филолог- ғалым Мырзабек Дүйсенов туралы) // Әдебиет айдыны.-2007.-8 наурыз.

Ебекенов Еркеш /Ибраһим/

(1930-1986)


Жалпақ жұртына есімі Еркеш Ибраһим болып танылған Ебекенов ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі. Еркештің жалынды жырлары елуінші жылдардың басынан бастап сексенінші жылдардың ортасына дейін республикалық газет- журналдар бетінен бір түскен жоқ. Қалың оқырманы ыстық ықыласпен қабылдаған он бестен аса жыр жинағы және жарық көрді.

Ақмола облысының Балқашин ауданында 1930 жылдың 7 қарашасында дүниеге келген Еркешті тағдыр маңдайынан сипай қоймады. Әке- шешеден сәби кезінде айрылған ол Атбасардағы панасыз балаларды тәрбиелеген үйде оқып, ер жеткен. Негізгі тағдыр – талайынан Ақмола жағына қоныс аударғаны болмаса, ақынның кейін өзі қимастықпен еске алғанындай, «Біздің ата қонысымыз- Арықбалық ауданындағы Ақан көлінің батыс беткейі» екен. Сондықтан болар бала Еркеш, журналист Еркеш, ақын Еркеш жер шоқтығы Көкше өңірін жанындай сүйіп өтті. Сонау 1955 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдап, журналист мамандығын алған балаң жігіт сұлу Көкше қайдасың деп елге оралады. Лауазым қумады, атаққа құмартпады, егер табиғат- ананың бойға берген таланты болса күндердің күнінде жарып шығарына сенді.Сөйтіп, осындағы облыстық газетке қызметке орна-

ласты.Әдебиет пен өнерге жаны жақын жігіт араға бір жыл салмай облыстық газеттің мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды.

Еркеш студент кезіндегі өзінің тырнақалды өлеңдерінен-ақ жарқ етіп көрінген ақын. Басқаны айтпағанда студент Еркештің баспасөзде жарияланған «Қол шана» атты өлеңі сөз зергерлерінің, поэзия алыптарының назарына іліккен. Өлеңде ауылдың қарапайым көрінісі суреттеледі. Қайсымыз ауыл сыртындағы төбеде шана теппедік. Бала Еркеш шанадан аударылып қалады.Содан соң ол;

«Содан бері мен сырғанақ теппедім,

Шанамды да іле қуып жетпедім.

Балдан тәтті балалықтың базары

Елемей кеппін сол шанада кеткенін»,-

деп философиялық ой түйеді.

Қоғам қайраткері, әдебиет жанашыры, белгілі сыншы Ілияс Омаров осы өлеңді оқыған , әрі жиі еске алып отырған. Еркештің алғашқы осы өлеңінен-ақ оның қалам қарымын тани білген абзал аға:

-Бас-аяғы төрт ауыз өлеңде сырғанақпен бірге кеткен, аударылып артта қалған балалық, алда күтіп тұрған күдік пен үміт ақынның эмоциялық ой ағысын аңғартып, философиялық терең мағынасымен уақыт пен өмірдің динамикалық ұшқыр қимылын айқындайды. Жазылуы қарапайым. Бірақ сұлу әсемдік жалған әшекейде емес, жалпы жұрттың жүрегіне жаратылыстық қалпында жететін бояусыз қарапайым шындықта,-дейді. Бұл университетті жаңа бітірген Еркешке берілген зор баға еді.

Шын талант қайткенде де жарып шығады. Астанада емес, ауылда жрген Еркеш өзін мойындата білді. Соның мысалында көкшелік ақынның жыр-кітаптары бірінен соң бірі жарық көріп жатты. 1959 жылы тұңғыш жинағы жарық көрсе, одан соң «Көкшенің көріністері», «ас қанат», «Жұлдызды жылдар», «Көшеді сеңдер», «Көкшенің көктемі», «Жас ғұмыр», «Жылдар сазы» және басқа жыр жинақтары басылып шықты. Ебекенов Еркештің кітаптары шаң басып жатып қалмады, бірден өз оқырмандарына жол тапты. 1969 жылы Ирина Озерованың аудармасымен орыс тілінде «Звездные годы» жыр кітабы жарық көрді.

Ақындықпен қоса журналистиканы бірге игерген Ебекенов Еркеш өлкенің «Тың өлкесі», одан соң респубикалық газет «Социалистік Қазақ-

станның» Көкшетау облысындағы меншікті тілшсі болды. Е.Ебекенов журналистика саласында да мерейлі биікке көтерілді. 1972 жылы КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды.

Бертінірек оны аға газеттегі қызметі Қарағанды облысына ауысып, ол кеншілер астанасына жетпісінші жылдың ортасында көшіп келді. Қазақстанның индустрия орталығына, өндірісі сол кезде дүрілдеп дамып жатқан өңірге келу, қайнаған қызу еңбек ақын шабытын тасыта түсті.Е.Ебекенов жарқ етіп жаңа қырынан көрінді. Себебі, алып индустрия орталығындағы қазандай қайнаған ерен еңбек ақынға қатты әсер етті. Ол жөнінде ақын былай дейді:.

«Осы екен ғой аңсаған өшпейтұғын ақ жалын,

Неге ендеше Көкшетауда осылайша жанбадым.

Жоқ, ақынға, шын ақынға керек емес көк орай,

Оған да бір мартпен керек өзі үшін көк жалын».

Жоқ, бұл ақынның туған жерін жатсынуы, болмаса кемсітуі емес, Қарағанды шахтерлері мен Теміртау болатшыларының қажырлы еңбегіне сүйсінуі, құдіретті еңбекті аспандата көтеруі болатын.Осы жылдары Қарағанды кенішінің де, Қазақстан Магниткасының да даңқты беттері парақталып жатқан-тын.

Негізі лирик ақын тек еңбекті ғана жыр етіп қоймайды.Оның өз Көкшесіне деген сағыныш оты жүрек түбінде маздап жататын. Сондықтан да болар ақын Қарқаралыны көргенде өзін Көкше баурайында жүргендей сезініп, еркін тыныстап сала береді. «Қарқаралы» атты өлеңінде:

« Аңсағаным саған қашан жетемін деп.

Тауыңа қашан тәжім етемін деп.

Кеудемде кернеп жүрген құмарлықты,

Бұрқырап қашан төгіп өтемін деп.

Аңсағам түскен сайын сен есіме,

Арман боп айналғансың елесіме.

Әніңді талай қабат шырқағанмын,

Көкшенің шығып алып төбесіне,- дей келе,

Қараймын бұлдыраған бұйра шыңға,

Бір сыр бар жанарыңның қиғашында,

Жатыр-ау Көкшетауға ұқсас болып,

Текшелеп тастарыңды жинасаң да»,- деп осы екі сұлу өлкенің бір- бірімен егіздігін, айнымас ұқсастығын жыр жолымен өрнектейді. Ақынның «Шайтанкөл», «Кесемтас», « Сарыадыр», «Ағады Нұра, ағады» тәрізді басқа да өлеңдері Арқа төсіндегі табиғаты ерекше, өзіндік орны бар өңірлердің келбетін сипаттайды.

Ақынның өндіріс тақырыбына жазған «Аңыз ата», «Оттың тууы», «Алау» атты поэмалары қазақ поэзиясына қосылған тың құбылыс болып танылды.

Расында да Ебекенов Еркештің 1978 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Теміртау толғауы» атты жыр кітабындағы «Аңыз ата» эпикалық туындысы қазақ поэзиясындағы тың формада жазылған дүние еді.

Еңбекті жырға қосқан Еркеш ақын өзінің шығармашылық кемел шағында, 1986 жылы 56 жасқа қараған шағында қайтыс болды.Көкше мен Қарқаралы сұлулығына құмартып өткен, атақты да іздемей, астананы да жағаламай, елімен қоян- қолтық араласа қызмет еткен ардақты ағаның денесі Қарағанды топырағында сабыр тапты.



Шығармалары:
Ибраһим Е. Екі томдық таңдамалы шығармалары.-Алматы: Жазушы,1980

Ибраһим Е. Таңдамалы.-Астана: Астана полиграфия, 2010.

Ибраһим Е. Оқжетпес: Таңдамалы өлеңдер жинағы.- Алматы: Жазушы,1973.

Ибраһим Е. Алау: Өлеңдер, поэмалар.-Алматы: Жазушы,1983.

Ибраһим Е. Кездесу: Өлеңдер,поэмалар.-Алматы: Жазушы,1982.

Ибраһим Е. Оқ пен нан: Өлең // Жеңіс нұры: Жыр жинағы /Құраст. Ә.Нілібаев.- Алматы:1985.


х х х
Бижанов М. Көкшенің ол бір деген арысы еді: (Ақын Еркеш Ибраһим туралы) // Егемен Қазақстан.-2010.-23 қазан.

Ерғалиев Ж. Жағада қалған жалғыз қайық: Ақын Еркеш Ибраһим туралы

//Қазақ әдебиеті.-2009.-1 мамыр.

Егеубаев Асқар

(1950-2006)


Белгілі ақын, сыншы, ғалым Асқар Егеубаев 1950 жылы Шығыс Қазақстан облысының, Күршім ауданындағы Қыстау Күршім селосында туған.

Алғашқы өлең, мақалалары аудандық , облыстық газеттерде, респуб-

ликалық жастар басылымдарында1964 жылдан көріне бастады.

1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін,кейін ҚазМУ- дің аспирантурасын тәмәадаған. 1974 жылы «Қазақстан коммунисі» журналында, одан кейін «Қазақ әдебиеті» газетінде сын, поэзия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді. Біраз уақыт «Жазушы» баспасының бас редакторының орынбасары болды.

Асқар Егеубаев- «Мөлдір тұма», «Жүректегі жұлдыздар», «Құс жолы», «Әділет» атты жыр жинақтары, « Қыран ғұмыр», «Аламан» поэмасының авторы. «Сыр мен сымбат» сын кітабы мен «Құс жолы» атты өлеңдер жинағы үшін Асқар Егеубаев Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. А.Егеубаев ақындығымен танылып, әдеби сынымен тұлғаланып, көне әдеби жәдігерлерді аудару және зерттеу арқылы ғалым дәрежесіне дейін көтерілген қаламгер. Ақын өз поэзиясын философиялық ойға, тосын тебіреністерге құрады. «Аламан» атты жыр жинағында ол өзінің өмірден түйген ойларын эпостық тыныспен жырлап,ел- жұртымен ашық сөйлеседі. «Ойлан қазақ» атты ой дастаны тақырыбы, поэтикалық пафосы жағынан алғанда қазақ поэзиясындағы соны туынды.

Қазақ поэзиясы туралы әдеби сын жазып А.Егеубаев оның дәрежесін бір саты көтерді. «Сыр мен сымбат», «Сөз жүйесі» атты сын кітаптары осыған дәлел.

Асқар Егеубаев түркітану саласында соны зерттеулер жүргізіп, ғылыми монографиялар жариялады. Атап айтқанда Ж Баласағұнның «Құтадғу білік» дастаны, М.Қашқаридің «Диуани-лұғат-ат-түрк» атты энциклопедиялық сөздігі қазақ ғылымында, қазақ әдебиетіінде тұңғыш рет А.Егеубаевтың аударуымен жарық көрді. Осы ұлттық мұраларымыз ақын Асқар Егеубаевтың шығармашылық ізденісінің арқасында рухани игілігімізге айналды.

Асқар Егеубаевтың «Кісілік кітабы»/1998/, «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі»/1999/ монографияларынан қазақ тарихына, қазақ мәдениетіне қатысты тың деректерді, бұрын беймәлім мағлұматтарды табуға болады.Бұл еңбектер- әдеби ісіміздегі құбылыс, ұлттық мәдениетіміздің мәртебесін көтерген зерттеулер ретінде мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды.

«...Асқар қаламгерлік табиғатының басты белгісі- ақындық, сыншылдық, ғалымдық қабілетінің бірегей бірлігі» деп жазды академик Зәки Ахметов оның шығармашылығы туралы бір мақаласында.

Міне осындай үлкен асулардан өткен А.Егеубаев шығармашылығы келе- келе тамырланып,оның өзіндік тұлғасын қалыптастырды.

Асқар Егеубаевтың ортағасырлық ежелгі түрік ескерткіштерін зерттеу және аудару жөніндегі еңбектері: «Құтадғу білік» (Ю.Баласағұн), «Диуани- лұғаи- ат- түрк» (С.Қашқари), «Кісілік кітабы, «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын ие болды.
Шығармалары:
Егеубаев А. Таңдамалы шығармалар: Үш томдық.- Алматы: Өлке, 2005.

Егеубаев А. Мөлдір тұма: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жалын,1977.

Егеубаев А. Жүректегі жұлдыздар: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жалын, 1979.

Егеубаев А. Сыр мен сымбат: сын кітабы.- Алматы: Жазушы, 1981.

Егеубаев А. Құс жолы: Өлең, толғау, балладалар.- Алматы: Жалын,1982.

Егеубаев А. Сөз жүйесі: Сын кітабы.- Алматы: Жазушы,1985.

Егеубаев А. Әділет: Өлеңдер мен балладалар, поэмалар.- Алматы: Жалын,1990.

Егеубаев А. Аламан: Дастандар.- Алматы: Тұлға,1996.

Егеубаев А. Кісілік кітабы: (ғылыми эссе).- Алматы: Ана тілі,1998.

Егеубай А. Құланбыз: (поэтиканың тарихылығы) : Монография.- Алматы: Жазушы,2001.

Егеубай А. Тайқазан: дастандар мен өлеңдер.- Астана: Күлтегін, 2003.

Егеубай А. Жүсіп Баласағұн : Роман- эссе.- Алматы: Арда, 2005.

Егеубай А. ХХ ғасырдың екі сағаты: Өлеңдер мен дастандар.- Алматы: Атамұра, 2005.
х х х
Әмірбек К. Жауһар: Асқар Егеубаев туралы естелік – эссе //Қазақ әдебиеті. 2010.-5 наурыз.

Омашев Н. Ақсүйек болмыс Асекең: (А.Егеубай) // Айқын.-2010.-25 ақпан.

Негимов С. Асқардың әлемі: (Ақын, ғалым А.Егеубаев туралы) //Егемен Қазақстан.-2007.- 6 наурыз.

Ескен Елубаев

(1942)
Кез келген адамның өз басынан кешкен, ғұмыр бойы ұмытпайтын бір ертегісі болады. Ол- балалық шағы.Осы қолыңа қайтып түспестей, көрген түстей тәтті шағыңды жиі- жиі есіңе түсіріп, сағынып, аңсаумен жүресің. Балалық кезіңді ойласаң- ақ, көз алдыңа туған жерің келеді.Ал туған жердің ең қымбатты қасиеті- оны есіңе алғанда тек қана тамаша, ғажап кезеңдеріңнің суреттері ғана көңіліңе оралатыны.

Жадыңда жасыл барқыт жамылған келісті көктемі, қуанған, күлген жайдары сәттері, гүл терген, атқа шапқан, тағы басқадай шат күндердің елестері сайрап тұрады. Қапырығы емес- жаңбыры, шаңы- емес таудағы тас қайнарлары, қақаған аязы емес- мәуелі бақшасы, қуаңшылық жылы емес- берекелі жылғы шабындығы, ренжіген не жылаған сәтің емес- күлгенің, асыр салған алаңсыз шақтарың , бар-бар жақсылықтары ғана ойыңа түседі.

Бірге ойнаған достарың, олардың қылықтары, мінездері көкейде сайрап тұр. Міне, жаза білген адамға көл- көсір материал қайда жатыр!

Менің балаларға көбірек жазып кеткенімнің бір себебі де осы шығар деп ойлаймын. Өйткені мен балалық шағымды әсіресе жақсы көремін, сүйемін, сағынамын.

Екінші бір себебі, өскен орта мен өмір жолымның қалыптасуы да әсер етті ме деп ойлаймын.

Тұңғыш өлеңімді қашан жазғаным есімде жоқ, ал тырнақалдым 1958 жылы «Ара» журналының май айындағы санында жарияланғаны ұмытылмайтын сәт. Сол алғашқы өлең қуанышының табы күні бүгінге дейін жүрегімде, оны әлі сеземін.Өлеңнің аты «Тастың аты тас» еді. Ол кезде мен мектептің оқушысымын. Мысал өлеңдер, лирикалық өлеңдер жаздым. Ол өлеңдер республикалық баспасөзде жариялана бастады. «Балдырған», «Қазақстан пионерлеріне» жиі беріп тұрдым.

Сонымен, баспаға ең алдымен лирикалық өлеңдер жинағымды тапсырсам да, бірінші болып балаларға арналған өлең жинағым жарық көрді.

Балаларға арнап біржола өлең жазып кетуіме университетті бітірген соң «Қазақстан пионері» газетінің редакциясына қызметке орналасуым да сеп болған шығар деп ойлаймын.Балаларға өндіре жазуға қызмет істеп жүрген ортаның да ықпалы көп тиетініне көзім жетті.

«Баланың тілін табу қиын» деп халық бекер айтпаған, бұл балалар жазушыларына да қатысы бар, балалар үшін жазу- екінің бірінен қолынан келе бермес қиын шаруа.

Қазақ балаларына әдебиет жасап беріп отырған ақын- жазушылар саусақпен санарлықтай ғана. Осы аз топтың жылдар өткен сайын қарасы көбеймей-ақ келеді.

Мен қазір балаларға арнап сегіз кітап жазыппын.Балалар драматургиясына да ат салыса бастадым. Қазақ балалар әдебиетінде бірінші болып пьесалар жинағын да шығарған екенмін.Тіршілік болса, балалар үшін әлі де еңбектене бермек ойым бар. Менің тақырыбм- балалар өмірі. Ал әдебиетке қойылар талап бәрімізге бірдей. /Е.Елубаев.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет