Құрамдас бөліктердің жасалуы мен оларға техникалық қызмет пен
жөндеу жүргізуді зерттей отырып, жүріс
бөлігі пен жұмыс жабдығы,
жөндеу және жер қазу жұмыстарын басқару жүйесі мен өндіріс
технологиясы қалай құрылғанын білуге болады.
Жетекші белдіктің ілмектік жүйесі бар жүріс бөлігі негізгі рамадан
3 (1.3-
сурет), дөңгелектері
5 бар алдыңғы осьтен (суретте
көрсетілмеген) және артқы арбаны
9 құрайтын ортаңғы және артқы ось
дөңгелектерінен тұрады.
Негізгі жұмыс жабдығына тартқыш рамасы бар
6 қайырма
5 және
гидроцилиндрлері бар аспа тетігі
10 кіреді. Жол төсемін тегістеу және
жерді игеру жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс жабдығы машинаға
тұрақты орналастырылған. Қайырманың
5 негізгі
және жанындағы
пышақтары бар.
Кесетін жиегі тозған кезде екі жағында кесетін шеті бар негізгі
пышақтар аударылады, бұл оларды жөндеу жұмыстарын болдырмауға
септігін тигізеді. Екі кесетін жиегі бар жанындағы пышақтар тозған
кезде оларды төмен жылжытуға немесе аударуға болады.
Шұңқырларды жабу, топырақты қопсыту және жол жабындарын
жөндеумен байланысты қосымша жұмыстарды
орындауға арналған
бульдозер қайырмасы қосымша жұмыс жабдығы болып саналады.
Қосымша жұмыс жабдығы ретінде қопсытушы-қайлашы деп аталатын
құрал орнатылады.
Автогрейдерлердің техникалық сипаттамалары 1.5-кестеде
берілген. Автогрейдерлер салмағына, дөңгелек сызбасына, артқы арба
түріне, трансмиссияның орындалуына қарай жіктеледі.
Автогрейдердің салмағы оның алдыңғы дөңгелектерінің жолға
жабысып, артқы дөңгелектерге тарту күшін беруіне әсер ететін
болғандықтан, оның эксплуатациялық сапасын көрсетеді. себебі ол
алдыңғы дөңгелектердің жол жабынымен жабысуына және машинаның
дамытатын тарту күшіне әсер етеді. Автогрейдердің дөңгелек сызбасы
А х В х
С формуласымен анықталады
, мұнда А — басқарылатын
дөңгелектермен бірге ось саны; Б — жетекші дөңгелектерімен бірге ось
саны; В — осьтердің жалпы саны.
Артқы арба түріне қарай автогрейдерлер екі түрлі жасалады:
1)
артқы
жетекші
белдіктің
борттық
редукторлары
орналастырылған теңгергіштері бар;
2)
жеке-жеке артқы жетекші белдіктерді қосатын теңгергіштері бар.
Автогрейдерлер трансмиссияның орындалуына қарай механикалық
және гидравликалық трансмиссиялы болады. Екеуі де автогрейдердің
топырақты кесу және көлік легінде жүріп келе жату кезінде қозғалыс
жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Автогрейдердің индексі (1.5-кесте) екі әріптен ДЗ және әзірлеуші
беретін реттік нөмірден құралады. Мысалы, ДЗ-99А түріндегі
автогрейдер индексі Д – жол, З – жол қазушы машина, 99А – А кезекті
жаңғыртылған реттік нөмірі.
Достарыңызбен бөлісу: