Өтуі мен симтомдары. Жасырын кезеңі 5-7 күн. Симптомдары алуан түрлі.
Аурудың алғашқы белгілері: температура сызығы қос өркештеніп келген
қызба,аппетиттің нашарлауы, шөлдің күшеюі және құсу, коньюктивит,
ринит, алқым мен тері асты шелінің ісінуі .
Жұқпалы гепатиттің бірден бір тұрақты белгісі - сүріншек шеміршектің
тұсын басқанда ауырсынуы. Қанның ұюы күшеійп, несепте қанттың
мөлшері төмендейді.
Ауырған аңдардың көпшілігінің бір немесе екі көзінің қасаң қабығына
ақ түсіп, кейде өзінен өзі кетіп қалады.Өлім көрсеткіші 5-10%. Түлкіде
аурудың бұл белгілеріне қосымша орталық жүйке жүйесінің зақымдану
симптомдары байқалады.
Ауру жас күшіктерде көбінесе жіті, ал ересектерінде негізінен
созылмалы өтеді. Кей жағдайда аса жіті өтіп, жануар кенеттен
құрыстанып, қалшылдап барып, өліп кетеді.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Бауыр аздап ұлғайып, түсі бозғылт
қоңырдың қызғылт реңге дейінгі аралықта қызғылт реңге дейінгі аралықта
болады [1,3].
Көк бауыр екінің бірінде қанға кернеліп, ұлғаяды. Өт қабының сырты, ал
жас күшіктердің айырша безінің аралық ұлпасында серозды немесе
геморрагиялық ісік болады.
Көкірек және құрсақ қуысында қан аралас сұйықтық болады. Ішек пен
бауырда фибриннің шөгіндісі, ас қорыту жолдарының кілейгейлі
қабықтарында қанталаулар болады.
Гистологиялық зерттеу кезінде бауыр мен басқа ағзалардың торшаларында
0,5-0,75 мкм ірі ядро ішіндегі денешіктер табылады.Рубарт денешіктері деп
аталатын бұл құрылымдар ядроның ортасында орналасады, көкшіл қызғылт
түске боялады. Ауру созылмалы өткенде Рубарт денешіктері сирек
ұшырайды.
Балау. Індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық деректермен
қатар зертханалық тексеру жүргізіледі.
Гистологиялық зерттеу арқылы Рубарт денешіктеріне тексереді.
Серологиялық әдістерден диффузды преципитация, комплемент
байланыстыру, иммунофлуоресценция, бейтараптау реакциялары
қолданылады, сонымен қатар торша өсіндісінде вирусты бөліп алып,
айқындайды.
Жұқпалы гепатитті обадан, лептоспироздан, құтырықтан,
сальмонеллезден, токсоплазмоздан, В авитаминозынан, парвовирустық
энтериттен ажыратады.
Ауруға бейімделік. Табиғи жағдайда жұқпалы гепатитке ит, түлкі, қасқыр,
қорқау, жанат және күзен шалдығады.
Лабораториялық жағдайда бұл ауруға үй қояның, теңіз шошқасын, ақ
тышқанды шалдықтыруға болады.
Аурудың шығуы мен жұғуы. Гепатит әдетте ауырып жүрген және
аурудан айыққан ит арқылы тарайды. Ол ауру ит пен сау ит жанасқан кезде,
ауа арқылы, сондай - ақ асқазан арқылы вирус түскен азық пен судан
жұғады.
Аурудан айыққан ит ауру белгілері толық жойылғаннан кейін несебімен
бірге 160 күн бойы айналаға вирус таратып отырады.
Белгілері. Жасырын кезең табиғи жағдайда және ауру қолдан
жұқтырығанда 2 күннен 8 күнге дейін созылады.
Ауру иттің температурасы көтеріліп, тәбеті қашады, ол өте мөте
шөлдейді, коньюктивитке ұшырайды, ауыз бен таңаудың, көздің кілегейлі
қабықтары сарғаяды.
Ауру өршіген сайын иттің іші өтеді, нәжісі сұйылады, оған қан
араласады, бұлшық еттері дірілдейді, жүріс - тұрысы бұзылады, ит теңселіп
тәлтіректейді, көбінесе оның артқы аяқтары жансызданып қалады (паралич).
Ауру 3-8 күнге, кейде 10-14 күнге созылады.
Ауырған иттің 30-40 % өледі [1,3].
Ішін жарып қарау. Ит пен түлкі өлексесін жарып қарағанда кейде
өлексенің жалпы сарғайғаны байқалады.
Бауыр ұлғайған, сарғайған, нүкте тәрізденіп жаппай қанталаған.өт қабы
қалыңдап кеткен, оның кілегейлі қабығының астына нүкте тәрізденіп және
жолақтанып қан тамаған.
Құрсақ қуысынан ұйыған фибринді және сарғыш түсті сұйық табылады.
Ащы шектің кілейгейлі қабықтары қан кернеп қызарған, ісінген, кілейгейлі
қабықтың сатына нүкте тәрізденіп қан тамған.
1-сурет.Созылмалы гепатит кезінде иттің бауырының ісінуі.
а –сол жақтан. б –оң жақтан көрініс.
1.2 Ауруды клиникалық белгілері және анықтау
Жұқпалы гепатиттің клиникалық белгілері бұл ауруды толық сипаттай
алмайды, сондықтан олар ауруды анықтауға негіз бола алмайды. Осыған
орай ит гепатитін анықтау үшін вирусологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Вирусты ткань культураларында өсіріп шығарады және бейтараптау
реакциясы арқылы оны біркелкілендіреді.
Сонымен қатар ауруды анықтау мақсатымен агар қойыртпағында
комплементті байлау реакциясы мен преципитация раекциясын жасайды.
Патотоксиндерімен гендік саңырауқұлақтардың, вирустердің және
микробтардың; химиялық заттармен - нитраттармен, нитриттермен,
фосфаттармен, зооқұмармен, мышьякпен, сынаппен, гексахлорэтанмен; улы
өсімдіктермен және бұзылған азықтармен жұғады.
Соңғы жылдары медикаментозды гепатиттерді антибиотиктерді кейін -
қолданулары, иммундық заттар, іркіттердің, паразиттерге қарсы және
инсектитицидті құралдардың, сонымен қатар малдан шығатындардың - құрғақ
азықтармен және жемдеулермен тамақтану нәтижесінде ауру жиі кездеседі.
[1,3,5].
Көп уақытқа созылған гепатит өткір гепатит салдарымен келеді.
Жалпы симптомдарға жатады: езгі, төмендеу немесе аппетит жоғалтуы,
шөлдеу, құсық, дене температура жоғарылауы 40-42°, бауырдың көлемі
үлкейеді, оның науқастығы сары ауру паренхиматозы айқын білінеді, тәртібі
жойылулар, тері қышу, қышыну, шырышты қабықтардың қарқынды сары
аурулы бояу және тері учаскелерінің пигменттелмеген, билирубин деңгейі
қанында жоғарылайды.
Бауырлық синдром белгіленеді, арумен көрсетілетін өте маңызды
функциялардың шениемін асқорыту организмді - тәртібі жойылуымен , майдың
нашар сіңірілуімен, жоғары қанағышпен, жалпы улаумен, өкпе езгімен, күйлілік
жоғалтуымен, арықтаумен.
Қанда альбумин мөлшері көбейеді және альфа - және бета – глобулиндері
жоғарылайды, аммиак концентрация, холестеринді, трансаминазы белсенділігі,
қараңғы түс гепатиті жанында холинэстеразы. белсенділік несеп азаяды.
Төлде жұқпалы гепатит жиі белгілерімен келеді: конъюктивит, рахит, іш өтіп
ауру, бадам дәндерінің артуы, кератит малдың көзінде жиналып, сіңір тартылуы
және аяқ-қолдардың параличі тіркелген [1,3,4].
1.3 Ауруды дауалау және емі
Анамнезді, клиника нәтижелері және лабораториялық зерттеулер есепке
алынады. Мұнда бауыр цирроз, гепатозды, холецистит ауруларын ескерген
жөн. Барлық оқиғаларда этиологиялық факторды есепке алынады.
Көп уақытқа созылған безгексіз бауыр циррозы ағады. Өткір гепатит
этиологиямен, ағым ауырлықтарынан ағуынан , температуралық реакциядан
ерекшеленеді.
Емі. Негізінен симптоматикалық ем қолданылады. Көбінесе В витаминдері,
аскорбин қышқылы, поливитаминдер, сиырдың бауырының езіндісі, протеин
гидролизаттары, глюкоза, гаммаглобулиндер, жүрекке әсер ететін дәрілер
қолданылады.
Қосалқы инфекцияларға қарсы антибиотиктер мен сульфаниламидтер
пайдаланылады. Емі ретінде 50 % глюкоза ерітіндісі 15 мл мөлшерінде
күніне 2-3 рет немесе 10 % хлорлы кальций 30% глюкозасы және 1%
уротропині бар ерітіңдінің 40 миллилитрі күніне бір рет күре тамырға
жіберіледі.
Ауру негізгі себебін басында жояды. Инвазиялық немесе жұқпалы
ауруларда этиотропиялық терапияны пайдаланады. Емі алдымен диеталық
тағамдарды тағайындайды. Сонымен қатар малдың жасы және нәсілін
анықтайды.
Рационнан майлы және тұзды азықты, сонымен қатар дәмдеуіштер және
қосымша дәм беруші тағамдарды қысқартады. Алдымен 24 сағат ішінде емдеу
басында малды аш ұстаған пайдалы. Мүмкіндігінше суға қайнатылған шөп
тұнбаларын, жалбызтікен шөптердің - түбір дәрілік тұнбалары, жалбыз
жапырақтарының, ақ шешекті, дәріханалық түймедағының, мияның, шай
қурайды, қара жидек ұрықтарының береді.
Мойылдар және барлық көрсетілген өсімдіктер бауырға әртүрлі емдік
әсермен ие болады және асқорыту органдарын емдеу бірінші күндерде су басқа
иттерге және мысықтарға ет және балық жеңіл сорпалар, сонымен қатар
қышқыл сүт өнімдер беру пайдалы.
2-4 ай рационға емдеу күні енгізеді - жиі порциялармен күріш, геркулестік
немесе ұнтақты ботқалар, күріш нәрі т.б берілед. Ботқаға тауықтың майдалап
пісіріп береді.
Егер малдан шығатын құсықтың және іш өтіп ауру түрінде сондай
тамақтанудан кейін асқорыту тәртібі жойылулары көрінбейді, онда мөлшерді
азықтар бірте-бірте үлкейтеді .
Майлы емес қышқыл сүт өнімдер - санда жаңа жылы 3-5- айға көрсетілген
рационға емдеу күні үстейді: айран, шу, сүт, сүзбе, сүт қоспа, ацидофилин
немесе ацедофилды сүт [3,4].
Көкөністер – індетке майдалап пісірілген 6-9- ай сәбіз, қырыққабат, картоп
рацион енгізеді. Ауруға арналған организм улаулары және жұмыс жасау
жақсарулары глюкоза ерітіндісі, 5-10% немесе оның қоспасы қан - заттарға
инъекциялар және хлорид натрийі сұйықтықтардың - изотондық ерітіндісінің
пайдалы 0,9%- м хлорид натрийі ерітіндісімен санда 100-2000 мл тамшылық
тәсілмен енгізіледі.
Мысықтарға бұлар Рингера ерітінділері, Рингера - Локка, ацесоль, дисоль,
трисоль, холосоль, санасол және т.б. Сонымен қатар ерітінділер тері сыртына
жиірек енгізеді.
Науқастың организмінде және қанның плазмозаменители гемодез жоғалтуы
кезінде, желатиноль - лиглюкин және реополиглюкин, энтеродез, полиамин, гид
ролизин, гидролизат казеинінің және т.б енгізіледі.
Аурулық синдром кезінде және температураның қалпына келтіруге арналған
жансыздандыратын және тыныштандыратын құралдарды тағайындайды.
Бекарбон, беллалгин, белластезин, бесалол және т.б. қолданылады. Осы
бағытпен малдға новокаин ерітінділері, салицилаты және анальгин тобынан
дәрілерді альмагель, гастрофарм,1-2%- ені сұрау қояды .
Дауалау және күресу шаралары. Ауырып жазылған жануарларда
өмірлік иммунитет қалыптасады. Енесінің иммунитеті уыз арқылы
күшіктеріне беріледі.
Жасанды иммунитет қалыптастыру үшін кейбір шет елдерде тірі және
өлтірілген вакциналар қолданылады, әдетте жұқпалы гепатиттің вакцинасы
оба, құтырық, лептоспирозға қарсы поливакциналардың құрамында болады.
Ауру шыға қалған жағдайда шектеу қойылып, тиісті сауықтыру
шаралары жүргізіледі.
Ауырған аңдарда бөліп алып, емдейді. Жалпы ветеринариялық -
санитарлық шараларды толық атқарып, соңғы ауру немесе өлім
жағдайынан кейін 30 күн өткен соң шектеу алынады. Ауруға шалдыққан
иттерді бөліп алып, ауру белгілеріне қарай емдейді.
Ауру ит ұсталған орын дезинфекцияланады. Аурудан айыққан итті сау
иттерден бес ай бойы бөлек ұстайды. Бұралқы иттерді қырып жойып
отырады.
Қоздырғышы—арнаулы сүзгіден өтетін вирус. Ол сопақша және дөңгелек
пішінді болады, үлкендігі 86—120 микромикрон, Зейтц сүзгісінен, О және V
Беркефельд және L2 және L3 Шамберлен шырақтарынан өтеді. Вирус шошқа
эмбрионының бүйрегінен, иттің бүйректері мен бауырынан жасалған ткань
культураларда өседі.
Ауруға бейімділік. Табиғи жағдайда жұқпалы гепатитке ит, түлкі, қасқыр,
қоркау, жанат және күзен шалдығады.
Лабораториялық жағдайда бұл ауруға үй қоянын, теңіз шошқасын, ақ
тышқанды шалдықтыруға болады [1,3,8].
Аурудың шығуы мен жұғуы. Гепатит әдетте ауырып жүрген және аурудан
айыққан ит арқылы тарайды. Ол ауру ит пен сау ит жанасқан кезде, ауа арқылы,
сондай-ақ асқазан арқылы вирус түскен азық пен судан жұғады.
Аурудан айыққан ит ауру белгілері толық жойылғаннан кейін несебімен
бірге 160 күн бойы айналаға вирус таратып отырады.
Белгілері. Жасырын кезең табиғи жағдайда және ауру қолдан
жұқтырылғанда 2 күннен 8 күнге дейін созылады. Ауру иттің температурасы
көтеріліп, тәбеті қашады, ол өте-мөте шөлдейді, конъюнктивитке ұшырайды,
ауыз бен танаудың, көздің кілегейлі қабықтары сарғаяды.
Ауру өршіген сайын иттің іші өтеді, нәжісі сұйылады, оған қан араласады,
бұлшық еттері дірілдейді, жүріс-тұрысы бұзылады, ит теңселіп тәлтіректейді,
көбінесе оның артқы аяқтары жансызданып қалады (паралич). Ауру 3—8 күнге,
кейде 10—14 күнге созылады. Ауырған иттің 30—40 проценті өледі.
Өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер. Ит пен түлкі өлексесін
жарып қарағанда кейде өлексенің жалпы сарғайғаны байқалады. Бауыр
ұлғайған, сарғайған, нүкте тәрізденіп жаппай қанталаған.
Өт қабы қалыңдап кеткен, оның кілегейлі қабығының астына нүкте
тәрізденіп және жолақтанып қан тамған. Құрсақ қуысынан ұйыған фибринді
және сарғыш түсті сұйық табылады. Ащы ішектің кілегейлі қабықтары қан
кернеп қызарған, ісінген, кілегейлі қабықтың астына нүкте тәрізденіп қан
тамған.
Ауруды анықтау. Жұқпалы гепатиттің клиникалық белгілері бұл ауруды
толық сипаттай алмайды, сондықтан олар ауруды анықтауға негіз бола
алмайды. Осыған орай ит гепатитін анықтау үшін вирусологиялық зерттеулер
жүргізіледі.
Вирусты ткань культураларында өсіріп шығарады және бейтараптау
реакциясы арқылы оны біркелкілендіреді.
Сонымен қатар ауруды анықтау мақсатымен агар қойыртпағында
комплементті байланыстыру реакциясы мен преципитация реакциясын
жасайды.
Емі. Ем ретінде 50%-тік глюкоза ерітіндісі 15 мл мөлшерінде күніне 2—3
рет немесе 10%-тік хлорлы кальций 30 процент глюкозасы және 1 %-тік
уротропині бар ерітіндінің 40 миллилитрі күніне бір рет күре тамырға
жіберіледі.
Аурудан арылу және одан сақтану шаралары. Ауруға шалдыққан иттерді
бөліп алып, ауру белгілеріне қарай емдейді.
Ауру ит ұсталған орын дезинфекцияланады. Аурудан айыққан итті сау
иттерден бес ай бойы бөлек ұстайды. Бұралқы иттерді қырып-жойып отырады
[1,3,5,8].
2-сурет. Жұқпалы гепатит кезіндегі күшіктің кератиті
3-сурет. Өт қабынының ісінуі
1.4 Ауру туралы түсінік
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде ауруды мүлде бөлек, организмнен
тыс дүние ретінде қарастырды. Патологиядағы жаңа көзқарас әуелі ауру
барысына клиникалық бақылау жүргізу, сондай – ақ өлексеге патология –
анатомиялық зерттеу жүргізіліп, дене құрылысындағы өрескел ауытқуды
анықтау арқылы дами түсті.
Органдардағы өзгерістерді зерттеу және оны аурумен байланыстыру әрекеті
біршама, ілгері басқандық болды.
Ауру бұл әр алуан бейімделу реакциясы мен патологиялық процестердің
жиынтығы емес, сапалық жаңа күй, ол клеткалардағы, тканьдердегі органдар
мен жүйелердегі әр түрлі сапалық өзгерістергі әзірленеді. Ауру организімін
қоршаған ортамен ара салмағының бұзылуы нәтижесінде байқалады.Ауру және
денсаулық тіршілік процесінің екі негізгі формасы болып саналады.
Денсаулық – бұл организмнің қалыпты күйі.Онда құрылым мен функция бір
– біріне сәйкес келеді. Ауру кезеңі – функционалдық және морфологиялық –
патологиялық өзгерістер байқалады.
«Ауру» ұғымы патологиялық реакция, патологиялық процесс, патологиялық
күйі жатады.
Патологиялық реакция дегеніміз – организмнің кез келген тітіркендіргішке
лезде, әдеттен тыс жауап қайтарады.
Патологиялық процесс – құбылыстың күрделі комплексіне еніп, ауруды
сипаттайтын функция мен құрылымдағы зардапты өзгерістер.
Мысалы: Эндокардит – жүректің ішкі қабығының қабынуы патологиялық
күйге жүрек планудари – энтологиялық факторларға байланысты инфекциялық ,
инвазиялық, инфекциялық емес болып бөлінеді.
Әрбір ауруға белгілі бір даму цикілі, біліну күші және өту ұзақтығы тән.
Ұзақтығына және біліну күшіне қарай аурудың 4 түрлі өтуі болады: өте жіті
күнге дейін, жіті 5-14 күн, жітілеу – 15-40 күн, созылмалы- айлап, жылдар.
Аурудың дамуы негізінен 4 кезеңге, немесе сатыға бөлінеді.
1. Жасырын, немесе латентті сатысы.
2. продромальды (аурудың бастапқы кезеңі).
3. аурудың айқын біліну кезеңі (аурудың толық даму сатысы).
4. сауығу кезеңі (аурудың ақыры – аяқталу кезеңі)
5. Жасырын кезеңі – немесе инкубациялық деп аталады. Бұл кезеңде
организм зиянды жерлерге белсенді қарсылық көрсетеді, ауру себептерін жоюға
бағытталған қорғаныш қабілеті әрекет етеді.
Аурудың екінші кезеңі – продромальді аурудың алғашқы белгісі
белгіленгеннен толық айқындалғанға дейін уақыт. Продромальды кезең бірнеше
сағат, бірнеше күнге дейін созылады.
Аурудың айқын біліну кезеңі бұл сатыда белгілі бір ауруға тән қосымша
белгілері байқалады бұл кезең бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін,ал
кейбіреуінде айлап – жылдап созылады.
Аурудың ақыры не жазылумен, не өлумен аяқталады.Толық жазылу кезеңі
оргонизімнің әлсіреуінен, содан кейін бұзылу өзгерістерімен тоқталады.Толық
жазылмаған жағдайда ауру кезіңде пайда болған морфологиялық және
функцоналдық бұзылу толық жойылмайды да мұндайда оргонизімнің төзімділігі
кеміп, ауруға тез шалдығатындығы байқалады.Толық жазылмаған жағдайда
ауру потологиялық күйге ауысады. Клиникалық жазылудан кейін жаңадан пайда
болуы мүмкін, мұны рецидив деп аталады.
Егер организмге ауру қоздырғышы түсетін болса, онда инфекция қайталап
жұғуы мүмкін. Аурудың бәсеңдеуі немесе жойылуы – ремиссия.
Егер организм өзгерген тіршілік жағдайына бейімделе алмаса, онда оның
бейімделу мүмкіндігі таусылып әрі тіршілік ете алмайды, соның нәтижесінде
өлу басталады.Өлу – организмдерінің тіршілігінің тоқтауы.
Өлудің негізгі себептері:
1. Жүрек қызметінің тоқтауы.
2. Тыныс алудың тоқтауы.
Өлудің екі түрі бар :
1. Әбден қартаюдан табиғи өлу мұндайда бүкіл оргонизм функциясы
әлсіреп, соның нәтижесінде тозады.
2. Патологиялық өлім – аурудан немесе қартаюдан болады.
Жанталасу дегеніміз – орталық нерв жүйесі қызметінің бұзылуы және
оргонизмнің бүкіл тіршілік функциясының кеселденуі. Жанталасу клиникалық
өлімге ұласады. Клиникалық өлім өлімнің қайтымды кезеңі, ол тіршіліктін
сыртқы белгісінің жойылуымен сипатталады.
Биологиялық өлім – орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөліктерінде, ми
қыртысында, содан кейін оргонизмнің басқада тканьдерінде қайтымдық
өзгерістер басқалады.
Өлімнің белгілері :
1.Өлексенің салқындауы дене t
0
алғашқы күні 1
0
, екінші күні 0.2
0
С
кемиді.
2. Өлексенің сіресуі - өлгеннен кейін 8-10 сағ. басталады.
3. Өлексе теңбілі – гиностаздар ыдыраған қанның тканьдерге сіңіуінен пайда
болады.
4. Өлексенің шіруі – сұр жасыл теңбілдер пайда болады.
Анабиоз – тіршілік процесі кенеттен тежелетін организмдердегі ерекше күй.
Мұндай жасырын тіршілік кейде нерв ауруға шалдығып, бүкіл тіршілік
функциясы әлсіреген жануарларда болады.
Қысқы ұйқы – эволюциялық процесте қалыптасқан тіршіліктің ерекше
формасы болып саналады Мұндай құбылыс сыртқы орталық қолайсыз
жағдайында байқалады [1,3,6,7,10].
1.5 Жалпы этиология
Этиология – бұл аурудың себептері мен пайда болу жағдайлары туралы ілім.
Грекше aitio – себеп, logos – ілім деген сөзден шыққан. Мал ауруының пайда
болу себептері мен жағдайларын айқындау мал дәрігерлерінің практикалық
жұмысында тиімді емдеу және сақтық шараларын жүргізу үшін қажет.
Аурудың пайда болуының себептері мен жағдайлары туралы жалпы ілім тек
XX ғасырда жасалды. Сол кездегі ғұлама ғалымдар көпшілік аурудың пайда
болуы организмге микробтардың енуінен деген тұжырымға келді.
Демек XIX ғасырдың соңындағы патологтардың пікірінше, организмге себеп
факторларының біреуінің әсер етуі ауру туғызады. Этиологиядағы мұндай
бағытты монокаузализм деп атайды. Монокаузалистер патогенді микробтар
қанша болса, ауруда да сонша деп есептеді. Патогенді микробтар организмде
үнемі ауру тудыра бермейтіндігі анықталды, өйткені кейде сау организмнен де
микробтар табылды. Сонымен бұл бағыт дәрменсіз болып қалды. Ауру
себептері туралы ілімде екі жаңа идеалистік бағыт пайда болды.
Кондиционализм – қолайсыз жағдай;
Конституционализм – конституцияның кемістігі;
Кондиционализм бағыты – патогенді факторлардың әсерінен пайда болатын
ауру – лабораториялық ойдан шығарылған нәрсе тек малды күтіп - бағу
жағдайын өзгертсе болды, ауру оларға дарымайды деп топшылады. Ал –
конституция бағытындағылар – ауру негізі мал конституциясының беріктігі деп
топшылады. Келтірілген бұл үш идея да дәрменсіз болып саналды. Қазіргі кезде
этиологияны себеп ретінде де жағдай жиынтығы ретінде қарастырып мұндай
жағдайда себеп организмге ауру тудыруға ықпал етеді. Ауру себептерін
организмнің өзінде туа біткен немесе бүкіл бүкіл өмірінде жүре пайда болған
ішкі (эндогендік ) және организмге айналадағы (экзогендік) әлемнен әсер ететін
- сыртқы деп шартты түрде бөледі.
Сыртқы ортаның ауру тудыратын факторлары механикалық, физикалық,
химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Механикалық фактор – мал организміне әсер ете отырып, онда алуан түрлі
зақымдар және функционалдық кеселдер келтіреді. Механикалық факторларға –
қатты заттарға соғылу,
үшкір заттардан жарақаттану, оқтан жаралану, сіңір созылу, дененің
құлауынан тканьдер мен органдардың үзілуі, ми шайқалу, жарақаттан талықсу,
қан құйылу т.б. жатады.
Жарақаттану малда жиі ұшырайды. Жарақаттанғанда ауырту пайда болады.
Ауырту дегеніміз – малдың күшті патогендік тітіркендіргішке өзіндік
сезімталдық әсері организмнің функционалдық күйінің ең алдымен орталық
нерв жүйесінің тұтастай кеселденуі. Сонымен қоса, жарақат кезінде жекелеген
органдардың (жүрек тыныс алу) функциясының рефлекторлық өзгерісі де
байқалады. Жарақат нәтижесінде тканьдердің тұтастығы бұзылып, қабыну
реакциясы пайда болды. Организмнің қарсылық көрсетуі бәсеңдегенде ауру
процесі өршіп, іріңдеу (пиемия) тіпті шіру (сексис) басталады.
Жарақат кезінде тканьдерде өлі ет (некроз) пайда болады.
Ми шайқалған кезде мидың (ми қыртысының) қыртыс астының,
ретикулярлық фармациялардың әр түрлі түзіліс қызметінде нейродинамикалық
ығысу басталды. Мидың шамадан тыс тежелуі байқалады [2,5,6,10].
2 Өзіндік зерттеу
Курстық жұмысты орындау барысында иттің инфекциялық гепатит
ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасын зерттедім.
Инфекциялық гепатитермен: иттер, түлкілкер, қасқырлар, шөберілер
аурады. Көбіне 1,5-12 айлық жас төлдер көп аурады, ал 3 жастағы жануарлар
сирек ауырады. Адам, мысық, тышқан және маймылдар жасырын вирус
таратушысы болып табылады. Аурудың көзі болып ауырған мал болып
табылады.
Инфекция қоздырушысының бастауы –ауру және алып жүруші
жануарлар. Вирус сілекейімен, жаспен, мұрынның срасымен, несеппен,
нәжіспен бөлінеді, негізінен алиментарлық жолмен жұғады, трансмиссивтік
жолмен де беріліуі мүмкін.
Ауру спорадия түрінде немесе індеттік тұтану ретінде байқалады. Жаңа
індет ошағында аңдарда 75% дейін қамтып, өлім көрсеткіші жоғары 35%
дейін болады. Кейіннен инфекция созылмалы түрге ауысады.
Вирус денеге өткенде алғашында сөл түйіндерінде көбейіп, кейіннен
қанға өтеді.2-3 тәуліктен соң ядро ішіндегі денешіктер түрінде барлық
мүшелердің, әсіресе бауыр мен көк бауырдың капиллярлары мен
венулаларының эпителийінде кездеседі. Бұның нәтижесінде бауыр
дистрофияға ұшырап, организм интоксикацияға шалдығады, кейіннен
дистрофия құбылысы бүйрек пен миокардта да пайда болып, кілегейлі және
сірі қабықтар қанталайды. Ми мен жұлындағы жүйке орталықтары
зақымданып,дененің қимыл әрекеті созылады.Клиникалық белгілері айқын
білінгенде вирус барлық секреттер мен экскреттерде, кейіннен тек қана
бүйрек несепте болады.
Жасырын кезеңі 5-7 күн. Симптомдары алуан түрлі. Аурудың алғашқы
белгілері:температура сызығы қос өркештеніп келген қызба,аппетиттің
нашарлауы, шөлдің күшеюі және құсу, коньюктивит, ринит, алқым мен
тері асты шелінің ісінуі . Жұқпалы гепатиттің бірден бір тұрақты белгісі -
сүріншек шеміршектің тұсын басқанда ауырсынуы. Қанның ұюы күшеійп,
несепте қанттың мөлшері төмендейді.
Ауырған аңдардың көпшілігінің бір немесе екі көзінің қасаң қабығына
ақ түсіп, кейде өзінен өзі кетіп қалады.Өлім көрсеткіші 5-10%. Түлкіде
аурудың бұл белгілеріне қосымша орталық жүйке жүйесінің зақымдану
симптомдары байқалады.
Ауру жас күшіктерде көбінесе жіті, ал ересектерінде негізінен
созылмалы өтеді. Кей жағдайда аса жіті өтіп, жануар кенеттен
құрыстанып, қалшылдап барып, өліп кетеді.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Бауыр аздап ұлғайып, түсі бозғылт
қоңырдың қызғылт реңге дейінгі аралықта қызғылт реңге дейінгі аралықта
болады.
|