Жер асты тәсілімен барлайтын кен өндіру кәсіпорындарын технологиялық жобалау нормалары



бет1/16
Дата07.07.2016
өлшемі1.7 Mb.
#181976
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің

2009 жылғы «4» желтоқсандағы

№ 46 бұйрығымен

келісілген

Жер асты тәсілімен барлайтын кен өндіру

кәсіпорындарын технологиялық жобалау нормалары

(әдістемелік ұсынымдар)

1 - бөлім. Жалпы талаптар
1. Осы нормалар қара, түсті сирек кездесетін және асыл металлдар кен орындарын жер асты тәсілімен барланатын салынып жатқан, кеңейтілетін немесе реконструкцияланатын кен орындарын жобалау кезінде, қолданыстағы өндірістік қуаттылықтарды қолдау және оларды техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі жобалау жұмыстары кезінде қолданылады.

Барлық әзірленетін жобалар бекітілген жобалау және технологиялық регламент негізінде іске асырылады және өндірістің жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар жоғары тиімді технологиялық процестерді кеңінен қолдануды қамтамасыз етеді.

2. Геологиялық барлау ақпараттарының толықтығы мен сапасы барланған кен орнының қорларын өнеркәсіптік игеру немесе Қазақстан Республикасының аумағында (2007 жылғы 1 желтоқсан жағдайында) және әрбір жылдың жағдайындағы қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Нормативтік, құқықтық және нормативті-техникалық актілер тізбесіне сәйкес 2004 жылғы 13 тамыздағы № 125-п және № 126-п бекітілген мемлекеттік сараптауға ұсынылған қатты пайдалы қазбалар кен орындарын алдын-ала геологиялық-экономикалық бағалау жөніндегі материалдарға қойылатын талаптар туралы Нұсқаулыққа сәйкес барлау жұмыстарын әрі қарай жүргізу туралы шешім қабылдауға жеткілікті.

3. Барлық әзірленетін жобалар жаңа жоғары тиімді технологиялық процестерді, кешенді механизацияларды, қондырғылар жұмысының ауысымдылығын, еңбек өнімділігін арттыруды, өндірістің жоғары техникалы-экономикалық көрсеткіштерін кеңінен қолдануды қамтамасыз етеді.

Жобаларда тиімді шарттарды пайдаланудан барынша жоғары әсер алу мақсатында қолдануға рұқсат етілген машиналар мен қондырғыларды тиімді жағдайда қолдану мақсаттылығы қарастырылады.

4. Жобалаудың маңызды міндеттері:

табиғи ресурстарды рациональды және кешенді пайдалану;

қоршаған табиғи ортаны қорғау;

материалды, еңбек және қаржы шығындарды қысқарту;

өндірістік процестерді барынша механизациялау және өндірістік процестерді автоматтандыруды және қол еңбегін барынша қысқартуды қамтамасыз ету;

қалыпты санитарлық-гигиеналық және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау;

пайдалы қазбаларды барлауға және қайта өңдеуге шығындалатын қуаттың барлық түрлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу;

автоматты жобалау жүйесінің жобалау ұйымдарының жұмысын тәжірибеге кеңінен енгізу.

2 - бөлім. Жобалау шешімдерінің геологиялық негіздемелері

1 - бөлімше. Жалпы геологиялық міндеттер
5. Қорлары есептелген және Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлар бойынша мемлекеттік комиссияда бекітілген хаттамасы бар жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі туралы есептер кен орнында жаңа кәсіпорын құрылысын жобалауға арналған негізгі геологиялық материал болып табылады.

Геологиялық мәліметтер базасын қалыптастыру кезінде 2006 жылғы 27 ақпандағы геологиялық барлауды сатылар (қатты пайдалы қазбалар) бойынша жүргізу туралы Нұсқаулыққа сәйкес қатты пайдалы қазбалардың кен орындары қорларының және болжамды ресурстарының классификациясы басшылыққа алынады.

6. Кен орнын өнеркәсіптік игеру шарттары жер қойнауын пайдаланушы және Қазақстан Республикасының өкілетті органы арасындағы келісім шартпен анықталады. Пайдалы қазбаларды қазуға арналған келісім шарттар пайдалы қазбалар қорын есептеу материалдарына мемлекеттік сараптама және кен орнын барлауға техникалық-экономикалық негіздеме жүргізгеннен кейін заңнамамен белгіленген тәртіппен жасалады.

Пайдаланылатын, барланған және бағаланған кен орындарында әртүрлі санаттағы қорлардың рациональды қатынасын кен орнының нақты геологиялық ерекшеліктеріне, барлауды қаржыландыру шарттарына, кен қазу кәсіпорынының құрылысы және кен орнын пайдалануға байланысты жер қойнауын пайдаланушы анықтайды.

7. Қара және түсті металдар кен орындарын жер асты тәсілмен барлайтын кен кәсіпорындарының жоба алды жұмыстары мен жобалары кен орындарын (учаскелерді) өнеркәсіптік игеру және барлаудың қоршаған ортаға әсер етуіне көзделген жалпы геологиялық, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық шарттары болатын геологиялық негіздеме негізінде орындалады.

8. Жобалардың геологиялық негіздеме ақпаратының құрамы мен толықтығы рационалды технологиялық шешімдер қабылдауды және минеральды шикізатты қазудың, жер қойнауын және кен өндірісінің қалдықтарын кешенді пайдаланудың үздік экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуге және қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі шаралар әзірлеуді қамтамасыз етеді.

9. Барланған пайдалы қазба кен орнының (учаскенің) өнеркәсіптік игерілуі үшін даярлығы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына және геологиялық ақпараттың мемлекеттік сараптамасымен белгіленеді.

Мемлекеттік сараптама 2004 жылғы 13 шілдедегі № 125-П және 126-П Нұсқаулығы бойынша сараптамаға ұсынылатын геологиялық материалдар пайдалы қазбалардың саны мен сапасына, халық шаруашылығындағы мәніне, қазудың кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да шарттарға жан-жақты баға беруге мүмкіндік болған жағдайда кен орнын геологиялық зерделеудің кез-келген сатысында жүргізілуі мүмкін.

10. Жер қойнауын геологиялық зерделеуге және пайдалы қазбаларды қазуға бір уақытта берілген жағдайда соңғысын қорларға мемлекеттік сараптама жүргізгенге дейін бастауға жол беріледі, ал содан кейін оны жобалау сараптама жүргізгенге дейін іске асырылады.

11. Жаңы құрылысты жобалау, қолданыстағы жер асты кен орындарын кеңейту, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру кен орындары қорларын классификациялау талаптарына және рұқсат етілетін кәсіпкерлік тәуекелділікті ескере отырып, жер қойнауын пайдаланушы анықтайтын қатты пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарына сәйкес келетін барланған қорлардың әртүрлі санатының қатынасында іске асырылады.

12. Жобалық шешімдердің геологиялық негіздемелері геологиялық есептер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары материалдары негізінде орындалады.

Әзірленетін кен орындары бойынша осы мақсатта пайдалану кезінде кен кәсіпорындары-жобалар тапсырыс берушілері алған мәліметтерде қолданылады.

Жобалау ұйымдары жобалауды аттестацияланған ұйымдар әзірлеген технологиялық регламенттер негізінде, Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары бойынша мемлекеттік комиссияның 2004 жылғы қатты, пайдалы қазбалар кен орындарын технологиялық сынау және геологиялық-технологиялық картирлеу жөніндегі нұсқаулығына және түсті металлургия кәсіпорындарын жобалауға арналған технологиялық регламенттердің құрамы, әзірлеу тәртібі және бекіту туралы ережеге РДП 21 сәйкес іске асырады.

Шахта бағандарын (штолен) ұңғылаудың тау-кен технологиялық және гидрогеологиялық шарттарын нақтылау және олардың орналасу орнында ұңғылау тәсілдерін дұрыс таңдау мақсатында бақылау-бағанды ұңғымалар жүргізіледі.

Жобаның геологиялық бөлігін жобалау осы аумақ сыртына өнеркәсіп ғимараттарының барынша мүмкін көлемін шығару және оның ішінде тұрғын және азаматтық құрылысқа жол бермеу, сонымен қатар жер қойнауының осы бөлігінде кездесетін пайдалы қазбалар әзірленген және (немесе) жоғалтпау үшін ғимараттарды және табиғи объектілерді кен жыныстарының жылжу процесі зерделенбеген кен орындарының жер асыт кен орындарын зиянды әсерінен қорғаудың Уақытша талабымен анықталатын барлаудың жер асты және аралас тәсілдері кезінде жер асты барлауларының зиянды әсерден жылжу аумағының шекарасын белгілеуден басталады.

Жер асты және жер үсті ғимараттарды орналастыру кен жоқ учаскелерде іске асырылады.

13. Жобаларды негіздеуге арналған әртүрлі көздерден пайдаланылатын геолгиялық ақпараттар өзара байланыстырылған және шешілетін міндеттер талаптарына келтірілген.

14. Геологиялық негіздемеде жобамен кен кәсіпорны құрылыс және пайдалану кезінде орындалатын геологиялық барлау көлемі мен шығындары көзделген.

Жер асты кен орны құрылысы кезінде жүргізілетін кен капиталды жұмыстар мен геологиялық жұмыстарға геологиялық қызмет көрсету жиынтық есепте (техникалық-экономикалық негіздеме) немесе құрылыс құнының жиынтық сметалы-қаржылық есептерінде (жоба, жұмыс жобасы) көзделген қаржылар есебіен қаржыландырылады.

Пайдалану кезінде орындалатын геологиялық барлау жұмыстары шығындары кәсіпорынның тауарлық өніміне енгізілетін негізгі қызмет қаржылары есебінен іске асырылады.



2 - бөлімше. Кен орнының шикізат базасы және геологиялық-техникалық зерделенуі бойынша бастапқы мәліметтеріне қойылатын талаптар
15. Қара және түсті металлургия кен өндіру кәсіпорындарының құрылысы, реконструкциясы және қолдау немесе кеңейту жобаларының геологиялық негіздемесі негізінде өндіріс көлемі, тауарлы өнім номенклатурасы және сапасы анықталады, тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу, жер қойнауын тиімді және кешенді пайдалану, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнінде технологиялық шешімдер және шаралар әзірленеді, кен орнын игерудің күтілетін технико-экономикалық көрсеткіштері есептеледі.

16. Жобаның геологиялық негіздемесінде кен орындарының географиялық-экономикалық, климаттық, сейсмикалық геологиялық, гидрогеологиялық және инженерлі-геологиялық жағдайының бірізді бағасы және қазудың қоршаған табиғи ортаға әсер ету болжамы болады.

Жаңадан салынатын кәсіпорындар бойынша ол қорларды және жобалау кезіндегі барлық қолда бар шикізат базасын қосымша жарықтандыратын ғылыми-зерттеу жұмыстары, барланған кен орнын қазудың гидрогеологиялық және инженерлі-геологиялық шарттары негізінде орындалады.

Барланатын кен орындарында геологиялық, гидрогеологиялық және инженерлі-геологиялық шарттар, пайдалану және геологиялық барлау жұмыстарымен шикізаттың заттың құрамы және технологиялық қасиеттері тұрақты нақтыланып отырады, жобаларды геологиялық негіздеу үшін тау-кен кәсіпорындарының және геолгиялық барлау ұйымдарының жедел жылдық есептері қолданылады.

17. Жобалық шешімдердің геологиялық негіздемесін орындау үшін келесі бастапқы мәліметтер қажет:

барлық қосымшаларын қоса алғандағы геологиялық есептер және бекітетін (Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы) ұйымның хаттамасы;

қазуға арналған кен орны немесе учаскенің шикізат базасын, гидрогеологиялық немесе инженерлі-геологиялық шарттарының қосымша мәселелерін жариялайтын орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептер.

18. Қазылатын кен орындары бойынша қосымша мыналар қажет:

соңғы 2-3 жыл бойындағы ашылған және негізгі тасымалданатын қазбалар, су байқалуы жоғары орындар және жыныстардың тұрақсыздығы, тау-кен соққыларына бейім және басқа тау-кен технологиялық қиындықтар бойынша рельстер бастары абсолютті белгіленген толық қоршалған деңгейжиектердің, геологиялық – маркшейдерлік жоспарлары;

қорлар бекітілгеннен кейін барлау ұңғымалары бұрғыланған немесе тау-кен қазбалары жүріп өтілген шахталар бағандары, осьтері бойынша гелогиялық-маркшейдерлік қималары;

барлық барлау ұңғымалары, өңдеу қоршаулары және қорларды санаттауларымен алынған кен қыртыстарының тікелей проекциясы;

жыныстардың морфологиялық типін, қалыптасу элементтерін, алаң бойынша жыныстар мөлшерін, ұзындығын, қуаттылығын, типтері немесе кен сортын, кен және ілініп тұрған, жатқан блоктардағы жыныстардың пайдалы және зиянды компонеттерін, кен ішіндегі кені аз және бос жыныстар қабаттарының мөлшері мен сапасын нақтылайтын ашылған және қоршалған деңгейжиек мәліметтері бойынша кен қабаттарының геологиялық сипаттамасы;

балансты қорлар таблицасы және қабаттар бойынша, барлау санатына, жобалау жылының басындағы жағдай бойынша жобалау сатылары бойынша пайдалы қазбалар сапасы;

әрбір ұңғыманың сипаттамасы бар (бақылауға алынған сутартқыш деңгейжиек, су деңгейі) тау-кен тасымалы шегіндегі гидробақылау желісінің жоспары;

тектоникалық бұзылулар (бағдарлау, ұзақтығы, тау-кен қазбалары жүретін жыныстардағы жазықтық сырғануы) сипаттамасы, тұйық жыныстарды қазу кезінде қалыптасқан бос орын жағдайы туралы мәліметтер (көлемі, толтыру дәрежесі, оқшаулау түрі);

сусыздандыру және жоғалтурлар, соңғы 5 жылда алынған немесе алдағы уақытқа жоспарланған тауарлы кеннің сапасы, бөлшектігі және ылғалдылығы;

жер асты бункеріне түсетін кеннің түйіршіктелу метрлік құрамы және ылғалдылығы, олардың бункерлік кешенде бақылауға бейімділігі;

профессор М.М. Протодьяконованың шкаласы бойынша беріктілік коэффициенті және соңғы жұмыс деңгейжиек құрылыс және пайдалану мәліметтері бойынша кендердің және араласу жыныстарының қопсу коэффициенті;

негізгі, дайындық және кеспе тау-кен қазбалары (тығыздығы, кеуектілігі, табиғи ылғалдылығы, су сіңіруі, жыныстардың бір осьті сығылуы бойынша кедергісі, жарылу кедергісі, серпімділік модулі, Пуассон коэффициенті, ішкі үйкеліс бұрышы, тізбектелу, өшірілмеуі, басқа серпімді толқындардың таралу жылдамдығы) өтетін кеннің және жатқан бүйірдің барлық жыныстарының физико-механикалық қасиеттері;

деңгейжиектер-су жинағыштар, шахта бағандары бойынша және шахта бойынша соңғы 5 жыл ішінде шахта суларының іс жүзіндегі ағындары, химиялық және бактериологиялық құрамы;

шахтаға берілетін ауыз су мөлшері;

деңгейжиектерді ашу кезіндегі ұңғымадан, жарықтардан және басқа да су құбылыстарынан түсетін жер асты суларының химиялық және бактериологиялық құрамы;

тау-кен қазбаларын (жоғары тау қысымы аумағы, шоғырлану, жыныстарды қабаттау және жарықшақтығы, су пайда болуы жоғары кен соққылары және басқа құбылыстар) ұңғылау және пайдалану кезінде бақыланатын инженерлік-геологиялық қиындықтар;

су ағыны бағыты, олардың мөлшері, су жинағыш сыйымдылықтары, трубақұбырлар диаметрлері мен сорғыштар маркісі көрсетілген су тарпасының іс жүзіндегі сызбасы;

тау-кен капиталды, тау-кен дайындау және қималы жұмыстары мен пайдалану барлау қазбаларының (қазбалар құжаттары, ұңғымаларды бұрғылау, тау-кен қазбаларының арнайы барлау жүрісі, тау-кен қазбалары мен ұңғымларының химиялық және геофизикалық сынамасы, шахта суларын химиялық және бактериологиялық сынау және басқа жұмыстар) соңғы 5 жылдағы жылдық көлемі;

соңғы 5 жыл бойындағы негізгі қызмет бойынша қаржы есебінен шахта бойынша (тау-кен қазбаларының барлық түрлерінің өзіндік құнының калкульяциясы) және пайдалану барлауға арналған жыл сайынғы шығындар;

қолда бар тау-кен және барлау қондырғылары (станоктар, құралдар, олардың маркасы және сатып алу жылы) және оның қалдық құны;

пайдалану деңгейжиектеріндегі табиғи температура және араласқан жыныстар ылғалдылығы;

шахтаның және кен орындарының және геологиялық және маркшейдерлік қызметтердің қызметкерлер санаты бойынша бөлінген және өнеркәсіптік, өндірістік персоналдың (әрі қарай-ӨӨП) және көмекші персоналдың еңбек ақы қоры және іс жүзіндегі штаттары;

бас жоспарлар және көліктік коммуникация (ҚНжәнеЕ-П 1997 жылғы қарашадағы және 2004 жылғы 17 ақпандағы өзгертулермен).



3 - бөлімше. Геологиялық және геофизикалық материалдар
Кен орны бойынша геологиялық және геофизикалық материалдар кен орындары қазбалары немесе минералданған аумақтар мөлшері немесе формасы туралы, олардың орналасу жағдайы, ішкі құрылысы және тұтастығы (минералданған аумақтардың кен қанықтылық дәрежесі), кен қазбаларды сынамалану сипаттамасы, олардағы пайдалы және зиянды компоненттердің таралуы, орналасқан жыныстардың өзгеру ерекшелігі және кен қазбаларының орналасқан жыныстармен өзара қатынасы, қордың есептеу негіздемесіне және қазу тәсілдерін әрі қарай таңдау, осы қорларды қазу жүйесіне қажетті және жеткілікті дәрежедегі қатпарлы құрылысы және тектоникалық бұзылулары туралы түсінік береді. Пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік типтері мен сорттарының заттық құрамы және технологиялық қасиеттері өнеркәсіптік мәні бар барлық пайдалы компоненттерді кешенді ала отырып, қайта өңдеуді рационалды технологиясын жобалауға жеткілікті бастапқы мәліметтерді алуды және өндіріс қалдықтарын пайдалану бағытын анықтаудың немесе оларды тиімді жинақтау немесе көмуді қамтамасыз ететін жан-жақтылықпен зерделенген гидрогеологиялық, инженерлі-геологиялық, геокриологиялық, экологиялық және басқа табиғи жағдайлар табиғат қорғау заңдылықтарымен тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, кен орнын қазу жобасын жасауға арналған бастапқы мәліметтерді алуды қамтамасыз ететін жан-жақты зерделенген әртүрлі санаттағы қорлардың рационалды қатынасын рұқсат етілген кәсіпкерлік тәуекелділік ескеріле отырып, жер қойнауын пайдаланушы анықтайды.

4 - бөлімше. Пайдалы қазбалар қоры және геологиялық барлау жұмыстары

1 - тарау. Кен қорларын бағалау
Кен құндылығы келесі негізгі факторлармен анықталады:

Қазылатын кен массасының алынатын құндылығының шамасын сипаттайтын кен құрамындағы пайдалы және зиянды компоненттердің мәні мен мөлшері, олардың технологиялық қасиеті.

Пайдалы қазбалар қоры, кен орындарының көлемі және кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын анықтайды. Қайта өңдеу кәсіпорындарына және соңғы өнімді пайдаланушыға қатысты кен орындарының орналасуы тауарлық өнімді тасымалдау жөніндегі көліктік коммуникациялар анықтайды.

Кен орындарының орналасуы тау-кен геологиялық жағдайлары (кен қазбалары мен қабаттар мөлшері, құлау бұрышы, кен таралуының біртектілігі, кеннің және орналасқан жыныстардың беріктілігімен тұрақтылығы қорлар теңдігі және басқалар) қорлардың ашу тәсілі және қазу жүйесі анықтайды.

Өнімділігін игеру және қазу кезінде бұзылуы мүмкін кәсіпорындар орналасқан кен орындарын аумағындағы жерлер мен басқа да табиғи ресурстар құндылығы ескеріледі.

Жобалау кезінде өнеркәсіптік және пайдалану қорлары есептеледі.

Жобаланатын кен орындарының қоршауына енгізілген, жобада көзделген пайдалану жоғалтуларды қоспағанда А+В+С1 санатындағы баланстық қорлар өнеркәсіптік болып табылады.

Бос жыныстармен және баланстан тыс рудамен (түсті металлургияда сусыздану есебінен) ластану көлемін қоса алғандағы өнеркәсіптік қорлар пайдалану болып табылады. Жобалау материалдарында әрбір санат бойынша қазудың жобалық контуры шегінен тыс қалатын пайдалы қазбалар қорлары келтіріледі. Кен орындарының геологиялық құрылысының ерекшелігіне, оны әзірлеудің бірізділігі мен технологиясын ескере отырып, тау-кен кәсіпорнының құрылысын (реконструкциясын) жобалау кезінде қосымша және пайдалану барлауын жүргізу мақсаттылығы негізделеді. Осыған сәйкес әдістеме әзірлеу және көлемдерді және пайдалы қазу жөніндегі жұмыстар құнын, соның ішінде есепші жылға есептеу.

Қоршалған ортаны қорғау жөніндегі жұмыстар түрлерімен көлемдері анықталады: бұзылған жерлерді рекультивациялау, жерасты және дренажды су мөлшері мен сапасын жобалайтын кәсіпорын аумағында, жерасты суының деңгейі мен сапасының өзгеруіне тау-кен жұмыстарынан пайда болған геологиялық және тектоникалық процестер геодинамикасы (монинг) қадағалау жөнінде режимді желі құру.

Жобаларда күрделі-құрылымдық кен орындарында геологиялық-технологиялық картирлеу жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланады.

Тауарлық кен орнының өнімділігін, оның қызмет ету мерзімін және күнтізбелік жұмыс кестесін анықтауға негіз болып табылады. Тауарлық кеннің саны мен сапасы пайдалану жоғалтулары мен сусыздану (ластану) ескеріле отырып, өнеркәсіптік қормен анықталады.

Өндірілетін тауарлық кен саны келесі формуламен анықталады:


(1)

Бұл жерде Д-тауарлық кен саны мың тонна.

Б-өндіру кезіндегі сөндірілетін өнеркәсіптік қорлар, мың тонна.

Кп, Кр-өндіру кезіндегі жоғалтулар мен сусыздануды ескеретін коэффицент. Олар мынаған тең:

Кп= 1-П

Кр= 1-Р (2)

Бұл жерде П, Р – тиісінше бірлік үлесіндегі жоғалтулармен сусызданулар (ластану).

Тауарлық кендегі массадағы сусыздануға (ластану) және жоғалтуға байланысты пайдалы компоненттердің болуы:

Ст= С х Кр (3)

Стр (С-Ср)+Ср (4)



(5)

Бұл жерде Ст – тауарлық кендегі кұрамы, % (г/т)

С – балансты қорды өндіру кезіндегі сөндірілген құрамы % (г/т)

Сп – балансты қорды өндіру кезіндегі жоғалтылған кұрамы, % (г/т)

Ср –сусызданған массадағы құрамы (араласқан жыныстарда) % (г/т)

(3) формула Ср=0 және Сп=С болғанда қолданылады

(4) формула Ср, ал Сп=С белгілі болғанда

(5) формула С, Ср және Сп мәні әртүрлі болғанда қолданылады.



3 - бөлім. Кен орындарын құрғату

1 - бөлімше. Негізгі талаптар
19. Жобаның гидрогеологиялық бөлігінде құрғату жөніндегі шаралар кен орындарын құрғату тәсілі мен сызбасын анықтайтын физико-географиялық, геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлі-геологиялық, тау-кен техникалық жағдайларын талдау негізінде белгіленеді.

20. Кен орындарын құрғату жөніндегі жобалар ҚНжәнеЕ 2. 06 (1992 жылғы 6 қаңтардан бастап ұзартылған) талаптарына сәйкес орындалады. Тау-кен қазуларын жер асты және үстіңгі сулардан қорғау, тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу және ауданның су ресурстарын қорғауды қамтамасыз етеді.

21. Қара және түсті металдар кен орындарының жер асты суларындағы минералды заттардың гидрогеологиялық жағдайының күрделілік дәрежесі мен сомалық концентрациясы бойынша төрт топқа бөлінеді (1 - кесте).

1 - кесте


Кен орындарын барлаудың гидрогеологиялық шарттарының күрделілігі бойынша классификациялау


Күрделілік топтары

Барлау тереңдігі, м

Күтілетін жер су ағындары, м3

Сулардағы минеральды заттардың

сомалыконцентрациясы, г/дм3



1

2

3

4

I

II

III



IV

200 - 400

500 - 600

600 жоғары

1000 жоғары



500 дейін

500 - 1000

1000 жоғары

1000 жоғары



1 дейін

1 - 10


10-50

50 жоғары


Ескерту: Кен орындарын күрделілік тобына қатынасын анықтау кезінде, минералды заттардың сомалық қатынасы негізінде критерий болып табылатын жар және жартылай жар су ағыны 500 м3/сағ болатын әлсіз сусызданған жыныстардағы кен орны қазу тереңдігі 1000 м дейін болғанда қарапайым жағдайға жатады.

22. Су тартқы деңгей жиектері арнайы тәсілмен жүйені құрғатуды талап ететін немесе шахта сулары арнайы тұссыздандыруға жататын пайдалы қазбалар кен орындарын қазуға арналған жобалардың аттестацияланған ұйымдар орындаған даярлықтары болады.

Қалған барлық кен орындар күрделі және аса күрделі гидрогеологиялық жағдайларда болады. Жер асты суларының ағып келуі су балансының гидрогеологиялық ұқсастық әдісімен немесе табиғи жағдайларға байланысты ұқсас есептеулермен және осындай гидрогеологиялық жағдайда кен орындарын құрғату тәжірибесімен анықталады. Жер асты кен орнына баратын су ағындары қолданылатын қазу жүйесін ескере отырып, бағаланады. Гидродинамикалық көзқарас негізінде жер асты қазулар жүйесі екі топқа бөлінеді: өндірілген кеңістікті салумен және табиғи немесе жасанды бұзумен.

Жер асты суларының агерессивтілігі СанПИН 2.1.4.559 сәйкес. Ауыз су сапасына қойлытатын гигиеналық талаптар ҚНжәнеЕ 11-28 талаптарына сәйкес жүргізіледі.

23. Су тартқы деңгейжиектері арнайы құрғатуды талап етпейтін пайдалы қазбалар кен орындарын қазуға арналған жобалар кен қазбаларын құрғатудағы технологиялық шешімдерін және тәсілдері мен құралдары бөлімін әзірлейді.

24. Геологиялық есептер материалдары негізінде тау-кен қазбаларының қорғау жүйесінің негізделген есептерін орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда жобада бағдарлама әзірленеді және ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған шығындар көзделеді.

25. Шахтаның тау-кен қазбаларына келетін жер асты суларының шамасының есептері барынша қолданылатын әдіспен әрбір ағын бойынша жеке жасалады.

26. Төгілетін шахта суларының сапасын болжамды бағалау оның уақытқа байланысты өзгеруі ескеріле отырып, беріледі.

27. Қатар жатқан жыныстардың құлау жүйесі бар кен орындарын әзірлеу кезінде шахталардың тау-кен қазбаларына келетін қалыпты су ағыны әрбір су сорғыш дейгейжиектен келетін жер асты су ағынының және тау-кен орны маңындағы орлардан немесес құлау аумағымен шектелген су тартқы алаңға түсетін орташа жылдық ылғалдылық мөлшері қосындысы ретінде анықталады.

Бұл жағдайда шахталардың тау-кен қазбаларына келетін максималды ағыны жер асты ағындары мен 5 % қамтамасыз етілуімен нөсерлі ылғалдылық қосындысы ретінде анықталады.

28. Басты су төгу құрылғысына баратын жалпы ағында шахтаға технологиялық қажеттіліктерге берілетін су көлемі ескеріледі.

29. Шахтадан айдалатын су пайдалы қазбалар ретінде қарастырылады және тиісті дайындықтан кейін жобада көзделген салаларда жойылуға пайдаланылады.

30. Кен орнының құрғатылатын аумағында жер асты суларының режимі мен химиялық құрамын бақылау үшін жобада қадағалау ұңғымаларының желісін жарақтандыруға негізігі салымдар және оған қызмет көрсетуге арналған пайдалану шығындары көзделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет