Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің мәні және мемлекеттің фискальды саясаты
Фискальды саясатты қолдану тиімділігінің негізгі көрсеткіші мемлекеттік бюджет болып табылатындықтан, фискальды саясаттың әр түрлі құралдарының осы көрсеткішке әсерін қарастыру керек.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қаржылық реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-теңдікте және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету деп есептеледі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалык саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етеді.
Рыноктық үйлестіру ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық тәжірибе растады. Рыноктағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы әсерлерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең маңызды себебі – рынокқа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда бәсекелесті қамтамассыз ету үшін, рынок қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау – монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы өмірлік қажеттілік болды.
Трансферттік төлемдер көлемдеріндегі өзгерістер мемлекеттік бюджеттің жағдайына мемлекеттік сатып алу сияқты әсер етеді, тек әсер ету айырмашылығы ғана болады. Бұл айырмашылық жалған мультипликаторлар формуласынан шығады.
Ағымдағы немесе нақтылы бюджеттің кез келген нақты жылдағы артығы немесе тапшылығы үкіметтің фискальды саясатының сол немесе басқа бағытталғандығы туралы куәландырады.
Фискальды саясаттың тиімділігі көбінесе үкіметтің экономикадағы өзгерістерге әсер ету жылдамдығына байланысты болады.
Кәсіпкерлер мен экономистердің көпшілігінің пікірі бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүлде көздеген нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қабілетті екенін байқатты. Бұл мүлде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |