Жұмыс бағдарламасы «Ет және сүт өндірісінің технологиялық жабдықтары-1»


Білікшелі машиналар білікшелермен жабдықталған, олар резеңкеленген немесе металданған болуы мүмкін



бет6/18
Дата09.06.2016
өлшемі7.28 Mb.
#124992
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Білікшелі машиналар білікшелермен жабдықталған, олар резеңкеленген немесе металданған болуы мүмкін.


Білікшелердің әрбір жұбы нақты бір мақсатты орындауға арналғандықтан ішек машиналарындағы олардың үйлесімі төмендегідей болуы мүмкін:

а) Резеңкеленген тегіс екі білікшелер төмендегілерге арналған:



  • ішек пен шлямнің ішіндегілерді сығуға;

  • машинаның жұмысшы бөлігіне ішекті тартылысты қозғалыспен біркелкі беру үшін;

  • ішекті жұмысшы органдардың қарсы қозғалысынан жұмысшы бөлік арқылы біркелкі тарту үшін (Сурет V-1 а).

б) Резеңкеленген бұдырлы екі білікшелер төмендегілерге арналған (Сурет V-1 б - білікшелердің соңғы жұбы және V-1):



  • машинаның жұмысшы бөлігіне ішекті тартылысты қозғалыспен біркелкі беру үшін;

  • ішекті жұмысшы органдардың қарсы қозғалысынан жұмысшы бөлік арқылы біркелкі тарту үшін (Сурет V-1).

в) Егер бірінші білікше резеңкеленген бұдырлы, ал екіншісі резеңкеленген тегіс болса, онда ол ішек пен шлям ішіндегілерді сығуға арналған.


г) Егер бұдырлы білікше металл, ал тегіс - резеңкеленген болса, онда олар келесілерге қолданылады:

  • машинаның жұмысшы бөлігіне ішекті тартылысты қозғалыспен біркелкі беру үшін;

  • бөлу үшін (шлям мен қалыпты қабықша*).



д) Егер бұдырлы білікше резеңкеленген, ал тегіс - металл болса, онда олар шлям мен серозды қабықшаны айдау үшін қолданылады.

Ішекті өңдеу желілерінде бірінші және екінші сығу білікшелері орнатылады. Бірінші сығу білікшелері сығуға арналған.

Конструктивті қатынастарға сәйкес сығу білікшелері тұрық, жетек және тік жазықтықта бірінің үстіне бірі орнатылған екі білікшелі жұмысшы органнан тұрады.

Білікшелердің диаметрі бірдей. Олардың ортасына ішекті машинаға механикалық беруге арналған құрылғы орнатылған.

Ол металдан жасалған қармау-ілгегі бар резеңкеленген тар таспалы тасымалдағыштан тұрады.

Ішек қабықшалары осы ілгектердің ортасына лақтырылады да, ішек қабықшалары білікше аралық кеңістікке тартылады.

Нәтижесінде қабықшаның ортасындағы масса мәжбүрлік сығылуға түседі.

Шлямды ұсату үшін көп білікшелі машиналар пайдаланылады. Олар сығу білікшелерінен кейін орнатылады.


Білікшелі машиналарға және басқа да барлық ішек машиналарына келесі технологиялық және конструктивтік талаптар қойылады:

  1. Ішекті өңдеу үздіксіз жүруі тиіс.

  2. Білікшелер параллель қойылуы тиіс және саңылау арқылы майысқан түрде бір ғана ішек қабықшасы өтуі тиіс.

  3. Білікшелердің цапфаларында төмендегідей құралдар болуы қажет:

а) жұмысшы беттердің тозуын компенсациялауға арналған

б) білікшелердің өзара қысылу күшін реттеуге арналған



  1. Ішек қабықшасымен түйісетін жұмысшы беттерде дөңес, ойық, үшкір бұрыштар және т.б. болмауы тиіс.

  2. Машинаның жұмысшы аймағында жылы су беру жолдары қарастырылуы тиіс:

а) ішекті жуу кезіндегі қабықшаның әртүрлі қабаттарының арасындағы әлсіз байланыстарды сақтайды;

б) тазалау кезінде кедергіні төмендетеді;

в) білікшеге ішек пен сыдырылған, ұсақталған пленкалардың жабысуын болдырмайды.


  1. Машинаның жұмысшы бөлігіне ішекті беру кезінде оларды білікше аралық кеңістікке қауіпсіз енгізу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

Ішек өндірісінде қолданылатын машиналардың келесі типі пластиналы ішек машиналары болып табылады.

Егер оларда металл пластиналы қалақшалар қолданылса, онда оларды желдеткішті машиналар деп те атайды.

Олардың жұмысшы органдары металл немесе резеңкелі пластиналар болып табылады.

Бұл машиналар шлямдауға да, пензеловкалау кезінде де қолданылады. Металл пластиналар бұрышпен орнатылған. Сондықтан олар қиғаш соққы береді.


Металл қалақшаларға келесі талаптар қойылады:

  1. Ішек өтуге арналған саңылау машинаның барлық ұзындығы бойынша бірдей болуы тиіс.

  2. Пластинаның жұмысшы қырларында үшкір бұрыштар болмауы тиіс.

  3. Қабықшаға соққы күші бойынша жеткілікті, қалыпты болуы тиіс және ішек қабықшасын жыртпауы қажет.

  4. Барабанды білікшелердің араласуы міндетті түрде параллель болуы тиіс.

  5. Айналыс саны шамамен 300-400 мин-1 болуы тиіс.

Білікшелі және пластиналы желдеткіш машиналары ішек машиналарын құрастырудың еуропалық бағытын құрайды.

Ішек машиналарының келесі типі щеткалы машиналар. Олар құрастырудың америкалық бағытын құрайды. Оларды ірі қара малдың ішегін өңдеуге қолданады.

Олар жұмыс істеу тәртібі бойынша төмендегідей жіктеледі:

- жұмысшы органы қарсы қозғалысты;

- жұмысшы органы ілгерілемелі қозғалысты.



Дәріс 11. Барабанды жұмысшы органдар және олар қолданылатын жабдықтардың кейбір түрлері
1. Барабанды жұмысшы органдардың жалпы сипаттамасы
Барабанды жұмысшы органдар машиналар мен аппараттарда кеңінен қолданылады:

  • кесек ет өнімдерін жууға;

  • сусымалы және кесек өнімдерді араластыруға;

  • әртүрлі тамақ өнімдерін кептіруге;

  • әртүрлі тамақ өнімдерін, соның ішінде ет өнімдерін ұсақтауға;

  • теріні консервілеу және т.б.

Барабандардың пішіні бойынша:

  • цилиндрлі, конусты, фасонды немесе аралас.

Жұмысшы циклдің құрылымы бойынша мерзімді және үздіксіз әрекетті барабанды жұмысшы органдар болып жіктеледі.

Барабанды жұмысшы органдардың конструктивті орындалуы бойынша:



  • цилиндрлі, әдетте көлденең немесе диаметрі ұзындығынан кіші (немесе кейбір жағдайда оның ұзындығына жақын) кішкене көлбеу барабан.

  • барабан

а) шынжырға ілінген және айналысты жоғарғы жетекті біліктен алады;

б) төрт тіректі шығырларға орнатылған және шынжырлы немесе шестерналы берілістің тісті шегінен айналады;

в) кейбір жағдайларда белгілі уақыт ішінде тербелмелі қозғалыс жасап, одан кейін толық айналады.


  • барабанның айналыс саны ортадан тепкіш күшінің ауырлық күшіне теңесетін критикалық санынан төмен болады;

  • барабанның минутына критикалық айналыс саны төмендегідей анықталады:

nкр = 42,3/√D мин-1 (1)


Егер барабанның айналыс жиілігі критикалықтан төмен болса, онда барабандағы өнім белгілі биіктікке дейін көтеріледі (Н) де, төмен құлайды. Бұл кезде кесек өнім қарқынды араласып, бір-біріне үйкеледі. Бұл жағдай жуу, кептіру, араластыру және т.б. процестерге тиімді шарт тудырады.

Процестің ерекшеліктеріне байланысты:



  • сөрелі барабандар, яғни өнімнің көтерілу биіктігін жоғарылатуға арналған радиалды сөрелі (жууға арналған);

  • тегіс барабандар (теріні консервілеуге арналған);

  • тұтас қабырғалы (теріні консервілеу, араластыру, ішекті жуу, сары май алу, кептіру және т.б. арналған);

  • перфорирленген қабырғалы (субөнімдерді жуу, жидіту);

  • құбырдан дайындалған немесе болат жазықтар мен шыбықшалардан жиналған (жуу барабандары, жидіту пештері, кептіргіштер);

  • ағаштан дайындалған (теріні консервілеу);

  • өнімді еріксіз араластыруға арналған түрткілі көлденең барабандар келесі түрде орындалуы мүмкін:

а) барабан ішіне пісірілген бұрандалы серіппе түрінде;

б) әртүрлі қалақшалар түрінде;



- өнімді араластыруға арналған көлбеу тегіс түрткісіз барабандар.

Осы әртүрлі жабдықтарда барабанды жұмысшы органдардан басқа да жұмысшы органдар қолданылады.

Мысалы, барабанды жуу машиналарында сорғыш және шашыратқыш жұмысшы органдар келесі түрде орындалған:


  • перфорирленген құбыр, арналы құбыр, душтық құрылғылар;

  • форсунка, пульверизатор, диск.

Осы органдардың барлығының негізгі мақсат - су беруге арналған.

Субөнімдерді жидітуге арналған барабанды пештерде сорғалы және вихрлы түрдегі жұмысшы органдар бар:

Теріні консервілеуге арналған қарсы әрекетті барабанды аппараттарда тербелмелі және айналмалы ағаш барабандармен қоса, қозғалмайтын шнек және тұздықты беруге арналған басқа да жұмысшы органдар бар.

Дегенмен, осы жабдықтардың барлығы әртүрлі технологиялық операциялар мен процестерді орындауға арналса да, жұмысшы органдарының бірдей болуы жабдық пен оның технологиялық есептеуіне бірдей көзқарас тудырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет