2
1.5-
сурет. Статикалық (а), тербелісті (б), құрамдастырылған (в) әрекетті тегіс білікті өздігінен
жүретін каткалар:
1 -
жетекші емес статикалық білік;
2, 9, 22, 24, 31, 37 - қырғыштар;
3, 8, 30, 39 - су бактер;
4,
38 -
шамдар;
5, 23, 27 - отын бактері;
6, 18, 28 - кабина;
7, 14, 29 - гидробактер;
10, 25, 32 -
гидрожабдық;
11, 21 - жетекші статикалық білік;
12, 15, 34 - күш қондырғысы;
13, 35 - рама;
16 -
тұтқалық басқару;
17 - машинистің орны;
19 - сұйықтықты араластыруға арналған бак;
20
—
асфальт жиегін кесу тетігі;
26, 33 - жетекші тербелісті білік;
36 — пневмодөңгелекті
статикалық білік
2
■
двигательдердің (білікті жүріс бөлігі) аз жылдамдықпен (10 км/сағ.)
және тегістейтін негізге үстемеленген радиальды жүктемемен
жұмыс жасауы;
■
реверсивтердің (20 мин дейін) көбейтілген саны кезінде алға және
артқа біркелкі жылдамдықпен қозғалу.
Двигатель, күш берілісі және жұмыс
органы техникалық қызмет
көрсету мен жөндеуге жататын құрамдас бөліктерді құрайды.
Өздігінен
жүретін
каткалардың
жұмыс
органдарының
(двигательдердің) қызметін жүріс бөлігінің біліктері (жүріс
құрылғысы) орындайды.
Тегістейтін бетке әсері тұрғысынан каткалар (1.5-сурет) мынадай
нығыздаушы машиналарға бөлінеді:
■
статикалық әрекет ететін;
■
тербелісті (динамикалық) әрекет ететін;
■
құрамдастырылған әрекет ететін.
Статикалық әрекет ететін тығыздағыштар (1.5, а-сурет) топырақты
өз салмағымен тығыздайды. Тербелісті каткалар (1.5,
б-сурет
) өздері
қозғалатын жер бетін вибратордың (белдік тербелісін баланстық емес
қозғаушы) тербелісінен туындайтын мәжбүрлі күштің әрекетімен
тығыздайды.
Құрамдастырылған каткалар (1.5, в-сурет)
жол беттерінің
жабындары мен жоғары қабаттарын тербелісті тегіс және статикалық
пневматикалық-машиналық белдіктермен тығыздайды.
Жер игеру жұмыстарында тығыздаудың статикалық,
тербелісті
және құрамдастырылған тәсілдердің бәріне ортақ әрекет –
тығыздаудың ақырғы нәтижесіне жету үшін бір жолмен бірнеше рет
жүріп өту.
Тығыздаушы органның (жүріс құрылғысының) типіне қарай
өздігінен жүретін
каткалар тегіс білікті, пневматикалық-машиналық,
құрамдастырылған жүріс құрылғылы болады. Тегіс біліктердің басты
белгісі – жер қабатын тұтас тығыздауы.
Пневматикалық-машиналық
(пневмодөңгелекті) тығыздағыш яғни, катка – жұмыс органдары
пневматикалық дөңгелек түріндегі тегістеуіш.
Құрамдастырылған
катка – тығыздаушы органдары әртүрлі болып келетін катка.
Өздігінен жүретін каткаларға екі әріптен ДУ және екі саннан
тұратын индекс беріледі. ДУ әріптері каткалар топырақты тығыздау
үшін қолданылатын жол машиналарының
тобына жататындығын
білдіреді. Сан зауыттық үлгінің реттік нөмірі мен кезекті
жаңғыртылуды белгілейді. Мысалы, ДУ-97 индексі былай оқылады:
ДУ — топырақты тығыздауға арналған жол машинасы, 97 — зауыттық
үлгінің нөмірі. Өздігінен жүретін каткалардың техникалық
сипаттамасы 1.7-кестеде көрсетілген.