Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет3/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Бір кем дүние

Ақымаққа – шапалақ


Серік Үмбетов Жамбыл облысының жаңа əкімі болып келгенде, ең
алдымен Қарахан күмбезіне барып, дұға оқытты.
Содан кейін Мыңбұлақтағы Бауыржан Момышұлының музейіне барып,
тағзым етті.
Ауыл əкімі:
– Мен Бауыржанның туысымын, – деп таныстырды өзін. Сонда:
Туысы болсаң, мына музейдің төбесінен неге тамшы ағып тұр?
– Айналасы неге лас? – деді облыс əкімі.
Бір кем дүние.
Дауыл
Астананың желі күшті. Біз тұрған он алты қабат үйдің шатырын дауыл
ұшырып əкетіп жатыр.
Ең сапалы деген үй.
Бір кем дүние.
Аңсау
– Ах-ау, Гүлдерайым, Күн мен Айым, ұшуға қанатым жоқ, неғылайын...
– Қос қанат құсқа біткен, маған бітсе, бармас па ем қалқатайға
əлденеше...
Бір кем дүние.
Сталинге не жетпеді
Басқа – басқа, Сталинге не жетпеді десеңші, Жоғары Кеңеске сайлау
кезінде ылғи да 99, 09% дауыс алушы еді, 100% -ға жетпей-ақ қойды.
Бір кем дүние.


Хрущевтің екі беті
Сталиннің көзі тірісінде оған бір ауыз қарсы сөз айта алмаған Хрущев
ұлы көсем өлгеннен кейін оны жерден алып, жерге салды.
Сөйтіп, Хрущев өлген соң Неизвестный деген суретші оның моласының
басына қойған ескерткішті бір беті ақ, бір беті қара бояумен бояпты.
Бір кем дүние.
Сарыала қаз
Жазушы Оралхан Бөкей:
– Елімнің бір жайлауы Құрымбай саз
Жайлаған алты ай жазға сарыала қаз.
Шолпандай таң алдында туып батқан,
Қайтейін, о, дүние, ғұмырым аз,
– деп əн салушы еді.
Бір кем дүние.
Ұятсыз болма
Адамға бала жастан ең керегі – Ұят деген қасиет. Ол туа бітеді. Бірақ
кейбіреуі өсе келе, үлкейе келе ұяттан жұрдай болады.
Бір кем дүние.
Имансыз болма
Біреулерге Құдай бəрін береді. Байлық та бар, алтын, гауһар, інжу-
маржан – бəрі бар. Төрт құбыласы сай.
Бірақ Иман жоқ.
Ең сорлы адам сол.


Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет