Жарылғыш материалдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-параграф. Сыртқы канализация және ағынды суды тазарту



бет3/8
Дата21.06.2016
өлшемі0.79 Mb.
#152768
1   2   3   4   5   6   7   8

2-параграф. Сыртқы канализация және ағынды суды тазарту
148. ТДБ арналған канализациялық желілердің құрылғылары технологиялық үдеріске және орынжайлардың жылытылуына байланысты жобада анықталады.

149. Жабдық пен орынжайлар құрғақ және дымқыл түрде жиналатын, жылу берілмейтін ТДБ канализация орнатылмайды.

Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін шашырандылар жиналып, жұмыс орындары мен орынжайлары дымқыл түрде (жылдың жылы мезгілінде) жиналады. Ылғалды түрде жинау кезінде сүртілетін материалдан сығылатын су осы Талаптың 157, 158-тармақтары бойынша кейін жою үшін жинақтаушы сыйымдылықтарға жиналады.

150. Жабдықтарды жуып-шаюды және еденді жууды қамтитын дымқыл түрде жинайтын жылу берілетін орынжайларда ағынды суларды қабылдау, тазалау және бұру үшін канализация қарастырылады.

151. Сыртқы канализация ТДБ аумағы шегінде өндірістік ағынды тазарту құрылыстарына (тұндырғыштарға және сүзгілерге), ал зиянды заттардан тазартылған ағынды суларды жалпы канализация желісіне тасымалдау үшін қарастырылады.

152. Технологиялық үдерістерді жобалау өндіріс өнімдерінің канализацияға түсуін болдырмайтындай етіп жүзеге асырылады.

153. Өндіріс өнімдерін қамтитын өндірістік ағынды сулар, олардың құрамдас бөліктері мен басқа да ластанулар зарарсыздандырылады немесе жойылады.

Ағындарды зарарсыздандыру бойынша құрылғыларды тікелей өндірістік немесе ТДБ бөлек тұрған ғимараттарында немесе ТДБ аумағында орналастыруға болады.

154. Өндірістік канализация шығыршықты жабық құбырлар түрінде жобаланады. Құбырлар мен шығырлардың материалдарын таңдау кезінде ағынды сулардың тотықтыру әсері ескеріледі.

155. Өлшенген заттардан тазарту үшін тұндырғыштар мен сүзгілер қолданылады. Көлденең тұндырғыштарды және матадан жасалған сүзгі элементтері бар сүзгілерді қолданған жөн.

156. Ағынды суларды қала немесе елді мекеннің канализациясына барлық зиянды қопалардан толықтай тазартқаннан кейін ғана жіберіледі.

Шекті рұқсат қосылымынан артық болатын зиянды заттарды концентрациялау кезінде лақтырындылар жоюға жіберіледі.

157. Өндірістік ағынды суларды арнайы сыйымдықтарға жинауға болады, кейін оларды ұңғымаға құю үшін жару блогына карьерге шығарылады.

158. Пайдаланылған суларды жинау кезінде күресінде немесе жинақтаушы сыйымдылықта түзілетін қатты тұнба Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына сәйкес жиналады, кептіріледі және жойылады.



3-параграф. Ішкі сумен жабдықтау және канализация жүйелері
159. Жобада жабдықты жуып-шайып және едендерді жуып дымқылдау арқылы жинау көзделген ТДБ жылу берілетін орынжайларындағы едендер ашық пайдаланылған су жағына қарай еңіспен орындалады.

160. Едендерді жуу және жабдықты жуып-шаю үшін пайдаланылған суды тазарту барысында алынған айналым суы пайдаланылады.

161. Өндірістік канализация ашық науалар мен жабық құбыр жолы жүйесі ретінде қарастырылады. Жыралар, люктер, орлар, науалар, құдықтар және тағы басқа түрінде ашық науалар еден жуудан және жабдықты жуып-шаюдан шыққан пайдаланылған суды бұру үшін қолданылады.

162. Канализацияның жалпы желісімен қосылатын оқшауланған жарылу, өрт шығу қаупі бар орынжайлар бір-бірінен гидро ысырмалармен ажыратылады.

163. Пайдаланылған суларды бөлетін, қатты ерімейтін заттармен ластанған канализация жүйелерін жобалау кезінде өлшенген бөлшектерді ұстау үшін құрылғылар (қармақтар, шытырмандар, тұндырғыштар және торлы кәрзеңкелер) қарастырылады.

Алюминий ұнтағы мен басқа да металл жанғыштарды дайындау орынжайларында (ғимараттарында) су құбыры мен канализацияны орнатуға болмайды. Орынжайларды жинау дымқыл материалмен сүрту арқылы жүргізіледі.

164. Ішкі сумен жабдықтау 5-тараудың 2-параграфының талаптарын және ТДБ орынжайларында орнатылған технологиялық аппараттарға, жуынатын орындар мен жуынуға арналған бөлмеде су бұруды қамтамасыз етуді ескере отырып жобаланады. Жуынатын орындар мен жуынуға арналған бөлмеден пайдаланылған суды бұру ТДБ өндірістік канализациясы жүйесіне қарастырылады.

4-параграф. Өртке қарсы жүйелер
165. ЖМ өндіру кезінде өрттен қорғау:

ТДБ-ін жер бетінде орналастыру кезінде объектілік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін құру арқылы, ал жер асты жағдайларында пайдаланылатын ТДБ үшін ықтимал тұтануды шектеуге ӘАҚҚ бөлімшелерін жұмылдыру;

автоматты өрттен қорғау қондырғыларын қолдану;

жұмыс орындарын алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету;

персоналды тұтануды шектеу және жою бойынша іс-қимылдарға дайындау арқылы қамтамасыз етіледі.

166. Объектілік өрт күзеті бөлімшелерін орналастыру, өрт сөндіру автомобилдерінің саны, өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамының саны қорғалатын объектілерді және өрттен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі нормаланатын көрсеткіштерді ескере отырып, жобада анықталады.

167. ТДБ жобалау кезінде жолы қиын орындарда ЖЗ мен жанғыш құрамдас бөліктердің жиналу мүмкіндігін жою жөнінде шешім қабылданады, бұл ретте мыналар:

жарылу, өрт шығу қаупі бар және өрт қауіптілігі бар орынжайлардың қабырғалары мен жабындарының қажетті отқа төзімділік дәрежесі;

өртке қарсы құралдарды пайдалану мүмкіндігі;

өрт кезінде адамдарды құтқару мүмкіндігі;

өрт сөндіру бөлімшелерінің өрт ошағына жету мүмкіндігі;

өрттің жақын орналасқан ғимаратқа таралмауы;

жанудың жарылысқа айлануын болдырмау қамтамасыз етіледі.

168. Жер бетіндегі және жер асты ТДЖ автоматты өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.

Жобада қарастырылған орындарда алғашқы өрт сөндіру құралдары мен өрт сөндіру құрал-жабдығы орналастырылады.

169. Ашық және жартылай ашық сыйымдылықтарда, араластырғыштарда және материал өткізгіштерде құрамдас бөлшектерді циклдік немесе үздіксіз дайындау және ЖЗ әзірлеу үдерісінде персонал ЖЗ мен құрамдас бөлшектерді аппараттарға тиегеннен кейін қауіпті аймақтан шығарылады, ал технологиялық үдеріс бақыланады және қауіпті аймақтан шығарылған қашықтықтан басқару және бақылау пультінің көмегімен басқарылады. Автоматты түрде жұмыс істейтін және қашықтықтан басқару пультінен іске асырылатын дренчерлік өрт сөндіру қондырғылары жабдықталады.

Технологиялық орынжайлар жылу берілетін болып жабдықталады, дренчерлік қондырғылар магистралдық су тасығыштардан немесе өртке қарсы сыйымдылықтардан сумен жабдықталады. Суландыру қарқыны 0,3 л/с·м2 төмен емес етіп қабылданады және 60 минут ішінде қамтамасыз етіледі.

ЖЗ дайындайтын жылу берілетін ғимаратқа жанасатын галереялар жанасу орындарында су бүркемелерімен жабдықталады.

Автоматты өрт сөндіру жүйелері қолмен іске қосқышпен қатар атқарылады. Автоматты өрт сөндіру жүйелері іске қосылған кезде технологиялық үдерістерді қашықтықтан басқару пультіне хабарлау дабылы беріледі.

Өрт сөндіру жүйесі іске қосылған кезде технологиялық жабдық пен басқа да электр қабылдағыштарды автоматты ажыратуды жобалау ұйымы әрбір нақты жағдайда шешеді.

170. Жарылғыш заттар дайындалатын және жобада құрамдас бөліктерді дайындау мен ЖЗ сыртқы әсерден герметизациялаған сыйымдылықтарда, араластырғыштарда және қысыммен жұмыс істейтін құбырларда шығарудың үздіксіз үдерісі қарастырылған, ал үдерістің өлшемдерін қашықтықтан басқару және бақылау пультінен автоматты шығаратын және оператор есептейтін ТДБ ғимараттарын дренчерлік автоматты немесе қашықтықтан басқарылатын өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтамауға болады.

171. ЖЗ дайындаумен байланысты ТДБ ғимараттары мен құрылыстары өрт крандарымен жабдықталады. Өрт сөндіруге жұмсалатын су шығыны, ағыстардың саны мен орынжайларда өрт крандарын орналастыру орындары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес қабылданады.

Шағын көлемді (бір өрт кранының жұмыс радиусымен шектелген) және ЖЗ қамтымайтын өндірістік ғимараттарда өрт крандарын орнату өнімділігі 2,5 л/с кем емес бір жинақтық ағыспен орынжайдың кез келген нүктесіне қызмет көрсету есебінен жүргізіледі.

172. ТДБ орналасқан аймақта орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда сорғы агрегаттарымен және өрт сөндіру жеңдерімен жабдықталған өртке қарсы резервуарларды пайдалануға болады.

173. Дренчерлік өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталмайтын, жылу берілетін жер бетіндегі технологиялық желіге жапсарлас, араластырғыштан жоғары орналасатын және диаметрі кемінде 50 мм құю шлангісімен жабдықталған суы бар өртке қарсы сыйымдылықпен жарақталады. Шлангінің ұшы араластырғыштың үстінен мықтап бекітіледі, ал шлангінің ортасы ролик арқылы өткізілген және оператордың жұмыс орнының астынан немесе ТДБ шығу жолында бекітілген тартылыс күшінің көмегімен сыйымдылыққа су деңгейінен жоғары көтеріледі. ЖЗ жанған жағдайда араластырғышта тарту күшін түсіреді және араластырғыштан ЖЗ шайып, сыйымдылық босатылады.

Технологиялық желіге жапсарлас өртке қарсы сыйымдылықты орнату қажеттілігі мен оның көлемі жобада анықталады.

174. ЖМ қоймаларында орналастырылатын жер бетіндегі ТДБ үшін өрт сөндіру үшін осы қоймалардың өртке қарсы су айдындары мен сорғы құрылғыларын пайдалануға болады. ЖМ және ТДБ қоймаларына арналған барлық өртке қарсы құралдар мен құрал-саймандар бөлек орынжайда орналасады.

175. Жер асты ТДБ осы Талаптың 173-тармағы бойынша технологиялық желіге жапсарлас өртке қарсы сыйымдылықпен, жобалық құжаттамаға сәйкес өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.

176. Жер асты ТДБ өрт сөндіру үшін 0,4-1 МПа өрт крандарында қысыммен су беру үшін шахталық құбырлар қолданылады. ТДБ өрт сөндіру кезінде су беру үшін магистралдық құбырлардың диаметрі ТДБ өртті сөндіру кезінде кемінде 100 мм құрайды, ал өрт крандарына бөлу құбырларының диаметрі кемінде-50 мм. Муфталар мен фланецті қосқыштар арынды кемінде 1 МПа ұстайды.

177. Жер асты ТДБ ықтимал өрттерді жою жоспарлары әр шахта (кеніш) үшін құрылатын Аварияларды жою жоспарына қосылады.

178. Жер бетіндегі және жер асты ТДБ-де алюминий ұнтағы мен басқа да қатты дисперстік жанғыштарды сөндіру үшін құм салынған жәшіктер мен ұнтақты өрт сөндіргіштер болады. ТДБ шегінен тыс температура жоғарылаған жағдайда ұнтақты ораманың ішіне орналастыру үшін қақпағы бар металл бөшке түрінде сөндіргіш орнатылады.

6-тарау. Жылу беру және желдеткіш
179. ЖМ базистік және шығыс қоймаларынан басқа, ТДБ ғимараттарына жылу беріледі. Олардағы ішкі температура мен ауаның ылғалдылығы технологиялық үдерістің талаптарымен анықталады.

Жекелеген жағдайларда климаттық жағдайлар мен пайдалану ерекшелігін ескере отырып, тапсырыс берушінің талабы бойынша ТДБ ғимараттарында жылу беруді орнатпауға болады. Мұндай жағдайда ТДБ-нен бөлек жылдың суық мезгілінде ТДБ персоналының жылынуы үшін орынжай орнатылады.

180. ЖЗ немесе олардың құрамдас бөліктерінің тозаңы бөлінетін өндірістік орынжайларға жылу беру үшін ағынды желдеткішпен біріктірілген әуелік жылу беру немесе су арқылы жылу беру немесе жылыту аспаптары қабаттарының температурасы 80ºС аспайтын температуралы аралас әуелік-сумен жылу беру жобаланады.

ТДБ орынжайына келіп түсетін сыртқы ауаны қыздыру үшін жылу тасығыштың түрі мен өлшемдері регламенттелмейді.

181. Өндірістік ғимараттарда жылыту аспаптары ретінде тозаңнан тазарту және тексеру үшін қол жетімді тегіс қабырғалы радиаторлар немесе тегіс құбырлар немесе орынжайлардың қабырғаларына жапсарлас орнатылған жылу беру панелдері қолданылады.

Сағалы құбырларды ЖЗ немесе олардың құрамдас бөліктерінің тозаңы бөлінуі ықтимал орынжайлармен тікелей есік немесе басқа да ойықтарымен қосылмаған барлық қауіпсіз орынжайларда орнатуға болады.

182. ЖЗ немесе олардың құрамдас бөліктерінің тозаңы бөлінуі ықтимал орынжайлардағы жылу беру аспаптары мен құбырлар тозаң бөліктері едәуір айқын болатындай түске (көгілдір немесе жасыл) сырланады.

183. Қабырғалардан бастап жылытқыш аспаптарға дейінгі шекті қашықтық-кемінде 100 мм. Аспаптарды қуыстарда орнатуға болмайды. Қабырға мен құбырдың түзілетін оқшаулағышы арасындағы қашықтық кемінде 60 мм қабылданады. Жылу оқшаулағыштың беті тегіс боялған болады. Жылу оқшаулағыштың құрылымы оған ЖЗ тозаңы мен судың түсу мүмкіндігін болдырмайды.

184. Регламенттелген жылу тасығыш температуралы жылу беру жүйелерінде жылу тасығыш температурасының белгіленген шамадан жоғары ықтимал артуын қалпына келтіретін автоматты құрылғылар қарастырылады.

185. Жылытқыш аспаптардың бетінің температурасы 80ºС регламенттелген орынжайларда 80ºС аспайтын бетінің температурасын қамтамасыз ететін жылу оқшаулағышы бар құбырларды, қосқыш фланецтер мен аппаратураны төсеуге болады.

Органикалық материалдан жасалған жылу оқшаулағышты пайдалануға болмайды.

186. Жарылу, өрт шығу қаупі бар орынжайларға қызмет көрсететін бойлерлік қондырғылар, жылу тасығыш ендірмелері мен жылу орындары сыртынан немесе тамбур арқылы өндірістік орынжайдан дербес кіру жолымен оқшауланған орынжайда орналастырылады.

187. Жұмыс істеу барысында ЖЗ және оның құрамдас бөлшектерінің булары мен тозаңдары бөлінетін орынжайлар (камералар) жалпы алмастыратын ағынды-сорғы желдеткішімен және ауаны аспирациялау жүйесінің сорғы желдеткішімен жабдықталады.

188. Ауаны аспирациялау жүйесінің сорғы желдеткіші жапсарлас жергілікті сорғыларды зиянкестерді барынша жоюды қамтамасыз ететін технологиялық жабдыққа орнату арқылы зиянды бөлінділердің көздерінен жүзеге асырылады.

Зиянды бөлінділердің орындарынан сорып алынатын ауа аспирациясын сығылған ауа ағынымен пайда болатын эжекция есебінен орнатуға болады.

189. Сорғы желдеткішінің ауа өткізгіші дөңес бұрылыссыз бір қалыпты конфигурациямен орындалады. Жобалау және монтаждау кезінде отырған тозаңды азайту үшін оларды сорғы жағына көлбеу етіп, көлденең учаскелердің ең қысқа ұзындығымен оңай жиналатын түрде жасайды. Ауа өткізгіштер ауа сынамасын алу және сорғы өнімділігін өлшеу үшін тығыз жабылатын люктермен жарақталады.

Ауа жинағыштар, ауа өткізгіштер, қосқыш элементтер, люктердің қақпақтары мен тығындардың құрылымдары соққы және үйкеліс кезінде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады.

190. Ауаны аспирациялау жүйесінің сорғы желдеткішінің элементтері тозаңданған ауадағы ЖЗ және оның құрамдас бөліктерімен белсенді химиялық реакцияға түспейтін жанбайтын материалдардан дайындалады.

191. Ауа өткізгіштердегі ауаның жылдамдығы тозаң отыруын болдырмау есебінен, бірақ кемінде 12 м/с етіп қабылданады.

192. Құрамында жарылу, өрт шығу қаупі бар тозаңды қамтитын ауа атмосфераға шығару алдында зиянды қоспалардан тазартылады.

Ауаны тазарту ауа жинағыш пен сорғы желдеткіші немесе эжектор арасында орнатылатын ылғалды немесе түйіршікті сүзгілерде жүргізіледі.

Ылғалды сүзгі ретінде барбатер немесе суландырғыш пайдаланылады. Соңғы жағдайда ол желдеткішпен бұғатталады.

Түйіршікті сүзгі материалы ретінде өңдегеннен кейін технологиялық үдеріске кері қайтарылатын түйіршіктелген аммиак селитрасы қолданылады.

Тозаңды құрғақ күйінде ұстау құрылғысының жеткіліктілігі жобада анықталады.

193. Жергілікті сорғылар егер сорып алынатын зиянкестер араластырған кезде жарылу қоспасын түзбейтін болса, автономды сорғы қондырғыларымен немесе орталықтандырылған бір жалпы желдеткішпен жүзеге асырылады.

194. ЖЗ тозаңының бөлінуі ықтимал орынжайларда ауаны аспирациялау және жалпы араластыратын желдету жүйесінің электр жабдығы жарылысқа қауіпсіз күйде қолданылады.

195. ЖЗ немесе оның құрамдас бөліктері тозаңының бөлінуімен байланысты технологиялық үдеріс ағып өтетін өндірістік орынжайларға қызмет көрсететін ағынды желдеткіштер желдеткішке ол тоқтаған кезде жарылу қаупі бар орынжайлардан бөлінділердің өтуіне кедергі келтіретін кері клапандарды ауа өткізгіштерде орнатқан жағдайда әдеттегі күйде (қара металдан жасалған) қабылданады.

196. Жарылу, өрт шығу қаупі бар ғимараттарда желдеткіш өрттің бір орынжайдан келесісіне таралуын болдырмайтын сызба бойынша жүзеге асырылады.

197. Жарылу, өрт шығу қаупі бар тозаңы бар өндірістік орынжайлардан алынатын желдеткіш ауасын оны жылытқыш аспаптары арқылы өткізе отырып рециркуляциялауға болмайды.

198. ТДБ жарылу, өрт шығу қаупі бар ғимараттарындағы желдеткіш агрегаттары ағынды және сорғы жүйелері үшін желдету камераларында бөлек орнатылады. Жарылу, өрт шығу қаупі бар орынжайларға қызмет көрсететін желдеткіш камерасына кіру жолдары ТДБ сыртынан немесе өндірістік орынжайлардан тамбур арқылы орнатылады.

Соратын желдету камераларында кемінде бір еселі сағаттық ауа алмастырғыш көлемінде табиғи желдету қарастырылады.

199. Ауа жинағыш пен жалпы алмастыратын сорғы арасындағы қашықтық егер олар бір биіктікте орналасса, кемінде 10 м құрайды. Көлденең қашықтық қысқа болған кезде сыртқы ауаны алу төбенің үстінен жіберілген құбырдың биіктігіне тең радиуспен орналасқан жабынның бетінде шеңбер айналасында жүргізіледі, жіберілген лақтырынды ауа алудан кемінде 2 м жоғары болады.

Жабындардың үстінен жергілікті сорғылармен алынатын ластанған ауа лақтырындысы болған кезде ауа алу орнындағы зиянкестер қосылымы орынжайлардың жұмыс аймағы ауасындағы шекті рұқсат қосылымынан 30 % аспаған жағдайда есептермен немесе талдау деректерімен дәлелденген жағдайда сыртқы ауа алуды орнатуға болады.

Сорғы шахтасының шартты биіктігі үшін алау лақтырындысы кезінде лақтырынды құбырының геометриялық биіктігі мен желдің жылдамдығы 2 м/с болғанда құбыр сағасының үстімен алау шүлдігінің жоғарылау сомасы қабылданады.

200. Жарылу, өрт шығу қаупі бар тозаңды ғимараттарда астыртын желдету арналарын орнатуға болмайды.

201. Өрттің пайда болғаны туралы автоматты хабарлау жүйесімен немесе өртті сөндіру жүйесімен жабдықталған ғимараттар, құрылыстар мен орынжайлар үшін хабарлау және өрт сөндіру жүйесі іске қосылған кезде оларды автоматты түрде ажырату үшін осы жүйелермен желдету, ауа баптау және әуелік жылу беру жүйелерін бұғаттау қарастырылады. Егер өрт пайда болған кезде өндірістік жабдықтан (үдерістен) орынжай ауасына жарылу қаупі бар заттар бөлінуі мүмкін болса, онда өрт пайда болған кезде желдету жүйесін жартылай немесе ішінара автоматты ажырату жүйесінің қажеттілігі жобаның технологиялық бөлігінде анықталады.

Көлемді өрт сөндіру қондырғылары бар орынжайларда желдету, ауа баптау және әуелік жылу беру жүйелерін ажырату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес қарастырылады.

202. Жер асты ТДБ жылу беру үшін жылытқыш аспабының бетіндегі температура 80°C аспайтын ағынды желдеткішпен бірге электрокалориферлер қолданылады. Электрокалориферлердің қуаты регламенттелмейді. Электрокалориферлер ЖЗ мен оның құрамдас бөліктерінің тозаңының бөлінуі ықтимал орындардан кемінде 5 м қашықтықта өртке қарсы есіктерге жанасатын орындардағы қуыстарда орнатылады.

203. Жер асты ТДБ барлық камералар мен бекет бөлімшелерінде төрт еселі сағаттық ауа алмастыруды қамтамасыз ете отырып, таза ауаның оқшауланған ағысымен желдетіледі.

ТДБ-ін ЖМ жер асты шығыс қоймасының аумағында орналастыру кезінде оны ЖМ шығыс қоймасынан шығатын желдету ағысында орналастырған жағдайда бекетті рет-ретімен желдетуге болады.

204. Жер асты ТДБ жалпы алмастыру желдеткішін жалпы шахталық депрессиялау есебінен жүзеге асыруға болады. Жер асты ТДБ жалпы алмастыратын ағынды-сорғы желдеткішіне және ауа аспирациялау жүйесінің сорғы желдеткішіне 188-192-тармақтарының талаптары қойылады.

205. Жер асты ТДБ ауа аспирациялау жүйесінің сорғы желдеткіші жарылысқа қауіпсіз күйде қабылданады.



7-тарау. Жылумен жабдықтау
206. Температурасы 135°C жоғары бу немесе температурасы 100°С жоғары ыстық су қажетті өлшемдерге дейін жылу тасығыштардың температурасын төмендету жүргізілетін жылу бекеттері арқылы жүргізіледі.

207. Магистралдық бу өткізгіштер мен өндірістік ғимараттарға оның тармақтары бір құбырлы да, екі құбырлы болып та орындалады.

208. Құбырларды ғимараттың сыртқы қабырғасы бойымен сейсмикалығы 7-9 балдық аймақтардан басқа, оған эстакадалардың жанасу орнынан бастап желілерді ғимараттарға қосу орындарына дейін төсеуге болады.

209. Құбырларды жарылу қаупі бар тозаңның бөлінуі ықтимал орынжайға кіргізу кезінде арналарда жылу желісі арналарына тозаңның өтуінен құбырлардың өту жолын тығыздап, тұйық далдалар орнатылады.




8-тарау. Электр техникалық қондырғылар

1-параграф. Жалпы талаптар
210. Жарылу, өрт қауіптілігі бойынша өндірістік орынжайлардың аймақтарын жіктеу 2-қосымшада келтірілген. 2-қосымшаға кіргізілмеген жаңадан құрылатын өндірістер үшін жарылу, өрт қауіптілігі бойынша орынжайлардың аймақтарын жіктеуді барлық орынжайлар үшін жобаның әзірлеушісі жүргізеді.

211. ЖЗ, тотықтырғыштар мен карбамид қоймалары, ЖЗ дайындайтын өндірістік ғимараттар найзағайдан қорғағышпен жабдықталады.

Найзағайдан қорғауға жататын ғимараттар мен құрылыстар 2-қосымшада көрсетілген.

212. Статикалық электрді бұру және қауіпті ұшқын разрядтарының ықтимал пайда болуынан алдын алу үшін технологиялық жабдық, құбырлар, құю-ағызу құрылғылары және сұйықтықтарды, булар мен сусыма заттарды қабылдауға, қайта өңдеуге және орнын ауыстыруға арналған басқа да жабдық жерге қосуға жатады.

213. Жекелеген операцияларды немесе өндіріс фазаларын бір ғимаратқа біріктіру кезінде едәуір қауіпті аймақтың электр жабдығына қойылатын талаптар қауіптілігі біршама төмен аймақтың электр жабдығына қолданылады.

Жер асты ТДБ қолданылатын электр қондырғылары оқшауланған бейтараппен орындалады.



2-параграф. Ғимараттарды электрмен жабдықтау
214. Жарылу қаупі бар аймақтарға арналған электр жабдығының жарылыстан қорғау деңгейі мен түрлері 2-қосымшада келтірілген.

ЖЗ жұмыс жүзеге асырылатын орынжайлар мен өндірістер үшін электр жабдығының температуралық кластары ЖЗ тұтану температурасының үштен екі бөлігінен аспай қабылданатын электр жабдығы қабатының ең жоғарғы температурасы бойынша қабылданады.

215. В-ІІ және В-ІІа класты жарылу қаупі бар аймақтарда «қабықшаларды маймен толтыру» жарылыстан қорғау түрімен жарылыстан қорғалған электр жабдығын қолдануға болмайды.

216. «Ұшқынға қауіпсіз электр тізбегі» жарылыстан қорғау түрімен жарылысқа қауіпсіз электр жабдығы тиісті санаттар мен жарылу қаупі бар қоспалардың топтары үшін В-ІІ және В-ІІа класты жарылу қаупі бар аймақтарда қолданылады.

Тізбектердің ажырау, ыдырау және тұйықталу қуаты 60 мВт аспайтын электр жабдығын барлық класты жарылу қаупі бар аймақтарда орналастыруға болады.

217. «Қабықшаны артық қысыммен толтыру немесе үрлеу» жарылыстан қорғау түрімен электр жабдығын тиісті санаттар мен жарылу қаупі бар қоспалардың топтары үшін В-Іа, В-ІІ және В-ІІа класты жарылу қаупі бар аймақтарда қолдануға болады.

Барлық класты жарылу қаупі бар аймақтарда сығылған ауаның артық қысымы кемінде 100 Па болатын қабықшада (қабықта) болатын жалпы мақсаттағы электр жабдығын, аппараттар мен аспаптарды қолдануға болады. Бұл ретте ауа өткізу жолындағы қысым 100 Па төмен төмендеген кезде басқару пультіне бір мезгілде дабыл бере отырып, ажыратуды бұғаттау қарастырылады.

218. Барлық класты жарылу қаупі бар аймақтарда орнатылатын тетіктер мен машиналардың жетектері үшін жарылу қаупі бар аймағымен (машина орынжайында орнату және тағы басқа) орынжайдан шығара отырып, жарылыстан қорғағыш құралысыз электр қозғалтқыштарын орнатуға болады. Бұл ретте оның қабырға арқылы өту орнында жетек білігін тығыздап бекіткіш қарастырылады.

219. Орынжайларға жасанды түрде жарық беру құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес орындалады.

Бұл ретте эвакуациялық (авариялық) жарық беру қарастырылады.

220. В-Іа, В-ІІ және В-ІІа класты жарылу қаупі бар аймақтарда жөндеу жұмыстары үшін 2-қосымшаға сәйкес тасымал жарылысқа қауіпсіз шамдарды қолдануға болады. Технологиялық аппараттардың ішкі жолақтарына жарық беру үшін дәл осындай шамдарды, бірақ оларды желіден 12 В аспайтын кернеумен қоректендіріп қолдануға болады.

Тасымал шамдарды қосу үшін штепсельді ажыратқыштарды жарылу қаупі бар орынжайлардан тыс (орынжайға кіру жолдарына жақын) орнату ұсынылады.

221. В-ІІ класты жарылу қаупі бар аймақтарда ток күші желілерінде де, жарық беру желілерінде де мыс сымынан жасалған кабелдер ғана қолданылады.

222. В-ІІ және В-ІІа класты жарылу қаупі бар аймақтарда электр желілері сыртқы жанғыш жабынсыз сауыт салынған кабелдерден немесе болат су, газ өткізу құбырларында оқшауланған желілерден жасалады.

Кез келген класты жарылу қаупі бар аймақтарда мыналарды:

резина және поливинилхлор оқшаулағышы бар желілерді;

резина, поливинилхлор және металл қабықшаларында резина, поливинилхлор және қағаз оқшаулағышы бар кабелдерді қолдануға болады.

В-І және В-Іа класты жарылу қаупі бар аймақтарда алюминий қабықшасы бар кабелдерді пайдалануға болмайды.

Полиэтилен оқшаулағышы немесе қабықшасы бар желілер мен кабелдерді барлық класты жарылу қаупі бар аймақтарда пайдалануға болмайды.

223. Электр желісі құбырларын В-ІІ класты жарылу қауіпті аймақты орынжайдан қалыпта ортадағы орынжайға немесе басқа кластағы жарылыс қаупі бар аймаққа, басқа санатпен немесе жарылу қаупі бар қоспа тобымен немесе қабырға арқылы өту жолдарында сыртынан ауыстыру кезінде осы қорапқа арналған ажырату тығыздағыштары орнатылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет