Жазушы Дүкенбай Досжаның «Алаң» шығармасының тілі


Ғалым Р. Авакова «Фразеология теориясы»



бет16/25
Дата13.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#480676
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
asem

Ғалым Р. Авакова «Фразеология теориясы» атты еңбегінде фразеологизмдерге мынадай анықтама береді: «Тілдің бейнелігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігін құрап тұратын тілдік бірліктер - фразеологизмдер. Фразеологизмдер - халықтың тұрмыс-салтының, әдет-ғұрпының, мінез-құлқының, өмір сүру ортасының, тұрмыс-тіршілігінің, экономикалық және саяси көзқарастары мен өзгерістерінің және т.б, айнасы».
Мамаева Мәкен Қасымбайқызы «Фразеологизмді сөз тіркестері» атты еңбегінде фразеологизмдердің зерттелу тарихы қарастырылып өткен.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу XX ғасырдың ортасынан басталып,бүгінгі күнге дейін толастамай келеді.Осы уақыттағы зерттеулерді 4 кезеңге бөлдік:
1.XX ғасырдың ортасы-40-50-жылдар-қазақ фразеологизмдерін теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.
2.60-70-жылдар-қазақ фразеологизмдерін класссификациялау,жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.
3.80-жылдар-фразеологизмдерді жан-жақты зерттеу.Қазақ фразеологизмдерінің өзге тілге аударылуы мен басқа тілге аударылуы мен басқа тілдегі фразеологизмдердің қазақ тілінде берілуі жайлы.
4. XX ғасырдың соңғы он жылы-1990-2000-жылдар-фразеологизмдерді этнолингвистикалық және салғастырмалы фразеология тұрғысынан зерттеу.
Ғалым Р. Авакова «Фразеология теориясы» атты еңбегінде:Фразеологизмдерді ішкі фраземаның туындау көздеріне байланысты шартты түрде төмендегідей топтастырады:
1.Адамның анатомилық атаулары мен қимыл қозғалыстарына байланысты
2.Жануарлар (зооморфтық фразеологизмдер) әлемі
3.Өсімдіктер (флора) әлемі
4.Табиғат құбылыстары
5.Өлшем бірлік (метерология)
6.Түр – түстік және сындық
7.Сандық (нумеративтік) фразеологизмдер
8.Алғыс және қарғыс мәнді
9.Мифтік және діни
10.Тарихи кезеңдермен және тұлғалармен байланысты туған фразеологизмдер.
Мысалы
  • Көз алдыма елестетсем: үшінші қабаттағы төрт бөлмелі үй, түстікке шығатын жарық балкон, абайламай жүрсең мойныңды үзіп алардай ұқлама.

  • (“Алаң ”, 4-бет)


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет