К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет188/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Каллифоры (Calliphora) - өте ірі,масаның ұзындығы 12 мм-ге дейін 
жетеді,көк металды түсті болып келеді, құрсақ ақ жабындымен қапталған. 
Ересек масалар ауылшаруашылық фермаларда, лагерлерде,жайылымдарда, 
және елді мекенді жерлерде - базарларда, қоқыстар арасында, сойыста 
мекендейді. Масалар балықпен, етпен, жеміс-жидектермен, сүтті өнімдермен, 
адамның және жануарлардың нәжісімен көректенеді. Каллифоридттар
Қазақстанға сәуір-қазан айларында ұшу басталады. Олардың саны мамырда 
және маусым мен тамыз айларының басында біраз үлкейуі белгіленеді. 


202 
Оңтүстікте генерация саны – 3-4, солтүстікте- 2-3. Сүт қоректілер 
өлекселерінде, ет қалдықтарында, адамның және жануардың нәжісінде көбею 
орны болып табылады. Жұмыртқа саны 200-ден асады. Ұрғашылар 27-30 күн 
өмір сүреді, 5-21 күн ішінде дернәсілдер дамиды және ал қуыршақтар 12 күн.
Көктемгі көк жемтік масасы (Protophormia terraenovae) - көк 
металды жасыл түсті, ұзындығы 8-12 мм болады. Жиналмаған жануарлардың 
өлекселері, ет, сүйектер, балық, шіріген қалдықтар,тауық пен шошқа қи 
ішінде жұмыртқалардың көбею орны және дернәсілдердің дамуы өтеді. 
Протоформияның дернәсілдері ие денесінде гистофаг ретінде дамуы мүмкін, 
жануарда миазды процессті шақырылады. Жұмыртқадан имагоға дейін 13-16 
тәулік ішінде дамуы аяқталады.
Сәуір-қазан айларында ұшу басталады. 
Дернәсіл, қуыршақ және имаго фазаларында қыстайды.
Жасыл етті (жемтік) масалар (Lucila) орташа мөлшер 5-10 мм, көк
жасыл түстен бастап қола түсіне дейінгі ашық металл түстес, жылтыр, сирек 
жоғарғы жақта және құрсақ негізінде ақшыл-сұр түсті болып келеді. 
Қазақстанда сәуір-қазан айларында олар белсенді болады. Балауса еттің ішкі 
жағында және жануар өлекселерде, асханалық қалдықтарда, шошқа 
қиларында, нәжіс ішінде жұмыртқаларын қалдырады. Факультативті миаза 
түзушілер болып табылады. Масалар шірікті иіске тартымды, олар 
жараланған
теріге дейін жетіп, жұмыртқаларын қалдырады. Жұмыртқаның 
саны 200-300. Өмір сүру ұзақтығы 45-50 күн. Дернәсілдер қуыршақ 
фазасында қыстайды. Жасыл етті масалар патогенді микроағзаларды және 
гельминт қоздырғышын таратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет