Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


§ 5. БӨЛШЕКТЕР МЕН ТОРАПТАРДЫ ТЕҢГЕРІМДЕУШІ



бет42/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   108

§ 5. БӨЛШЕКТЕР МЕН ТОРАПТАРДЫ ТЕҢГЕРІМДЕУШІ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы электр машиналардың айналу жиілігі 10000 мин.-1 астам зәкірлері мен роторларын басқаруының кинематикалық схемасы күрделі теңгерімдеу станоктарында динамикалық теңгерімдеу. Бірегей ірі электр машиналарының және қуатты турбогенераторлардың айнымалы және тұрақты токты зәкірлері мен роторларын құрастырылған мойынтіректерде динамикалық теңгерімдеу.

Білуге тиіс: әртүрлі типті теңгерімдеу станоктарының құрылысы, дәлдігін тексеру тәсілдері мен ережесі; теңгерімсіздікті жоюдың ең тиімді тәсілдерін анықтау ережесі.

Жұмыс үлгілері

Динамикалық теңгерімдеу:

1. Индикаторлар.

2. Диаметрі 800мм астам электр машиналардың есу зәкірлері.

§ 6. ЖҮРГІЗУШІ- СЫНАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автомобильдерді бас конвейерден стенділік сынау және құрастыру ақаулықтарын жою орнына, жинақтау алаңдарына, теміржол қозғалмалы құрамына және арнайы автокөлікке арту орнына жеткізуге дайындау және жеткізу. Автомобильдердің техникалық жарамдылығын көзбен шолып тексеру. Капотты, есіктері, жүк салғыштары мен әйнектерін көтергішті блоктағышты тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автомобильдердің жұмыс қағидаты; оларды қабылдау және сақтаудың ережесі және нұсқаулығы; автомобильдердің жинақтау алаңдарында және арту орындарында орналасу схемасы.

§ 7. ЖҮРГІЗУШІ- СЫНАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сынаудың жекелеген түрлерін үлгі әдістеме бойынша жүргізу. Сыналатын агрегаттарды, тораптар мен аспаптарды біліктілігі анағұрлым жоғары жүргізуші-сынаушының басшылығымен бөлшектеу, құрастыру және реттеу. Автомобильдерді бекіту орындарына орната отырып, теміржол қозғалмалы құрамына және арнайы автокөлікке мінгізу арқылы арту.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін агрегаттардың, тораптар мен аспаптардың құрылысы; сынау аспаптары мен стенділердің бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидаты; автомобильдерді теміржол қозғалмалы құрамына және арнайы автокөлікке мінгізу арқылы арту ережесі және оларды орналастыру схемасы.

§ 8. ЖҮРГІЗУШІ-СЫНАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сынаудың жекелеген түрлерін үлгі әдістеме бойынша жүргізу. Сыналатын агрегаттарды, тораптар мен аспаптарды бөлшектеу, құрастыру және реттеу. Мотоциклдер, мопедтер, автомобильдер, троллейбустар, крандар, тракторлар, комбайндар, өздігінен жүретін шөп машиналарды және басқа да көлік құралдарын сынауға дайындау. Жүріп байқау және олардың ақаулықтары мен құрылымдық кемшіліктерді анықтау. Бекітілген автомобильдер, троллейбустар мен мотокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету. Көлік құралдарын арту алаңында күрделі маневрлеу, оларды кейіннен вагондардың екі қабатты құрылғысына жеткізіп және бекіту орнына орната отырып, жиналмалы арту платформасының бұрма құрылғысына орнату. Автомобильді техникалық шарттарға сәйкес ТББ-ға тапсыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін агрегаттардың, тораптар мен аспаптардың бұрма құрылғысы бар жиналмалы арту платформасының құрылысы мен жұмыс қағидаты; бақылау-өлшеу аппаратурасының және сынау аспаптары мен стенділердің мақсаты мен қолданылуы; негізгі тораптар мен агрегаттарды орнату, реттеу және қабылдауға қойылатын техникалық шарттар; сынау барысында пайда болатын жекелеген кемшіліктер мен ақаулықтардың себептері және оларды жою тәсілдері; электр жабдықтарын монтаждау схемасы; сериялы және эксперименталды мотоциклет көлік құралдарын, автомобильдерді, троллейбустарды, тракторларды, комбайндарды сынаудың жекелеген түрлерінің әдістемесі.

§ 9. ЖҮРГІЗУШІ- СЫНАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекітілген бағдарлама бойынша әртүрлі жол және әртүрлі ауа райы жағдайында сынақ жүргізу. Сыналатын күрделі агрегаттар мен тораптарды бөлшектеу, құрастыру және реттеу. Автомобильдерді, троллейбустарды, крандарды, тракторларды, өздігінен жүретін шөп машиналарды, мотоциклдер мен басқа да көлік құралдарын технологиялық жүргізіп сынау. Комбайндарды егістікте сынау және мотоциклдерді эксперименталды жол үлгілері жағдайында жүргізу. Анықталған ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: күрделі агрегаттардың, тораптар мен аспаптардың, бақылау-өлшеу аппаратурасының және сынау аспаптарының мақсаты, құрылысы және жұмыс қағидаты, жасау технологиясы; мотоциклдерді, автомобильдерді, троллейбустарды, тракторларды, комбайндарды құрастыруға және пайдалануға тапсыруға қойылатын техникалық шарттар және талаптар; монтаждау схемалары; сынау барысында пайда болатын ақаулықтардың пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері; автомобильдерді, троллейбустарды, тракторларды, өздігінен жүретін шөп машиналарды, комбайндарды сынау және мотоциклдерді эксперименталды сынау әдістемесі.

§ 10. ЖҮРГІЗУШІ- СЫНАУШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі жол және әртүрлі ауа райы жағдайында жүргізу арқылы және кешенді сынақ жүргізу. Барлық сыныпты және түрлі автомобильдер мен тракторларға эксперименталды сынақ жүргізу. Шосселік-айналма жарыстарға арналған арнайы мотоциклдерді сынау.

Білуге тиіс: аса күрделі агрегаттардың, тораптар мен аспаптардың, арнайы бақылау-өлшеу аппаратурасының, аспаптар мен сынау жабдықтарының мақсаты, құрылысы және жұмыс қағидаты; барлық сыныпты және түрлі автомобильдер мен тракторларға эксперименталды сынақ жүргізу әдістемесі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 11. ОЮШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарға суретті пантографтың көмегімен салу. Шыны бұйымдарын қорғаныш мастикамен қаптау.

Білуге тиіс: пантографтың құрылысы мен жұмыс қағидаты; қорғаныш мастиканың құрамы мен қасиеттері; суретті бұйымдарға салу тәртібі.

§ 12. ОЮШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгілерді, жазуларды әртүрлі қаріптермен ою және металл, шыны, пластмассадан және басқа да материалдардан жасалған бөлшектер мен бұйымдарға күрделі емес суреттерді көшірмесі бойынша әртүрлі құрылымды ойма жасайтын станоктарда ою. Шет тіліндегі мәтіндерді белгілерді көшірмеге түсіріп алып, баспа және жазба қаріптермен ойма жасайтын станоктарда ою. Қарапайым әріптерді, белгілер мен сандарды қолмен немесе өңдей отырып қарапайым трафареттерді, таңбаларды, штемпельдерді жасау. Қызмет көрсетілетін ойма жасайтын және жоңғылау станоктарын баптау. Ойма жасайтын құралдарды қайрау және түзету. Пластиналардың кесектерін немесе конустарын егеулеу, тазалау, таңба және ою үшін бөлшектерді дайындау. Суреттерді 2 - 3 топтағы алмас қырына теңестірілген шыны бұйымдарға металл дискінің, абразив дөңгелек және абразив ұнтақтардың көмегімен салу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет