Жер асты тәсілімен барлайтын кен өндіру кәсіпорындарын технологиялық жобалау нормалары


– бөлім. Электрмен қамтамасыз ету, электр қондырғылар және электрмен жарықтандыру



бет9/16
Дата07.07.2016
өлшемі1.7 Mb.
#181976
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

6 – бөлім. Электрмен қамтамасыз ету, электр қондырғылар және электрмен жарықтандыру

1 - бөлімше. Жалпы талаптар
420. Жер асты тәсілімен игерудің кен өндіру кәсіпорнындарын электрмен қамтамасыз ету жақын 10 жылдан кем емес мерзімге осы ауданның даму қарқындылығына байланысты шешіледі.

421. Кен өндіру кәсіпорындары тұтынушыларын электрмен қамтамасыз ету жобасы электрмен қамтамасыз ету ұйымынан алынған техникалық шарттар негізінде әзірленген және онымен белгіленген тәртіппен келісілген.

422. Кен өндіру кәсіпорындарын электрмен қамтамасыз ету сызбасы қоректендіру үздіксіздігі және сенімділігі, пайдаланудың үнемділігі мен қауіпсіздігі, электрэнергиясының сапасын МСТ 13109 бойынша тиісті қамтамасыз ету және кәсіпорында әрі қарай көзделетін кеңейтілу талаптарын қанағаттандырады.

423. Кен өндіру кәсіпорындарын электрмен қамтамасыз етуді жобалау кезінде қолданыстағы талаптар, нұсқаулықтар және басқа да нормативтік материалдарды басшылыққа алады.

424. Кенішті немесе оның газ режиміндегі жекелеген учаскелерін электрмен қамтамасыз ету Көмір және сланцты шахталарындағы бірыңғай қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, жобалау керек.

425. Жаңадан салынатын кен өндіру кәсіпорындарын электрмен қамтамасыз ету кем дегенде екі бір тізбекті желімен іске асырылады, бұл жерде әрбір желі кеніштің барлық жүктемесінің 75 % өткізуге есептелген, бірақта I және II санаттағы жүктемесінің 100 % кем емес.

426. Электрқабылдағыштардың санаттарын оларды қоректендірудің сенімділік дәрежесіне қарай анықтау электр құрылғыларын орналастыру талаптары негізінде және 43-кестеге сәйкес жүргізіледі.

43 - кесте


Электр қабылдағыштардың олардың мықтылығы бойынша санаттары

Жұмыс түрлері, кен орны объектілерінің атаулары

Қондырғылар мен құрылғылар атаулары

Санаттары

Ескерту

Барлау жұмыстары

Тазарту жұмыстарының электроқабылдағыштары

Тау кен даярлау жұмыстарының электроқабылдағыштары Тоқарбаны және конвеерлі көлігі Жерасты кен орындарын жарықтандыру

Жер асты ұсату құрылғылары

Басты су құюдың сорғыштары

Учаскелік су құюдың сорғыштары

Орталық жер асты шағын станциялар



II
III

II
III


II
I
I, II
I, II

Технологтар тапсырмалары бойынша

I санаттағы тұтынушыларды қоректендіру кезінде 1 санат






Дренажды сулар сорғыштары

Жер асты кен орындарындағы учаскелік көтергіштер

Тау-кен диспечерінің пункті


III
II





Ұңғылау жұмыстары

Бас су төкпе, желдеткіш.

Көтеру құрылғыларының көтергіш құрылғылары

Адамдарды көтеруге арналған шахталы жер асты құрылғылар


I
II
I




Өнеркәсіптік алаңдар

Жүк көтеруге арналған шахталы көтеру құрылғылары. Басты желдетудің желдеткіштері

I
II

I


Соның ішінде бітеу шахталар




Ауыр климатты жағдайдағы аудандар үшін калориферлі құрылғылар ал басқа аудандар үшін компрессорлар, қазандықтар

I
II
II

I, II



Технологтар тапсырмалары бойынша




Сорғышты өртке қарсы сумен қамтамасыз ету

I







Мекеменің өндірістік телефонды станциясының құрылғысы. Автоматты өрт сөніру жүйесінің және автоматты өрт сигнализациясының құрылғысы.

Электрмен қамтамасыз етудің диспетчерлік пункттері.

Сумен қамтамасыз етудің, тазарту кәріздік ғимараттардың күштік электрқабылдағыштары. Әкімшілік тұрмыстық ғимараттар.

Жөндеу механикалық шеберханалар, қоймалар және жауапты емес имараттар мен ғимараттар.

Өнеркәсіп алаңдарын сыртқы жарықтандыру.


I

I

I



I - III

II - III


III

III

Технологтар тапсырмалары бойынша

Нақты шарттарға байланысты






Ғимараттар мен имараттарды ішкі жарықтандыру, соның ішінде авариялық-электронды есептеу орталықтарын жарықтандыру.

АҚ объектілері.



III

II
I


I - III

Мақсатына сәйкес



427. Электр жүктемелерін анықтау мәндері 44-кестеде келтірілген пайдалану және сұраныс коэффициенттері әдісімен орындалады.



44 - кесте
Пайдалану, сұраныс және қуаттылық коэффициенттері


Электрқабылдағыштардың атаулары

Коэффициенттер



Пайдалану

Сұраныс

Қуаттылық

1

2

3

4

Стационарлық компрессорлар
Қуаттылығы:










200 кВт дейін

0,75

0,8

0,75

400 кВт дейін

0,8-0,85

0,85

0.8 х)

400 кВт жоғары

0,9

0,9-0,95

0.85 ч)

Сорғыштар, қуаттылығы Насосы мощностью:










50 кВт дейін

0,7

0,7

0,75

200 кВт дейін

0,7

0,8

0,8

500 кВт дейін

0,8

0,85

0,8 1

500 кВт жоғары

0,8-0,9

0,9

0,85 1

Басты желдеткіштіі желдеткіштері, қуаттылығы:










200 кВт дейін

0,7

0,8

0,8

800 кВт дейін

0,75-0,8

0,85-0,9

0,8 1

800 кВт жоғары

0,8-0,9

0,95

0,85 1

Көтергіштер мощностью:










200 кВт дейін

0,6

0,7

0,65

1000 кВт дейін

0,65

0,75

0,75 1

1000 кВт жоғары

0,7

0,8

0,81

Екі двигательді сымды ірі ұсату ұсатқышы

Бір двигательді сымды орта және ұсақ ұсатудың конусты және бетті ұсатқыштары



0,7

0,6-0,7


0,8

0,65-0,75



0,72

0,75


Ұсақ ұсатудың төртваликті конусты ұсатқышы
Табақшалы, тәрелкелі қоректендірушілер

Лотокты қоректендірушілер

Вакуум-сорғыштар

Жеңіл конвейерлер, шығырлар

Таспа ені 1400 мм болатын ауыр конвейерлер

Таспа ені 1600-2000 мм аса ауыр конвейерлер


0,7-0,9

0,7-0,9

0,85


0,7-0,75

0,75-0,85

0,75

0,6-0,7

0,8

0,80

0,8

0,85

0,85

0,6-0,65

0,65-0,7

0,70

0,7-0,75

0,75-0,8

0,75

0,8

0,8

0,8-0,85

Шнектер, элеваторлар

0,7-0,75

0,75-0,8

0,75

Вагондарды төккіштер

0,35-0,45

0,4-0,5

0,6-0,6

Электровибрациялық механизмы

0,6-0,8

0,7-0,9

0,65

Стопорлар

0,7

0,8

0,65

Дозаторлар

0,5

0,7

0,65

Тиеу-жеткізу машиналар

0,65

0,7

0,65

Скребкалы конвейерлер

0,6-0,65

0,65-0,7

0,7

Бункерлы бекіткіштер

0,5

0,5

0,6

Скреперлі шығырлар мощностью










15 кВт дейін

0,5

0,5

0,65

15 кВт жоғары

0,6

0,7

0,65

Материалдарды түсіруге арналған еңістегі шығырлар

0,6

0,7

0,65

Лифт көтергіштері

0,2

0,3

0,65

Колонкалы электротескіштер колонковые

0,4

0,5

0,7

Соққы-айналмалы бұрғылау станоктары

0,4-0,5

0,5-0,6

0,65

Айналмалы бұрғылау станоктары

0,4-0,6

0,5-0,7

0,7

Жартылай желдету желдеткіштері

0,65

0,7

0,8

Өндірістік желдеткіштер

0,7

0,7-0,85

0,78

Сантехникалық желдеткіштер

0,6-0,7

0,65-0,75

0,7-0,8

Түзеткіштер полупроводниковые

0,75

0,9

0,96

Көпір және грейферлі бұрандалар










Бұранда-балкалар, тельферлер

0,15-0,4

0,2-0,5

0,5

Кедергі пештері, құрғату, қыздыру құралдары

0,75-0,8

0,75-0,9

0,95-0,98

Тігісті дәнекерлеу машиналары

0,2-0,5

0,35-0,5

0,7

Жапсарлы, нүктелі дәнекерлеу машинасы

0,2-0,25

0,25-0,35

0,6

Дәнекерлеу трансформаторлары










Автоматты дәнекерлеуге арналған

0,3-0,4

0,4-0,5

0,4-0,5

Бір постылы қолмен дәнекерлеуге арналған

0,2

0,3-0,25

0,3-0,4

Металды суық өңдеуге станоктары

0,2

0,3

0,65

Жоғары жиіліктегі индукциялық құрылғылар

-

0,8

0,65

Ішкі ғимараттарды жарықтандыру

1,0

1,0

1,03

Аумақты сыртқы жарықтандыру

1,0

1,0

1,03

Стационарлы жер асты кен орындарын жарықтандыру

1,0

1,0

1,0

Тау-кен жұмыстары учаскелерін жарықтандыру

0,9

0,9

1,0

1. Асинхронды двигательге арналған қуаттылық коэффициентінің мәні, ал басқалар жетектер үшін-есептеулермен анықталады.

2. Тартпалы түзеткіштерге арналған пайдалану, сұраныс және қуаттылық коэффициентінің мәні есептеулермен анықталады.

3. Қуаттылық коэффициентінің мәні қыздыру шамдары, газ разрядты шамдар үшін каталогтар мен завод-дайындаушылар мәліметтері бойынша анықталады.

Ескерту: 6-200 кВ және РП6-10 кВ шағын станциялар қуаттылығын анықтау кезінде біруақыттылық коэффициенті ескеріледі:

0,7-0,8-жөндеу-қойма шаруашылық цехтарына арналған;

0,8-0,85-басқа цехтар мен учаскелер үшін;

0,85-0,9-РП6-10кВ және 35-220 кВ шағын станциялар үшін.

428. Кеніштің басты төмендеткіш шағын станциясының қуаттылығы электр қондырғылардың 0,9-0,95 шегінде бір уақытта жұмыс істеу коэффициентін ескере отырып, анықталады.

429. Компенсациялық құрылғыларды таңдау Басмемэнергия қадағалаудың нұсқаулық материалдарында Энергоатомбасылым баяндаған әдістерге сәйкес жүргізіледі.

430. Электротехникалық бөлім жобасы индустриалды әдіспен электромонтаждау жұмыстарын жүргізу талаптарын қанағаттандырады.

431. Сыртқы электрмен қамтамасыз ету жүйесі мен шағын станциялар және тарату желілерінің кернеулігін таңдау кәсіпорынның жүктемесі мен оның электрмен қамтамасыз ету көздерінен қашықтығына байланысты қабылданады.

432. Қоректендіруші желілер санын таңдау тұтынушылар санатына электрмен қамтамасыз ету сенімділігіне қарай жүргізіледі.

433. I санаттағы электрқабылдағыштар екі тәуелсіз көздерден қоректендірумен қамтамасыз етіледі. Секциялық сөндіргіште резервті автоматты іске қосатын құрылғы болған жағдайда қоректендіруші шағын станцияның шиналарының әртүрлі секцияларынан қоректендіруге жол беріледі.

434. 35-220 кВ шағын станциясының орнын, типін және сызбасын таңдау кезінде атмосфераға зиянды әсер ететін технологиялық өндірістің орналасуын ескеру қажет. Терең енгізу шағын станцияларын атмосфераны қарқынды ластау көздерінің орналасу орнын және басымды жел бағытын ескере отырып, орналастыру қажет.

435. Шағын станцияның тарату құрылғысының коммутациясының сызбасы кәсіпорынның жалпы сызбасымен тығыз байланысты және оның даму перспективасын ескереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет