«Журналист социологиясы мен психологиясы» пәнінің оқу -әдістемелік кешені 18. 09. 2013 жылғы №1 басылым 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған


Сөзбен сендiру және өзiн-өзi нандыру



бет23/55
Дата27.09.2022
өлшемі0.68 Mb.
#461437
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
«Журналист социологиясы мен психологиясы» п ніні о у - дістемел

Сөзбен сендiру және өзiн-өзi нандыру 
Қызыл тiлiмен даңқы жайылған ежелгi грек софисi Георгий былай деген екен: “Сөз деген – ұлы әмiршi, қол-аяғы, денесi болмаса да ол аса ғажайып iс атқара алады. Өйткенi сөз үрейдi де басады, қайғыны да тарқатады, қуа­нышқа батырып, аяныш сезiмiн оятады... Айтылған сөздердiң бiрi – қайғыға шом­­дырады, екiншiсi – қуанышқа бөлейдi, үшiншiсi – қорқытады, төр­тiншiсi – өзiңдi мадақ­тап, мақұлдайды, ал қайсыбiреулерi жаныңды уландырып, сиқырлап алады, сөйтiп, оны басқа жолға да бұрып жiбередi”.
Адамға сөзбен әсер етудi «сендiру, көндiру» деп атайды. Нерв жүйесi әлсiреген, әсерге соншама берiле кететiн адамдар бiреудiң сендiру, иландыру сияқты әрекетiн ерекше тез қабыл алады. Мұндай кiсiнi, мәселен, бiрдеңеден қорқыту онша қиындыққа түспейдi. Не болмаса оның көңiлiн көтеру, мүлде жадыратып жiберу де оңай болады. В.М.Бехтеревтiң бейне­леп айтуы бойынша, иландыру (көзiн жеткiзуден өзгеше) адам санасына “есiктен емес, тесiктен кiрiп алады”.
Сол сияқты, өзiн-өзi илан­дыру, нандыру организмге бұдан әлдеқайда күштi, тiптi мейлiнше әсерлi ықпал жасай алады. Оның әсерiмен белгiлi бiр адамдардың ауруға шалдығуы немесе дертiнен айығуы – әбден мүмкiн нәрсе. Сонда ол қалай болады дейсiз­дер ғой? Жүйкесi тозып жүрген, әр нәрседен күдiк ала беретiн адам сәл ғана дiмкәстанды делiк. Бiрақ ол аса елеулi науқас жайында ойлана бастайды. Мәселен, оның жоғары тыныс мүше­лер­i­не суық тиiп, тамағы ептеп қарлығың­қырады делiк, ал өзiне дауысы мүлде шықпай қалған сияқты болып көрiнедi. Бұл ой күдiкшiл адамның соңынан қалмайды, бiраздан кейiн ол өзiн-өзi “үнсiз қалмасам жарар едi” деп иландыра бастайды. Ақыры келiп ол дауысынан айырылады да!
Өлiм жазасына кесiлген бiр қылмыскер жайындағы мынан­дай әңгiме бар. Оның көзi орамалмен байланып, “күре тамырың кесiлдi, ендi қансырап өлесiң” деп сендiрiлген екен. Бiрнеше минуттан кейiн ол, шынында да, өлiп кетiптi. Бiрақ оның күре тамырын кескен ешкiм болмаған, денесiне тек сыздықтатып жылы су құйылып тұрған.
Бiр дәрiгер адамның өзiн-өзi сендiруiне байланысты мына бiр таң­ғаларлық жағдай­ды баяндайды. Ол жүрек аурулары жайында лекция оқып тұрып, өз жүрегiнiң соғуына құлақ салады. Сонда лектор жүрегiнiң бiрқа­лып­ты соғып тұрмағанын сезген­дей болады. Дәрiгер жүрегiнде ауру барын қатты ойланып, сол жайында қам жей бастайды. Оның бұл қорқынышы орга­низмге жетпей қоймайды, шынында да, дәрiгердiң жүрегi ауруға шалдығады.
Белгiлi совет актерi И.Н.Певцов тұтықпасы бар кiсi екен, бiрақ сахнаға шыға келгенде оның бұл кемiстiгi еш уақытта бiлiнген емес. Қалай дейсiздер ғой? Актер “сахнада тұрған және онда әртүрлi қимыл көрсетiп жүрген мен емеспiн, басқа адам – пьесаның кей3керi, оның тұтықпасы жоқ” деп өзiн-өзi кәмiл сендiрiп қойған. Бұл оған қашанда әсер ететiн болған. Париждiң туберкулезге шалдыққан сыр­қаттар жататын емхана­ларының бiрiнде дәрiгер Матье мынандай тәжi­рибе жасайды. Ол өзi емдеп жүрген ауруларға: “Германиядан жақында жаңа дәрi алдыратын болдым, ол туберкулездi заматта-ақ жұ­лып алады екен» деп жария­лайды. Ол кезде бұл ауруға қарсы ешқандай дәрi әлi табылмаған болатын.
Дәрiгердiң сөзi науқастарға қатты әсер етедi. Мұны “дәрiгердiң ойдан шығарып алған қулығы” деп ешкiм, әрине, ойламайды. Дәргердiң жұртты сендiруi науқас адамдарға шипа болады; ол «дәрiнi алдым» деп ауруларды емдей баста­ған­да солар­дың көбiнiң жағ­дайы күннен-күнге жақсара бередi, ал қайсыбiреулерi құлан-таза жазылып кетедi. Сонда дәрiгер науқас адамдарды немен емдеген? Кәдiмгi жай сумен! Міне, осындай мысалдар адамға қандай да бір жағдайды сөзбен сендіру болатындығын дәлелдейді. Ендеше, БАҚ-да ең негізгі қару – сөз, оны адресатқа психологиялық аспектіде қолданып, оны тиімді қолдана білгені жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет